Жұқпалы аурулармен күресудің және олардан аумақты қорғаудың негізгі шарттары


Slide 1

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина Университеті

Кафедра: эпидемиология

Факультет: жалпы медицина

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Аса қауіпті инфекциялар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері

орындаған: Арыкбаева Молдир

315 б гр.

Ақтөбе-2012

Slide 2

Жұқпалы аурулармен күресудің және олардан аумақты қорғаудың негізгі шарттары.

Жұқпалы аурулармен күресу шараларының барлығын үлкен үш топқа бөлуге болады: халық шаруашылық, әлеуметтік халық тұрмысының, мәдениетінің, тұрғын үйлерінің және т. б жағдайларының жақсаруы және инфекциялардың алдын алу үшін медицина мамандары жүргізетін арнайы іс-әрекеттер. Мысалы: Қазақстандағы тың және тыңайған жерлерді игеру кене инцефалитінің солтүстік облыстардағы табиғи ошақтарын бірнеше жылдан кейін эпидемиологиялық салауаттыққа жеткізеді. Керісінше ұлттық иммундау күндері бағдарламасымен жүргізілетін қызылша, дифтерия және полилмиелитке қарсы егу, яғни осы саладағы иммундау шаралары өз жемісін ұзақ күттірмейді.

Slide 3

Инфекциялармен нәтижелі түрде күресу негізгі үш жағдайға:

Нақты бір жұқпалы аурудың және оның қоздырғышының табиғатын білу.

Ғылыми дәлелді және нәтижелі күрес тәсілдерінің барлығы.

Ұйымдастыру деңгейінің жоғарлығы

Slide 4

Ұжымды арнайы егу, яғни оларға қарсы иммунитет жасау- шешек, дифтерия, сіреспе, полилмиелит, қызылша, көкжөтел, және т. б

Жан-жақты, бірлесе байланыста және әр өндіріс саласы келісе отырып күресу - бруцеллез, сібір топалаңы, құтыру, буынаяқтылар тарататын ауру.

Қоршаған ортаның тазалығы мен жеке бас гигиенасын сақтау арқылы күресу- ішек аурулары, лептоспироздар, гельминтоздар.

Күресу тәсілдері әлі де анықталмаған, бірақ ғылыми ізденістері қарқынды түрде жүргізіліп жатқандар - грипп, баспа, скарлатина.

Осы күнге дейін күресу шаралары туралы деректері аз, арнайы емдеу, алдын алу тәсілдері анықталмаған аурулар- қауіпті жұқпалы геморрагия қызбалары, АИВ-инфекциясы

Инфекция-мен күресу тәсіл-дері

Slide 5

Инфекциялық ауруларға қолданылатын шаралардың тиімділігі.

Тиімділік деген түсінік атқарылған шаралардың нәтижесінде қажет болған қорытындыға жетуді көрсетеді. Демек, індетке қарсы қолданылған шаралардың және әдістер мен жабдықтардың жұқпалы аурулардың деңгейіне, құрамына және динамикасына, жалықтың жұқпалы аурулардың деңгейіне, құрамына және динамикасына, халықтың денсаулығын сипаттайтын сырқаттанушылықтың басқа көрсеткіштеріне әсер етуімен бағаланады.

жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық, әлеуметтік және экономикалық маңызына сәйкес оларға қолданылатын шаралар мен жабдықтардың эпидемиологиялық, әлеуметтік және экономикалық нәтижелігі бар

Slide 6

Экономикалық тиімділік індетке қарсы атқарылған шаралар мен пайдаланылған жабдықтардың әсерінен болған сырқаттанушылықтың деңгейін сипаттайтын сандық көреткіштермен бағаланады.

Slide 7

Әлеуметтік тиімділік індетке қарсы атқарылған шаралар мен қолданылған жабдықтардың арқасында әлеуметтік маңызы бар аурулардың еселі төмендеуіне байланысты есептелінеді. Әрине, бұл жерде әлеуметтік маңызы бар инфекцияларды бөле-жара айту оншалықты дұрыс болмас, өйткені жұқпалы аурулардың бәрінің де әлеуметтік маңызы бар. Дегенменде туберкулез, бруцеллез, АИВ- инфекциясы, жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялардың әлеуметтік маңызы бар ерекше десекте болады.

Slide 8

Экономикалық тиімділік - індетке қарсы атқарылған шаралар мен пайдаланылған жабдықтардың арқасында алынған, ақшамен есептелген практикалық үлес.

Slide 9

Індетке қарсы атқарылған шаралардың қарымдық тиімділігі деп ғылым мен тәжірибенің осы кезеңдегі дамыған жетістіктерін пайдалану арқылы жұқпалы аурулардан сақтандыру, олардың деңгейін төмендету немесе біржола құртудың барынша қол жетерлік мүмкіншілігін айтады.

Қорғаныштық көрсеткіш мына формуламен анықталады:

Е= 100(b-a) *B%

А- дәрі-дәрмекті қабылдаған адамдардың арасындағы сырқаттанушылық, в- дәрі-дәрмекті қабылдамаған адамдардың арасындағы сырқаттанушылық. Қорғаныштық көрсеткішке қарап, дәрә-дәрмекті қабылдаған адамдардың қанша пайызы сырқаттанбағанын айырады.

Slide 10

Тиімділіктің индексі дәрі-дәрмекті қабылдаған адамдардың арасындағы сырқаттанушылықтың дәрі-дәрмекті қабылдамаған адамдар арасындағы сырқаттанушылықтан қаншалықты кем екендігін көрсетеді. Ол мына формуламен анықталады:

К=в/а

Қорғаныштық көрсеткіш пен тиімділік индекс өзара байланыста болатын көрсеткіштер:

Е= 100( K -1) /K және K= 100/100-b

Slide 11

Індетке қарсы пайдаланылатын жабдықтар мен дәрі-дәрмектер сапасының эпидемиологиялық критерийлері

Жабдықтар, дәрі-дәрмектер

Эпидимиологиялық критерийлердің саны

Антибиотиктер

Белсендіргіш спектрі: қоздырғыштардың антибиотикке резистенттілік бейімделуін жеңуі

Механикалық дератизация жабдықтары

Әрекетінің сенімділігі мен қауіпсіздігі

Химиялық ратицидтер

Кеміргіштерге әрекетінің талғаулығы

Механикалық дезинфекция жабдықтары

Ластанған обьектілердегі микробтарды азайту деңгейі

Иммуномодуляторлар

Қорғаныштық мүмкіншілігі; ҚАУІПСІЗДІГІ

Вакциналар

Иммундық және эпидемиологиялық тиімділігі

Бактериофагтар

Еріту белсенділігі; қауіпсіздігі

Slide 12

Кейбір індетке қарсы қолданылатын шаралардың сапасын бағалаудағы басты критерийлер

Шаралар

Бағалау критерийлері

Клиникалық диагноз қою

Оңашалау және ауруханаға жатқызу

Емдеу

Тәртіп-шектеулік шаралар

Ветеринарлық- санитарлық шаралар

Дезинфекция

Вакцинациялау

Иммундық түзеу уақыты


Ұқсас жұмыстар
Өсімдік аурулары
Қазақстан Республикасындағы ветеринария саласы
Өсімдік қорғау
ТУБЕРКУЛЕЗ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТУБЕРКУЛЕЗ ЭПИДЕМИОЛОГИЯСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жұқпалы емес ішкі аурулар
Дератизация жұмыстарын жүргізу
Жылқының инфекциялық анемиясы, тұмауы, індетті лимфангоиты, обасы-презентация, вет. сан іс-шаралар жоспарын жасау
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Ауру ошағын жою бойынша жоспарды қадағалау
Бруцеллезге қарсы вакцина стандарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz