Аса қауіпті инфекциялар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері


Slide 1

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Факультет: жалпы медицина

Кафедра: эпидемиология

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина

Университеті

Ақтөбе 2011 ж

Slide 2

Аса қауіпті инфекциялар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері.

Орындаған: Орунбасарова Маржан

305“б” топ

Тексерген: Түсіпқалиева Қ.

Slide 3

Жоспар.

1. Аса қауіпті инфекцияларға анықтама.

2. Карантинді және аса қауіпті инфекциялардың пайда болуы туралы БДҰ хабарлау жүйесі.

3. ҚР аймағын шекарасын осы инфекциялардың енуі мен таралуынан қорғауға бағытталған эпидемияға қарсы шаралар.

4. Аса қауіпті инфекцияларға қарсы шаралар.

Slide 4

Аса қауіпті инфекцияларға анықтама.

Қазіргі уақытта халықаралық байланыс жоғары дамумен сипатталады. Мемлекеттердің арасында саяси, экономикалық, мәдени байланыстар кеңеюде. Халықаралық сауда деңгейі жоғарлауда, соның ішінде тұрғындарға тағамдық азық-түліктермен жануар тектес заттар. Тұрғындардың мемлекет аралық миграциясының белсенділігі қысқа уақытта тұрғындар мен кеміргіштердің бір континенттің шекерасында емес және басқа континенттер арасында көлік түрлерінің дамуына белсенді әсер етеді.

Slide 5

Туризм көптеген елдердің даму жоспарындағы бірінші орындарға ие, соның ішінде дамушы елдерде. Сонымен қатар әлемде халықаралық қатынас тыныс емес, биологиялық және басқа да қару қолдану арқылы террористік акттар жасалуы, соғыс, қираулар жұқпалы аурулардың дамуына әкеліп жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын бір мемлекеттік территориясымен екінші мемлекеттің территориясына таралуына ықпал етеді.

Slide 6

Жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу әртүрлі карантиндерді қою жолы арқылы ХІV ғасырдан белгілі барлық келген кемелердің жолаушылар мен экипаж мүшелеріне 40 күн жағаға шығуға рұқсат етілмеген. Осыдан «карантинді инфекциялар» атауы шыққан.

Осы мақсатқа жету жетістіктеріне көп уақыт бөліп халықаралық санитарлық конвенциялар болып табылады.

Slide 7

Осы бағытта бірінші қадам жасаған ХХ ғасырдың басындағы жалпы гигиенаның халықаралық бюросымен Панамерикалық санитарлық бюро. Мұндай эпидемиологиялық мәлімет жинау жүйесі ауқымды және оперативті жоспар бойынша аз нәтижелі болып келеді.

Slide 8

Жұқпалы ауруларды эпидемиялогиялық қадағалауды жаңа глобальдік (ауқымды) соңғы жүйесі БДҰ (ВОВ) құрылған. 1946 жылдан бастап карантинді инфекциялардың эпидемиологияның мәлімет қызметі жұмыс жасай бастады. Оба, тырысқақ, сары қызба, бөртпе және қайтамалы сүзек және нағыз шешек.

Slide 9

Ережелердің мақсаты мемлекетке инфекцияның енуінен эпидемияға қарсы қорғауды қамтамасыз ету.

1947 жылдан бастап аптаның есеп беру кезінде БДҰ эпидемиологиялық қадағалау қызметі мемлекеттің бір-біріне қарсы карантинді шаралар қою және эпидемиялық аурулар жайында мәліметтер басып шығарып отырды.

1949 жылы эпидемияны қадағалайтын арнайы секция құрылды, ол апталық, айлық және жылдың жұқпалы ауру сырқаттанушылығын аналитикалық жолмен бірнеше жыл ішінде максимальды, орташа және минимальді елдермен жергілікті жерлердің зақымдалуын бақылайды. Осыталдау кезінде барлық әлемдік сырқаттанушылық зерттелді және қауіпті жағдайлар анықталған кезде апта сайын сан-бюллетеньдер шығарылды.

1952 жылдан бастап халықаралық медико-санитарлық ережелер іске қосылды, кейіннен ол бірнеше рет түзелді. Бұл ережелер оба, тырысқақ, сары қызба және нағыз шешекке қатысты.

Slide 10

Қазіргі жағдайдағы хабарласу жүйесі: жер шарының қандай бір нүктесінде карантинді инфекциялардың жағдайы пайда болғанда келесі жүйесі іске қосылады.

Мемлекет пайда болған АҚИ инфекциясы жайында БДҰ-ға мәлімет жібереді.

БДҰ мәліметтерді өңдеп әлемнің барлық мемлекеттеріне таратады.

Әлемдегі барлық мемлекеттер алынған мәліметтерге сәйкес қандай да бір эпидемияға қарсы шаралар жүргізу жайында шешім қабылдап БДҰ-ға сол жайында хабарлайды.

Зақымдалған аймақтағы сырқат жағдайын жойғаннан кейін

мәліметтермен алмасу жоғары айтылғанға сай жүргізіледі.

Slide 11

Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау процесінде анықталды:

адам және жануар популяциясында этиологиялық агенттің циркуляция себептері;

аурулардың тірі тасымалдаушыларының биологиялық қасиеттері және географиялық таралуы;

тұрғындардың миграциясы;

жаңа өндіріс объектілерін жасау;

халықаралық сауда-саттық құрылымын өзгерту, соның ішінде жануарлармен ет өнімдерінің экспортты және импортты;

әр түрлі медицина салалары және басқа ғылым салаларымен келісім жүргізу.

Slide 12

Эпидемиологиялық қадағалаудың принциптері және әдістері: жұқпалы ауруларды болдырмау стратегиясы және тактикасы және олармен күресу. Мысал ретінде нағыз шешекті жою глобальді бағдарламасы жатады.

Нағыз шешектің көптген елдерде кең таралуы, әлемнің бірқатар елдерінде көптеген өршулердің болуы және де қазіргі заманғы халықаралық байланыстармен жиілігілік спецификасын есепке ала отыра 1953 жылы ХІ ғасырда Халықаралық денсаулықсақтау ассамблеясы бұрынға СССР делегациясының ұсынысы бойынша нағыз желшешекті глобальді жою бағдарламасы құрылды. Кейінгі жылдары осы ауруды толық жоюға бағытталған ұлттық компаниялар ашыла бастады.

Нағыз желшешекті глобальді жою қарқынды бағдарламасын қабылдау барлық алғашқы стратегияны өзгертіп, аз шығынды, эпидемиологиялық дәлелденген үшін нәтижелі әдістер ашылуға мүмкін береді.

Slide 13

Осы бағдарламадағы эпидемиологиялық қадағалау қарастырады:

нағыз желшешекпен сырқаттанған науқасты жылдам және белсенді түрде анықтау;

өршулермен жеке жағдайларды эпидемиологиялық тексеру және тез арада эпидемияға қарсы шараларды жүргізу;

қатынаста болғандарды вакцинациялау;

науқастарды оңашалау және т. б.

Нағыз желшешекті глобальді жою жаңа стратегиясы тұрғындарды (50, 80, 100%) ұжымдық (коллективті) иммунитет деңгейін жоғарлатуға емес, сонымен қатар міндетті түрде анықталған барлық сырқатты тіркеп, нағыз желшешек өршулерді эпидемиологиялық зерттеп, эпидемияға қарсы шараларды жүргізу.

Нағыз желшешекті вакцинадан кейін қадағалау, осы сырқат жағдайын жылдам хабарлау, вирус түрін анықтау, вакциналардың сақталу жағдайын бақылау және басқа да ротовирусты инфекциялар, соның ішінде маймыл шешегін эпидемиологиялық қадағалау жатады.

Slide 14 Slide 15

Аймақты санитарлық қорғау.

Мысалы, Солтүстік Америка және Батыс Еуропа мемлекеттері эпидемиологиялық сәтсіз аймақтарға тек өкпе обасы немесе тропикалық вирусты геморрагиялық қызбалар (Ласса, Марбург, Эбола) тіркелген елдерді жатқызады.

Осындай елдерден келген кезде медициналық карантин инспекторлары, көптеген елдерде қалыптасқан карантинді ережелерге сәйкес жолаушының қандай сәтсіз елден келгенін анықтап, мекен-жайын жазып алып қолына «Егер келесі күндері өзіңізді нашар сезінсеңіз, дәрігерге қаралыңыз. Өзіңізді қай елден келгеніңізді және ол елде қандай сырқат жағдайы кездесетіні жайлы ұсынылады және дәрігерді үйіңізге шақырыңыз, өзіңіз емханаға барып көпшілік транспортқа отырмаңыз» деген ескертпелі сигналды картачканы ұсынады. Мұндай карточкалар науқас адаммен тығыз қатынас немесе эпидемиялық ошақта тұратын және содан кейін инкубациялық кезеңі обада 6 күн, геморрагиялық қызба үшін 21 күн өтпеген жұғу қауіпі жоғары жағдайда болған адамдарға ғана беріледі. Карточкалардың берілу карантинді қызметтің құжаттарына тіркеледі.

Slide 16

Қазақстан Республикасында 7-3/7-94 СанПин «Қазақстан Республикасының территориясын карантинді және басқа да адамдарға қауіпті инфекциялардың таралуынан қорғау санитарлық ережелері» және «Елге карантинді инфекциялардың енуін алдын алу шараларын күшейту жайында» 1995 жылдың 25 мамырдан №9 үкімі бекітілген және қолданылады.

Жұмыс Қазақстан Республикасының «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» туралы заңға сәйкес жұмыс жүргізіледі.

Slide 17

ҚР немесе шетел мемлекеттерінің территориясына аса қауіпті, вирусты, паразитарлы жұқпалы аурудың таралу қауіпі төнгенде ҚР мемлекеттік шекарасынан өту кезінде уақытша шектеледі немесе тоқтатылады, мемлекеттік шекарадан өтетін адамдарға, жануарларға, жүкке, көлікке карантин қойылады.

Slide 18

Тырысқақтың енуін және таралуын алдун алу шаралары.

Тырысқақтың инкубациялық кезеңі 5 тәулік. Тырысқақпен ауырған науқасты анықталған көлік келгенде келесі шаралар жүргізіледі:

науқасты тез арада госпитализациялау;

оңашалау (жұғу қауіпін есепк ала отырып эпидемиологиялық көрсеткіші бойынша) немесе жолаушылар және экипаж құрамын (бригада) 5 күн шамасында медициналық бақылайды;

бактериологиялық зертханаларды зерттеу және тұрғындарды алдын ала емдеу (экипаж құрамы, бригаданы, жолаушыларды эпид. көрсеткіш бойынша) ;

суды, тағамдық заттарды (жүннен басқа), бөліністерді және ағын суларды, қоқыстарды және басқа залалданған деп санайтын заттарды залалсыздандыру және жою.

Шетел азаматтарын (құсық масалары, бөліністер) тырысқаққа бактериологиялық тексеру үшін материалды тек ұқсас симптомдар болған жағдайда алады және ол үшін олардың рұқсаты қажет.

Slide 19 Slide 20

Обаны алдын алу шаралары.

Оба кезінде инкубациялық кезең 6 күнді құрайды. Оба ауруымен сырқатталған науқас немесе обамен зақымдалған кеміргіш анықталған көлік (ұшақ, кеме, поезд) зақымдалған деп саналады.

Көлік құрамы күдікті деп саналады, егер 6 күн бұрын жолаушылар немесе экипаж арасында сырқаттану болса, сәтсіз ауданнан шыққаннан кейін 6 күндік оңашалауда болмаса немесе белгісіз себептермен кеміргіштер пайда болса.

Обамен сырқатталған адам анықталса, ол тез арада госпитализациялануы қажет. Обаның өкпелік формасымен ауырған адамдармен қатынаста болғандарды 6 күн оңашалау қажет, оларға профилактикалық емдеу және қоздырғыштың форингиальды тасымалдаушылығын бактериологиялық тексеру. Обаның бубонды формасымен ауырған науқаспен қатынаста болғандарды 6 күн бақылайды, профилактикалық емдеу тек қана көрсеткіш бойынша атқарылады.

Барлық жағдайда ошақта дезинфекция және дезинсекция жүргізеді.


Ұқсас жұмыстар
Жұқпалы аурулармен күресудің және олардан аумақты қорғаудың негізгі шарттары
ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ САУЫҚТЫРУ ШАРАЛАРЫ
Тұмаудың асқынуы
Дезинсекцияның әдістері
Объектінің сипаты
Мейірбикелік тексеру
Елдің шекарасы мен аумағына АҚИ мен карантиндік инфекциялардың әкелінуі мен енуінен санитарлық қорғау
Ауру аяқ астынан басталады, науқастың температурасы
Дезинсекция кезіндегі жалпы қауіпсіздік шаралар
Дезинсекция жұмыстарын жүргізу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz