ЭТИОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР


Slide 1

Студенттің өзіндік жұмысы

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Мамандығы: Стоматология

Дисциплина: Патологиялық физиология

Топ: 304

Тақырып: Организмге механикалық, физикалық, әлеуметтік (нашақорлық, токсикоманиялақ, маскүнемдік) жайттардың зақымдаушы әсері

Орындалу тәсілі: презентация

Орындаған: Идеятова Ш. Р.

Тексерген: Умирбаева Е. К.

Ақтөбе 2016 жыл

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Организмге физикалық жайттардың зақымдаушы әсері.

2. Ағзаға механикалық жайттардың зақымдаушы әсері

3. Нашақорлық және токсикомания

4. Маскүнемдік

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.

Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т. б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.

Slide 4

Организмге физикалық жайттардың зақымдаушы әсері

Адам ағзасына кері әсер тигізетін қоршаған ортаның негізгі физикалық факторларға шу, вибрация, электромагниттік сәулелер, электрлік токтар, шамадан тыс жоғары немесе төмен температура жатады.

Slide 5

Шудың әсерін жоғарылататын факторлар: дененің еріксіз ахуалы, жүйкелік-эмоционалдық жағдай, діріл, қолайсыз метеорологиялық факторлар, шаңның, токсикалық заттардың әсері.

Шудың адам ағзасына әсері есту мүшесіндегі, сонымен қатар жүйке және жүрек-қантамыр жүйесіндегі өзгерістерден байқалады. Бұл өзгерістердің көріну деңгейі әр түрлі болады. Ол шудың әсер ету деңгейіне, күні бойғы жұмыс кезінде шудың әсер ету ұзақтығына, шу әсер ететін жұмыс орнында жасаған тәжірибеге және ағзаның жеке сезімталдығына байланысты болады.

Slide 6

Электр ағымының бүліндіргіш әсер ету жолдарында электрохимиялық әсері маңызды орын алады. Электр ағымы теріден өтіп әртүрлі тіндердің жасушаларында электролиздік тепе-теңдікті бұзады, олардың биологиялық әлеуетін өзгертіп, жасуша мембраналарының поляризациясына әкеледі. Тіндердің анод орналасқан аумағында оң дәрмені бар иондар жиналады (қышқыл реакция пайда болады), катод жағында теріс дәрмені бар иондар жиналады (сілтілік реакция болады) . Осыдан жасушалардың қызмет атқару жағдайы өзгереді. Анодтың астында қышқыл реакция болғандықтан тіндік нәруыздар ұйып қалады. Содан дамитын некрозды коагуляциялық некроз дейді. Ал, катод орналасқан тіннің аумағында сілтілік реакция болғандықтан тіндік нәруыздар қатты ісініп кетеді. Мүны колликвациялық некроз дейді. Бұндай құбылысты электр ағымының электролиздік әсері деп атайды. Бұл құбылыс жүрек етіне әсер еткенде оның жауап қайтармайтын (рефрактерлік) фазасын қысқартып, жүйкелік серпіндердің үдемелі кері айналып жүруінен ет талшықтарының жыпылығы (фибрилляциясы) дамуына әкеледі. Электр ағымының әсерінен тыныс алу мен қан тамырларының қимылдық орталықтарының бүлінуі олардағы жүйке жасушаларының бұзылыстарынан дамиды. Өйткені нейрон мембраналарының қатты деполяризациясы, олардың цитоплазмасындағы нәруыздардың ұйып қалуы болады.

Slide 7

ЭТИОЛОГИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАР

ПАТОГЕНЕТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР

1-ші реттік

2-ші реттік

3-ші реттік

Электр тогы, табиғи электр

Алғашқы зақымдану

Термиялық әсер

Электролиз

Жүйке рецепторларының тітіркенуі

Жүйке талшықтарына әсері

Некробиоз, тіндердің некрозы

Зат алмасудың және қызметтердің бұзылысы

ОЖЖ қызметінің бұзылысы

Тоқ жолдарына бұлшықеттердің тетанусы

Токтардың белгілері, күйіктер

Қарыншалардың фибрилляциясы, сүйектердің зақымдалуы

Тыныстық бұлшықеттердің тетанусындағы асфиксия

Ауырсыну сезімі

Диурездің тежелуі

Тыныс алудың бұзылысы

Тамырлық бұзылыстар

Slide 8

ЭТИОЛОГИЯ

ЗАҚЫМДАЛУ ТҮРЛЕРІ

ЖЫЛУЛЫҚ БАЛАНС

ӨЗГЕРІСІНҢ

ПАТОГЕНЕЗІ

Жоғарғы температураның әсері

Ысу

Күйік күйік аурулары

Қалыпты жылу шығындаған кезде жылу өндірудің жоғарылауы

Қалыпты жылу өндіргенде жылу өндірудің төмендеуі

Жылу өндірудің жоғарылауы және жылу шығындаудың сәйкестенуі

Slide 9

ЭТИОЛОГИЯ

ЗАҚЫМДАЛУ ТҮРЛЕРІ

Жылулық баланс

өзгерісінің

патогенезі

Төменгі температураның әсері

Жалпы тоңу

Үсік шалу

Қалыпты жылу шығындаған кезде жылу өндірудің төмендеуі

Қалыпты жылу өндіргенде жылу өндірудің жоғарылауы

Жылу өндірудің төмендеуі және жылу шығындаудың сәйкестенуі

Slide 10

Ағзаға механикалық жайттардың зақымдаушы әсері

Травма - әр түрлі травмалық факторлардың тіндер мен мүшелерге әсер етуінен болатын морфофункционалдық және физико-химиялық бұзылыстар. Бұл жағдайда жасушалық, тіндік және мүшелік деңгейде құрылымының бұзылуы болады. Күшті қысқа уақытты травмалық факторлардан ауыр травма, ал әлсіз, бірақ ұзаққа созылған және бірнеше қайталанудан созылмалы травма болады.

Ағзаның тінін зақымдаушы механикалық фактор сығылысу, созылу, бұралу, соққы алу түрінде болады.

Slide 11

Нашақорлық (уытқорлық) - психосоматиканың біртектес бұзылыстарына жатады. Бұл кезде біртіндеп көбейетін өлшемдерде оларды ұдайы қабылдауға адамның аңсары ауып тұрады және қабылдауды тоқтатқан кезде доғару синдромы дамуымен көрінетін рухани және физикалық тәуелділікпен сипатталады. Адамның дерттік өзгерістері оның соматикалық және дербес жүйке жүйелерінің бұзылыстарымен қабаттасады.

Нашақорлық ресми түрде есірткілердің қатарына жатқызылатын заттардан туындайтын дерттің түрі.

Slide 12

Есірткілер немесе наркоздық заттар (грек. narkotikos - мелшитетін) өздерін ұдайы қабылдауға әуестік дамуына әкелетін табиғи немесе жасампаздық химиялық заттар. Олар:

адамның көңі-күйін шаттандырып, масаттандырады, өткен-кеткен ауыртпалықтарды ұмыттырып, көзіне әртүрлі елестер туындатып, белгілі бір жайлылық әсер етеді және оны қайталап қабылдауға адамның құштарлығын арттырып, рухани және физикалық тәуелділік туындатады;

бұл затты қабылдау әлеуметтік зиянды зардаптарға әкеледі;

емдік мақсаттардан басқа мақсатта қолдануға құзырлы органдармен тиым салынған заттардың қатарына жатады.

Slide 13

Уыттарға әуестендіретін заттарға- есірткілерге жатпайтын, бірақ жүйке жүйесіне белсенді әсер ететін химиялық заттарды жатқызады. Бұл заттарды есірткіге жатпайтын - деп шартты түрде ғана айтылады. Уақыт өте келе олар да есірткілер қатарына жатқызылуы ықтимал. Бұлар адамның көңіл-күйіне, жан-дүниесіне әсер етеді және көпшілік жағдайларда организмге уытты ықпал етіп, адамның денсаулығына қауіп төндіреді.

Бұл заттарды қабылдауға жас балалар мен жеткіншектер үйір болады. Сол себептен әлі жетіліп болмаған, өсіп келе жатқан жас балаларда бұлардың өте ауыр зардаптары қалыптасады. Балалардың ақыл-есі дамуы кемиді, парасаттылығы азаяды, жадысында сақтау қабілеті төмендейді, ішкі ағзаларының ауыр бұзылыстары пайда болады.

Slide 14

Маскүнемдік (алкоголизм) - спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді. Маскүнемдік мінез-құлықты бұзумен қоса, қылмысқа да итермелейді. Араққұмарлар семьясының, балашағасының берекесін кетіреді. Мас адам бағыт-бағдарынан айырылыс тәлтіректеп жүре алмайды, соның салдарынан бақытсыз жағдайға ұшырайды, жұмыс қабілеттен айырылады. Ішкіліктің болашақ ұрпаққа зиянды екендігі де дәлелденген: маскүнемнің балалары көп жағдайда кеміс, ақыл-есі кем болып туады.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған орта факторы
Созылмалы гепатиттің этиологиясы
Нозология
Тіс жақ аномалиалары, даму себептері және профилактикасы
Өсімдіктердің ауру түрлері мен топтары
Диагностика түсінігі
Ойық жара ауруы этиологиясы
Стероидты гормондардың канцерогендік әсері
Жас ушалар мен тіндердің патологиясы
Жасушалар мен тіндердің патологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz