Цитокиндердің әсерлері


Slide 1

Цитокиндердің анықтамасы, негізгі сипаттамалары. Иммундық жауаптың дамуы мен реттелуінде цитокиндердің рөлі

Орындаған: Нурсейтова Роза, 303

Факултет: Стоматология

Тексерген: Мусабаева Сара Жакашевна

Slide 2

Жоспары:

Цитокиндер туралы түсінік.

Цитокиндер жіктелісі.

Цитокиндердің клиникада қолданылуы.

Slide 3

Цитокиндер-бұл гармон тарізді белоктармен пептидтерге жатады. Цитокиндер секреті және синтезі иммунды жүйе клеткаларында жүзеге асады. Қызметі мен құрылымына байланысты үш топтың цитокиндерін ажыратамыз.

Цитокиндер қан клеткаларының өсуін және дифференцировкасын қадағалайды.

Спецификалық емес қорғаныс реакциясына қатысады.

Иммунды жүйенің бірқалыпты дамуына және иммунды жүйенің ішкі тұрақтылығын (гемостазын) қамтамасыз етеді.

Клеткалардың дұрыс өсуі мен дамуына қатысып, апоптозды реттеп отырады.

Slide 4

Цитокиндер - иммундық жүйенің жасушаларының әрекеттесуінің гуморальдық құрастырушысы.

Slide 5 Slide 6

Цитокиндер - интерлейкиндерді, лимфакиндерді, монокиндерді, хемокиндерді, интерферондарды іске қосады.

Цитоеиндер құрылысы жағынан гармондарға өте құсас.

Гармондардан айырмашылығы цитокиндер бағана клеткасының көп бөлігін реттеп отырады.

Slide 7

Цитокиндер- түрлі антигендерге қарсы иммундық жауапта және арнайы емес қорғаныста орын алатын иммундық жүйенің жасушаларының арасындағы кең және күрделі ара-қатынастарды қамтамасыз ететін, иммундық жүйенің белсенді жасушаларының нәруызды немесе полипептидті өнімдері болып табылатын медиаторлар.

Slide 8 Slide 9 Slide 10

Цитокиндерді өндіретін жасушалардың негізгі түрлері

Өндіруші жасушалар

Цитокиндердің қоздырғыштары

Өндірілу кинетикасы

Өндірілетін цитокиндер

Стромалық жасушалар

Тікелей түйісу, бактериалдық өнімдер

Бір сағаттың ішінде мРНК түзіледі, 6-14 сағаттан кейін секрецияның ең жоғары деңгейі

ГМ-КСФ, Г-КСФ, М-КСФ, IFN-B, ИЛ-6, ИЛ-7, ИЛ-8

Моноциттер /макрофагтар/

Бактериялар және олардың өнімдері, полиэлектролит эфирлер

Бір сағаттың ішінде мРНК түзіледі, 6-14 сағаттан кейін секрецияның ең жоғары деңгейі

ИЛ-1, ИЛ-10, ГМ-КСФ, Г-КСФ, М-КСФ, хемокиндер

Т-хелперлер 1

Антиген /митогенді ТКР-СД3/ СД28+ИЛ-12 арқылы байланыстыру

5-8 сағаттан кейін мРНК түзіледі, 10-48 сағаттан кейінгі цитокиндердің секрециясының ең жоғары деңгейі

ИЛ-2, ИЛ-3, ГМ-КСФ, МТФ, хемокиндер

Т-хелперлер 2

Антиген /митогенді +ИЛ-4/ арқылы байланыстыру

5-8 сағаттан кейін мРНК түзіледі, 24-48 сағаттан кейін цитокиндердің секрециясының ең жоғары деңгейі

ИЛ-3, 4, 5, 6, 9, 10, 13, ГМ-КСФ, хемокиндер

Slide 11

Цитокиндердің ерекшеліктері

Бір цитокин жасушалардың бірнеше түрімен өндіріле алады;

Бір жасуша бірнеше цитокиндерді өндіреді;

Бір цитокин бірнеше түрлі жасушаларға әсер ете алады;

Әртүрлі цитокиндер белгілі бір жасушаның белгілі бір қызметін шақырады;

Slide 12

Цитокиндердің жіктелістеріне түсінік.

Slide 13

Интерлейкиндер

ИНТЕРЛЕЙКИН-1 1972 ж төменгі концентрациядағы митогендермен әсерлесіп тимоциттердің көбейін қоздыруға қабілетті фактор ретінде табылған. ИЛ-1дің негізгі өндірушілері- моноциттер мен макрофагтар. ИЛ-1дің биологиялық эффектілері: иммунологиялық, қабынулық, қан түзулік және жүйе аралық.

ИНТЕРЛЕЙКИН-2 1976 ж Т-жасушалардың өсу факторы ретінде табылған. СД4 лимфоциттердің ішінде 90%, ал СД8 жасушаларының 10% ИЛ-2 өндіреді. Т- лимфоциттерге көрсететін басты әсері- митогендік әсер, яғни лимфоциттердің көбеюін және пісіп жетілуін қамтамасыз етеді.

Slide 14

ИНТЕРЛЕЙКИН-3 1981 ж Т- жасушаларды пісіп жеткізу факторы ретінде бейнеленген. Кейінірек ол гемопоэздің бастапқы сатыларын қоздыратын фактор екендігі дәлелденді. ИЛ-3тің өндіруші жасушалары- арнаулы антигендермен белсендірілген Тх1 мен Тх2. ИЛ-3- гемопоэздың бастапқы сатыларына әсер ететін, оны жедел реттейтін белсендірілген Т- лимфоциттің өнімі. Ол мес жасушаларының дамуына қатысады және NK- жасушаларының қалыптасуын тежейді.

ИНТЕРЛЕЙКИН-4 1981 ж В- лимфоциттерді белсендіру факторы ретінде ретінде бейнеленген. ИЛ-4ті Тх2- лер өндіреді. Макрофагтардың қызметін басып, олардың ИЛ-1, IHФ және ИЛ-6 өнімін төмендетіп, ИЛ-4 қабынуға қарсы әсер көрсетеді.

Slide 15

Ісік некроздаушы факторлар.

1975 ж M. bovisпен қоздырылған және ЛПС егілген тышқандардың қан сарысуында гуморалдық факторлардың жинағы табылды. Бұл фактор егілген ісіктің ыдырауын шақырып ЛПС егілген орында геморрагиялық некрозды дамытады. Осы әсерге жауапты цитокин ісік некроздаушы фактор деп аталады. Нысана жасушалары мен биологиялық эффектілер бойынша ІНФ-ға ИЛ-1 мен ИЛ-6 жақын. ІНФ макрофагтарға, Т-, В- және NK- жасушаларына, қан түзуге, мес, шеміршектің, сүйек жасушаларына әсер береді. ІНФ ерекшелігі- тегі әртүрлі трансформацияланған ісік жасушаларына әсер етеді.

Slide 16

Колониябелсендіруші факторлар.

Бұл цитокиндердің аталуы себебі- олар дақылда сүйек кемігінің бағаналы жасушаларынан қан жасушаларының белгілі түрінің колонияларының өсіп өнуін шақыра алады. Гемопоэтиндер иммцндық жауап және арнайы емес қабыну кезіндегі жергілікті қабыну реакцияларында қанның жетілген жасушаларының сақталуы мен қызмет етуіне әсер келтіреді. Бұл топқа миелоидтық және моноцитарлық тізбектердің колонияларының қалыптасуын сүйемелдейтін 3 фактор кіреді: ГМ-КСФ, Г-КСФ, М-КСФ.

Slide 17

Қан түзу үрдістерінің цитокиндермен реттелуінің қағидалары:

Жасушалардың жетілу сатылары кофакторлардың реттелуімен өтеді.

Қан түзу жасушаларының пісіп жетілу кезінде басты факторлар келесі кезекпен ауысып тұрады: ИЛ-3 және бағаналы жасушалардың әсері, ГМ-КСФ әсері және ИЛ-7 әсері.

Арнайы цитокиндер белсендірілген жасушалардың лайықты тізбектеріне әсер етеді.

Цитокиндердің қан түзу жасушаларына көрсететін әсері олардың апоптоз бағдарламасын тежеу арқылы сақталып қалуын демеуде және жасушалардың көбеюін қамтамасыз етуде.

Slide 18

Цитокиндер қабыну серпілісінің дамуында аса маңызды.

Бұл серпілістің басталып кетуі, көбінесе, макрофагтар және басқа жергілікті жасушалық элементтер мен эндотелий жасушаларының цитокиндерді өндіруімен байланысты. Жергілікті қабыну үрдісінің ары қарай дамуы қаннан лейкоциттердің ауысуына, олардың активациясына және цитокиндерді өндіруіне байланысты. Цитокиндер қабыну кезіндегі тіндік үрдістердің үшеуінің де- экссудация, альтерация және пролиферация медиаторлары болып қызмет етеді.

Slide 19

Иммунды жүйенің жасушаларының өнімі болғандықтан, цитокиндердің иммунды жауапта зор маңызы бар:

Т- лимфоциттерге антигенді презентациялайтын МНС молекулаларының экспрессиясын жоғарылатып, антигенді танып алуға көмектеседі.

Цитокиндер жасушааралық арақатынастарға жауапты адгезия молекулаларының иммунды жасушалардың бетіне экспрессиялануына себепкер болады.

Кейбір цитокиндер иммунокомпонентті жасушалардың миграциясына әсер келтіреді.

Цитокиндер лимфоциттердің активациясы мен кейінгі пролиферациясында кофактор ретінде қызмет етеді.

Цитокиндер цитотоксикалық жасушалардың пісіп жетілуін негіздейді.

Эффекторлық иммунды қызметтердің іске асуы цитокиндердің белсенділігіне де байланысты.

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Цитокиндер
Қабыну процесстерінің биохимиясы
Жауаптың жіті кезеңі
Өсу факторлары
Өсу факторы
Дендритті жасушалар
Қызбаның сатылары
Сепсис патофизиологиясы
Короновирустық инфекция
Ісікке қарсы иммунитеттің жасушалық механизмдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz