Қалқанша безі
Презентация қосу
Тақырыбы:
Қалқанша безі
Жоспары:
1.Қалқанша безі қызметі, құрылысы
2.Қалқанша без аурулары белгілері
3.Миксидема,Зндемиялық жемсау
аурулары
4.Қалқанша без ауруы алдын алу
Қалқанша без
Қалқанша без (glandula thyroidea, лат.
glandula - без, гр. thyreos —қалқан) - шеткі
ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты
дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған.
Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын
дәнекер ұлпалы перделіктер без
паренхимасын бөлікшелерге бөледі.
Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден
( фолликулдардан) тұрады. Фолликул
қуысын құрамында күрделі протеин —
тироглобулин болатын қоймалжың зат —
коллоид толтырып тұрады. Фолликул
қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды.
Тироциттер және парафолликулалы немесе
К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың
дамуына, өсуіне, протеиндердің,
көмірсулардың, майлардың, йодтың
алмасуына әсер ететін, құрамында йод
болатын тироксин және трийодтиронин
гормондарын бөліп шығарады.
Қалқанша бездің
құрылысы
Қалқанша без барлық омыртқалы
жануарларда болатын ішкі
секреция бездерінің ішіндегі ең
ірісі. Қалқанша без көмекейдің
алдыңғы жағына орналаскан.
Ересек адамдарда оның салмағы
шамамен 30-60 г, пішіні таға
тәрізді, бірімен-бірі өзара
байланысқан екі бөліктен тұрады.
Қалқанша безде іші шырышты
затқа толы қуыстар бар. Шырышты
заттан тироксин гормоны бөлінеді,
ал оның құрамында йод болады. 50
жастан әрі қарай калқанша бездің
салмағы мен мөлшері кішірейеді.
Жаңа туған баланың қалқанша
безінің салмағы 1-2 г.
Қызметі:
1) тироксин гормоны барлық зат
алмасуға (нәруыз бен май)
қатысады;
2) ағзаның өсуі мен дамуына
әсер етеді;
3) жүйке жүйесі мен жүрек
жұмысының қозуын арттырады.
Қалқанша бездің қызметі
бұзылғанда пайда болатын
ауытқулар. Қалқанша безден
бөлінетін гормондар жетіспесе,
адам микседема (грекше «myxa»
- шырыш және «oidema» - ісіну)
ауруына шалдығады.
Аурудың белгілері:
1) ағзада зат алмасу 30-40%-ға дейін бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы
бұзылады;
2) терінің астына су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді;
3) дене температурасы төмендейді;
4) жүрек соғысы баяулайды;
5) қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды; шашы түсіп, сирейді.
Ауруды тироксин гормонымен емдейді. Тироксин гормонының
синтезделуі ағзада йодтың болуына байланысты. Адам йодты, йодты
калий, йодты натрий түрінде тағаммен қабылдайды. Адам денесінде 30-50
мг йод болса, соның, шамамен 15 мг қалқанша безде кездеседі.
Егер ішетін су мен тағамда йод жетіспесе, адам іспебұғақ (эндемиялык
зоб) ауруымен ауырады (18, ә-сурет). Мұндай ауру әсіресе топырақ пен
судың құрамыңда йодтың аз болуынан пайда болады. Тәулігіне адамның
қабылдайтын йод мөлшері 0,15-0,20 мг болуы керек.
Аурудың белгісі. Қалканша бездің ұлпалары өсіп, ұлғайып, салмағы 1 кг-ға
дейін жетеді, сон-дыктан оны алкым ісуі дейді. Бұл ауруды емдеу және
болдырмау үшін ас тұзына йод (100 кг ас тұзына 2,5 г йодты калий тұзы)
қосады. Балабакша мен мектептерде балаларға дәрі береді. Дәрінің бір
түйірінің құрамында 1 мг йодты калий бар.
Жас балаларда қалканша бездің гормоны жетіспесе, бойы әспей,
жыныстық жетілуі тоқталады. Ми сыңарлары қыртысьшың жұмысы
бұзылып, ақылесі кем болады. Мұндай ауруды кретинизм (фр. «сrtinismе» -
жарымес) дейді. Ауру асқынбаса, емдеп жазуға болады.
Қалқанша безден гормон көп бөлінсе, денеде зат алмасу күшейеді; жүрек
соғуы жиілейді; қан қысымы көтеріліп, жүйке жүйесінің қозуы артады;
тамақты көп ішкенмен салмақ қоспай, керісінше арықтайды. Тез
ашуланады және терлегіш болады. Көздері бадырайьш, шарасынаналға
қарай шығып тұрады. Мұндай ауруды бадырақ көз немесе базедов
ауруы дейді. Бұл ауруды неміс дөрігері К. А. Базедов сипаттап жазған.
Ауруды емдеп жазу үшін қалқанша бездің кішкене бөлігін кесіп алып
тастайды. Жеке жасушаларын жою үшін рентген сәулесімен де емдейді
Микседема кезінде, теріде жөне басқа тіндерде
мукопротеидтер жиналуының салдарынан жалқыаяқ
ісік дамиды. Шамадан көп емес гипотиреоз кезінде зат
алмасу, жылу жасалу деңгейінің төмендеуі байқалып,
соның салдарынан суыққа сезгіштік жоғарылап, жалпы
көңілсіздік (апатия), әлсіздік, тез шаршаушылық, зейіні
мен психиканың бұзылуы пайда болады. Жер шарының
әртүрлі жергілікті топырағында, суында, тамақ
құрамында йод аз болған жағдайда, сол жердің
бірқатар тұрғындарының қалқанша безінің сөліністік
қызметі бұзылып, сөл бөліну мөлшері өзгеріп
(дисқызмет), онда өз гормонының гипер- немесе
гипосекрециясы пайда болуы мүмкін. Қалқанша безінің
бұл патологиялық өзгерісін эндемиялық зоб деп
атайды. Көбінесе ол таулы аймақтардың
тұрғындарында кездеседі.
Жемсау (зоб) ауруы — бұл
қалқанша безінің әнтек зораюынан пайда
болатын тамақтағы ісік немесе түйін.
Көп жағдайда зоб диетада, аста йодтың
жетіспеушілігінен пайда болады Жүкті
әйелдің организмінде йодтың
жетіспеушілігі баланың өлі тууына
немесе ақьш-есі кем, мылқау боп тууына
себепші болуы мүмкін. Мұндай жағдай
анасы жемсау боп ауырмаса да болуы
мүмкін. Зоб пен кретинизм ауруы көбіне
жердің қойнау қабатында, су мен аста
йод құрамы аз болып келетін таулы
аймақтарда жиі кездеседі. Таулы аймақ
тұрғындары үнемі бір өңкей азықпен,
мәселен, маниока сияқты организмді зоб
ауруына шалдықтыруға бейім
тағамдармен көп тамақтанбауы қажет.
Зобты қалайша алдын алып емдел жазуға жэне кретинизмді
қайтіп болдырмауға болады: Зоб ауруы көп тараған аймақта
тұратын адамдардың барлығы ішіп-жемінде йодталған тұзды
қолданулары қажет. Бүл зобтан алдын-ала сақтандырғыш әрі оны
емдеп жазатын дәрмек те болып табылады (қатайып, беріштеніп
кеткен жемсауды тек қана хирургиялық жолмен алып тастауға болады,
бірақ мұның қажеттілігі жоқ).
Егер йодталған тұзды таба алмасаңыз, йод ерітіндісін қолданыңыз. Бір
тамшы йодты бір стақан суға ерітіп, күн сайын 1 стақаннан ішіп
отырыңыз. Алайда сақ болыңыз: йодтың дозасын аңдамай арттырып
жіберген жағдайда уланып қалуыңыз мүмкін. Йодтың артық дозасы
болып кетсе (бір стақан суға қосылатын йод 1 тамшыдан артық болып
кетсе), ауруды одан әрі қоздырып жіберу қаупі бар. Йод құйылған
құтыны баланың қолы жетпейтін жерде ұстау керек. Жалпы йодтың
өзінен гөрі йодталған тұз қолдану анағұрлым қауіпсіз де ыңғайлы.
Зобқа қарсы қолданылатын үйдегі емдік нәрселердің көпшілігінің әсері
әлсіз болып келеді. Бұларға қарағанда, құрамында йод мөлшері көп
краб және басқа да теңіз жәндіктері мен өсімдіктерінің зоб ауруын
емдеп-жазуға немесе оны болдырмауға тигізетін пайдасы зор.
Сондықтан да асқа жеуге болатын теңіз балдырын қосып отырса да
пайдалы. Дегенмен де зобтан құтылудың ең оңай жолы йодталған
тұзды қолдану болып табылатынын қайталап айтамыз.
Зобты қалай болдырмауға
болады
Әрдайым йодталған тұзды қолданыңыз.
Йодталған тұз ас тұзымен салыстырғанда
қымбаттырақ, бірақ одан анағұрлым
пайдалырақ.
Егер сіз зоб ауруы көп таралған аймақта
тұрсаңыз және осы аурумен ауыруға
организмнің бейімділігін сезініп, тіпті
алғашқы белгілері пайда бола бастаған
жағдайда ең алдымен капуста мен
маниока жеуді тоқтатыңыз.
Ескертпе: Егер зоб ауруымен ауыратын
адам қолы-басы қалтырап, өте ашуланшақ
болып, көз шарасы үлкейіп кетсе, онда бүл
зобтың ерекше түрі (улы зоб) болуы
мүмкін. Мұндай жағдайда шұғыл түрде
білікті дәрігер маманға көріну қажет.
хмет!!!
зға ра
ларыңы
Назар
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz