Ұйқы безінің морфологиясы мен физиологиясы: секреция, гормондар және панкреатиттің этиологиясы мен патогенезі


Slide 1 Slide 2

Ұйқы безінің морфологиясы мен физиологиясы және оның гормондары.

Ұйқы безі (pancreas) қарынның астыңғы жағында ұйқы безінің салмағы 70 - 80г, ұзындығы - 20см, ол бас (caput) дене (corpus) және құйрық (cauda) бөліктерінен тұрады. Ұйқыбезінің бас бөлігі ұлтабардың иініне кіргізіп, кең де жуан болып орналасады. Оның денесі І бел омыртқаға көлденең келіп, асқазанның арты қабырғасына жанасып жатады, ал құйрық бөлігі сол жақтағы бүйрек пен толаққа жетеді. Ұйқы безінің жас ерекшелігі. Нәрестенің ұйқыбезі өте кішкентай ұзындығы 4 - 5см, салмағы 2 - 3г, ал 4 - 5 айда екі есе, 3 жаста - 20г, ал 10 жаста - 30грамға жетеді де ұйқы безі аралас сөлініс безге жатады.

Slide 3 Slide 4

Ұйқы безінің қызметі мен патологиясы

Ол әрі ішкі (эндокриндік) әрі сыртқы (экзокриндік) сөлініс қызметін атқарады. Сыртқы секрецияық қызметіне ас қорыту ферментін өндіру жатады. Бұл процесті ациноздық клеткалар тобы атқарады. Ациноздық клеткалар басталатын сөл жинайтын ұсақ түтікшелер жинақталса келіп, біздің ұзына бойына орналасқан орталық сол жолына ашылады. Орталық сөл жолы он екі ішектің қабырғасына өт жолымен қатар ашылады. Ұйқы безінен пайда болған сөлдің (сілтілі реакция) асқорытуда маңызы зор. Сөлдің құрамындағы трипсиноген ферменті ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына айналды. Ұйқы безінің сөліндегі липаза ферменті майды глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтерді моносахахридке, яғни глюкозаға айналдырады. Осы сөлдің құрамындағы лактаза ферменті сүттің қанты лактозаны моносахарид галактозаға ыдыратады.

Slide 5 Slide 6

Ішкі секреция қызметі

Slide 7 Slide 8

Ұйқы безінің гормондары

Ұйқы безінің гормондары - инсулин, глюкагон, липокаин. Инсулин организмнен тыс жасанды жолмен алынған алғашқы белоктардың бірі. Инсулиннің түзілуі. Инсулиннің - клеткаларда түзіледі. Инсулин молекуласы аминқышқылдарынан түзіледі. Гормон түзілу процесі рибосомаларда басталып проинсулин молекуласына айналады. Проинсулин молекуласы одан әрі тасымалдау жүйесінің көмегімен Гольджи комплексіне жеткізіледі. Онда гормон молекулалары секреторлық гранулаларға оранып, гранулалар ішіндегі ішіндегі протеолиттік ферменттердің тікелей қатысуымен күрделі өзгеріске ұшырайды. Нәтижесінде А тізбегінің карбоксил тобын В тізбегінің амин тобымен жалғастырушы пепид олардан ажыратып, тек дисульфидті көпіршелермен ғана жалғасқан екі тізбектен және 51 аминқышқылымен тұратын инсулин молекуласы пайда болады. Гранулаларда инсулин цинкпен қосылысқа түсіп диаметрлер, тетрамерлер және гексомерлер түрінде . Полимеризация цинк атомының айналасында жүреді. Әрбір екі цинк атомының айналасына инсулиннің үш молекуласы жабысады да гексамер түзейді. Цинк инсулин гексамерлері - клеткаларда жинақталып, қажет кезінде шығарылуға дайын тұрады. Гранулалар - инсулин сақталатын арнаулы орын сонымен, цинк атомдары инсулин молекулаларын активтендіріп, олардың тасымалданулары мен гранулалардан босап шығарушы процестерінде арнаулы роль атқарады. - клеткаларды клетка мембранасы бағытына қарай тасымалдайтын жүйе жақсы дамыған

Slide 9 Slide 10 Slide 11 Slide 12

Панкреатит - бұл ұйқы безінің панкреатикалық ферменттерінің әсерінен бактериальды емес қабынуы Ұйқы безі - грек тілінен аударылғанда -«барлығы еттен» деген мағына береді. Ұйқы безі ұзынша келген ағза, асқазанның артында орналасқан. I-II бел омыртқасының алдында, ал құйрығы X-XI қабырға маңайына барып бітеді. Ұзындығы 10-23см, ені 3-9см, қалыңдығы 2-3см, салмағы 70-80гр. Оның түтігі 1642 ж. Вирсунг, 1720 ж. Одди суреттеуі бойынша 75 процент үлкен еміздікшеге ашылады (12 елі ішектің) . 4 процент жағдайда Вирсунг түтігі 12 елі ішекке өздігінен ашылады. Вирсунг түтігі холедохпен бірге -Фатер түтігіне 33, 6 процент ашылады. 2 түтікте қосылып жалпы ампуланы және Одди сфинктерін 5 проц. құрайды. 2 түтікте Фатер бүршігі мен Одди сфинктерімен алыс орналасқан. Вирсунг түтігі - холедохқа түседі.

Slide 13

Панкреатикалық шырынның құрамы:

Амилаза - активті жағдайда бөлінеді, көмірсуларды ыдыратады, крахмальды гидролиздейді және оны мальтозаға айналдырады.

Липаза - жартылай активті түрде шығады, оны активтендіретін өт қышқылдары мен кальций тұздары - майларды және май қышқылдарын, глицеринді қорытады.

Протеаза - белоктарды аминқышқылдарына дейін ыдырататын фермент. Және протеолизге қатысатын ферменттер -трипсиноген, карбопептидаза, коллагеназа, дезнуклеаза т. б.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Бауыр мен ұйқы безінің анатомиясы және физиологиясы
Гормондар: әрекет механизмдері, эйкозаноидтық мессенджер жүйесі және ішкі секреция бездерінің физиологиясы
Ішкі секреция бездері мен гормондар: гипофиз және эпифиз
Жедел панкреатит: ұйқы безінің анатомиясы, клиникасы, диагностикасы және емі
Ішкі секреция бездерінің физиологиясы
Ұйқы безінің инсулин гормоны: қандағы глюкоза деңгейін реттеудегі рөлі, қантты диабет және ішкі секреция бездерінің гормондары
Эндокриндік жүйе: ішкі секреция бездері, гормондар және гипофиз
Ұйқы безінің гистологиясы және жас пен тамақтануға байланысты ерекшеліктері
Ұйқы безі, гонадалар және плацента: эндокриндік және экзокриндік функцияларының физиологиясы мен организмге әсері
Нәресте және ерте жастағы балалардағы ұйқы безінің анатомиясы мен қызметінің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz