Стоматологиялық құрылғы мен құралдарды күту


Slide 1

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті Факультет: Стоматология Студенттің Өзіндік Жұмысы

Тақырыбы: Залалсыздандыруалды өңдеу, зарарсыздандыру, стоматологиялық құралдарды сақтау. Стоматологиялық құрылғы мен құралдарды күту.

Орындаған:Адилова А.

Ақтөбе, 2018 жыл

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Стоматологиялық құралдарды залалсыздандыру әдістері

2. Залалсыздандыру ерітінділері

ІІІ. Қорытынды

Пайдалапнылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Стерилизация - бұл физикалық факторлар мен химиялық препараттар арқылы әсер ету жолымен микроорганизмдер мен олардың спораларын жою болып табылады. Стерилизацияланатын заттар: жаралы беткейлермен жанасатын; қанмен контактіге түсетін; иньекцияланатын препараттар және шырышты қабаттарға жанасқанда жара туғызуы мүмкін жеке медициналық құралдар және т. б.

Slide 4 Slide 5

Негізгі бөлім

Стерильдеу мақсаты барлық микроорганизмдерді жою және аластау. Ол физикалық немесе химиялық әдістермен іске асырылуы мүмкін. Бумен стерильдеу - ең қалаулы әдіс. Бу қысым әсерінен барлық микроорганизмдерді жояды. Ол үшін 1, 05 кгс/см2 бу қысымымен 15-45 минут ішінде әсер етсе жеткілікті болады. Егер автоклав вакуумды қондырғымен бірге болса стерильденген заттардың кебуін жеделдетеді және стерильдеу ұзақтығын 3 минутқа дейін кысқартады. Құрғақ ыстық ауалы шкафтарда өңдеу тәсілін шыныдан жасалған заттарды стерильдсу үшін колдануға болады.

Slide 6

Стерильденген құралдарды сақтауға арналған құрал

Slide 7

Стерилизация бөлінеді:

Физикалық;

Химиялық;

ФИЗИКАЛЫҚ СТЕРИЛИЗАЦИЯ Термиялық (физикалық) стерилизацияға ультракүлгін-сәулелер: процедуралық, операциондық, ультракүлгін ауамен шағылыстыру жатады. Клиникалық практикада физикалық факторлармен әсер ететін стерилизациялар жиі қолданады Физикалық стерилизацияға жатады: Автоклавтау Құрғақ ауамен стерилизациялау Қайнату Ультракүлгін сәулелермен стерилизациялау Автоклавтау - қысымдағы бумен әсер ететін стерилизация болып табылады. Булы стерилизация жоғары температура (138 С) мен жоғары қысым (2, 5 ат. қ. ) арқылы әсер етумен жүзеге асады. Нәтижесінде стерилизациялы камерадан барлық ауа ығыстырылады.

Slide 8

Емдеу мекемелерінде бұл әдістің 2 режимі қолданылады:

1 режим -температура 132 С, қысым 2 атмосфералық қысым, уақыты 20 мин. Бұл режим арқылы шыны құралдар, шприц, корозияға тұрақты металдар стерилизациядан өтеді. 2 режим температура 120 С, қысым 1, 1 атмосфералық қысым. Бұл режимде жұқа резеңкеден жасалған құралдар, латекстерді (хирургиялық қолғап және т. б), полимерлердің жеке түрлері стерилизациялайды.

Slide 9

Химиялық стерилизация кезінде әр түрлі химиялық ерітінділермен залалсыздандырады:

- 0, 14% натрий олеаты;

- 3% хлорамин ерітіндісі және т. б.

Slide 10 Slide 11

Залалсыздандыру алдындағы тазалау V кезеңнен тұрады:

І кезең. Медициналық саймандарды қолданып болғаннан соң 1% лизоформин (дезинфекциялық ерітінділердің басқа да түрлері) ерітіндісіне 22˚С 1 сағатқа салып қоямыз.

ІІ кезең. 1 сағаттан соң медициналық құрал -саймандарды ағып тұрған судың астында 30 секундтан жуамыз.

ІІІ кезең. Медициналық құрал - саймандарды жуғыш ерітіндіге 15 минут салып қоямыз.

IV кезең. Жуғыш ерітіндінің ішінде құрал - саймандарды мақталы тампонмен инелерді мандренмен тазалаймыз.

V кезең. Медициналық құрал - жабдықтарды жуғыш ерітінділерден алып, ағып тұрған судың астында жуып шаямыз. Жасалынып болғаннан кейін медициналық құрал- жабдықтардың тазалық сапасын тексереміз.

Slide 12

Қорытынды

Стоматологиялық құралдарды залалсыздандыру - медицинадағы маңызды шаралардың бірі. Науқастардың дұрыс ем алуы, сауығып кетуі дұрыс жүргізілген емдеу жұмысына байланысты. Стерилизация дұрыс жүргізілмесе жұқпалы аурулар тарап, стоматологиялық кабинет өз жұмысын талапқа сай атқара алмайды. Сондықтан пациенттердің көңілінен шығу үшін де дезинфекция аса маңызды.

Slide 13

Пайдаланылған әдебиеттер:

Амиреев С. А. , Темирбеков Ж. Т. « Эпидемиология» том 1, Алматы, 2000 год.

Амиреев С. А., Темирбеков Ж. Т. « Эпидемиология» том 2, Алматы, 2002 год.

Елкин И. И. Руководство к практическим заниятиям по эпидемиологии, М., 1975

Черкасский Б. Л. Руководство по общей эпидемиологии М., медицина, 2001 год.

Приказы, инструкции о противоэпидемических работах

Ющук Н. Д. Эпидемиология, М., 2004 год


Ұқсас жұмыстар
Медициналық құралдарды залалсыздандыру тәртібі
Медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтары
Негізгі стоматологиялық аурулардың біріншілік профилактика әдісі
Медициналық жабдықтар
Ауыз қуысындағы ауруларды анықтау
Медицинадағы компьютер
Алгоритмдер ұғымы туралы түсінік
Есептеуіш жүйені аппараттық қамтамасыздандыру
Стоматологиялық кабинеттің ұйымдастыру ерекшеліктері
Жаңа технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz