Жақтың одонтогенді остеомиелиті
Презентация қосу
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік
медицина университеті
Факультет: Стоматология
Дисциплина: Патологиялық анатомия
Студенттің өзіндік
жұмысы
Орындаған: Нурсейтова Роза
Тексерген: Раманкулова А.Б.
Тобы: 303
Ақтөбе – 2016
Тақырыбы:
Тақырыбы
Жақтың
одонтогенді
остеомиелиті
Жоспары:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Остеомиелитке
сипаттама,этиологиясы,патологиялы
қ анатомиясы
2.Жақтың одонтогенді остеомиелиті
ІІІ.Қорытынды
Кіріспе
Остеомиелит (Osteomyelitis - сүйек
миының қабынуы) — Сүйек миында
болатын инфекциялық қабыну
процесі (миелит), сүйекке және
сүйек қабығына тарап, сүйектің
некрозын тудырады. Оның
нәтижесінде секвестрлер пайда
болады.
Негізгі бөлім
Жіктелуі:
Жақтың одонтогенді
остеомиелиті:
-Жедел;
-Созылмалы;
Одонтогенді остеомиелит;
Жедел түрінде:
Этиологиясы: Одонтогенді остеомиелит инфекциялық
қабыну ауруы. Даму көзі – зақымдалған тістерден дамыған
жақсүйектерінде жүретін процесс. Тістер жақсүйектеріне
қаңқаның басқа бөліктерінде кездеспейтін ерекшелік
береді. Тек қана жақсүйектерінде сүйекті тін инфекция
көзімен тікелей байланыста тұрады, және ол жерден
инфекция ұзақ уақыт түсуі мүмкін.
Бұл одонтогенді остеомиелиттің даму механизмінің
басқа аурулардың даму жолдары механизміне ұқсас
еместігін көрсетеді.П.П. Львов ( 1929 ) – былай деген «
Тістер, тістердің жақтарға қатынасы – бұл жақсүйектерінің
остеомиелитіне ерекше специфика береді; тістер аурудың
жиіліктігін , инфекцияның түсу жолы мен әдісін, инфекция
түрін, остеомиелитпен жиі зақымдалатын жас мөлшерін
анықтауға мүмкіндік береді ».
Одонтогенді остеомиелит қабынған
пульпа мен периодонттың ошағында
орналасқан аралас флорамен
шақырады. Ітіңді ошақта
стрептококтар , ақ немесе алтын
түсті стафилококтар, таяқшалы
бактериялар ассоциясын ; кейде
басқа іріңді микроорганизмдердің
қосылысын анықтауға болады.
Клиникасы:
Ауру дене температурасының 38 – 39 о С дейін көтерілуі мен
тез басталады. Температураның жоғарылауы қалтыраумен,
жалпы әлсіздікпен және мазасыздықпен басталады.
Кіші жастағы балаларда температура жоғарылағанда
қалтырау, құсу және асқазан – ішек жолдарының қызметінің
бұзылуы, ОЖЖ қозуы , осының әсерінен организмнің жоғары
жалпы интоксикацияға ұшырауы болады.
Таңертеңгі және кешкі дене температурасының
айырмашылығы 1оС , әсіресе аурудың ауыр түрінде кездеседі.
Бұндай балаларда жедел одонтогенді сепсистің дамуының
алдын – алу керек.
Жедел ауырсынудың әсерінен нәресте тынышсыз болады,
ұйқысы бұзылады, тағамға тәбеті нашарлайды , шырышты
қабат пен тері беттері ақшыл түске ауысады. Кейде балаларда
жалпы аурудың белгілері , жергілікті симптомдармен қоса
жүреді. Тек қана дұрыс жиналған анамнез бен қарау аурудың
алғашқы күндерінде дұрыс диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Рентгенологиялық
тексеру:
Аурудың алғашқы күндері
жақсүйектерінде өзгерістер
болмайды. Бірінші аптаның соңында
сүйектің құрылымы өзгере бастайды.
Бұл дегеніміз сүйек тінінің іріңді
эксеудатқа айналғанын білдіреді.
Сүйек бұлынғыр түске айналып,
трабекулярлы көріністер көрінбейді
және кей жерлерде жамылғы қабат
жұқарып, тесіледі.
Диагностикасы:
Балаларда жедел одонтогенді остеомиелиттің диагностикасы жалпы ,
жергілікті симптомдарға және лабораториялық тексерулердің
мәліметтердің негізінде қойылады. Жақсүйектерінің одонтогенді
остеомиелитінің қорытынды диагнозын, дәрігер баланы қарағаннан ,
тексергеннен кейін қойылады. Аурудың жергілікті симптомдарына
мыналар тән:
« себепкер » сүйекке инфекция түсірген тістің болуы.
Бірнеше қатар тұрған тістердің патологиялық қозғалғыштығы
Жедел іріңді периостит альвеолярлы өсіндінің екі жағына ( оральды
және вестибулярлы ) да жайылады. Жедел одонтогенді остеомиелиттің
диагностикасын жалпы симптомдар мен жергілікті белгілерді ескере
отырып, аурудың бірінші күндері қиындықсыз анықтауға болады.
Төменгі жақсүйегінің остеомиелитінің диагностикалау өте оңай, өйткені
ауру басталғаннан кейін бірінші тәуліктерде жергілікті белгілер
байқала бастайды. Процесс төменгі жақсүйегінің бұрышы мен жақ
өсіндісі аймағында орналасса, диагностикасында белгілі бір
қиындықтар болады және құлақмаңы – шайнау аймағының жұмсақ
тіндерінің қабыну инфильтратымен қоса жүреді . Бұндай кезде
құлақмаңы сілекей безінің жедел қабыну ауруларын ескере отырып,
диагноз қойылады.
Емі:
Кеменді,аурудың негізгі симптомдарына және инфекция
көзіне бағытталған.
Қабынуға қарсы терапия .Жедел хириргиялық көмек түрінде
және дәрі-дәрмектік терапия жүргізіледі.Жедел
остеомиелитпен ауырған бала диагноз қойылғаннан кейін,
ауруханаға жатқызылуы керек.Хирург сүйек қабы астындағы
іріңді ошақты және көрсетіліміне қарай оны қоршап жатқан
жұмсақ тіндерді тіліп, іріңді экеудаттың толық ағуына
мүмкіндік жасау керек .Тіндерді тілгеннен кейін жарадан
іріңдік толық бөлініп біткенше , дренаждалынуы керек. Қабыну
ошағындағы зақымдалған тіс жұлынады .Жедел қабыну
кезінде хирургиялық іс-шара наркоздың көмегімен жүргізіледі.
Антибактериялық ем.
Дезинтоксикациялық ем.
Десенсибилизациялық ем.
Организмге жалпы күш беретін ем.
Иммунды терапия.
Созылмалы түрі:
Жиі жағдайда жедел остеомиелиттен
кейін дамиды .
Балаларда , ересектерге қарағанда ,
жедел сатысы созылмалыға қысқа
мерзім ішінде өтеді .Созылмалы
остеомиелит кейде жедел сатысыз ,
біріншілік созылмалы процесс болып
дамиды.Бұл балаларда аурудың себебі,
сүйекке түскен уақытыұзақ, әлсіз ,
вирулентті бактериялық флора болады
(мысалға емделген созылмалы
периодонттен кейін).
Сүйек затының зақымдалуы немесе оның
қайта құрылуын ескере отырып
созылмалы остеомиелиттің үш клинико-
рентгенологиялық түрлерін ажыратады:
деструкті, деструктивті-продуктивті
,продуктивті.
Деструктивті түрі: Жедел қабынудың
ауыр кезеңінен кейін дамиды .Кіші
жастағы балаларда созылмалы кезеңіне
өту ауру басталғаннан кейін 7-10-шы
күндері клиникалық көрінісі байқалады.
Одонтогенді остеомиелиттің
деструктивті түрі балаларда сирек
байқалады.
Деструктивті – продуктивті түрі
Жедел одонтогенді остеомиелиттен
кейін жиі дамитын түрі. Бұл кезде сүйек
затының өлуі мен қайта құрылуы бірге
жүреді. Сүйек затының еруі диффузды
және жеке – жеке кіші зақымдалу
ошақтарымен беріледіжәне көптеген
майда секвестрлердің түзілуімен қоса
жүреді. Жас балаларда майда
секвестрлер сорылуы мүмкін немесе
іріңді экссудат түрінде жыланкөз және
операциядан кейінгі тілік арқылы
шығады.
Продуктивті ( гиперпластикалық ) түрі.
Бет қаңқасының тек интенсивті өсу кезінде, кіші
жас шамасында дамиды. Көбінесе 12 – 15 жас
аралығындағы балаларда кездеседі. Ауру өте
баяу, науқасқа білінбей, жедел сатысыз дамиды.
Остеомиелит жалпы температуралық
реакциясыз және жергілікті белгілерсіз дамиды.
Ауру басталғанда балалар және олардың ата –
анасы ауруды беттің асимметриясы болғанда
байқайды. Процестің дамуында ісік бір үлкейіп,
бір кішірейіп отырады. Сүйектің көлемі біртіндеп
ұлғайып, зақымданған ошақтың бетіндегі тері
қабаты өзгермеген, жыланкөздер болмайтын,
тығыз ісіну байқалады. Регионарлы лимфа
түйіндері ұлғайған, қозғалады, ауырсынады.
Процесс көбінесе төменгі жақта дамиды.
Диагностика.
Анамнез, клиникалық көрінісі,
рентгенологиялық тексерудің мәліметтерін
салыстыра отырып жүргізеді. Балаларда
созылмалы остеомиелитті Юнг саркомасынан
және ретикулярлы саркомадан ажыратады.
Остеомиелиттің алғашқы созылмалы түрін
жақсүйектерінің фиброзды дисплазиясынан
және остеогенді саркомадан ажыратады.
Егер ісікке күдіктенген жағдайда ашық
инционды биопсияның мәліметіне
негізделеді.
Емдеуі:
хирургиялық
қабынуға қарсы ем
антибактериальды ем
жалпы күш беретін ем
витаминді терапия
физио ем
дезинтокациялық ем.
Қорытынды
Остеомиелит деп сүйек жолдары
миының қабынуын айтады. Бірақ,
сүйек миының қабынуы сирек
болады. Негізінен, сүйектің барлық
қабаттарының қабыну құбылыстары,
яғни остеомиелит, остит, периостит
жиірек кездеседі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. –
М., 2008. – 768 с.
Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии
детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.-
615 с.
Персин Л.С. и др. Стоматология детского возраста. - М.:
Медицина, 2006. – 640 с.
Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в
стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 с.
Супиев Т.К. Гнойно-воспалительные заболевания
челюстно-лицевой области. – М.: Медпрес, 2001. – 160 с.
Особенности обезболивания при лечении
стоматологических заболеваний у детей/ Под рук. С.А.
Рабиновича.-М.: МЕДпресс-информ.-2005.-120 с.
зғ а
ң ы
а ры
а рл т !! !
Н а з х м е
ра
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz