Жұмысшылардың есту мүшесі кәсіби аурушаңдығының деңгейін динамикалық бағалау
Презентация қосу
МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
СТУДЕНТТІҢ ӨЗДІК
ЖҰМЫСЫ
Мамандығы: Стоматология
Пәні: Еңбек қорғау
Курс: 3
Топ:
Тақырыбы: Жұмысшылардың есту мүшесі кәсіби
аурушаңдығының деңгейін динамикалық бағалау.
Орындалу түрі: презентация
Орындаған: Нурсейтова
Роза
Тексерген:. Куспангалиева Г.С
Ақтөбе 2017
Жоспары:
I.Кіріспе
Жұмысшылардың есту мүшесі кәсіби
аурушаңдығының деңгейін динамикалық
бағалау.
II.Негізгі бөлім
1. Акустика – (грек. akustikós — естілетін,
тыңдалатын) — дыбыс туралы ғылым.
2. Есту жүйесіне жалпы сипаттама.
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Акустика – (грек. akustikós — естілетін, тыңдалатын) — дыбыс туралы ғылым, яғни адам құлағына жететін газдағы,
сұйықтағы және қатты денелердегі тығыз тербелістер мен толқындар (бұндай тербелістер жиілігінің диапазоны 16 гц-20
кгц).
Акустикалық кері байланыс (АКБ) – сигналдардың акустикалық шығудан акустикалық кіруге енуіне байланысты
аппаратураның шығуында пайда болған кедергілерді (шулар, ысқырықтар және т.б.) білдіретін құбылыс.
Аудиометр (ескіше – «авдиометр»; лат. audire – есту және грек. metron – өлшем) – құлақтың естігіштігін дәл анықтауға,
құлақтың естігіштігін өлшеуге арналған электроакустикалық құрал. Құлақ естігіштігі өлшенетін сигналдың түріне
қарай аудиометрлер үндестіктік және сөйлеу тілдік болып бөлінеді, олар жиі жағдайда бір аппаратта беріледі.
Құлақ естігіштігін үндестіктік аудиометрмен өлшеу кезінде естілудің таза тондарының шегі (яғни синусоидтық)
бойынша анықталады; сөйлеу тілдік аудиометрмен өлшегенде – естілу шегі бойынша немесе сөйлеу тілінің анықтығы
бойынша, яғни сөйлеу тілі сигналының анықтығының қанағаттандыралық пайызымен қамтамасыз етілетін дыбыстың аз
қарқыны бойынша анықталады.
Өлшенген есту шегі қалыпты есту қабілетінің орташа шегінің көрсеткішіне қатысты децибелдермен өлшенеді. Өлшенген
және қалыпты шектердің арасындағы децибелдік айырмашылық есту қабілетін жоғалтудың сандық сипатын білдіреді.
Аудиометриялық әдіс есту қабілетін физиологиялық сезіну шегінің психофизикалық параметрлерін өлшеу негізінде
анықтау үшін пайдаланылады. Берілген параметр дыбыстың жиілігі мен оның қаттылығын өзгерту тәсілімен өлшенеді.
Зерттеу жұмысы ең жақсы ажыратылатын жиілік пен дауыс қаттылығының дыбыстары сөйлеу тілінің дыбыстарының жиілігі
мен қаттылығына барынша жақын дыбыстар екенін көрсетті.
Аудиограмма – көлденең және тік остері бар арнайы бланкіге ендірілген аудиометриялық зерттеулер нәтижесінің графигі. Тік
ось дБ ЕШү (есту шегі үсті децибелдер) дыбыс деңгейіне (қарқындылығы) сәйкес келеді, көлденең осінде Гц (герц)
берілген жиілік белгіленеді. Аудиограммадағы қызыл қисық оң құлаққа, көк қисық сол құлаққа сәйкес келеді. Құлаққап
пайдаланылған зерттеу жұмысының мәліметтерін тұтас сызықпен, сүйек дірілдеткіші пайдаланылған мәліметтерді үзік
сызықпен бейнелейді.
Зерттеу жұмысын жүргізудің қарсы көрсетімдері мен асқынулары болмайды, ол есту аппаратын таңдаған кезде жүргізіледі,
әдетте 20-40 минутқа созылады.
Негізгі бөлім
Аудиограмма – көлденең және тік остері бар арнайы бланкіге ендірілген аудиометриялық
зерттеулер нәтижесінің графигі. Тік ось дБ ЕШү (есту шегі үсті децибелдер) дыбыс
деңгейіне (қарқындылығы) сәйкес келеді, көлденең осінде Гц (герц) берілген жиілік
белгіленеді. Аудиограммадағы қызыл қисық оң құлаққа, көк қисық сол құлаққа сәйкес
келеді. Құлаққап пайдаланылған зерттеу жұмысының мәліметтерін тұтас сызықпен, сүйек
дірілдеткіші пайдаланылған мәліметтерді үзік сызықпен бейнелейді.
Зерттеу жұмысын жүргізудің қарсы көрсетімдері мен асқынулары болмайды, ол есту
аппаратын таңдаған кезде жүргізіледі, әдетте 20-40 минутқа созылады.
Адамның сөз сөйлеп, өзара қарым-қатынас жасауында
есту мүшесінің маңызы зор. Дыбыс қоздырғыш
толқындарын сезу –күрделі құбылыс. Ауадағы дыбыс
толқындары құлақ қалқанымен ұсталып, сыртқы
дыбыс жолымен өтіп, дабыл жарғағын тербеліске
келтіреді. Одан дабыл жарғағында пайда болған
тербелісті ортаңғы құлақтың дыбыс сүйектері
(балғашық, үзеңгі, төс) күшейтіп, оны сопақ тесіктің
жарғақшасына жеткізеді.Сүйектер дабыл жарғағына
қарағанда тербелудің күшін шамамен 50 есе
арттырады. Егер дыбыс өте жоғары болса, онда
арнайы бұлшық еттер дабыл жарғағын және сопақ
тесік жарғағының керілуін үлкейтеді. Осының
нәтижесінде жарғақ тербеліп, оны жарылып кетуден
сақтайды.
Дыбыс қаттылығы децибел арқылы өлшенеді.
Адам дыбыс қаттылығын құлақта ауру пайда
болғанша қабылдайды. Бұл 1-ден 140
децибелге дейін сәйкес болады. Егер дыбыс
үнемі 120-140 децибелге сай болса, ұзақ
уақыт құлаққа әсерін тигізсе, онда құлақ
ауруы пайда болады. Төменгі кестеде
көліктердің, табиғи құбылыстардың дыбыс
қаттылығы берілген.
Дыбыс түрлері Дыбыс
қаттылығы
1. сағаттың дыбысы 20
2. трамвайдың шуы 70-75
3. дауыстап сөйлеу 60
4. айқайлау 80
5. күннің күркіреуі 120
6. қатты музыка 110
7. реактивті самолет 150
8. сирена 130
9. өлімге әкелетін шама 180
10. дыбыстық қару 200
11. ұста шеберханасы 100
Дыбыстың бұл қаттылықтары есту мүшесінде бейімделу
құбылысын туғызады. Сондықтан кейбір адамдар
дыбыстың жоғары қаттылығына үйренеді. Мұндай
адамдар радио, теледидар, магнитофондарды өте
қатты дыбысқа қойып, шу шығарып тыңдауды әдет
етеді. Сыртқы құлақта құлық жиналса, онда шаң-тозаң
және микроорганизмдер ұсталып, құлақтың дыбыс
жолын бітейді. Құлақты сіріңкемен, қарындашпен,
түйреуішпен тазалауға болмайды. Бұдан дабыл
жарғағы зақымданып, есту нашарлайды, кейде
саңырау болып қалады. Аса күшті дыбыс және шу
жүйке жүйесін мүлдем қажытады және есту мүшесінің
қызметін бұзады. Көп уақытқа созылған шудың
ортасында және жоғары дыбыста болған адамдардың
құлағы нашар естиді. Себебі, есту мүшесіне қан
әкелетін қан тамырлары тарылып, оның зат алмасуын
нашарлатады. Күшті шу еңбек өнімін 40-60%-ға дейін
төмендетеді.
Есту мүшесі жұмысының нашарлауы көптеген
жұқпалы аурулардан кейін байқалады. Шешек,
құлғана, тұмау ауруларымен ауырғанда есту мүшесі
зақымдануы мүмкін. Әртүрлі қатты дыбыстар кезінде
ауызды ашып тұру керек. Өлең айтып, музыка тыңдау,
дене қимыл жұмыстарын істеу және спортен
шұғылдану естуді жаттықтырып, жұмысын
жақсартады.
Есту гигиенасы.
Есту анализаторының қызметіне қажетті тиімді жағдайларды
есту гигиенасы зерттейді. Адам организміне әсер етуші
шудың ықпалын азайтып, есту қабілетін ұзақ мерзім
жоғары дәрежеде сақтап қалу үшін бала кезден бастап
есту гигиенасының талаптарын дұрыс орындап отыру
керек. Айқай-шу есту анализаторына 2 түрлі осер етеді:
құлақ тың дыбыс өткізуші мүшелерінің қызметін бұзады
және орталық жүйке жүйесіндегі есту орталықтарының
қызметін нашарлатады. Қатты айқай, айталық 90 децибел
шамасындағы, есту қабілетіне ғана әсер етіп қоймай, ас
қорыту, жүрек-қан-тамырлар жүйелерінің ішкі секрециялық
бездердің қызметін бұзады, жалпы жүйке жүйесін
тоздырады. 4-5 жыл бойы 120 децибел шуда еңбек еткен
адамның жүйке жүйесінде кемшіліктер пайда болады:
ұйқысы бұзылады, басы ауырады, ішкі секреция бездерінің
қызметі нашарлап, зат алмасуы әлсірейді, тез қозғыш,
ашуланшақ болады, қанның қысымы артады, есту қабілеті
төмендеп, мамандығына байланысты кереңдік пайда
болады. Мысалы, тракторшының басы ауырып, дыбыс
Есту кемшіліктерінің алдын алу үшін дыбыс гигиенасының
талаптарын орындау қажет. Әсіресе мектепте гигиеналық
талаптарды сақтаудың маңызы зор. Мектептегі шуды азайту
үшін оның ауласының көше жақ бетіндегі жерді қорғаныс
аймағына айналдырып, оған 5 қатар ағаштар мен бұталар
отырғызады. Жапырақты биік ағаштар мен бұталар сыныпқа
көшеден келетін шудың мөлшерін 1,5-2 есе азайтады.
Қауіпсіздік аймағының ені 6 метрден, мектеп үйінің көлік
жолынан қашықтығы 25 метрден кем болмауы тиіс.
Гигиеналық талапқа сай сынып кабинеттерінің есігі тығыз
жабылса, бөлмеге кіретін шудың мөлшері 5-7 децибелге
азаяды.
Есту аппараты – 1) адамның есту қабілетінің бұзылыстарына
байланысты өмірлік қызметінің шектелуінің өтеміне арналған
бағдарланатын шұғыл параметрінің электрондық күйге келтірілуі
басқару құралы мен интерфейс құралымен қамтамасыз етілетін
құралдың кез келген түрі; 2) ауа немесе сүйек дыбыс өткізгіштігі
бойынша дыбысты күшейтуге арналған электронды құрал; 3) есту
қабілетінің тұрақты төмендеуінде немесе саңыраулықта
қолданылатын дыбыс күшейткіш құрал.
Жасанды есту мүшесін орнату – жоғалған есту қызметін түзету
немесе ауыстыру құралдарын (есту аппараттарын) пайдалану
тәсілімен есту қызметін электроакустикалық түзету.
Сурдологиялық орталық – балалар мен ересек адамдарды
әлеуметттік оңалту мақсатында есту қабілетін жасанды есту
мүшесін орнату жолымен түзетуді іске асыратын емдік-
профилактикалық мекеме.
Сурдопедагогика – есту қабілетінде бұзылыстары (туылғаннан
естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалған) бар
балаларды дамыту, тәрбиелеу, оқыту әлеуметтік бейімдеу және
қоғамға кіріктіру заңдылығы туралы ғылым.
Бинауральды жасанды есту мүшесін орнату – құлақты есту
аппараттарымен екі жақты (екі құлаққа) протездеу.
Жеке құлақ жапсырмасы (ЖҚЖ) – 1) құлақ қалқаны мен
сыртқы есту жолының көшірме үлгісі бойынша дайындалған
құлақ жапсырмасы; 2) заманауи жасанды есту мүшесін
орнатудың бір бөлігі және есту аппаратын таңдаудың және
күйге келтірудің табысты болуын қолдайды. Құлақтың
рамеріне сәйкес көшірмесі бойынша жасалынады. BEI
атқарымы – пациенттің құлақ арты аппаратын бекітеді;
дыбысты есту аппаратынан құлақ жарғағына жеткізеді және
тиімді дыбысталуымен қамтамасыз етеді; есту аппаратының
кері байланысының («ысқырық») туындауының алдын алады;
сыртқы есту жолының терісін қажау мен тіркендірудің алдын
алады.
Кохлеарлық имплантация – есту жүйкесінің сақталған
талшығын элетрлік ынталандыру арқылы дыбыстық ақпаратты
қабылдауды қамтамасыз ететін электодтар жүйесі пациенттің
ішкі құлағына ендірілетін хирургиялық ота. Кохлеарлық
имплантация жасанды есту мүшесін орнатудың бір түрі
болып саналады.
Қорытынды
Қорыта келгенде,Есту аппараты – 1) адамның есту қабілетінің
бұзылыстарына байланысты өмірлік қызметінің шектелуінің өтеміне
арналған бағдарланатын шұғыл параметрінің электрондық күйге
келтірілуі басқару құралы мен интерфейс құралымен қамтамасыз
етілетін құралдың кез келген түрі; 2) ауа немесе сүйек дыбыс
өткізгіштігі бойынша дыбысты күшейтуге арналған электронды құрал;
3) есту қабілетінің тұрақты төмендеуінде немесе саңыраулықта
қолданылатын дыбыс күшейткіш құрал.Сондықтан да өзара қарым-
қатынас жасауда есту мүшесінің маңызы зор. Дыбыс қоздырғыш
толқындарын сезу –күрделі құбылыс. Ауадағы дыбыс толқындары
құлақ қалқанымен ұсталып, сыртқы дыбыс жолымен өтіп, дабыл
жарғағын тербеліске келтіреді. Одан дабыл жарғағында пайда болған
тербелісті ортаңғы құлақтың дыбыс сүйектері (балғашық, үзеңгі, төс)
күшейтіп, оны сопақ тесіктің жарғақшасына жеткізеді.Сүйектер дабыл
жарғағына қарағанда тербелудің күшін шамамен 50 есе арттырады.
Егер дыбыс өте жоғары болса, онда арнайы бұлшық еттер дабыл
жарғағын және сопақ тесік жарғағының керілуін үлкейтеді. Осының
нәтижесінде жарғақ тербеліп, оны жарылып кетуден сақтайды.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Еңбек гигиенасы. Н.Ф.Измерова,
В.Ф.Кириллова, 2008 ж.
2.Руководство по гигиене труда
(под ред.В.Ф.Кириллова) 2001 г.
3.Интернет ақпараттары
Презентацияға қойылатын талаптар
№ Орындау критериі 0-0,1 0,2-0,3 0,4-0,5
1. Презентацияны рәсімдеу
2 Презентацияның 4 компоненті
3. БӨЖ тақырыбының маңыздылығы
4. Мазмұны
5 Қортынды/ұсыныстар
6. Әдебиеттер
7 Материалды игеру және регламент
сақтау
8. БӨЖ кестесіне сай уақытылы
тапсырылуы
Қорытынды
0-0,1 критерий орындалмаған
0,2-0,3 критерий ескертулермен орындалған
0,4-0,5 критерий орындалған
[12:50:05] YahНайдено 0% совпадений по адресу:
http://www.emer.gov.kz/index.php?option=com_content&view=category&layout=blog&
id=181&Itemid=136&lang=kz
[12:50:06] YahНайдено 0% совпадений по адресу:
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1100007198
[12:50:09] YahНайдено 1% совпадений по адресу:
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P100000867_
[12:50:10] YaНайдено 2% совпадений по адресу:
http://studopedia.org/10-187125.html
[12:50:15] YahНайдено 1% совпадений по адресу:
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000033
[12:50:21] YahНайдено 1% совпадений по адресу:
http://adilet.zan.kz/kaz/docs/U1000001113
[12:50:27] YahНайдено 0% совпадений по адресу:
http://sarovzdorov.ru/smi-o-nas/r-pegov-onkologiya-prioritetnaya-otrasli-zdravooxraneniya
/
[12:50:29] YahНайдено 0% совпадений по адресу:
http://carcinoma.ru/prevention/index.html
[12:50:31] YahНайдено 0% совпадений по адресу:
http://www.topuniversities.com/universities/marat-ospanov-west-kazakhstan-state-medica
l-university/undergrad
[12:50:32] YahНайдено 1% совпадений по адресу:
http://zkgmu.kz/ru/informaciya-o-medicinskom-centre-zkgmu-imeni-marata-ospanova
[12:50:33] YahНайдено 0% совпадений по адресу:
http://zkgmu.kz/ru/kafedra-skoroy-neotlozhnoy-medicinskoy-pomoshchi-anesteziologii-i-re
animatologii-s-neyrohirurgiey
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz