Балалар аурулары




Презентация қосу
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мелекеттік Медицина
Университеті

Дисциплина: Балалар аурулары
Факультет: Стоматология

Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Бронхообструктивті синдром

Орындаған: Нурсейтова Роза
Тобы:303
Тексерген: Жекеева Б.А.

Ақтөбе - 2017
Жоспар:
І. Кіріспе
Бронхтардың обструкция синдромы
II.Негізгі бөлім

1.Этиологиясы
2.Патогенезі
3.Клиникалық көрінісі
4.Диагностикасы
5.Емі
6.Алдын алу
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бронхтардың обструкция синдромы деп бронхоспазм
нәтижесінде бронхтардың өткізгіштігінің бұзылуынан пайда
болған организмнің патологиялық жағдайын атайды. Бұл
синдромның клиникалық белгілерінің негізінде бронхтардың
өткізгіштігінің бұзылуы, соның нәтижесінде нашарлаған әр келкі
вентиляция және өкпенің қалдықты көлемінің ұлғаюы жатады.
Нақты бронхобструкция синдромына ұсақ бронхтардың
өткізгіштігінің өзгеруі жатады. Бұндай жағдай бронхтардың
шырыш қабатының қабынуы мен ісінуінен, дағдыды шырыш
қабатының ісінуімен бірге жүретін бронхспазмнан, көбінесе
бронхтарды сырттан қысып тарылатын диффузды
перибронхиалды фиброздан пайда болады.
Бронхобструктивті синдром – көбінесе балалар ауруы болып
табылады, әсіресе 3 жасқа дейінгі балалар. Төменгі тыныс
жолдарының ауруымен ауыратын балалар 40 % , респираторлы
вирусты инфекциямен ауыратын балалар 50 %, аллергиясы бар
балалар 30 % кездеседі.
Этиологиясы:
Респираторлы вирустар;
Микоплазмалар;
Хламидиялар;
респираторлы синициальды вирустар;
Цитомегаловирустар;
Аденовирустар;
Бейідейтін себептер: ЭКД, лимфатико-
гипопластикалық диатез, атопиялық
диатез.
Патогенезі:
Жоғары тыныс жолдарының обструкциясы
патологиялық поцестер әсерінен кеңірдек
пен бронхтың тарылуына байланысты,
тыныс жолындағы ауа жүрісіне кедергі
пайда болуы: қабырғаның жуандауы,
қалыңдауы, бронхиальды бұлшық еттердің
тарылуы. Ерте жастағы балаларда көбінесе
кілегей қабатының ісігіне және бронх
саңылауына экссудаттың бөлінуі.
КЛИНИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ:
Бастапқы вирустық инфекцияның белгілерімен сипатталады:
температураның жоғарылауы, жоғарғы тыныс жолдарында
катаральды белгілердің пайда болуы. Жалпы жағдайының нашарлауы.
Бірте-бірте тыныс жиілігі жиілейді және дем шығару қиындайды,
ентігу байқалады, демін ысқырып шығарады, себебі экссудаттың
жинақталуына байланысты. Бронхтардың зақымдалуы жайылалы
болғандықтан, қатқыл тыныс және сырылдар барлық өкпеде естіледі.
Ентігу көбейген сайын дем шығарған кезде кеуденің жұмсақ жерлері
тартылып, өкпе кебеді, пероральды цианоз байқалады, терісі бозғылт,
бала мазасызданады, өкпенің көлемі ұлғаяды, себебі баланың кеудесі
барлық уақытта дем алу жағдайда болады.
Аурудың ағымы 7-12күн. Перкуссия жасағанда тимпаникалық дыбыс
анықталады. Рентгенограммада түбір айналасындағы өкпенің үрілу
белгілері байқалады.
ДИАГНОСТИКА:
Зертханалық көрсеткіштер:
ЖҚА өзгеріссіз.
Созылмалы іріңді бронхиттің айқындалған
өршуінде көп емес нейтрофильді лейкоцитоз және
СОЭ жоғарлауы байқалады.
Серологиялық тест — IgM и IgG, IgA;
Гельминттерге — токсокароза, аскаридоза
Аллергиялық – Ig Е
ПЦР – РНК, ДНК
Ренгенде – ателектаз, пневмония, бөгде зат
Бронхоскопия, сцинтиграфия, бронх – өкпенің
компьютерлі томографиясы және т.б
ажырату диагностикасы
обструктивті аурулармен;
аллергиялық аурулармен;
бӨгде денелердің болуы;
Туберкулез;
Пневмония;
Көкжөтел;
Бронх астмасы;
ЕМІ:
Обструктивті үстаманы емдеу үшін ең бірінші небулайзер арқылы
вентолинмен (0,5 -1,0мл ертіндісіне 2мл физ. ертіндісін қосып)
ингаляция жасалады. Вентолиннен басқа беродуал немесе
сальбутамол қолдануға болады. Небулайзер арқылы дәріні жіберу, 10-
15 минуттан соң жағдайын жақсартады. Небулайзер арқылы 0,5%
сальбутамол ерітіндісі 0,2- 0,4мл изотоникалық ерітіндісі бір
ингаляцияға, маска арқылы 8мл/мин. беріледі (20 кесте). Небулайзер
жоқ болса, б/етке сальбутамол 0,2мл 2-12 ай; 0,4мл 2-4 жасар
жасалады. Обструктивті бронхиттің ауыр түрлерінде 1 сағатта 20
минут сайын 3 рет жасалады. Жағдайы жақсарған кезде тҽуелігіне 3-4
рет жасаған жөн. Ингаляциялық ем тиімсіз болған жағдайда Эуфиллин
тәулігіне 12–15мг/кг салмағына, 4 ретке бөліп 6 сағат сайын жібереді.
Бірінші дозасы 7мг/кг, кейін үш аптаға: 1,5мг/кг 12 сағат сайын, 3-6
апта 2,0мг/кг 12 сағат сайын, 3-6 ай 3-4мг 6 сағат сайын, 6-16 жас 5-
6мг/кг 6 сағат сайын қылып өзгертеді. Көк тамырға 2,4% ерітінді
бірінші 4-6мг/кг тамшылатып 100-150мл изотоникалық ерітіндімен
жіберіледі. Орташа жағдайда сальбутамол ішуге (1мг 2-4 айда, 2мг 2-4
жаста) беріледі. Емдік дене шынықтыру. Фитотерапия
ОБСТРУКТИВТІ БРОНХИТТЕ НЕБУЛАЙЗЕРЛІК ЕМ үШІН
ҚОЛДАНЫЛАТЫН
БРОНХОЛИТИКТЕР ТІЗІМІ
Профилактика:
Обструктивті синдромның негізгі алдын –
алу шарасы темекі түтінінен, химиялық
зиянды заттардан аулақтау, зиянды
өндірістерді профилактикалыќ бақылау.
Аурудың ерте диагностикасы вирусты
ауруларды ескерту, шынығу, созылмалы
бронхитті дер кезінде емдеу, қайталануға
қарсы ем жүргізу.
Қорытынды:
Қорыта айтқанда, жедел обструктивті
бронхит, обструктивті синдроммен, яғни
экспираторлы ентігумен, бірге жүріп отырады.
20-25% бронхиттер, жедел обструктивті
синдроммен өтеді. Этиологиясы респираторлы
вирустар, микоплазмалар, хламидиялар. Ерте
жастағы балаларда респираторлы
синцитиальды вирустар, цитомегаловирустар,
аденовирустар. Обструктивті, аллергиялық
аурулармен, бөгде денелердің болуымен
ажырату диагнозын жүргізеді.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Баранов А.А. Детские болезни, Москва,
2012.
2. Б. Түсіпқалиев // Балалар ауруларының
пропедевтикасы, Ақтөбе, 2002.
3. Б. Түсіпқалиев // Балалар аурулары//.
Оқулық. Ақтөбе. Ақтөбе. 2012.
4. Қазақша-орысша сөздік, Алматы, 2002.
5. Интернет желісі, www.google.kz

Ұқсас жұмыстар
Балалардың денсаулық топтары және оларды анықтаудың критерийлері
Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау
Олигофренияның пайда болу себептері
Қазақстандағы мүгедек балалардың құқықтары
Спастикалық диплегия
Қазақстанда стоматология саласындағы зерттеулер 1960 жылдары басталып, республикадағы мед
НӘРЕСТЕГЕ ҮЙІНДЕ ПАТРОНАЖ ЖАСАУ
Қазақстан Республикасында кездесетін жұқпалы аурулар
Ішек аурулары
Медициналық қарау
Пәндер