Сібір жарасы туралы түсінік



Сібір жарасы (Түйнеме) : алдын алу және күресу шаралары; ошақтағы іс - шаралар
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Кафедра: Жұқпалы аурулар
Дисциплина: Жұқпалы аурулар
Орындаған: Шайдуллина Асель
Тексерген: Туребаева Д.
Факультет: Стоматология
Топ: 304
Ақтөбе 2017ж

Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Сібір жарасы туралы түсінік
2. Сібір жарасы этиологиясы
3. Сібір жарасының клиникасы
5. Алдын-алу және күресу жолдары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Түйнеме
Түйнеме (сібір жарасы, антракс, лат. - anthrax pustula maligna) бактериалды зоонозды антропургиялық аса қауіпті, қоздырғышы қарым-қатынас (жанасу) механизмі арқылы берілетін, тері қабатының кабункул тәрізді зақымдалуымен, ауқымды ісікпен, ауыр интоксикациямен сепсистің дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру.


Этиологиясы
Қоздырғышы - Bacillus anthracis ірі, грамм оң, капсула және спора түзетін, факультативті аэробты таяқша. Табиғатта екі түрде - вегетативті және спора түзген кезде кездеседі. Спора түрінде тек абиотикалық ортада ғана, ал вегетативті түрде тек жануарлар және адам организмінде болады. Спора түріндегі микробтар өте төзімді. Олар суда бірнеше жыл, топырақта бірнеше ондалған жылдар бойыны сақтала алады. Споралар қолайлы қоректік, температуралық ылғалдылық жағдай туғанда көбейіп, қайта споралық күге ауыса алады. Сөйтіп абиотикалық ортада ошақтылықты сақтап тұрады. Споралар 120-140 °С құрғақ ыстықта 1-3 сағатта жойылады, автоклавта 180°С - 24 минутта, 1%формалин ерітіндісінде 2 сағатта жойылады, 4% хлораминнің белсіндірлген ерітіндісі, 6%сутегінің асқан тотығы спорациттік әсер етеді.


Инкубация кезеңінің ұзақтығы терілік формада бірнеше сағаттан 14 күнге дейін, сепсистік формада 6-8 күн. Аурудың екі клиникалық түрі болады:
жергілікті (карбункулезді, эдематозды, буллезді, эризипеллоидты) түрлері
2. сепсистік (өкпелік, ішектік) түрлері. Ең жиі кездесетін түрі карбункулезді түрі. Дененің ашық жерлері зақымдалады.
Клиникасы


Қоздырғыш енген жерде алдыменен диаметрі 1-2 см, қызыл-көкшіл түсті, ауырмайтын дақ пайда болады. Сол жер қышиды, ашиды. Бірнеше сағаттан кейін, дақтың орнында мыстың түсіндей папула пайда болады. 12-24 сағаттан кейін іші серозды, соңынан қанды сұйықтыққа толы везикулаға айналады. Осы везикула жарылғаннан кейін, жиектері көтеріңкі, түбі қоңыр түсті жараға айналады. Осы кезден бастап оны карбункул деп атаймыз. Жараның айналасы қызарып, ісіп тұрады. 1-2 аптадан кейін карбункулдың ортасы қарайған тығыз, ауырмайтын некрозды струпқа айналады. Осы струп, айналасындағы қызарған терінің фонында, (қызыл шоқтың ортасындағы көмір) тәрізді көрінеді. Сондықтан оның аты грек тілінен аударғанда «anthax - көмір» деген мағынаны білдіреді. Оның айналасында сезімдалдық мүлде болмайды. Лимфа түйіндерінің ұлғаюы болады. 2-3 аптаның соңына қарай струп түсіп орны тыртықанады. Карбункулдың ең көп ораналсатын жері- аяқ, қол, мойын, желке. Жергілікті қабыну процесі кезінде ағзаның жалпы улану белгілері болады. Әлсіздік, шаршағыштық, басының ауыруы, дене қызуы субфебрильдіден, 39-40ºС-қа дейін көтеріледі. Процестің сепсиске ұласуы қоздырғыштың тыныс алу, асқазан ішек жолдары рақылы енген жағдайында дамиды. Терілік формада процестің сепсиске ұласуы сирек кездеседі.


Алдын-алу және күресу жолдары:
Науқасты міндетті түрде стационарда бокста емдейді. Этиотропты ем. Антибиотиктер: пенициллин, жайылмалы түрінде 16-20 млн ЕД тәулігіне, тетрациклин, левомицетин, стрептомицин, неомицин, ципрофлоксацин, доксициклин, гепатомицин. Иммунотерапия - түйнемеге қарсы иммуноглобулин - 20лігіне. Дезинтоксикациялық ем: тұз ерітінділері, гемодез, полиглюкин. Жүрек гликозидтері. В, С, тобының витаминдері, оксигенотерапия, карбункулды кеспеу керек. Науқасқа күтім жасағанда, терінің күтімі, барлық манипуляцияларды ережеге сәйкес орындау қажет. Қолға резеңке қолғап кию керек. Өкпелік түрінде обаға қарсы костюм киуі тиіс. Диспансерлік бақылауда 3-6 ай болады. Арнайы алдын - алу жұмыстары жоспарлы түрде, эпидемиологиялық көрсеткіштерге қарап орындау қажет. Жоспарлы - Ауылшаруашылығы жұмысшыларын, гидромелиоративті өндірісте жұмыс жасайтындарды, құрылысшыларды, геологтарды, егіншілерді, жануарлар шикізаттарымен жұмыс жасайтындарды, ет, сүт комбинаттарында жұмыс жасайтын жұмысшыларды арнайы тексеруден өткізу қажет

Қорытынды:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz