ЭКГ белгілерін тіркеу


Slide 1

М. Оспанов атындағы батыс қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Кафедра: №1 Ішкі аурулар кафедрасы

Факультеті: Жалпы медицина

Экстрасистолияның, жыбыр аритмия, ұстамалы тахикардияның ЭКГ белгілерін тіркеу.

Орындаған: Нурсейт Айнура 417 А

Тексерген: Сартаева А. Ш

Ақтөбе 2015

Slide 2

Жоспары:

Жүрек аритмиялары, этиопатогенезі, классификациясы

Экстрасистолия түсінігі

Этиологиясы мен патогенезі

Классификациясы, клиникасы, профилактикасы

Slide 3

Жүрек аритмиялары- жүректің электр импульсі жиілігінің, жүйелілігінің және пайда болуы көзінің патологиялық өзгерістерімен, сонымен қатар жүрекшелер мен қарыншалар қозуының арасындағы байланыс пен реттіліктің бұзылуымен сипатталатын күй.

Slide 4

Қалыпты жүрек ырғағы жүйелілігімен сипатталады және жүректің жиырылу жылдамдығы 1 минутта 60 пен 90 арасында болады. Жүректің қозу көзі синус түйіні болып табылады. ЭКГ-дағы Р тісшесі мен QRS комплексінің арасындағы реттілік өзгермеген, PQ аралығының ұзақтығы 0, 12с пен 0, 20с арасында болады және RR аралықтарының арасындағы алшақтық оның орташа ұзақтығынан 10% өзгермейді. Бұл көрсеткіштік ауытқу жүрек аритмияларына жатады

Slide 5

Этиологиясы:

1. Миокардта құрылымдық және метаболизмдік өзгерістер мен жүрек қызметінің реттелуін бұзатын іштен туа болған және жүре пайда болған аурулар

2. Экстракардиалық патологиялық процестерде (нейрогендік, гуморальдық, эндокриндік реттеудің өзгеруі, электролит алмасының, қышқыл-негіз күйінің өзгеруі) жүрек-тамыр жүйесі реттелуінің бұзылысы;

3. Жүрек қызметінің реттелуін бұзатын физикалық және химиялық әсерлер.

Slide 6

Классификациясы:

І. Импульстүзілуінің бұзылуы:

1. СА-түйіні автоматизмінің бұзылуы

2. Эктопиялық орталықтар автоматизмінің басым болуынан туындайтын эктопиялық ритмдер

3. Қозу толқының қайта ену механизмі басым болғаннан туындайтын эктопиялық ритмдер

ІІ. Өткізгіштіктің бұзылуы

ІІІ. Ритмнің құрама бұзылыстары

Slide 7

3. Қозу толқынының қайта ену механизмі басым болғаннан туындайтын эктопиялық ритмдер:

1. Экстрасистолия:

а) жүрекшелік

б) АВ-құрамынан

в) қарыншалық

2. Пароксизмалы тахикардия:

а) жүрекшелік

б) АВ-құрамынан

В) қарыншалық

3. Жүрекшелер дірілі

4. Жүрекшелер жыбыры

5. Қарыншалардың дірілі мен жыбыры

Slide 8

Экстрасистола

Slide 9

Экстрасистолия(ЭС) - жүректің немесе оның бөліктерінің мезгілінен бұрын қозуы және жиырылуы. Экстрасистолия-аритмияның ең жиі түрі.

Slide 10

Этиологиясы.

Себептеріне қарай:

Функциялық

Органикалық

токсикалық түрлерін бөледі.

Функциялық өзгерістеріне қарай:

Гиперадренергиялық

вагустық болып бөлінеді

Slide 11

Патогенезі.

ЭС-ң басты электрофизиологиялық механизмдері-эктопиялық re-entry ошағының пайда болуы және триггерлік белсенділік.

Slide 12

Классификациясы.

Эктопиялық ошақ орнына қарай:қарыншаүстілік және қарыншалық ЭС.

Экстрасистолия ошақтарының санына қарай:монотопты және политопты ЭС.

Экстрасистолияның түріне қарай:моноформды және полиформды ЭС.

. Тығыздығына қарай:бірен-саран, жұптасқан, топтасқан ЭС және тахикардия пароксизмдері.

Кезеңділігіне қарай:спорадиялық және жүйелі ЭС.

Диастолада пайда болу мерзіміне қарай:ерте, орташа, кеш ЭС

. Жиілігіне қарай:сирек, орташа жиілікті, жиі ЭС

Slide 13 Slide 14

Клиникасы.

ЭС көбіне белгісіз дамиды. Көбіне науқас адам кеуде ішінде қатты соққыны сезеді, шалыс соғу, жүрек тұрып қалған сияқты сезімдер болады, бас айналуы, кеуденің ауыруы, ентігу байқалады. Пульсті тексергенде мезгілінен бұрын пайда болатын солқылдар немесе кезекті пульстің түсіп қалуы, сирегірек-пульс тапшылығы анықталады. Аускультацияда кезектен тыс әлсіз тондар естіледі, одан белгілі бір үзілістен кейін, экстрасиситолиядан кейінгі бірінші қарыншалық комплекске сәйкес келетін, жүректің күшецген тондары естіледі.

Slide 15 Slide 16

Емі.

Антиаритмиялық емді таңдағанда жедел фармакологиялық сынаманың нәтижесін есте ұстау керек:дәрінің жарты дозасын қабылдағаннан кейін 1, 5-3 сағат өткенде ЭС жойылып кетсе немесе екі есе азайса, онда сынама оң мәнді болғаны. Сынама әсері ұзартылған дәрілермен және кордаронмен қойылмайды.

Slide 17

Жүрекшелік экстрасистолия- жүрекшеде кезектен тыс пайда болған импульстің әсерінен жүректің мезгілінен бұрын қозуы.

Жүрекшелік экстрасистолияның ЭКГ-лық белгілері:комплексінің

Р тісшесінің жіне одан кейінгі QRST комплексінің мезгілінен бұрын кезектен тыс пайда болуы;

Экстрасистолиядағы Р тісшесінің полярлығының өзгеруі немесе деформациясы.

Синус түйінінен шыққан QRST комплексіне ұқсас өзгемеген қарыншалық экстрасистолалық комплекстің болуы;

Толық емес компенсаторлық үзілістің болуы.

Slide 18 Slide 19

АВ-құрамадан шығатын экстрасистолия

ЭКГ-лық белгілері:

1. ЭКГ-да кезектен тыс өзгермеген қарыншалық QRS комплексінің пайда болуы;

2. Экстрасистолалық QRS комплексінен кейін ІІ, ІІІ, аVF тіркемелерінде теріс мәнді Р тісшесінің болуы;

3. Толық емес компенсаторлық үзілістің болуы

Slide 20

Қарыншалық экстрасистолия- қарыншалардың өткізгіш жүйесінің әр жерінен шыққан импульстердің әсерінен жүректің мезгілінен бұрын қозуы

ЭКГ- лық белгілері:

1. өзгерген қарыншалық QRS комплексінің ЭКГ-да мезгілінен бұрын пайда болуы;

2. Экстрасистолалық QRS комплексінің кеңуі мен деформациясыін толыұ

3. Қарыншалық экстрасистоланың алдында Р тісшесінің болмауы;


Ұқсас жұмыстар
ЭКГ анализ
Электрокардиография және фонокардиография
Электрокардиография. Диагностикалық мағынасы
Әртүрлі мүшелердің электрлік белсенділігін зерттеу әдістері. Жүрек, орталық жүйке жүйесі, бұлшық ет электр белсенділіктері
Жүрек қантамырлар механизмімен, қызыметімен танысу
ЖҮРЕК БҰЛШЫҚЕТІ
Электрокардиография және фонокардиография туралы
Әртүрлі мүшелердің электрлік белсенділігін зерттеу әдістері. Жүректің, орталық нерв жүйесінің, бұлшық еттердің электрлік белсенділігі
Бір полюсті күшейтілген тіркемелер
Зертханалық диагностика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz