ЛОР мүшелерінің анатомиялық және топографиялық жастық ерекшеліктері мен патологиядағы клиникалық маңызы


Slide 1

Марат Оспанов атындағы БҚҚМУ

Факультет: Жалпы медицина

Кафедра: Отоларингология

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

ЛОР мүшелерінің құрылымының және топографиясының жастық ерекшеліктері және оның ЛОР патологиясындағы маңызы.

Орындаған: Калыева Айгерим

410 б тобы

Ақтөбе 2014 ж

Slide 2

Жоспары:

ЛОР мүшелерінің анатомиясы және топографиясы.

ЛОР мүшелерінің жіктелісі.

ЛОР мүшелерінің жастық ерекшеліктері.

Slide 3

Жұтқыншақ - бас сүйек /ми сауыты/ негізінен басталып төртінші мойын омыртқасына дейін жетеді. Жұтқыншақ төмен жағынан өңешке өтеді. Анатомиялық-физиолгиялық ерекшеліктеріне және клиникалық көзқарастарға байланысты мұрын, ауыз және көмей жұтқыншағы деп . шке бөледі. Бұл бөліктердің шартты шектеулері тілшіктің қатты таңдай сызығының артқы жалғасы және тілшіктің және тілшіктің жоғарғы шетінен өтетін сызығы. Жұтқыншақтың ауыз бөлігінде бадамша бездері орналасқан, оның патологиясымен осы уақытқа дейін, әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер шұғылданады. Өйткені, жалпы аурулардың көпшілігі осы бездердің жағдайына байланысты.

Slide 4

Мұрынжұтқыншақ - Ерте жастағы балаларда өте төмен биіктігімен ерекшеленеді. Бастапқы 2 жаста өте тез өсіп, шеңбер тәрізді формадан сопақша формаға айналады. Нәрестедегі биіктігі 0, 5-0, 7 см; 5 айда - 0, 9 см; 1 жаста - 1 см ; 20 жаста - 2, 3-3, 4 см.

Slide 5

Жас нәрестелерде - Евстахий түтігінің жұтқыншақтық тесігі - балаларда бірден жұмсақ таңдайдың үстінде мұрыннан 4, 5-5 см жоғары орналасқан. 2-4 жылдан кейін сопақша формаға ие болады\13-14 жаста\ және жұмсақ таңдайдан артқа және жоғары ығысады.

Slide 6

Бадамша бездері

Бадамша безінің шамадан тыс ұлғаюы жас балалардың арасында жиі кездеседі және әдетте аденоидпен қабаттас жүреді. Бұл жағдайда таңдай бадамша безінің тек қана көлемі улкейеді, ал қабыну өзгерістері байқалмайды. Жәй гипертрофияда бадамша безінің көлемін анықтау үшін шартты нысана немесе бағдар, алдыңғы доғашықтың жиегі мен кішкентай тілшенің дәл ортасынан жіберілген сызықтар болады.

Slide 7 Slide 8

Мұрын қуысы

Мұрын қуысына келесі қызметтер тән: тыныс алу, иіс сезу, қорғаныш және дыбысты жаңғырту. Ересек адамдарда мұрын қусының ауа өткізгіш жолдары арқылы, әрбір ішке қарай дем алу кезінде 500 шаршы см-ге жуық ауа өтеді және шамамен осындай көлемге жуық ауа шығады.

Slide 9

Көмей

Нәрестелерде ол 2-4 мойын омыртқалары деңгейінде орналасқан. 2 жасқа дейін ол воронка тәрізді формада болады. Одан кейін /16 жасқа дейін/ цилиндр тәрізді. Көмейүсті деңгей балаларда жоғары орналасқан. Көмей 1 жасқа дейін өте жылдам өседі. Екінші өсу кезеңі 10 жастан - 20-30 жасқа дейін созылады.

Slide 10 Slide 11

Трахея

Нәрестенің трахеясы эластикалық шеміршек түрінде өте анық пальпацияланбайды. Төменгі шегі /бифуркация/ 3-5 кеуде омыртқалары деңгейінде; 2-6 жаста 4-5 кеуде омыртқасы деңгейінде; 7-12 жаста 5-6 кеуде ом. деңгейінде. 6 ай уақыт ішінде және 14 жастан 16 жасқа дейін трахеяның тесігі үлкейеді. Оң бронхтың ұзындығы сол бронхтың ұзындығынан қысқа.

Slide 12

Сыртқы құлақ

Нәрестеде және сәбиде алғашқы 6 ай өмірінде сыртқы құлаққа кіреберіс тесік өте кішкентай көлемді болады.

Нәрестелерде самай сүйек толық дамымаған, сондықтан есту аппараты сүйекті бөлімі болмайды, тек сүйекті сақина ғана болады, оған құлақ жарғақшасы бекінген.

Slide 13 Slide 14

ЛОР ауруларының балалардағы ерекшеліктері

Балалардағы лор-ауруларының қабыну себептері болып көбіне балалар инфекциясы немесе кіндік, тері сепсисі болып табылады. Лор-мүшелерінің қабыну процесстері өте кең тараған және организмнің басқа мүшелері мен жүйелерінің қатысуымен жүреді. Мұрынжұтқыншақтың көптеген аурулары жоғарғы тыныс алу органдарында ауру дамуының бастамасы болып келеді.

Slide 15 Slide 16

Қолданылған материалдар:

Оториноларингология дәрісі Р. Қ. Төлебаев, Э. К. Исмагулова, Б. З. Жусупов, Е. Ж. Яхин. 2009ж.

Оториноларингология В. Т. Пальчун, М. М. Магамедов, Л. А. Лучихин 2007ж.

Оториноларингология В. Т. Пальчун, А. И. Крюков 2009

www. medbibliotek

Оториноларингология национальное руководство


Ұқсас жұмыстар
Балалардағы тірек-қимыл жүйесінің анатомиялық құрылымы мен жастық ерекшеліктері
Балалардың жүйке жүйесінің анатомиялық-функционалдық құрылысы мен жастық ерекшеліктері
Мұрын құрылысы мен топографиясының жасқа байланысты анатомиялық ерекшеліктері және патологиялық жағдайлардағы клиникалық маңызы
Сүт және тұрақты тістердің анатомиялық-құрылымдық ерекшеліктері мен клиникалық маңызы
Алдыңғы құрсақ қабырғасының анатомиялық құрылымы: топографиясы, қанмен және нервпен қамтамасыз етілуі, жастық ерекшеліктері
ЛОР мүшелерінің жарақаттары: мұрын және құлақ травмаларының клиникасы, диагностикасы және алғашқы көмек
Өкпенің салыстырмалы және топографиялық перкуссиясы: әдістемесі және клиникалық маңызы
Алдыңғы ішперде қабырғасының анатомиялық құрылысы мен топографиялық қатынастары
Тері: құрылымы, қасиеттері және мехтік былғарының анатомиялық-топографиялық ерекшеліктері
Әйел жыныс мүшелерінің анатомиялық құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz