Жүрек пен қан тамырлар жүйесі


Slide 1

Мамандығы: Стоматология Дисциплина: Қалыпты физиология Курс: 1 Тобы: 105 Тақырыбы: Жүрек пен қан тамырлар жүйесі Орындаған: Нурсейтов С. С. Тексерген: Айбасова Ж. А.

Ақтөбе 2018

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина университеті

Slide 2

Жоспар

І. Кіріспе

1. Жүрек және қан тамырлары туралы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім

Жүректің құрылысы мен қызметі

Қан айналымының үлкен және кіші шеңберлері

Қан тамырлары. Олардың түрлері

Қан қысымы

Артериялық қысым

ІІІ. Қорытынды

7. Адам ағзасындағы жүрек және қан тамырлар жүйесінің маңызы.

Slide 3

Кіріспе

Жүрек пен қан тамырлар жүйесі - құрамында қоректік және биологиялық белсенді заттар, газдар, метаболизм өнімдері бар, ағзада қанның және лимфаның таралуын қамтамасыз ететін мүшелердің жиынтығы (жүрек, қан және лимфа тамырлары) .

Жүрек пен қан тамырлар жүйесінің құрамына жүрек, қан мен лимфа тамырлары кіреді. Ағзада қан тамырлар жүйесі мен жүрек ондағы қоректік және биологиялық белсенді заттардың, метаболизм өнімдерінің мүшелерге таралуын қамтамасыз етеді. Осыған байланысты ең негізгі қызметтері:

Slide 4 Slide 5

Жүрек (Cor)

Жүрек - қанды қозғалысқа келтіріп, қан тамырына айдайтын негізгі мүше. Қабырғасы қалың жолақты еттен тұратын төрт қуысты, үлкендігі адамның жұдырығындай (250-300 г. ) жұмыр ағза. Жүрек кеуде қуысында екі өкпе аралығының алдыңғы жағында орналасқан, ірі қан тамырларға ілініп тұрады. Оның ұзындығы 12-15, ені 8-11см. Жүрек қуысын бітеу перде екіге бөледі. Кейде жүректің осы екі бөлімін оң жүрек, сол жүрек деп атайды. Оң жүрек пен сол жүрек қуыстары бір-бірімен қатыспайды. Әр жүрек жүрекше (atrium) мен қарыншадан (ventriculum) тұрады. Жүректе 4 қуыс бар, 2 жүрекше, 2 қарынша. Жүрекше мен қарыгша арасында атриовентрикулярлық тесік бар. Бұл тесікті жабатын екі, үш қабаттан тұратын атриовентрикулярлық қақпақшалар бар. Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі - эндокард, ортаңғы - миокард, сыртқы- эпикард.

Slide 6 Slide 7

Қан айналымның үлкен шеңбері

Үлкен немесе жүйелік қанайналым шеңбері жүректің сол қарыншасынан (артерия қаны) қолқамен барлық артериялар арқылы организмнің барлық мүшелер жүйелеріне барып, қан капиллярларына таралып, одан әрі веналар арқылы (вена қаны) жүректің оң жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Үлкен қанайналым шеңбері организмнің барлық мүшелер жүйелеріндегі зат және газ алмасу процестерін қамтамасыз етеді. Аталған процестер микроайналым арнасы қан тамырларының қабырғалары арқылы қан мен қоршаған ұлпалар арасында үздіксіз жүріп отырады.

Slide 8

Қан айналымның кіші шеңбері

Кіші немесе өкпе қанайналым шеңбері - жүректің оң қарыншасынан басталып, өкпе бағаны артериясы (бұлармен вена қаны ағады), өкпе, өкпе веналары (бұлармен артерия қаны ағады) арқылы жүректің сол жүрекшесіне дейінгі қанның жүретін жолы. Өкпеде газ алмасу процесі жүріп, жүректен келген вена қаны көмірқышқьш газын ауаға бөліп, ауа құрамындағы оттекпен қанығып, артерия қанына айналады.

Slide 9

Қан тамырлары

Қан тамырлары - тасымалдау қызметін жүзеге асыратын, мүшелерді қанмен қамтамасыз етумен қатар, тіндер арасындағы зат алмасу процесін реттейтін диаметрі әр түрлі тұйық түтікшелер жүйесі.

Қан тамырлар жүйесіне: артериялар, артериолалар, геметокапилярлар, венулалар, веналар, мен артериоло-венулярлы анастомоздар жатады. Артериялар мен веналар арасындағы анастомоздарды құратын микроциркуляторлы арналар болады. Қан артериялар арқылы жүректен мүшелерге жылжиды. Бұл қан веналық қанды әкететін өкпелік артерияны есептемегенде оттегіне (О2) қанық. Вена арқылы қан жүрекке келеді. Гемокапилярлар артерияны көк тамырмен жалғастырады. Онымен қоса аттас екі артерия тамырлар арасында (мысалға, бүйрек шумағы) болатын ғажайып торлар деп аталатын бөліктерде болады.

Slide 10

Қан тамырлары

Slide 11

Артериялар

Артерия, қызылтамыр, күретамыр (arteria; көне грекше: ar - ауа; көне грекше: terein - ішіндегі) - қанды жүректен алып шығып, дене мүшелеріне тарататын тасымалдаушы ірі қан тамыры; оттегімен байытылған қанды жүректен ішкі мүшелерге тасымалдайтын қан тамырлары.

Артерия жүйесіне өкпе артериясы (балықтарда әкелу және шығару қызметін атқаратын желбезек артерия) қолқа және артериолаға дейінгі артерия тармақтары жатады. Артерия қабырғасы 3 қабаттан құралған. Сыртқы (адвентиция) дәнекер ұлпадан тұрады. Ол өте берік ішкі қысымға төзімді, сонымен қатар созылмалы қан тамырлары мен жүйке жүйесі жақсы жетілген. Ортаңғы қабаты тегіс бұлшық ет және созылмалы талшықтардан құралған. Оның жиырылып созылуы нәтижесінде артерия қуысы ұлғайып кішірейеді. Соның нәтижесінде ағзаларға келетін қан мөлшері реттеліп тұрады. Ең ішкі қабаты интима эндотелий мен дәнекер ұлпадан тұрады. Ол қан тамырларына қосымша беріктік береді. Адам артериясының диаметрі 0, 4-2, 5 см-қабырғасының калыңдығы 0, 8-0, 9 мм артерия жүйеде жалпы қан көлемі (орташа есеппен) 950 мл.

Slide 12

Артериолалар

Артериолалар (арнасы - 50-100 мкм, интима - эндотелий, эндотелийасты қабаты, ішкі эластинді жарғақ; медиа - 1 - 2 қабат миоциттер; адвентиция - БДҰ), И. М. Сеченов артериолаларды «тамырлар жүйесінің шүмегі» деп атаған.

Slide 13

Веналар

Вена қантамырлары (лат. vena - қантамыр, сіңір) - мүшелер мен ұлпалардан көмірқышқыл газына, зат алмасу өнімдеріне, гормондарға және т. б. қаныққан қанды жүрекке тасымалдайды. Артерия қантамырларына ұксас веналардың да кабырғасы 3 кабаттан тұрады. Артерияларға қарағанда веналардың бұлшықет қабаты нашар жетілгендіктен, қабырғасы жұка, жұмсак, серпімділігі аз болады. Вена қантамырларының бір тобы терінің астына жақын орналасқандықтан, тарамдалған көк түсті тамырлар жай көзге айқын байқалады. Әсіресе қарт адамдарда бадырайып анық көрінеді. Артерияларға қарағанда веналарда қан козғалысы баяу.

Вена қантамырлары орналасқан орнына байланысты теріге жақын жатқан және тереңде жатқан деп екі топқа бөлінеді. Веналық қантамырларымен канның ағуына сол қантамырлардың жанындағы бұлшыкеттердің жиырылуы да көмектеседі. Денеден жиналатын вена қаны, алдымен ұсақ вена қантамырларына жиналады. Ұсақ вена қантамырлары өзара қосылып, ірі вена қантамырларын түзеді. Ең соңында бүкіл денеден жиналатын вена қантамырлары жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларына айналады. Бұл екі вена қантамырлары вена қанын оң жақ жүрекшеге әкеледі.

Өкпеден келетін 4 өкпе вена қантамырлары сол жақ жүрекшеге артерия қанын тасиды.

Вена тамырларының ерекшелігі - ішінде жарты ай тәрізді қақпақшалары болады. Ол қақпақшалар қанның жүрекке қарай қозғалуына әсер етпейді, тек кері ағуына кедергі жасайды.

Slide 14

Венулалар

Көктамыршалар, венулалар (лат. venula ) - микроайналым арнасының қылтамырлардың (капиллярлардың) қосылуынан түзілетін, жұқа қабырғалы жіңішке қан тамырлары. Көктамыршалардың қабырғалары: ішкі - интима, ортаңғы - медиа (бірыңғай салалы ет ұлпасының бір қабат миоциттерінен тұрады) және сыртқы - адвентиция қабықтардан құралған. Көктамыршалардың кең арналары (30-50 мкм) арқылы қан төменгі қысыммен баяу ағып, ұлпалардағы зат алмасу нәтижесінде түзілген ыдырау өнімдері вена қанына өтеді. Бұлардың кең арналы қуыстарында денедегі қанның қоры сақталады. Көктамыршалардың жұқа қабырғаларындағы саңылаулар арқылы қаннан қоршаған ұлпаларға лейкоциттер өтеді. Көктамыршалар бір-бірімен өзара қосылып, көктамырларды (веналарды) құрайды.

Slide 15

Гематокапиллярлар

Қылтамыр (капилляр) ; (vasa capillaria; лат. vas, vasis - тамыр, capillus - қыл) - ең жіңішке және тым жұқа қабырғалы тамыр. Қылтамыр қан және лимфа қылтамырлары (капиллярлары) болып бөлінеді. Қан қылтамыры қан мен ұлпалар арасындағы зат алмасуды іс жүзіне асырады. Қан қылтамырының арнасы мүшелердің құрылыс ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі (4, 5 мкм-30 мкм) болады. Оның қабырғасы үш қабаттан: ішкі - эндотелийден, ортаңғы - негіздік жарғақта орналасқан перициттерден, сыртқы - адвентициальды жасушалардан тұрады. Перициттер жиырылу арқьшы қылтамыр арнасының диаметрін реттеп отырады. ішкі эндотелий қабатын құрайтын эндотелиоциттер мен оның сыртындағы негіздік жарғақтың (базальды мембрананың) құрьшыс ерекшеліктеріне байланысты қылтамыр: сомалық қылтамыр, фенестерлі қылтамыр және қойнауша (синусоидты) қылтамыр болып үш түрге бөлінеді. Сомалық қылтамырда эндотелиоциттер бір-біріне тығыз жанасып, үзіліссіз түтас жатқан негіздік жарғақта орналасады. Фенестерлі (терезелі) қылтамырда эндотелиоциттердің цитоплазмасы жұқа рып, зат алмасуға бейімделген терезе тәрізді жүқарған құрылымдар түзеді.

Slide 16

Артериоло-венулярлы анастомоздар

Артериолевеноздық анастомоздар (ABA) капиллярлар айналасындағы тамырларға артериялық қан өткізетін тамырлар болып табылады. Олар барлық органдарда кездеседі. Анастомоздардағы қан ағымының көлемі капиллярларға қарағанда бірнеше есе көп, қан ағысының жылдамдығы едәуір артады. АВА жоғары реактивтілігімен және ритм қабілетімен ерекшеленеді.

Slide 17

Қанның тамырлармен қозғалуы

Қан жүректің ырғақты жұмысына байланысты қозғалады. Қанның әр түрлі тамырлармен қозғалу жылдамдығы әр түрлі. Қан едәуір, шамамен, 5 м/с жылдамдықпен қолқамен ағады. Әрі қарай жылдамдығы төмендейді де, артерияда 0, 25 м/с, капиллярда 0, 5 мм/с құрайды. Қанның қолқа мен капиллярда ағу жылдамдығының үлкен айырмашылығы-бұл тамырлардың әр түрлі бөлігінде жалпы қимасының кеңдігінің бірдей еместігіне байланысты. Қан ағатын ең тар бөлік-қолқа, ал ең кеңі-капиллярлардың жиынтық арнасы. Біздің денеміздегі барлық капиллярлардың жиынтық арнасы қолқа арнасынан 800-900 есе асып кетеді. Капиллярда аз жылдамдықпен ағуға байланысты қан ұлпаларға оттек пен қоректі заттарды беріп, олардың тіршілік әрекеттерінің өнімдерін алып үлгереді. Капиллярда қан ағысының баяулауы олардың адам денесіндегі көп мөлшерімен түсіндіріледі(ә млрд капилляр құрайды) . Адам денесіндегі венаның жалпы мөлшері артерияға қарағанда көп, ал вена арнасының жалпы кеңдігі артерия арнасынан едәуір асып кетеді. Жүрекке жақындаған сайын қанның венада ағу жылдамдығы артериядағыға қарағанда төмен. Вена қабырғасы артерия қабырғасына қарағанда жұқа және серпімділгі аз. Кейбір веналардың қабырғасында бұлшық ет қабырғасы жоқ. Бұл кезде қанды тек жүрекке қарай өткізетін, оның кері қайтуыына кедергі келтіретін аяқ және қол веналарының қабырғаларының қақпақшалары зор рөл атқарады. Қанның венамен қозғалуына қаңқа бұлшық еттерінің жиырылуы да, ішкі мүшелер қысмы да әсер етеді. Бұлшық еттер жиырылғанда венаны қысып, ондағы қанды тамырлармен жүрекке қарай айдайды. Қанның тамырлармен қозғалуы нейрогуморальды факторлар арқылы реттеледі.

Slide 18

Қан қысымы

Қан қысымы - қан тамырларының (күре тамырлар мен көктамырлардың) қабырғаларына түсетін күш немесе қан қысымы: адамның жасы мен денсаулығына байланысты болады. Ол қантамырларда бірдей болмайды . Қан қысымы артерияларда, әсіресе, қолқада барынша жоғары болады . Қан жүректен алыстаған сайын қысым да азаяды. Қан қысымы каппилярларға жеткенше төмендеп, веналарда, әсіресе, жоғары және төменгі қуысты веналарда ең төмен болады. Қан қысымы тонометр арқылы иық артериясында өлшенеді. Ең жоғары қысым ( с. б. б 110-120мм ) систоликалық ол қарыншалардың систоласы жиырылуы кезінде байқалады . Ең төменгі қысым ( с. б. б 60-80 ) диастоликалық ол қарыншалардың диастоласы босаңсуы кезінде байқалады . Лүпілдік қысымы деп систоликалық және диастоликалық қан қысымының айырмашылығын айтамыз . Ол сынап бағанасы бойынша 40 мм - ге тең . Лүпіл сол жақ қарынша жиырылған сайын қан қолқаның қабырғасына күшпен соғылып, оны кереді . Осы кезде пайда болған тербелістер толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады . Дене бетіне жақын орналасқан ірі артериялардан мысалы, білезіктің ішкі жағы, самай, мойынның екі жағынан басқа жерлерден тамырлар қабырғасының ырғақты тербелісін тамырдың соғуын сипап сезуге болады . Тамыр соққан сайын жүрек бір рет жиырылады . Жүректің бір минутта жиырылу мөлшері, тамырдың соғуын санау арқылы анықталады . [1] Қан қысымының жоғарылауы гипертония ал төмендеуі гипотония деп аталатын ауруды тудырады

Slide 19
Ұқсас жұмыстар
Қан айналым шеңбері
Қан тамырларының аурулары
Жүрек қан тамырлар жүйесі ауруларында
Жүрек қан-тамырлар жүйесінің аурулары
Жұқпалы емес ішкі аурулар
ЖҮРЕК АҚАУЫ
Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу
Қан тамырларының зақымдануы
Капилярлар артерия қан тамырлары вена қан тамырларын байланыстыратын шаштың жуандығынан бірнеше есе жіңішке қан тамырлар
Қан тамырлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz