Бейімделудің физиологиялық негіздері


Slide 1

М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университеті

Факультеті: Стоматология

Кафедра: Қалыпты Физиология

Тақырыбы: Бейімделудің физиологиялық негіздері

Студенттің өзіндік жұмысы

Орындаған: Нурсейтов Саламат

Тобы: 105

Тексерген: Айбасова Жулдыз Абдрашитовна

Ақтөбе, 2015жыл

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Бейімделу

2. Физиологиялық бейімделу

ІІІ. Қорытынды

Slide 3

Кіріспе

Бейімделу - организмдердің әрбір түрге тән белгілі шектері бар ортаның жағдайына бейімделу процесі. Түз жануарларының ашық әрі қүрғақ кеңістікті ортадағы тіршілікке эволюциялық бейімделуі тез жүгіруге, құрғақ шылық жағдайына, т. б. бейімделуі.

Slide 4

Физиологиялық адаптация (лат. adaptatio - бейімделу) - өмір сүру жағдайларына организмнің бейімделуі. «[Өмір] - Өмір сүру жағдайларына … әрдайым бейімделу», - деп физиолог И. М. Сеченов айтқан. - Организмнің тіршілігін қолдап тұратын қоршаған ортасыз өмір мүмкін емес; сондықтан оның анықтамасына қоршаған орта да кіру керек". Осыдан: «…Әрбір организм төзімділік пен өзгергіштіктің динамикалық үйлесімі, өзгергіштік бұл жағдайда бейімделуге қызмет атқарады. ». Организм өзінің функционалды динамикалық өзгергіштігіне байланысты тіпті қысқа уақыт аралығында да өзгергіш болып келеді(К. Уоддингтон, 1964, 1970) . «…Адам бұл… жүйе …, табиғаттың басқа да тіршілік иелері сияқты, барлығына бір табиғат заңдарына бағынады…» (И. П. Павлов, 1951) .

4

Slide 5

Негізгі бөлім

Физиологиялық бейімделу. Әрбір организмде өзінің тіршілік ортасына сәйкес зат алмасу процесінде едәуір бейімделушілік белгілер мен қасиеттер қалыптасады. Ылғалды немесе қуаңшылық жерлерде өсетін өсімдіктер жәндіктердің белгілі бір түрімен ғана тозаңданады. Жануарлардың (әсіресе сүйекті балықтардың) паразитті құрттардың өте көп ұрпақ қалдыруға ұмтылуы да, олардың бейімделушілігінің бір көрінісі болып саналады.

Slide 6

Эволюциялық даму барысында организм ұлпалары терең жіктеліп, жеке мүшелер белгілі бір қызмет атқаруға машықтанады. Осының нәтижесінде биологияның негізгі талабының бірі - организм мен сыртқы ортаның біртұтастығын сақтау заңдылығы қамтамасыз етіледі. Сыртқы орта жағдайлары үздіксіз өзгеріп отыратындықтан бұл заңдылықты сақтау үшін организм қоршаған орта жағдайына бейімделуге мәжбүр болады. Мұндай бейімделу үрдістері тірі құрылымдардың физиологиялық қасиеттері мен әрекеттерінің өзгеруі нәтижесінде жүзеге асады.

Slide 7

Бейімделіс түрлері

Бейімделіс мерзімге қарай

7

Қысқа

Қысқа мерзімді бейімделісті икемделудін "анарнялык сатысы" ретінде қарайды. Мүнда бейімделістін бастапқы кеіінде, жүйке жүйесінін орталық бөлімдерінін өрексттік күйі қатты о ігсріп, органнзмнің есерленгіштігін өсіруге мүмкіндік жасалады.

Ұзақ

Үзақ мерзімді бейімделіс организмнін икемделу қабілеті, мінеідік өсерленісі мен жалпы өрекетін жогары сапада дамтамасыз етеді. Бүл онын ги-иоксияға, суықтыққа, тамақтың ташнылығына бүрын байқалмайтын төзімділігін тудырады.

Slide 8

Бейімделіс түрлері

Жеке организм деңгейінде бейімделістін темендегідей түрлерін ажыратады:

туа біткен жөне жүре пайда болған

жеке жоне қауымды (түрлік)

жалпы жөне маманданған

арнамалы жөнс бейарнамалы

ішкі жөне сыртқы

шартты жөне шартсыз

қалыпты жөие төтенше

морфологиялық жөне физиологиялық

соматикалық жоне психикалық

8

Slide 9

Суыққа бейімделіс

Суық аймақтың жағымсыз әсерлері: төмен температура, ғарыш сәулелері, геомагнит және электр өрісі толқуы, қысым, гипоксия.

Кеннон зерттеулері бойынша, суық әсерінен катехоламиндер, тироксин өндіріледі. Катаболизм, липолиздің нәтижесінде зат алмасу 13-17% артады. АКТГ мен глюкокортикоидтар қатысады.

Гомеостазды тұрақтандыру үшін ОЖЖ нәрлендірілу төмендейді, Суық сезгіштік азаяды, оттегі пайдалану жеңілдейді, анемия, лейкопения, қан қысымы жоғарылау байқалады. Суыққа бейімделу 10-15 жылға созылады.

9

Slide 10

Ыстыққа бейімделіс

Ыстық аймақтың жағымсыз әсерлері: жоғары температура, ультракүлгін, құрғақ ауа, жылу сәулеленісі.

Қан айналымы 8 л/мин жетеді.

Симпатикалық жүйке белсенеді.

Гепарин, гистамин көп бөлініп, вазодилятация болады.

Ас қорыту сөлінісі азайып, адам аштықты байқамайды.

Ыстыққа су- тұз алмасуын реттейтін эндокриндік жүйелер арқылы икемделеді.

АДГ гормоны белсеніп, су реабсорбциясы күшейеді.

Балалар жылуға қарағанда суыққа төзімдірек болады.

10

Slide 11

Гипоксияға бейімделіс

Гипоксия Қанның тіндерге оттегі жеткізуі нашарлағанда, эритроцит, гемоглобин азайғанда, қанайналам бұзылса, тыныс алу жүйесі нашарласа байқалады.

Гипоксия:

1) Өткір- өте биікке жедел көтерілгенде, 10-12 пайыз оттегі бар ауамен дем алғанда және т. б. байқалады.

2) Созылмалы - өте биік тау жоталарында ұзақ болғанда байқалады.

Бейімделу үшін адамда брадикардия, капилярлардың жоғары өткізгіштігі байқалады.

11

Slide 12

Қозғыш ұлпалар үш түрлі физиологиялық күйде - физиологиялық тыныштық, қозу және тежелу, болуы мүмкін. Қозғыш ұлпалар бір күйден екінші күйге баяу өрбіген сандық өзгерістер әсерінен өте шапшаң, секірмелі түрде көшеді,

Физиологиялық тыныштық деп жеке ұлпалар мен мүшелердің өздеріне тән әрекетін байқатпаған күйін айтады. Мысалы, бұлшық ет жиырылмаса, без сөл бөлмесе т. с. с, оларды тыныштық күйде деп есептейді.

Slide 13

Физиологиялық үрдіс дегеніміз тірі организмде жаңа сапалы мазмұнға ие болған физикалық және химиялық өзгерістердің күрделі түрлерінің жиынтығы (ас қорыту, тыныс алу, бөлу т. б. ) . Ал физиологияпық функция - тұтас организм немесе оның жеке жасушаларының, ұлпаларының, мүшелерінің тіршілік әрекеті, қьгзметі. Организмнің басты қызметі зат алмасу болып табылады. Зат алмасу мен өсу, даму, көбею, қоректену, қимылдау т. с. с. физиологиялық қызметтер тығыз байланысты.

Slide 14

Биология ғылымында бейiмделу (адаптация) үрдісі - организмнің құрылысы мен қызметтерінің тіршілік ету жағдайларына бейімделуін білдіреді. Бейiмделу үрдісі нәтижесінде, белгілі бір тіршілік ортасына тірі организмді өмір сүруге ыңғайлайтын тиімді белгілер мен қасиеттер қалыптасады. Бейiмделу тірі организмдер эволюциясымен тығыз байланысты және белгілі бір климатта организмнің өмір сүруін түсіндіреді. Тұрақты бейімделген организм ретінде өзгерген тіршілік жағдайына жеңіл бейімделіп, сол ортаның тіршілігіне бейімделген ұрпақ беретін организмдерді қарастырады.

Slide 15
Ұқсас жұмыстар
Физиологиялық адаптация
Баланың мектепке бейімделуі
Жасөспірім және жеткіншек жастағы тәрбие мен оқыту мәселелері
МАРКЕТИНГ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
КЕЙІНГІ КЕЗЕҢДЕГІ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ИДЕЯНЫҢ ДАМУЫ
Стресстің теориясы мен механизмдері. Стресстік жағдаяттың алдын- алу, стрессті басқару
Эмоция
Мазасыздық реакциясының кезеңі
Стресс және гомеостаз
Эмоция психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz