Кеңес армияы




Презентация қосу
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина
университеті

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ
Мамандығы: Стоматология
Дисциплина: Заманауи қазақстан тарихы
Курс: 1
Тобы: 105
Орындаған түрі: Презентация
Тақырыбы: Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары
Орындаған: Нурсейтов С.С.
Тексерген: Молдин Б.А.

АҚТӨБЕ 2018 ж
ЖОСПАР
I.Кіріспе
1. Ұлы Отан соғысының басталуының себептері және Брест қамалын
қорғаған қазақстандықтар.
II.Негізгі бөлім
2. Мәскеу, Сталинград, Ленинград үшін шайқастарда ерлік көрсеткен
Қазақстандық батырлар.
3. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақ қыздары.
4. Берлин операциясы және Германияның тізе бүгуі.
III.Қорытынды.
6.Екінші дүниежүзілік соғыстағы Қазақстанның қатысуының тарихи
маңызы.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
КІРІСПЕ
Фашизмді қолдаған милитаристік Германия,
Италия, Жапония Версаль-Вашингтон жүйесіне
қарсы шығып, Әлемді қайта бөліске салуды
ұйғарды. 1939 жылы 1 қыркүйекте Гитлердің
жоспары бойынша Польшаға басып кірді. Содан
соң ол КСРО-мен болатын “Барбаросса” соғыс
жоспарын бастады. 1941 жылдың 22 маусымында
Германия КСРО-ға соғыс жарияламастан басып
кірді.
КСРО бұл соғысқа дайын емес еді. Оның
үстіне 1939 жылы Финдерден жеңілген соң
әскердің біршама рухы түсіп қалған еді. Сонымен
қатар КСРО-да соғыс жоспарын құратын
тәжірибелі генералдар да, соғысатын техника
мен қаржы да болмады. Соның салдарынан
соғыстың алғашқы жылдарында біршама
жеңілістерге ұшырап отырды. Фашистік
Германияның алғашқы соққысына Брест
қамалы ұшырады.
Брест Қамалын қорғаушылар
арасында Қазақстандықтар
А.Наганов, В.Фурсов, Қ.Тұрдиев,
Ш.Шолтыров және басқалар
болды. Майдан баласында ұрыс
салған мыңдаған қазақстандықтар
отаншылдық пен ерліктің үлгісін
көрсетті.
Дивизия комиссары, Оңтүстік-
батыс Әскери Кеңесінің мүшесі
Е.П.Рыков басқарған 800 жауынгер
1941 жылғы 20 қыркүйекте неміс-
фашист басқыншыларымен
шайқасқа түсті. Даңқты
жауынгерлер үш тәулік бойы күші
басым жаумен ұрыс жүргізіп, Отан
алдындағы қасиетті борышын
ақырына дейін орындап, бәрі
дерлік қаза тапты.
Мәскеу, Ленинград, Сталинград түбіндегі шайқастарда ерлік көрсеткен қазақстандықтар
Мәскеу түбіндегі шайқас
Мәскеу түбінде генерал – майор
И.В.Панфилов қол-басшылық еткен даңқты
316 – атқыштар дивизиясы ерлікпен
шайқасты. 1941 жылғы қарашада Дубосеково
түбінде ұрыс салған 1075 – атқыштар
полкінің танк жоюшылар тобының ерлігі
елге мәләм болды. Осы топта болған ротаның
саяси жетекшісі В.Г.Ключковтың: “Ресей кең-
байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда
– Мәскеу”, - деген жалынды сөзі бүкіл
майданды шарлаған ұранға айналып кетті.
Мәскеу үшін шайқаста И.В.Карпов
қолбасшылық еткен атқыштар полкі мен аға
лейтенант Б.Момышұлы басқарған
батальонның жауынгерлері ерекше
табандылық пен қаһармандық көрсетті.
Дивизия жаудың төрт есе басым күшіне
қарсы кескілескен ұрыстар жүргізді.
Ленинград үшін шайқастың ауыр күндерінде Сұлтан Баймағамбетов жаудың арнайы
салынған қорғаныс ұясының оқ жаудырып тұрған аузын кеудесімен жауып, қаза тапты.Сол үшін
оған қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ориенбаум алғы шебінде 48-
атқыштар дивизиясының атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков шайқасты.
1941 жылғы қыркүйектің ауыр күндерінде қазақтың халық ақыны Жамбыл
Ленинградтықтарға “Ленинградтық өренім!” деген жырын арнап, онда көпұлтты еліміздің бүкіл
еңбекшілерінің сезімі мен алаңдаушылығын білдірді.
1942 жылдың күзінде Сталинград түбінде кескілескен
ұрыстар жүріп жатты. Қазақстан Сталинград облысымен 500
шақырым бойынша шекаралас жатқан еді. Қазақстандықтардың
Еділ бойындағы қаһарман қаланы қорғаушыларға жолдаған
үндеуінде “Стадинград – Шығыстың кілті” деп көрсетілді.
Полковник Ғ.Сафиулин басқарған 73-гвардиялық
дивизияның өзі ғана жаудың 120 танкісі мен 800 автомашинасын
жойды. Сталинград майданында шайқасқан 29-және Алматының
38-атқыштар дивизияларының даңқы шықты.
Қарағандының өкілі, ұшқыш Нұркен Әбдіров 1942 жылғы 19
желтоқсанда Боковская-Пономаревка ауданында болған әуе
айқасында өз ұшағын жау танкілерінің шоғырына құлатып,
серіктерімен бірге ерлікпен қаза тапты.
Атақты “Павлов үйі” үшін соғысқан батырдың
интернационалдық тобының бір мүшесі Оңтүстік Қазақстаннан
барған жауынгерлер Толыбай Мырзаев еді. Еділ бойындағы
қаһарман қала түбінде минометші Қарсыбай Сыпатаев өщпес
ерлік жасады.
300 фашистің тегеурініне 11 қаһарман төтеп берді. Ержүрек
жауынгерлер қорғаған төбе “Шығыстың он бір батырының
төбесі” деп аталды. Дон мен Еділ жағасында жау топтарын
қоршауға алу жөніндегі операция кезінде қазақстандық
подполковник Т.С.Позолотин басқарған 17-гвардиялық танк полкі
ерекше көзге түсті.
Сталинград
қорғанысының батыры, екі
Даңқ орденінің иегері
І.Айтықовқа Кеңес
Одағының Батыры атағы
берілді. Қ.Аухадиев те Кеңес
Одағының батыры атанды.
Ж.Елеусізов Қ.Аухадиев
Ол ұрыс кезінде
фашистердің 5 танкісін,
өздігінен жүретін
“Фердинанд” зеңбірегін
жойды, Днепрден
алғащқылардың бірі болып
өтіп, қарсы шабуылға
шыққан дұшпанның жолын
бөгеді. Днепр үшін
ұрыстарда 18 жасар Жәнібек
Елеусізов қазақтар
арасындағы ең жас Кеңес
Одағының Батыры атанды.
Кеңес Одағы Қазақстаннан 1196164
бойынша 27 млн. адам әскер қатарына
Адам опат болса, алынды.
соның 13%қазақ

Ұлы отан
соғысы
1941-1945

Қазақстаннан 497
Таран ауданынан
адамКСРО батыры
5710 адамәскерге
атағын алды. Оның
алынып, 2216 елге
97-сі қазақ
оралған жоқ.
БАУЫРЖАН
МОМЫШҰЛЫ
(24.12.1910 Жамбыл обл. Жуалы ауд. Көлбастау –
10.06.1982 Алматы қ)-Әскери қайраткер, ержүрек
қолбасшы, жазушы Кеңес Одағының батыры,
Қазақстанның Халық қаһарманы. Малшы отбасында
дүниеге келіп, 13 жасқа дейін ауылда,одан соң
инернаттарда тәрлиеленеді. Мектеп бітіріп, біраз
мұғалім болды. 1932ж. Әскер қатарына алынып,
мергендің өнерін игерді.
1941ж.Қлы Отан соғысы басталысымен генерал –
майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматыда
жасақталған 316-атқыштар дивизиясы құрамында
майданға аттанды. Мәсккеу үшін шайқастағы
ерліктерді мәңгі есімізде. Қазақстанда ауылдарға,
көшелерге балалар мектебіне т.б. Есімі берілген.
Төлеген Тоқтаров

(19.12.1920, Шығыс Қазақстан олл, Қлан
ауд, Қарақұдық ауылы -09.02.1942,
Ресей,Мәскеу обл, Бородино с.)-Ұлы Отан
соғысына қатысушы, қатардағы гвардия
жауынгері.
1941 жылдың желтоқсаныныда шақырылып,
Калинин майданы 3-екпінді армия 8-
гвардиялық атқыштар дивизиясы 1075-полкі
құрамына Ұлы Отан соғысына қатысқан.
Қаһармандығы мен батылдығы үшін
Төлегенге қаза тапқаннан кейін Жоғарғы
Кеңесі Төреалқасының Жарлығымен Кеңес
Одағының Батары атағы берілді. Өскемен,
Риддер, Алматы қалаларының көшелері
Хиуаз Қайырқызы Доспанова (15 мамыр 1922 жыл, ганюшкин, гурьев
облысы— 21 мамыр 2008, алматы) — екінші дүниежүзілік соғысының
қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан
республикасының халық қаһарманы.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі
ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-
ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде
теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия Молдағұлова,
Мәншүк Мәметова, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес,
кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды
қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық
қаһарманы атағы берілген болатын.
2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден
озды.
Жаумен аспандағы шайқаста 300 рет болып қайтқан Хиуаз ұшақтан 14 рет
құлапты. Төрт мәрте ауыр жарақат алып, есін жиысымен ұрыс даласына
қайта оралып отырған. Жаумен шайқаста асқан ерлік көрсете білді.
Қазақтың жас қызы Ұлы Отан соғысы жылдары Марина Раскова басқарған
46-гвардиялық түнгі бомбалаушы – ұшқыштар полкінде штурман қызметін
атқарған. Майдандағы ерлігі үшін ол «Қызыл жұлдыз», ІІ дәрежелі «Отан
соғысы» ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған. Ал
төсіндегі «Еңбек Қызыл Ту» ордені соғыстан кейінгі жылдардағы елеулі
еңбегінің жемісі.
Мәншүк Мәметова

(Шын есімі Мәнсия )Жиенғали
қызы(19226батыс Қазақстан обл. Орда
ауданы- 16.10.1943-)Қаһарман қазақ
қызы,Кеңес Одағының Батыры. Соғыста
осы жоғары атаққа ие болған шығыстан
шыққан екі қыздың бірі. Ұлы Отан соғысы
басталған кезде Алматы мед. Инстутында
оқып жүрді.
1942жылы тамызда Қызыл Армия
қатарына алынып 21-атқыштар
дивизиясының құрамына ұрысқа қатысты.
Аға сержант,пулеметші Мәншүк ұрыстарда
өзінің асқан мергендігімен және табанды
батылғымен көзге түсті.
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА

1925 жылы Ақтөбе обл. Қобда ауданы
Бұлақ ауылында туған.1944жылы Посков
обл.Новосокольники ауданы Казачиха үшін
болған шайқаста автоматымен жаудыңм
бірнеше солдаты мен офицерін өлтіріп
,жауынгерлерді атакаға көтерген. Осы
шайқаста қаза тапты. Сол ауданының
Монаково дверниясында жерленген. Батыр
атағы 1944жылы 4маусымда берілген.
Берлин
операциясы
1945 жылғы 16 сәуірде
кеңес артиллериясының
қуатты үні Екінші
дүниежүзілік соғыстағы
ең ірі операциялардың
бірі – Берлин
операциясының
басталғанын паш етті. 2
мамырда Кеңес армияы
Германияның астанасы
Берлинді толық билігіне
алды. Берлин
операциясына қатысқан
Кеңес армиясымен қатар
қазақстандықтар да
ерлікпен шайқасты.
Кеңес Одағының Батыры Сағадат
Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз
жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл
жасауға И.Я.Сьянов, Х.Қайдауов, З.Тұрарбеков,
Х.Көбеков, Т.Бигелдинов, А.Еремеев,
Н.Шелиханов, және де көптеген атақты
мерлестеріміз қатысты. Жас офицер
Р.Қошқарбаев өзінің досы Г.Булатовпен бірге
Рейхстагқа алғашқылардың бірі болып
алқызыл туын қадады. Орал өңірінен келген
жас офицерлер Қ.Мәденов пен Р.Қараманов
1008-атқыштар полкінің туын Берлин
ратушасының төбесіне тікті. Берлинге шабуыл
жасауға “Қазақстан комсомолы” танк
тізбегінің 3 танкісі қатысты.

С.Нұрмағамбетов Т.Бигелдинов
МӘЛІК РАҚЫМЖАН ҚАНАШ
ҒАБДУЛЛИН ҚОШҚАРБАЕВ ҚАМЗИН
ҚОРЫТЫНДЫ
Өз ойымды қорытындылай кетсем, Ұлы Отан соғысына Қазақстанның қатысуының тарихи
маңызы зор болды. Себебі соғысқа қатысқан өзге ұлттармен бірлесіп ортақ жауды жеңуі өте маңызды
болды. Сол арқылы ұлт аралық қатынастардың орнап, бірлікте жұмыс атқарылды. Екінші
дүниежүзілік соғыста КСРО-ның жеңіске жетуіне қазақстандықтардың үлесі басым болды.
Қазақстандықтар тек соғысқа адам жіберіп қана қоймай, майдан даласына азық-түлік, қару-жарақ,
киім-кешек, оқ-дәрі және т.б нәрселермен қамтамасыз етіп отырды. Атап айтар болсам 18-50 жас
аралығындағы еркек кіндіктілердің 70 % майданға аттанып, бүкіл одақтағы мыстың 35 % ,
қорғасынның 83 %, молибденнің 60 %, висмуттың 60 % беріп отырды, Қарағандының шахтерлері 35
млн тонна көмірін жіберді, согыс жылдарында қазақ шаруалары 5829 000 тонна нан мен 734 мың
тонна ет жіберді.
Ұлы Отан соғысына қатысып, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы атағын алған 500
қазақстандықтың ішінде 100 қазақ болса, ұшқыш-штурмандар Т.Я.Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов,
және ұшқыш-жойғыш С.Л.Луганский – бұл атаққа екі мәрте ие болғандар. Қазақстанның 500 000 нан
астам ұл-қызы соғыстан қайтпады.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы халықтары үшін аса ауыр сынақ болды.
Күресуші армия қатарына 1196164 қазақстандық шақырылса, өнеркәсіпте жұмыс істеуге тағы 670 мың
адам тартылды, яғни республиканың әрбір төртінші тұрғыны майданға немесе қорғаныс өнеркәсібіне
жұмысқа жұмылдырылды. Ұлы Отан соғысы ұлттық қасіреттің және бір мезгілде ерліктің нышаны
ретінде ұрпақтардың есінде мәңгілік қала беретін болады.
Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Әминов Т.М. Қазіргі Қазақстан тарихы. Алматы 2017 , 472 бет

2. Мусин Чапай Қазақстан тарихы Алматы 2008, 640 бет

3. Шаяхметов Н.У. ХХ-ғасырдағы Қазақстан тарихы, Алматы 2016, 348 бет.

4.Қозыбаев М. Қазақстан тарихы (1914-2009) Алматы. 2009 240 бет.

5."Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 5-том

6.Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған
окулық. 2-басылымы, өңделген. Жалпы редакциясын басқарған тарих ғылымының докторы,
профессор Б. Ғ. Аяған. Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-933-9

Ұқсас жұмыстар
Кеңес беру және әлеуметтік жұмыстағы делдалдық
Психологиялық кеңес жұмыстары
Психологиялық кеңестің мақсаты мен міндеттері
Психологиялық кеңес
Қазақстан мен Орталық Азияда Кеңес үкіметін орнату
Практикалық кеңес беру түрлері
Одағы батырлары
Педагог-психологтың ата-аналарға психологиялық кенес беру жұмысы
Қазақтың батыр қыздары
Отбасылық контексте кеңес беру
Пәндер