Сүт тістерінің құрылыс ерекшелігі



Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Дисциплина: Морфология және физиология
Кафедра: Гистология
Тақырыбы: Ас қорыту жүйесі. Сүт тістерінің құрылыс ерекшелігі. Тіс алмасу.
Орындаған: Нурсейтов С. С
Тобы: 105 Стоматология
Тексерген: Сермагамбетова И. Т.
Ақтөбе 2018

Кіріспе
Ас қорыту жүйесі бір-біріне қалыпты жайғасып, байланысқан түтікше мүшелерден тұрады. Бұл мүшелерден тыс орналасқан бауыр мен ұйқы безі де ас қорыту жүйесіне қатысып, маңызды қызметтер атқарады. Ас қорыту жүйесі негізінен үш бөлімнен тұрады.
Алдыңғы бөліміне - ауыз қуысы және ондағы мүшелер мен жұтқыншақ және өңеш жатады. Мұнда тағам механикалық өңдеуден өтеді.
Ортаңғы бөліміне - асқазан, ащы және тоқ ішек, бауыр мен ұйқы безі жатады. Аталған бөлігінде тағам химиялық өңделіп, одан ыдырап шыққан маңызды заттар қанға сіңеді де, ал қалған қалдық заттардан нәжіс түзіледі.
Соңғы бөліміне - тік ішектің каудальді бөлігі жатады. Мұнда тағамның қорытылмаған және қорытылған бөлшектерінің қалдығынан пайда болған нәжіс ас қорыту түтігінен жылжып сыртқа шығарылады.

Жоспар:
Кіріспе.
Ас қорыту жүйесінің бөлімдері.
Негізгі бөлім.
Ас қорыту жүйесі. Қызметі, гистологиясы, маңызы.
Сүт тістер. Сүт тістердің құрылыс ерекшелігі.
Тіс алмасу.
Қорытынды.

Ауыз қуысының төменгі жағынан бұлшық етпен, алдыңғы жағы тіспен, иекпен көмкеріліп, ұрт құрайды, үстіңгі жағы қатты және жұмсақ таңдаймен қапталған. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлімі томпайып, кішкене тілшікке (бөбешік) айналады. Жұмсақ таңдай ауыздың артында және екі жағында қалтарыстарға айналады.
Таңдай доғасы, олардың арасында көмей бездері бар. Бұл бездердің қатпарында тамақпен бірге ауызға түскен микробтар залалсызданады. Ол көлденең жолақты бұлшық еттен тұрады. Оның үсті сілемейлі қабықшамен қапталады. Қабықшаның үстінде дәм сезу клеткалары бар. Ауыз қуысының қызметі: қоректі механикалық ұсақтау; қорек жентегі пайда болуы; көмірсулардың ыдырауы; қоректін, сапасы мен температурасын анықтау.

Ac қорыту мүшелерінің жүйесі ас қорыту жолынан және ас қорыту бездерінен тұрады. Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ұлтабар ас қорыту жолы болып табылады.
Ac қорыту жүйесінің қызметі: секреторлық- ас қорыту сөлін шығару (сілекей, қарын сөлі, қарын асты сөлі, ішек сөлдері) ; қозғалыс ас қорыту жолдары арқылы қоректі ұстау) және араластыру; сіңіру - қоректік заттардың, судың, минералды заттардың қан мен лимфаға өтуі.


Tic - сүйектен пайда болған, ауыз қуысында орналасқан, қоректі ұстап шайнайтын және дыбыстың пайда болуына әсер ететін мүше.
Тістер пішініне қарай: күрек тіс, ит тіс, кіші және үлкен азу тістер болып ажыратылады, сонымен қатар тістің ең соңғы жұбы - ақыл тіс адамға 20-22 жасқа келгенде шығады. Түбірлердің құрылысына қарай тіс бір түбірлі және екі, үш түбірлі болып келеді. Бір түбірлі тістерге алдыңғы күрек тіс және ит тістер жатса, үстіңгі жақ сүйектің азу тістері үш түбірлі, ал астыңғы жақ сүйектің азулары екі түбірлі болады. Тістің барлық саны - 32. Олар адамның аузында үстіңгі және төменгі жақ сүйектерде екі қатар болып орналасады. Олардың әрқайсысында 16 тістен болады. Әрбір жақ сүйектердің жартысында 2 күрек тіс, 1 ит тіс, 2 кіші, 3 үлкен азу тіс болады. Ауыз куысындағы тіс санын тіс формуласы аркылы көрсетуге болады: Алымда жоғары жақ сүйектерінің тіс саны, бөлімде: төменгі жақ сүйектердегі тіс санын көрсетеді. Сол жағы сол жақ сүйектерін, оң жағы оң жақ сүйектердегі тіс санын көрсетеді. Балалар тісінің формуласы: Жаңа туған балада тіс болмайды. Бала 6-9 айға жеткенде, алдыңғы тістер шыға бастайды. Олар сүт тістер деп аталады. Бала 2 жасқа келгенде, оның аузындағы тістерінің саны 20-ға жетеді. Бала 6-7 жасқа толғанда, сүт тістері түсіп, оның орнына тұрақты тістер шығады. Бұл тістердің өзгеріп алмасуы 12-14 жасқа келгенде аяқталады. Адам 18-19 жасқа келгенде, ең соңғы жұп - азу тістер (ақыл тістер) пайда болады.

Тістің сыртқы көрініп тұратын бөлігі тіс сауыты, оның жіңішкерген жерін мойны және сүйегіне бекитін бөлігін тістің түбірі деп атайды. Әрбір тістің үсті ақ түсті зат кіреукемен (эмальмен) қапталады, оның астында қатты зат дентин жатады. Тістің іші қуыс, ол борпылдақ ұлпадан құралады, оның арасынан қан тамырлары мен жүйке талшықтары өтеді. Қан тамырлары тіске кенеулі заттар, ал жүйкелер оған сезімталдық қасиет береді. Астың дұрыс қорытылуы үшін тістердің сау болуы кажет. Ауру тістер микробтардың жиналатын орны. Тістер ауруының жиі кездесетіні парадонтоз және кариес. Екеуінде де тістің бұзылу себебі тіске бактериялардың жиналуы. Парадонтоз да тісті ұстайтын дәнекер ұлпаны қабындырады және бұзады. Микроорганизмдер тістің кіреукесін (эмалін) жөне дентинің пульпасын зақымдайды. Бұның себебі азық-түлік заттардың құрамында көп мөлшерде қанттың болуы және жеке бастың гигиенасын сақтамау.

Сүт тістер.
Адамның тістері ұрықтық ауыз қуысының шырышты қабатынан дамиды. Олардың дамуы үш кезеңдң өтеді
1Тіс бастамалары кезеңі
6-7 аптада ұрықтық ауыз қуысының көпқабатты жалпақ эпителиі доға тәрізі қалыңдау түзеді, ол жақ сүйектің болашақ альвеолалары өсінділерінің орналасуына сәйкес келеді . Бұл қалыңдаған дерлер жақын жатқан мезенхимаға кіріп, екі пластинкаға бөлінеді:вестибулярлы және тесіктік . Вестибулярлы пластинка ажырайды, және ашық саңылау түзіледі -болашақ ауыз қуысының кіреберісі. 8-аптада тістік пластинканың сыртқы беткейінде болашақ сүт бездеріне сәйкес эпителийдің 10дөңгелек өсіндісі түзіледі. Бұл тістік бүйректер.
2Тістік бастамалардың дифференциялануы мен түзілу кезеңі. 2 кезеңге бөлінеді:
1) «қалпақшалар кезеңі» (cap stage)
Тістік бастамалардың түзілуі . Эмбриональды дамудың 10аптасынан бастап тістік бүйректерді түзетін эпителийдің біртегіс емес өсуі анық байқалады. Осы процесстің нәтижесінде тістік бүйректер өз пішінін өзгертіп, эмальді мүшеге айналады. Эмальды мүшені қоршап жатқан мезенхима клеткалары конденсацияланып, ондағы тереңдеген жерлерге орнығады, және де лоардың айналасына жиналып, тістік емізік пен тістік қапшық түзеді . Эмальды мүше, тістік емізік жәе тістік қапшық бірігіп тістік бастаманы құрайды. Эмальды мүшенің өзіне тән пішіні бұл кезеңді «cap stage»деп атауға мүмкіндік береді.


2) «қоңырау »кезеңі(bell stage)
Тістік бастамалардың дифференциялануы. Эмальды мүшенің одан әрі өсуі оның өлшемінің ұлғаюына ғана емес, пішінінің өзгеруіне де алып келеді. Олқоңырауға ұқсас пішінге ие болады, сондықтан бұл кезең осылай аталады. 4-айдың соңына қарай эмальды мүше клеткаларының адамантобласттарға және тістік емізік клеткалары одонтобласттарға дифференцияланады . Адамантобласттар эмаль түзе бастайды, ал одонтобласттар -дентин Тістік бастамалардың дифференциялану кезеңі гистогенез кезеңімен ауысады.
3) Гистогенез кезеңі. Тіс тінінің дамуымен сипатталады:дентин, эмаль пульпалар және цемент . Бірақ атап өту керек, эмбриональды даму барысында цемент түзілмейді, себебі бұл кезеңде сүт тістерінің тек тәждері ғана қалыптасады . Сүт тістерінің түбірі туылғаннан кейін түзіледі, 4-5айдан бастап, 6-7айда олардың жарып шығуы басталады . Сүт тістер бастамаларының реті және олардың жарып шығуы бір уақытта жүрмейді . Ең алдымен медиальді, содан соң латеральділері жарып шығады, осыдан кейін алғашқы түбірлік, соңында екіншілік түбірлік тістер шығады. Төменгі жақтағы әр тістер тобы жоғарыдағы тістерге қарағанда ертерек шығады

Тіс алмасу.
Тістердің жарып шығу факторлары әлі де толық зерттелмеген. Кейбір ғалымдардың пікірібойынша тістердің жарып шығуы тістің өзіндегі өзгерістермен байланысты және тісшілік қысымының жоғарылауына алып келетін пульпаның өсуінің күшеюіне байланысты . Бұл қысымның әсері ракете двигателінің әсеріне тең, нәтижеде қысым әсерінентіс ауыз қуысынан көрінеді. Басқа ғалымдардың пікірлері бойынша прцесс айналасындағы тіндердегі өзгерістерге байланысты, яғни альвеолалардың қалыптасу нәтижесінде . Бұл екі пікір де тістердің жарып шығу процесінде белгілі бір рөлге ие болуы мүмкін.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz