Ортопедиялық стоматология негіздері




Презентация қосу
Факультеті: Стоматология
Кафедрасы: Ортопедиялық стоматология негіздері

Тақырыбы: ло г ия д а ғ ы
қ с то м ато
оп ед и я л ы л е р »
« О рт п ол и ме р
а н ы ла ты н
қ ол д

Орындаған: Нурсейтов С.С.
Тобы: 205
Тексерген: Амантаева М.Р.
Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

I. Полимерлі материалдардың түрлері
а) жазық тізбекті полимерлер
б) тігілген полимерлер
в) егілген полимерлер

II. Стоматологияда қолданылатын акрилатты пластмассалар

III. Пласстмасалар, олардың түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Полимерлік
материалдар
химиялық
байланыстарға
байланысты:

Жазық тізбекті Тігілген Егілген
полимерлер полимерлер полимерлер
Бірінші топтағы матреиалдардың полимерлерінің
немесе сополимерлерінің молекулаларының
структурасы ұзын тізбектелген мономерлерден
тұрады, мысалы метилметакрилат бөлшектері.
Тізбектелген молекулалар иіліп оралып жатады.
Материал өзіне тән еріткіштерде еруге бейім.
Бұл топтағы материалдарға Этакрил жатады.
Екінші топтағы материалдардың полимерлерінің
молекулаларының структурасы ұзын тізбектеліп, бір-
бірімен кейбір жерлерде байламдар арқылы жалғасқан,
мысалы глинольдің диметакрил эфирі. Тізбектер бір-
брімен жалғасқандықтан еркін орын алмастыра алмайды.
Бұндай материалдар ешбір еріткіштерде ісінеді.

Бұл топтың
өкілі ретінде
Акрелді
айтуға
болады.
Үшінші топтағы материалдардың полимерлерінің
молекулаларының ұзын тізбектері құрамында фторы бар
каучуктермен жалғастырылған. Егілген сополимерлердің
өте ұсақ бөлшектері бұл топтың материалдарына соққыға
төзімділік және эластикалық сияқты қасиеттер береді.
Бұл топтың негізгі өкілдері ретінде «Фторакс», «Акронил»
сияқты материалдарды келтіруге болады.
Стоматологияда қолданылатын акрилатты
пластмассалар екі заттың қоспасынан
тұрады.

Полимер – ұнтақ және мономер –
сұйық.

Фторакс – құрамында фтор
бар акрилаттардың
сополимері. Фторакс
пластмассасының физикалық
және химиялық қасиеттері өте
жақсы: химиялық тұрақтылығы
және мықтылығы өте жоғары.
Ол жартылай мөлдір түсі ауыз
қуысының жұмсақ тканьдеріне
мейлінше жақын.
Акронил – метилметакрилаттың сополимері, құрамында
поливиниэтилал бар. Мономерінің құрамында
пластмассаның молекулалық байланысы күшейтетін
диметакрилат триэтиленгликоль бар және ингибитор
антиескірткіш қосылған. Акронил басқа материалдармен
салыстырғанда технологиялық көрсеткіштері жоғары
және суда ісіну көрсеткіші төмен.

Бакрил – басқа материалдармен салыстырғанда өте
берік, мықты алмалы-салмалы тістерді жасауға
қолданылатын негізгі акрилатты пластмасса. Бакрил
полимерінің құрамында эластомер бар. Бакрилдің
құрамында полимеризациядан кейінгі болатын
мономердің қалдығының дәрежесі де төмен 0,2-0,3%.
Полимер + мономер = химиялық реакция полимеризация жүреді.

Полимеризация дегеніміз -төменгі молекулалы
заттардың химиялық реакциясынан пайда болатын
жоғарғы молекулалы зат алу.
Бұл пластмассаларды алудың үш технологиялық жолы бар:

а) полимермен мономер қосындысының қамыртәріздес түрінде
үлкен қысымның әсерімен полимеризациялау;

ә) полимер мен мономер қосындысын қыл тәріздес түрінде құю;

б) полимер мен мономер қосындысын құм тектес түрінде құю.
Пластмасса дегеніміз - табиғи заттардан химиялық жолдармен
алынатын немесе төменгі молекулалық заттардан синтез арқылы
түзілетін күрделі органикалық заттар.

Пластмассалар - жеке (плексиплас, полистирол) және бірнеше
полимерлердің (аминопластмассалар, фенопластар және
сополимерлер) қосындысынан тұруы мүмкін.

В.Н.Копейкиннің басшылығымен
поликарбонатты полимерден
алмалы-салмалы жасанды
тістердің негізінде қолданылатын
материал карбодент алынған
болатын. Тістерді жасау
технологиясының күрделігіне
және оның технологияылық
құрал-жабдықтары өте қымбатқа
түсуіне байланысты карбодент іс
жүзіне кең қолдау таппады.
Стоматологияда кең
қолданылатын
пластмассалар
акрилаттар. Олар
акрильді және метакрильді
қышқылдардың
полимерлерін немесе
сополимерлері

Пластмассаны қолдану үшін оған қойылатын негізгі талаптарды білу
қажет. Пластмассалар организм үшін оның зиянсыз болуы, ауыз
қуысының шырышты қабықтарын тітіркендірмей және ауыз
сілекейімен реакцияға түспеуі, ауыз қуысының кілегей қабығымен
түстес болып және өзінің түсін ұзақ уақыт өзгертпеуі, технологиялық
алу жолдарының оңай және құнының арзан болуы, кейбір физикалық
және механикалық көрсеткіштерінің талапқа сай болуы, басқа
материалдармен оңай және берік байланысуы, металмен және басқа
пластмассалармен химиялық байланысқа түспеуі, пластмассадан
жасалған жасанды тістер сынған жағдайда оңай жөнделуі қажет.
Импакт - 2000
Акрил пластмасса “ыстық” күйде қатаяды,
алмалы-салмалы протездің негізі үшін
арналған “Босворд” (АҚШ) фирмасы
шығарады, соққыға төзімді, сыртқы күштің
әсерінен бұзылуы төмен.
Пластмасса ПМ-01
Хлорвнил мен бутилакрилат сополимерінің негізіндегінегі эластомер, ұнтақ пен
сұйықтан тұрады. ПМ-01 пластмассадан жасаған астардың жұмсақтығы ұзақ,
протездің негізімен бірігуі мықты және ауыз қуысының ортасының әсерінен
өзінің қасиеттерін жоғалтпайды.
Пластмасса ПМ-01 алмалы-салмалы протездерде екі қабатты негіз болғанда,
айрықша альвеолды өсіндінің қарқынды семуінде (атрофиясында), оның қыры
үшкір болғанда, сүйектердің шығыңқы және шырышты қабаттың жиырылмалы
қатпарлары болғанда қолданылады
Моллопласт-Б
Иілімділігі силикон негізінде, температураны
көтергенде қатаяды, тіс протездерін жасау үшін
арнайы жасалған және көптеген медициналық-
техникалық талаптарға сәйкес келеді. Моллопласт-Б
қамыр турінде қолданысқа беріледі. Жұмсақ астар
жасау үшін ыдыстан керекті мөлшердегі материалды
алып қатты базиске жапсырып, инструкцияға сәйкес
оның полимеризациясын жүргіземіз.
Протездер жарылғанда және сынғанда Моллосилді
қолдануға болады.
Моллосилдің комната температурасында
вулканизацияға ұшырауы және оның иілімділігін сақтай
білуі, оны клиника және лаборатория жағдайларында
қолдануға мүмкіндік береді. Моллосилдің оңтайлы
сапалары:
- материалдың қолданылуы жылдам және қарапайым;
- иісі мен дәмнің болмауы;
- токсикалық және аллергия әсерлерінің болмауы;
- ауыз ортасында шыдамды және көлемі мен пішінін
тұрақты түрде сақтай білуі.
Моллосил
Уфи гель
Тұрақты толық және жартылай алмалы-салмалы протездер
үшін арнайы мықтылығы жоғары астар материалы.
Материалдың түсі айнымайды, эстетикалық техникаға сай,
протезге жабысуы жоғары, адаптациялық қасиеті жоғары,
осымен қатар базистің рельефін анықтауда да өлшем
материалы ретінде қолданылады.
Тәуелсіз мемлекеттер бірлестігінде шығатын жасанды тіс жасау
үшін шығарылатын өнімдердің ішінде жоғарғы талаптарға сай
материалдар акрилатты полимерлер болып отыр. Қазіргі уақытта
стоматологияда кең қолданылатын материалдар: этакрил немесе
АКР – 15, фторакс, акронил, бакрил.
Бұл материалдардың бір-бірінен айырмашылығы олардың
физикалық, механикалық немесе химиялық қасиеттерінде.
Мысалы: фторакстың беріктігі, мықтылығы, соққыға тұрақтылығы
және басқа көрсеткіштері этакрилден 1,5-2 есе жоғары.
Технологиялық алу жолдары бірдей болса да, температуралық
ереже жоғарыда көрсетілген заттардың физикалық және
механикалық көрсеткіштеріне әр түрлі әсер етеді .
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.И.Ю. Лебеденко, С.Х. Каламкаров Ортопедическая стоматология.
Алгоритмы диагностики и лечения.

2.В.Н. Трезубов, Л.М. Мишнев, Е.Н. Жулев. Ортопедическая стоматология.
Прикладное материаловедение.

3.Алтынбеков К.Д. Тіс протездерін дайындауда колданылатын құрал-
жабдықтар мен материалдар.

4. Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н., Бычков В.А.,
Аль-Хаким А. «Ортопедическая стоматология»

Ұқсас жұмыстар
Тіс техникалық лаборотория
Ортопедиялық стомотология негіздері
Жоғарғы жақ тістерінің төменгі жақ тістерін жабуы
Тістердің ақаулары
Пластмассалық жасанды тістер
Қазақстанда стоматология саласындағы зерттеулер 1960 жылдары басталып, республикадағы мед
Тіс протездерін дайындау технологиясы бойынша дәріс
Медицина ғылымдарының докторы
Стоматологиялық қызметтер кабинетін ашу
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Пәндер