Үсік - дене ұлпаларында жергілікті мұздаудың арқасында қалыптасатын шіру мен кері әсерлерден қабынулар арқылы бейнелетін зақымдалу



Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті Факультет:Стоматология Группа: 205 Организмге механикалық, физикалық, әлеуметтік (нашақорлық, токсикоманиялар, маскүнемдік) жайттардың зақымдаушы әсері.
Дисциплина: Патологиялық физиология
Орындаған: Нурсейтов С. С.
Тексерген: Ауезова Д. С.
Ақтобе 2018

Жоспары:
1) Кіріспе.
2) Негізгі бөлім.
А) Организмге әсер ететін ықпалдардың түрлері.
Б) Нашақорлық, токсикоманиялар туралы түсінік.
В) Маскүнемдік туралы түсінік және емдеу жолдары.
3) Қорытынды .
Пайдаланған әдебиттер .

Дерт туындататын сыртқы ортаның ықпалдары механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, әлеуметтік болып ажыратылады. Бұл ықпалдар жиі бірігіп әсер етеді. Механикалық ықпалдар жалпы организмнің және жергілікті ағзалар мен тіндердің бүліністерін туындатады. Ультракүлгін сәулелер тері мен көздің ақ қабығы арқылы бар жоғы ондаған микрометр тереңдікке өтеді. Үсік - дене ұлпаларында жергілікті мұздаудың арқасында қалыптасатын шіру мен кері әсерлерден қабынулар арқылы бейнелетін зақымдалу. Күйік (соmbustio) -деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. Токсикомания- булармен, газдармен демалу. Маскүнемдік - ішімдіктерге салынушылық. Нашақорлық- есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.

Механикалық ықпалдар жалпы организмнің және жергілікті ағзалар мен тіндердің бүліністерін туындатады. Олардың бұл әсері күшінен белгілі жылдамдықта қозғалып келе жаткан заттың кинетикалық қуатына байланысты болады. Сондықтан механикалық ықпалдың күшіне байланысты созылу, қысылу болса оныңмкинетикалық қуатына байланысты соғылу, құлау, ок тию т. с. с жарақаттар дамиды. Механикалық ықпалдардан әртүрлі жарақаттар байқалады . Оларға:тіннің созылуы, жыртылуы, қысылып қалуы, жаншылып қалуы, соққы, шайқалуы т. с. с құбылыстар жатады.

Ультракүлгін сәуле шығару - жарық сәулелері спектрінің күлгін бөлігіне іргелес орналасқан, толқын ұзындығы 400-10 нанометр (нм) аралығына сәйкес келетін электрмагниттік сәулелер. Толқын ұзындығы қысқарған сайын мөлдір денелердің оларды сіңіруі күшейе түседі, ал ұзындығы 100 нм-ден кем сәулелер толық ұсталып қалады. Көптеген ғарыш денелері, әсіресе Күн ультракүлгін сәуле шығарады. Жерге түсетін ультракүлгін сәулелер А (толқын ұзындығы 400-320 нм), В (320-290 нм) және С (290-40 нм) болып бөлінеді.
"А" ультракүлгін сәулесі Жер бетіне көрінетін сәулелермен (жарық сәулелерімен) қатар келіп жетеді, айтарлықтай фотохимиялық әсері бар, мысалы, теріні "тотықтырады" (секпіл басып кетеді) .
"В" ультракүлгін сәулесінің едәуір бөлігі Жер атмосферасының озон қабатында 9сталынып қалады, тірі протоплазманы жою қасиеті бар. Ол көп мөлшерде әсер еткен жағдайда теріні күйдіреді, қабыршақтандырады, тері обырының кейбір түрлерінің (базальдық клеткалы ісік, терінің тікенек тәріздес клеткаларының обыры, меланома) себепші болады.
Жер бетіне келіп жететін "С" ультракүлгін сәулесі толығымен дерлік атмосфера қабатында ұсталынып қалатындықтан, Жер бетіне жетпейді. Ультракүлгін сәулелер организмнің иммунитетін төмендетеді, әр түрлі көз ауруларына себепші болады.

Ультракүлгін сәулелер тері мен көздің ақ қабығы арқылы бар жоғы ондаған микрометр тереңдікке өтеді. Соған қарамай олар, тіңдердің жергілікті өзгерістерімен қатар, жалпы организмнің бұзылыстарына әкеледі. Ультракүлгін сәулелермен артық сәулелендіру нәтижесінде организмнің созылмалы дерттері (құздама, асқазанның ойық жарасы, өкпе туберкулезі т. б) асқынып кетуі мүмкін.
Ультракүлгін сәулелермен ұзақ уакыт артық сәулеленуден тері мен шырышты қабықтарда обыр өспесі дамуы мүмкін .

Оптикалық сәулелену

Жылулық сәулелену

Физикалық факторлардың әсерінен пайда болатын аурулар

Ионды сәуленің әсеріне байланысы бар
Біржолгы, қысқа уақытта жалпы әсер ететін сыртқы иондаушы сәуле көзі немесе біршама радиоактивтік заттардың және олардың қосындыларының организмнің ішіне енуі. Иондаушы радиацияның жүйелі түрде кәсіптік сәуле соққысының рұқсат етілген деңгейінен артық дозада әсер етуі.
Радиоактивтік заттармен және иондаушы сәуле көздерімен жүргізілетін жұмыстардың барлық түрлері.
Иондамайтын сәуле көзінің әсеріне байланысты аурулар: вегетативті тамырлы дистония, әлсіздік, әлсізвегетативтік, гипотоломиялық синдромдар
Өте жоғарғы жиіліктегі радиодиапазондағы электромагнитті сәуле көзінің жүйелі әсер етуі; когерентті біртүсті сәуле шығару.
Өте жоғарғы жиіліктегі радиодиапазондағы электромагнитті сәуле көзімен атқарылатын жұмыстардың барлық түрлері; оптикалық квантты генераторлардың сәуле бөлуіне байланысты жұмыстың барлық түрлері
Лазерлі сәуле көзінің тіндерді жергілікті зақымдауы (тері күйіктері, көздің мөлдір қабатының зақымдануы, көздің тор қабығы .
Лазерлі сәуле көзінің жергілікті әсер етуі.
Оптикалық квантты генераторлардың сәуле бөлуіне байланысты жұмыстың барлық түрлері.

Қасиеті:
Химиялық белсенділігі жоғары, көзге көрінбейді, өтімділік қабілеті жоғары, микроағзаларды өлтіреді, аз дозада адам ағзасына пайдалы (загар), бірақ үлкен дозада кері биологиялық әсер көрсетеді: жасушаның дамуы және зат алмасу өзгереді, көзге әсері жоғары.

Ультракүлгін сәуленің барлық облысы шарты түрде былайша бөлінеді:
- жақын (400-200нм) ;
- алыс немесе вакуумды (200-10 нм) .
Жақын ультракүлгін сәулені 1801 жылы неміс физигі Н. Риттер мен ағылшын ғалымы У. Волластон бұл сәуленің күміс хлоридіне фотохимиялық әсерін зерттеу барысында ашылды.
Вакуумдағы ультракүлгін сәулені неміс физигі В. Шуман құрастырған флюоритті призма мен желатинсіз фотопластинкасы бар ваккумді спектрографтің көмегімен ашылды. Құрал 130 нм. қысқа толқынды сәулені тіркеді.
Ультракүлгін сәулені емдік мақсатта ең алғаш рет 1890 жылы Россияда П. В. Эвальд атты дәрігер қолданды.

Күйік (соmbustio) -деп ыстық сұйықтықтар, қышқыл-сілті, жалынның шарпуы, сәулелі ыстық, қатты ысыған заттар, электр тогы немесе электромагниттік радиацияның әсерімен теріге және одан төмен жатқан адам денесінің ұлпаларына жасалған зиянды әрекетті айтады. 50°С температураға шалдыққан теріні 5 минуттан кейін күйік шалады. Күйіктер жалынның, қызған металлдың және газдың, жанар сұйықтардың, жанар май қоспалары мен сәулелер энергияларының әсерінен пайда болады.

әсер етуші себептерге байланысты күйік жіктеледі:
жоғарғы деңгейдегі қызудан - 83% (жалын, бу, қайнаған су ) ;
химиялық - 8% (қышқылдар, негіздер, олардың қоспалары) ;
электірлік -6% (тиген жерінде терең күйік тудырады, өте жоғары жылу пайда болады) .
cәулелік - 3% (күн сәулесінен, кварц, рентген, радиоактивті заттардың әсерінен) .

Күйік
өндірістік
тұрмыстық

Күйік жарасының тереңдігі мен көлемі мынадай себептерге байланысты: 1. Қызу деңгейіне, қызулық әсердің түріне (қайнаған су, сәуле, металл, химиялық заттар) . 2. Олардың жылу сыйымдылығына: қызу көздерінің әсер етуіне.

Үсік - дене ұлпаларында жергілікті мұздаудың арқасында қалыптасатын шіру мен кері әсерлерден қабынулар арқылы бейнелетін зақымдалу. Қалыпты жағдайда тұрмыстағы ішкі өзгерістер (микроклимат), сыртқы киім, аяқ киім, адамның жылуды реттеудегі әрекеттері үсікке шалынуға тосқауыл болады. Төменгі температураның ықпалынан ұлпалардың, мүшелердің зақымдануы үсік шалу деп аталады. Күйіктерден айырмашылығы үсік шалу әртүрлі температурадан пайда болады. Суықтың жарақаттаушы күші температураның төмендеуінен, қоршаған орта ылғалдылығының өсуіне сәйкес арта түседі .

Үсік шалу себептері: суықтың, желдің ұзақ ықпалы, жоғары ылғалдылық, тар киім, тар немесе су аяқ киім, ұзақ уақыт қозғалмау, шаршау, зардап шегушінің жалпы жәй-куйі: сырқаттануы, мас болуы, қанның көп кетуі, шок, естен тануы. Тіпті 0 градус ден жоғары 3-5 градус температураның өзінде үсік шалу мүмкін. Үсікке, аяқ-қолдың, беттің, құлақтың, мұрынның ұш жақтары жылдам ұшырайды.

Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke - мелшию және manіa - ессіздік, құтырыну) - есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады.

Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі.
Марихуана- кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана - көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.

Кокаин - коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді. Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.
Экстази- 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада «экстази» таблеткасын () музыкамен біріктіруден болған эффект «ашылды». Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен шаршамай билеуге болады. «Экстази» 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда «Экстазиден» қайтыс болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында өлімге әкеліп соғады


Токсикомания- булармен, газдармен демалу. Токсикоманияның кейбір формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы тұрмыста қолданылатын ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер, тазартқыштар, синтетикалық желімдер, никробояулар, дақтарды кетіретін сұйықтықтар және т. б. Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға, комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады.


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz