Тамақтану гигиенасы




Презентация қосу
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университеті

Дисциплина: Жалпы гигиена

СӨЖ
Тақырыбы: Гигиенаның қалыптасуы және даму тарихы.

Орындаған: Нурсейтов С.С.
Тобы: 205
Тексерген: Бердешева Г.А.

Ақтөбе, 2018 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім

а) Гигиена ғылымының дамуы.
б) Гигиена ғылымының дамуына үлес
қосқан ғалымдар.
в) Гигиена түрлеріне түсініктеме.
Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер
Гигиена (грек сөзі -
Gugieinos – емдеу,
денсаулық әкеледі деген
мағына береді,
профилактика) деген ұғым.
Адам ағзасына айналаны
қоршаған сыртқы орта
факторлары мен әлеуметтік
жағдайларының тигізетін
әсерін зерттейтін
медициналық ғылым.
Медицина ғылымдарының
өте көрнекті салаларының
бірі. Гигиена - аурулардың
алдын алуға және
денсаулық сақтауды
қорғайды. Денсаулыққа
зиян келтіретін азық
түрлерін жойып жіберуге
гигиенистер ат салысады.
Гигиена ғылымының дамуы
XXғ. Совет Үкіметі құрылғаннан бері санитарлық-гигиеналық шаралар
жалпы мемлекеттік іс болып есептеледі.
Қазақстанда гигиена ғылымдардың дамуы арнайы ғылыми зерттеу
институттарда және жаңадан ашылған медицина институттарындағы
кафедраларда жүргізілген ғылыми зерттеулерімен байланысты. Олардың
ішінде гигиеналық ғылымының дамуына аса зор үлес қосқан Қазақ
медицина институтында ең алғашқылырдың бірі болып ашылған жалпы
гигиена және әлеуметтік гигиена кафедралары.
1932 ж жалпы гигиена кафедрасы ұйымдастырылған. Ол жылдары
гигиеналық ғылыми - зерттеу жұмыстардың негізін қалаған профессор
Н.Н.Попов болды. Оның жұмыстары Қазақстанда санитарлық жүйені
ұйымдастыру , жаңадан ашылған өнеркәсіп орталықтарын, елді мекендерді
сауықтыру шараларын жүргізуге бағытталды. Ғалым Республикада
санитарлық қызмет көрсетуге 30 жылдай өмірін арнаған, ол 50шақты
ғылыми жұмыстардың авторы, негізгі ізденістері Қазақстан қалалары мен
ауылдарын әсіресе Қарағанды, Балхаш, Қарсақпай сияқты жаңа өндірістік
орталықтарды сауықтыру шараларына арналған. 1948-1968ж.ж. Кафедраны
басқарған И.С.Корякин.
Корякин Иван Сергеевич
(1898-1969)
И.С.Корякин гигиена саласының маманы, 1927ж. Қазан
университетінің медицина факультетін бітірген.
1944ж.”Қазақстанның облыстық қалаларын
көгалдандыруы” тақырыбынан кандидаттық, ал
1949ж.“Қазақстан қалаларының санитарлық-
эпидемиологиялық жағдайы және көгалдандыруын
негіздеу” тақырыбынан докторлық диссертация қорғаған.
Алматы медицина институттында 1938-1968ж.ж. жұмыс
істеген. 1953-1955ж.ж. институттың директорының
ғылыми жұмысы бойынша орынбасары, ал 1955-
1960ж.ж. директордың қызметін атқарған.1939ж. бастап
гигиенистер қоғамының Қазақ Республикалық бөлімінің
төрағасы және Бүкілодақтың гигиенистер ғылыми
қоғамы пленумының мүшесі, 1938-1941жж. “Ауыл
гигиенасы” мәселесі бойынша комиссия мүшесі, ҚазССР-
ның ғылыми академиясының Өлкелік патология,
физиология және хирургиядан біріккен кеңесінің мүшесі
т.б. жұмыстар атқарған.
Профессор Корякин көрнекті ғалым, “Ленин
орденімен”,”Еңбек қызыл ту”орденімен марапатталған,
Самарин Роман Иванович
(1914-2002)
Қазақ мемлекеттік медицина институттының
емдеу факультетін бітірген. 1941-1945жж. Ұлы
Отан соғысына қатысқан. 1945-1947жж.ҚазССР-
нің денсаулық сақтау министрлігінің емдеу-
профилактикалық бас басқармасының
орынбасары болған, 1949-1950жж.Қазақстан
Коммунистік партиясының Орталық комитетінің
әкімшілік бөлімінің орынбасары қызметін
атқарған. Сонымен қатар 1949ж. бастап ҚазМИ-
де әлеуметтік гигиена кафедрасында
оқытушылық жұмыспен шұғылданған, 1959-
1987жж. осы аталған кафедраның меңгерушісі
болып жұмыс істеген.
Самарин Р.И. 1960ж. “Қазақстан денсаулық
сақтау ісінің дамуы” атты докторлық
диссертация қорғаған. Самарин Р.И.Қазақстан
денсаулық сақтау ісін зерттеп, дәрігерлер
дайындауға қосқан үлесі үшін “Октябрь
революциясы”, “Қызыл жұлдыз”,”Құрмет
белгісі” орденімен және медальдармен
марапатталған.
Чокин Алихан Ризаевич
(1925-1996)
А.Р.Чокин 1943-1944жж Ұлы Отан соғысына
қатысқан.
1950ж Қазақ Мемлекеттік Медицина Институтын
бітірген. 1950ж осы Институттың денсаулық сақтауды
ұйымдастыру кафедрасына аспирантураға
қабылданған. 1952-1996ж осы аталған кафедрада
ассистенттен бастап профессор, кафедра меңгерушісі
болып қызмет атқарды. Ғылыми жұмыстары
Қазақстанда денсаулық сақтауды ұйымдастыру,
санитарлық-эпидемиологиялық жүйенің даму тарихы
мен медицина тарихы міселелеріне арналған. Чокин
А.Р 100 астам ғылыми мақалалар және «Қазақстанда
санитарлық-эпидемиологиялық жүйенің дамуы туралы
очерктер»
Атты монография шығарған. Ғалымның
басшылығымен 2докторлық және 9 кандидаттық
диссертация қорғалған.
Чокин Отан соғысының 2 орденімен, «Құрмет белгісі»
орденімен, «Денсаулық сақтау үздігі»
белгісімен,ҚазССР Жоғары Кеңесінің құрмет
грамоталарымен марапатталған.
Гигиена ғылымының негізгі көздеген
мақсаты - адамдардың айналасын
қоршаған сыртқы орта факторларын
сауықтыру арқылы бірінші денсаулық
сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір
сөзбен айтқанда адамзат баласына залал
келтіретін факторлардан адамзат баласын
қорғау.
Жалпы
гигиена

Жеке бас Еңбек
гигиенасы гигиенасы
Гигиена

балалар мен
Тамақ
жасөспірім
гигиенасы гигиенасы
Дене тазалығы дегеніміз – алдымен тері күтімі. Терінің дұрыс күтімі
ағзаның қалыпты қызмет атқаруына әсер етеді. Тері алуан түрлі
физиологиялық - биологиялық функцияны орындайды. Терінің құрылысы
өте күрделі.
Жұмыс жасап, күнделікті тұрмысты шаруамен айналысқан шақта адам
терісін кір шалады. Адам терлесе кір теріге жабысып қалып, терінің тыныс
алуын қиындатады. Өйткені тері бездері бітеліп қалады. Осыдан барып
теріде өтетін физиологиялық - биохимиялық үрдістердің қызметі мүлдем
бұзылады. Бітелген май бездеріне жұқпалы ауру тарататын микробтардың
енуі фолликулитті туындатады. Микробтар әсерінен терінің бетіндегі
органикалық заттар ыдырап, жағымсыз иісті май қышқылы бөлінеді және
тері қабынуы – дерматит дерті дамиды. Басқадай іріңді тері аурулары пайда
болады. Тәуліктік тері гигиенасы үшін неше түрлі тәсілдер қолданады.
Олардың ішінде теріні тазалықта ұстау үшін денені иісі жақсы сабынмен
сабындап жуу керек. Оны дағдыға айналдырған жөн. Аптасына бір рет
моншаға барып жуыну, душқа шайыну керек. Ал, жиірек кір шалатын бет,
қол, мойын қосымша күтім жасауды қажет етеді. Қол кірлегенде оның
терісінде неше түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар көбейеді. Ішек –
қарын инфекциясы күрт инвазиясы, гепатит вирустары жиналады. Жұқпалы
дерттердің таралуына қол кірінің қаншалықты рөл атқаратыны көптеген
адамдарға белгілі.
Қолдағы барлық бактериялардың 90 % тырнақ астында жиналады және
оларды тек арнаулы щеткамен ғана тазартуға болады. Қол жуатын жерде
кішкентай щетка тұруы пайдалы. Бет пен мойынды таңертең және ұйықтар
алдында тазартып жуып отырған үлкен нәтиже беретінін айтпай кетуге
болмайды. Адамның терісі құрғақ немесе майлы, ылғалды болып келеді. Ал,
егер тері құрғақ болса, онда балалар сабыны деп аталатын сабынды,
ланолині бар сабындарды да пайдаланған да тері онша құрғамай қалыпты
жағдайда тұрады. Аяқты аптасына кемінде бір рет, әсіресе жаз айларында
күнде жуып тұруды дәрігерлер ұсынады. Аяқ терлейтін болса, түнге қарай
терден құтылу үшін суық сумен аяқты жуып, табанды, саусақ арасын
аптасына екі рет 5% формалин ерітіндісі сіңген мақтамен сүрту керек. Қол,
қолтық асты және дененің басқа бір бөліктері терлесе, дезодарант қолдану
керек. Орыс буламысы, фин саунасы, жапон офуросы, сэнтосы ағзаға өте
пайдалы. Моншаға түскеннен кейін адам өте жақсы дем алып сергіп қалады,
жақсы ұйықтайды. Жұмысқа деген ынта жігері арта түседі. Монша
гигиенаны жақсы өткізеді. Денені сауықтырады. Сібірде тұратын орыс халқы
моншаға түсіп, ал буда отырғанда қайың, емен жапырақтарынан жасалған
сыпыртқылармен сабаланып, содан кейін моншадан жүгіріп шығып қалың
қарға аунайды. Сонда дене жақсы шынығып, денсаулық артады.
Шаш күтімі.
Адамның шашы ерекше жаралған табиғат көрінісі. Адам шашы бірнеше жыл
бойы өсуін тоқтатпайды. Әйел адамдардың күніне 50 тал шашы түсіп, 50 тал
шашы өсіп шығып отырады. Адам басындағы шаштың саны әр адамда әр қилы
болады. Орта есеппен алғанда адам басында 140 000 тал шаш болады. Қара
түсті шаш баста 100 000-дай. Шаштың жақсы өсуі үшін оны үнемі жақсы күтіп,
май жағып отыру қажет. Крем жағып қойғанда дұрыс. Ол шашты қоректік
затпен қамтамасыз етеді. Шашты жиі-жиі жуып отырудың қажеті жоқ. Шашқа
ауру пайда болады. Ұзын құрғақ шашты 3 апта сайын жуған дұрыс. Ұзын майлы
шашты 7-14 күн өткеннен кейін жуған жөн. Қысқа шашты 7-14 күн өткеннен
кейін жуып отырған дұрыс. Шашты жылы суға жуып, белгілі бір шампуньді
пайдаланыңдар. Шашты сабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаштың түсі өзгеріп,
жарқырап жайнамайды. Сондықтан да шампуньмен жуған дұрыс. Ұзын шашты
өте ұқыптылықпен жуып, шашты тарап отыру керек. Майлы шашты сабынды
спиртпен немесе калийі көп көк сабынды спиртпен жуған дұрыс. Ол көк сабын
шашты дезинфекциялап, шаштың майын бірден кетіріп жібереді. Шампуньмен
жуғаннан кейін шашты бірнеше рет сумен мұқият шайып, шампунның
микробтарын түгелімен кептіріңдер. Шаштарыңыз жарқырап тұру үшін 1 литр
суға асханалық қасықпен 2 қасық 8%-ті сірке қышқылын қосып, шашты
шайыңдар. Содан кейін шаштарыңды тарақпен тараңдар. Тарақтың жүзі өткір
болмағаны дұрыс. Әдетте ең жақсы тарақ капроннан жасалынады. Тарақты
ыстық сумен сабындап жуып, оны таза ұстаған жөн. Әрбір адамның өзінің
тарағы болуы тиіс.
Тіс және ауыз гигиенасы.

Адамның тісі оның негізгі мүшесінің бірі. Өйткені қандай тамақ болсын
тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның
бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі түсіп қалу, тісті ауыз
қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен
ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн. Тіс пасталары және ұнтақтары
құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық –
физиологиялық белсенді заттар енгізіледі (тұздар – фермениттер –
биологиялық катализаторлар, микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti
және фтор, кальций – хлорофилл – жасыл пигмент, өсімдік
жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі
қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген
ем - домдық – профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады.
Киім – кешек және аяқ киім тазалығы. Адамның барлық денесі,
киім – кешегі, аяқ киімі өте келісімді болуы тиіс. Алдымен аяқ
киімге көңіл бөлу қажет. Аяқ киімнің әдемі жаңа, киюге өте қолайлы
болып, аяқты қыспау керек. Биік өкшелі аяқ киімді киюдің қажеті
жоқ. Сол сияқты кроссовкаларды жалпы киюге болмайды. Ол аяқты
бұзады, бірнеше аяқ дерттерін аяққа туғызады. Өйткені барлық
кроссовкалар синтетикалық материалдан жасалады. Киім жыл
мезгіліне және ауа райына сай киілуі керек. Әсіресе балалардың
киіміне ерекше көңіл аударған жөн. Тар киім киген қыздардың
денесінде «Джинсовый дерматит» деген дерт үнемі тар джинсы киіп
жүргендіктен пайда болады. Жұмыс киімдері өте кең болуы керек.
Жұмыс киімі мақтадан тігілген болу керек. Синтетикалық киімді
жазды күні киюдің қажеті жоқ. Өйткені адам денесінің терлегенде
киімге тер сіңбей жұқпалы ауру тарататын микробтардың ұясына
айналуы мүмкін.
Қалыпты климатты аймақ тұрғындары ультра күлгін сәуле
жетіспегендіктен олардың көк, жасыл, ақ, сирен түсті киімдерді
кигені дұрыс. Олар денеге ультра күлгін сәулелерді мол түсіреді. Ал,
жаз айларында раушан түсті ақ киімдерді киген дұрыс. Синтетикалық
киімдерді салқын түскен кездерде киюге болады. Белді жалпақ
белбеулермен байлап алған дұрыс емес. Бауыр, асқазан және бүйрек
ауруларын туғызуы мүмкін.
Тамақтану гигиенасы
Тамақтану-ғылыми-гигиеналық негізді қалыптастыратын,
халықты сауықтырудың ірі құралы болып табылады.
Сонымен қатар адамдардың өлімі мен сырқаттануының
төмендеуіне және өмірі мен еңбекке қабілеттілігінің
артуына әсер етеді. Белгілі совет гигиенисті: “Жақсы
тамақтану-халықтың денсаулығының негізі”- деп жазған.
Сау адамның толық және дұрыс тамақтануын
қадағалайтын гигенаның бір саласы. Ал, науқас
адамдардың тамақтануын диетологтар қарастырады.
Еңбек гигиенасы
Адамның жұмысқа жоғарғы ынтасы мен қарқынын сақтай
отырып және санитарлы профилактикалық шараларды іске
асыра отырып кәсіптік орындар мен қоршаған ортаның
адамға кері әсерін тигізбеуін немесе төмен әсерін
қамтамасыз ететін гигенаның ғылым саласы.
Балалар және
жасөспірімдер
гигиенасы
мектеп, балабақша
және училищелерде
балалар мен
жасөспірімдердің
оқу, тәрбие
жұмыстарының
қалыпты және
денсаулығының
дұрыс қалыптасуын
қамтамасыз ететін
гигенаның саласы.
Қорытынды
Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын
профилактикалық іс-әрекет жасап, көзге көріне түседі.
Оларды жасау үшін терең ой, жүйрік ақыл керек. Адамзат
баласының табиғи және әлеуметтік-экономикалық, саяси
факторлардың әсерімен қалыптасады. Адамдардың
айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге
ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен
еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласын
аурулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін
төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген
қабілеттілікті көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды
жақсартуға бағытталған көптеген жұмыстар жүргізіп жатыр.
Практикада қолданатын нақтылы тәсілдері бар. Осының
бәрі адамның денсаулығын арттыруға қолданылады.
Қолданылған әдебиеттер
Медицина тарихы бойынша оқу
әдістемелік құрал
Ю. П. Лисицын “ История
медицины“ 2004г
google kz. беттері
Р.К. Биғалиева “Бүкіләлемдік
медицина тарихы” Алматы
2004ж
Румянцев И.Г, Вишневский Н.Е.
Козлова Т.А “жалпы гигиена”
Г.И Румянцоа “Гигиена”
А.А. Минх “Методы
гигиенических исследований”
Москва.

Ұқсас жұмыстар
Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу
Ас қорыту мүшелері. Зат пен энергия алмасу. Тағам гигиенасы
Қоғамдық Денсаулық Сақтау факультеті
Денің сауда сұлусың жер бетінде
Тоқ ішек
Салауатты өмір салты ересектер мен балалар арасында аурулардың алдын алу негізі ретінде
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
Тамақ құрамы туралы ойланыңдар
ТАМАҚТАНУ ГИГИЕНАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Күніне неше рет сүт ішесің
Пәндер