Ауа райы, қабаттардың әсері
Презентация қосу
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина
университеті
Тақырыбы: «Климат және ауа райының адам ағзасына әсері,
кері әсерінің алдын алу. Ауаның химиялық және биологиялық
құрамының гигиеналық маңызы. Климат және ауа райы. Адам
ағзасына әсері. Аккиматизациялық мәселелер»
Дисциплина: Жалпы гигиена
Орындаған: Нурсейтов С.С.
Тексерген: Бердешева Г.А.
Тобы: 205 Стоматология
.
Жоспар:
1.Климаттың адам денсаулығына әсері
2. Ауа райы , қабаттардың әсері
3. Қолайсыз әсерлер
4. Қорытынды.
Жалпы климаттың адам денсаулығына көптеген әсері бар.
Жер ғаламшарының белсенді тіршілігі бар аймағы — биосфераның
маңызды бөлігі. Атмосфера күн сәулелерін шашыратып, жайып
тарататындықтан, күндіз жер беті қатты қызып кетпейді. Биосфера
қабығы — жер ғаламшарының тірі организмдер таралған бірнеше
қабықтарынан құралған. Биосферадағы микроорганизмдерді,
саңырауқулақтарды, өсімдіктерді, жануарларды тірі организмдер дейді.
Атмосферадағы газдар қоспасының қазіргі кездегі пайыздық
арақатынасы тірі организмдердің тіршілік әрекетінің
нәтижесінде біртіңдеп қалыптасқан. Жасыл өсімдіктер
миллиардтаған жылдар ішінде атмосфераны көмірқышқыл газынан
тазартып, оны оттекпен байытты. Бұл жасыл өсімдіктерде
жарықты жүзеге асатын фотосинтез процесімен түсіндіріледі.
Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап
жатыр.Ол — Жердің ең сыртқы қабығы. Ауаның жұқа қабаты түссіз болады.
Атмосфера қабаттардан тұрады. Ауаның температурасы, құрамы,
тығыздығы т.б. бір жерден екінші бір жерге барғанда биіктік бойынша
өзгеріп отырады. Атмосфера үш қабаттан тұрады: тропосфера, стратосфера,
атмосфераның жоғарғы қабаты.
Тропосфера — атмосфераның Жер бетіне таяу орналасқан ең төменгі
қабаты. Онда температура биіктік бойынша біркалыпты төмендейді. Оның
қалыңдығы экваторда шамамен 20км-ге, ал полюстерде 10 км-ге жетеді.
Тропосферада ауаның ең тығыз және көп мөлшері (4/5 бөлігі)
орналасқан. Су буы да түгелдей дерлік осында, бұлт үйіліп, жауын-шашын
жауады, жел тұрады, ауа райы түзіледі. Ауа козғалысының және көлбеу
қозғалыстары да осы қабатта болады.
Стратосфера — қабаты Тропосфераның үстінде орналасады. Оның
төменгі бөлігінде температура тұрақты, жоғарғы жағында температура
айтарлықтай өседі. Температураның жоғарылауы да осы қабатта
шоғырланған озон газы қабатының күн сәулелерін сүзуіне байланысты.
Стратосферадағы ауа өте құрғақ болуымен ерекшеленеді. Бұл қабат 50-
55 км биіктікке дейін болады.
Атмосфераның жоғарғы қабаты — бірнеше концентрациялық
қабаттардан тұрады. Ол ауаның аз тығыздығы мен
жоғарғы дәрежелі ионданған ауаларға басым. Онда ауа
температурасы 80-90 км биіктікте төмендейді де одан әрі 1000-
2000 С дейін көтеріледі. Атмосфераның төменгі қабаттарына
жетпейтін ерекше зарядтар таралады да, газ бөлшектерін
электрлендіреді. Олар күн сәулесін күшті жұтып алып, қатты
қызады.
Күннен таралатын электр зарядтары Атмосфераның биік
қабаттарында поляр шұғыласын тудырады. Атмосфераның ең
сыртқы қабатынан газ бөлшектері Жер төңірегіндегі әлемдік
кеңістікте шашырап жатады. Жердегі табиғат үшін Атмосфераның
үш қабатының үлкен маңызы бар. Жер бетіндегі өтіп жататын
түрлі құбылыстар, өзгерістер, тіршіліктер атаулы ауамен
байланысты. Ауа қабығы болмаса, жер беті температурасы
Айдағы сияқты күн мен түннің арасында өтетін үлкен мөлшерде
ауытқып тұрар еді.
Атмосфералық қысым — атмосфераның жер бетіне және
ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен, яғни сынап
бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.), СИ жүйесінде паскальмен
(Па), ал метеорол. ғылымында гектопаскальмен (гПа) немесе
миллибармен (мб) өлшенеді. Теңіз деңгейінде атмосфералық
қысым орташа алғанда 1013,25 гПа-ға (760 мм сын. бағ.) тең.
Жоғарылаған сайын ауа тығыздығы кеміп, атмосфералық қысым
азаяды. Жер бетіндегі қысыммен салыстырғанда 5 км биіктікте
атмосфералық қысым 2 есе, 10 км биіктікте 4 есе, 15 км биіктікте 8
есе кемиді. Астана қаласының атмосфералық қысымы Алматыға
қарағанда жоғары.[1] Жер шарын коршап тұрған атмосфера өзінің
салмақ күші арқылы жер бетіне қысым түсіреді, оны атмосфералық
қысым деп атайды. Қазіргі кезде атмосфералық қысымды
гектопаскальмен (гПа) көрсетеді. Қалыптағы атмосфералық қысым
ретінде оның теңіз деңгейіндегі орташа көрсеткіші (1013 гПа)
алынады. Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды
изобаралар деп атайды. Атмосфералық қысымды металдан
жасалған барометр — анероидпен өлшейді.
Күн сәулесінің әсерінен олар күрделі химиялық реакцияға
қатысып, нәтежиесінде уытты фотооксидантты (озон, азот
қышқылы) түзілуіне үлес косады. Атмосферада азот оксидтерінің
фотооксиданттардың концентрациасы жоғары болған кезде адам
улануы мүмкін. Соның салдарынан өкпесі ісінеді, сілемейлі
қабығында жара пайда болады, басы ауырады, ұйқсы қашады.
Құрамында азоты бар зиянды шығындылардың мөлшерін іштен
қанатын қозғалтқыштар шығаратын газды жағу үшін каклизатор
қолданып, ал өнеркәсіпкәсіпорындардың түтін шығаратын
құбырларында азоатсыздандыратын қондырғыларды орнату
арқылы азайтуға болады.
Ауадағы зиянды заттектердің мөлшері олардың турбулентті
ағыспен шашырауына, жауын-шашынға немесе гравитациялык күш
арқылы төмен түсуіне байланысты. Атмосфераның ластануы мен
негізгі биогенді элементтер айналымы арасында анық байланыс
бар.
Ауаны көп компоненттен түратын газды ерітінді деп
айтуға болады. Оның құрамдық бөлімдерін негізгі үш топқа
бөлуте болады:тұрақты өзгеріп тұратын және қосалқы.
Біріншіге оттек (21,0 %) , азот (78,1% ) және инертті газдар
(шамамен 1%) жатады.ауа сынамасының қай жерден алсақ-
та соы газдардың атмосферадағы көлемі тұрақты болып
келеді. Жалпы молекулалык. массасы (28,98). Екінші топқа
көмір қышкыл газы (0,02 - 0,04%) мен су буы (4% –ке дейін)
жатады. Ал қосалқы компоненттердің табиғаты және
мөлшері сынама алынған жер бетінен көтерілген( жану
процесстерінде және вулкандар атылғанда түзілген заттар,
топырақ бөлшектері, т.б.), космостан түсетін қатты
бөлшектер, сондай-ақ, әртүрлі өсімдіктер, жәндіктер мен
микроорганзмдер жатады. Атмосфераны сарқылмайтын
азот қоры деп айтуға болады. Азот айырбасқа жатпайтын
биогенді элемент, себебі ол белоктар мен нуклеин
қышқылдарының құрамына кіреді. Бірақ-та тірі организмдер
атмосферадағы азотты өзінің тіршілігіне бос күиінде емес,
тек әртүрлі қозғалыс түрінде ғана пайдалана алады.
Қорытынды:
Табиғаттың әр түрлі құбылыстарында мысалы, жер
сілкінісінде, жанартау аткылағанда, отын жанғанда, завод,
фабрикалар жұмыс істеп тұрғанда аз мөлшерде кездейсоқ
газдар ауаға таралуы мүмкін. Оларға азоттың
(II, IY) оксидтері, күкірттің (ІҮ, ҮІ) оксидтері, күкіртсутек
жатады. Жану процестері ауадағы оттекті азайтып,
көмірқышқыл газының мөлшерін көбейте
Ауа жерде тіршілік ететіндердің бәрінің мекені болғандықтан,
оны ластанудан қорғау қажет. Қазіргі кезде ормандардың
қырқылуы қарқыны жылына 11 млн гектарға жетіп отыр.
Бұл бүкіл адам баласын ойландыратын басты мәселе.
Ғаламшардағы оттек мөлшерінің тұрақтылығын қамтамасыз
ету үшін тропиктік ормандарды қорғау — бүкіл адамзаттың
басты міндеті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. ‟Гигиена”
В.А.Покровский Москва,1979
2. “Методы гигиенических исследований”
А.А.Минх Москва,1967
3. “Жалпы гигиена”
Торгаутов.Б.К Сералиева.М.Ш Шымкент,2011
4. www.google.kz
5. www.yandex.kz
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz