КЕҢЕСТІК ФИЛОСОФИЯ




Презентация қосу
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Дисциплина: Философия
Факультет: Стоматология
Тобы: 205
Орындаған: Нурсейтов С.С.
Тексерген: Утешова Г.Т.

Тақырыбы: Орыс философиясы және оның әлемдік өркениеттегі орны

Ақтөбе 2018
ЖОСПАРЫ:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Орыс философиясының қалытасу кезеңдері
Н.Г. Чернышевскийдің материалистік
философиясы
Л.Н. Толстойдың өмірдің мәні және адамның
өзін-өзі адамгершіліке тәрбиелеу ілімі.
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланған әдебиеттер
ОРЫС ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ
ЖАЛППЫ СИПАТЫ:
1. діни ықпалдың (православия және мәжусиліктің)
әсеріне бейімділік;
2. бұқараға кең таралуы, қарапайым халыққа
жақындығы мен түсініктілігі
3. нақтылығы;
4. адамгершілік және мораль мәселелерінің көп
қарастырылуы;
5. философиялық зерттеу аясының кеңдігі;
6. философиялық ойлардың берілу түрінің ерекшелігі
- саяси тәуелділікке байланысты қалыптасқан қатаң
цензура нәтижесінде дамыған көркем шығармашылық,
әдеби сын, публицистика, "эзоп тілділігі".
Ежелгі орыс және ежелгі христиандық
философияның қалыптасуы ІХ-ХШ ғасырларға
сәйкес келеді (Ежелгі Русь мемлекеті - Киевтік
Русьтің пайда болу дәуірінен -феодалдық
бөлініс және моңғол -татар шапқыншылығына
дейінгі уақыт аралығы).
Бұл кезендегі орыс философиясының негізгі
тақырыптары:
1. адамгершілік және моральдық құндылықтар;
2. христиандықты уағыздау, христиандықты
мәжусилікпен біріктіруге талпыныс;
3. мемлекет;
4. кұқық;
5. табиғат;
1. ежелгі орыс және ежелгі христиандық
философияның пайда болу кезеңі (Киевтік
Русь) (ІХ-ХІПғғ.);
2. моңғол — татар шапқыншылығы кезінде
туып, орталықтандырылған орыс мемлекеті
тұсында дамыған философия (Москвалық Русь
және Ресей) (ХШ-ХҮІІғғ.);
3. XVIII ғ. философиясы;
4. XIX ғ. философиясы;
5. XX ғ. кеңестік философия;
АЛҒАШҚЫ КЕЗЕҢНІҢ
КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІ:

• Иларион христиандықты, оның сол кездегі және
келешектегі рөлін таңдайды, насихаттайды.
• Владимир Мономах — ізгілік пен зұлымдық мәселесі,
адалдық, батылдык, ұстамдылық, т.б. мораль - адамгершілік
сұрақтары талданып, келер ұрпаққа уағыз айтылатын
философиялық моральдық - адамгершіліктік кодекс секілді
шығарма;
• Климент Смолягич негізгі шығармасы
"Пресвитер Фомаға жолдама'" философияның басты
тақырыбы: ақыл, таным мәселелері қарастырылады.
• Филипп Пустынниктің негізгі еңбегінде ("Плач") -
жан мен дене, тәндік (материалды) және руханилық
арақатынасы талданады.
XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ОРЫС ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ
ДАМУЫНДА ЕКІ БАСТЫ БАҒЫТ ҚАЛЫПТАСТЫ:

1. Петрлік реформалар дәуіріндегі философия;
2. XVIII ғасырдың ортасы мен екінші жартысындағы материалистік философия.
Петрлік реформалар дәуіріндегі философия өкілдері:
1. Феофан Прокопович;
2. В.Н.Татищев;
3. А.Д.Кантемир.
Бұл кезеңде қарастырылған философиялық сұрақтардың сипаты — саяси -
әлеуметтік:
1. монархия, мемлекет құрылысы;
2. империялық билік, оның құдіреттілігі мен бұлжымастығы;
3. империалистер құқықтары (жазалау, рақым білдіру, мұрагер тағайындау, т.б.);
4. соғыс және бейбітшілік;
5. таным сұрақтары;
6. адами кұндылықтар;

• Феофан Прокопович
• В.Н.Татищев
• Дмитрий Кантемир (1673-1723) - Молдаваның билеушісі болған философ,
жазушы, тарихшы және шығыстанушы. 1711 жылы Ресейге келіп, I Петрдің саяси
кеңесшісі болды. Берлин академиясының мүшесі (1714)
БАТЫСШЫЛДАР ӨКІЛДЕРІ:
А.Г. ГЕРЦЕН
Н.П. ОГАРЕВ
К.Д.КАВЕЛИН
В.Г.БЕЛИНСКИЙ.
БАТЫСШЫЛДАР ПІКІРІНШЕ, ЖАЛПЫ ӨРКЕНИЕТ ЖОЛЫНАН БӨЛЕК, ТЕК
РЕСЕЙГЕ ҒАНА ТӘН "БІРЕГЕЙ'" ЖОЛ ДЕГЕН ЖОҚ. БІРІГЕЙЛІК ТУРАЛЫ
ӘҢГІМЕЛЕРДІҢ МӘНІ - РОССИЯНЫҢ ӘЛЕМДІК ӨРКЕНИЕТТЕН АРТТА ҚАЛЫП, ӨЗ
ІШІНДЕ, ӨЗІМЕН ТҰЙЫҚТАЛУЫНДА. РЕСЕЙ ҮШІН БАСТЫ ИГІЛІК -БАТЫСТЫҚ
ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ИГЕРІП, ӨРКЕНИЕТТІ ЕЛГЕ АЙНАЛУ.
БАТЫСШЫЛДАРДЫҢ ҚАРСЫЛАСТАРЫ СЛАВЯНОФИЛДЕР БОЛДЫ. ӨКІЛДЕРІ:
А.С.ХОМЯКОВ
И.В. КИРЕЕВСКИЙ
Ю.В.САМАРИН
А.Н.ОСТРОВСКИЙ
АГАЙЫНДЫ К.С. ЖӘНЕ И.С. АКСАКОВТАР.
СЛАВЯНОФИЛДЕР ПІКІРІНШЕ, РЕСЕЙДІҢ ТАРИХИ БОЛМЫСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ
ПРАВОСЛАВИЕ ЖӘНЕ ҚАУЫМДАСТЫҚ ӨМІР САЛТЫ ЖАТЫР. СОНДЫҚТАН ОРЫС
ХАЛҚЫНЫҢ МЕНТАЛИТЕТІ БАТЫСТАН ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕШЕ. МЫСАЛЫ,
БАТЫСТЫҢ БӘСЕКЕЛІСТІК, ИНДИВИДУАЛИЗМ, РУХСЫЗДЫҚ, Т.Б.
ҚАСИЕТТЕРІМЕН САЛЫСТЫРҒАНДА РЕСЕЙ ХАЛҚЫНА ҚҰДАЙШЫЛДЫҚ, ӨЗАРА
ҚОЛДАУ, КӨМЕК, КОЛЛЕКТИВШІЛДІК, СОБОРЛЫЛЫҚ ТӘН.
СЛАВЯНОФИЛЬДЕРДІҢ ПІКІРІНШЕ, ОРЫСТЫҢ ТІЛ
МӘДЕНИЕТІНЕ БАТЫСТЫҚ ДӘСТҮРДІ ЕНДІРУ, РЕФОРМАЛАУ - БӘРІ ДЕ РЕСЕЙ
ҮШІН ЕРТЕ МЕ, КЕШ ПЕ ҚАЙҒЫМЕН АЯҚТАЛҒАН.
Ф.М.Достоевский
ӘДЕБИ МҰРАЛАРЫМЕН ҚОСАфилософиясы
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕР ҚАЛДЫРҒАН
ЖАЗУШЫЛАР -Ф.М.ДОСТОЕВСКИЙ ЖӘНЕ Л.Н.ТОЛСТОЙ - ДІНИ
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ БАҒЫТТЫҢ ӨКІЛДЕРІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.
.
Ф.М.ДОСТОЕВСКНЙ (1821-1881) - РЕСЕЙДІҢ БОЛАШАҒЫ КАПИТАЛИЗМДЕ ДЕ,
СОЦИАЛИЗМДЕ ДЕ ЕМЕС, ОРЫС ҰЛТЫНЫҢ ДӘСТҮРЛЕРІНДЕ ДЕП ТҮСІНДІ.
ДІН — МЕМЛЕКЕТ ТАРИХЫМЕН ҚАТАР, АДАМ ТАҒДЫРЫНДА ДА МАҢЫЗДЫ РОЛЬ
АТҚАРАДЫ. ДІН — АДАМ РУХАНИЛЫЛЫҒЫН ҚОРҒАП, ОНЫ КҮНӘ МЕН
ЗҰЛЫМДЫҚТАН САҚТАЙДЫ.
ДОСТОЕВСКИЙДІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫНДА АДАМ МӘСЕЛЕСІ
ҮЛКЕН ОРЫН АЛАДЫ.
ДОСТОЕВСКИЙ ӘРБІР АДАМ ЖҮРІП ӨТЕТІН ӨМІРЛІК ЖОЛДЫҢ ЕКІ
ТАРМАҒЫН КӨРСЕТЕДІ:
1. АДАМ ҚҰДАЙ ЖОЛЫ
2. КҰДАЙ АДАМ ЖОЛЫ
АДАМҚҰДАЙ ЖОЛЫ - АДАМНЫҢ АБСОЛЮТТІ БОСТАНДЫҒЫ: АДАМ БЕДЕЛ
АТАУЫНА, ОНЫҢ ІШІНДЕ ҚҰДАЙДЫ ДА ТЕРІСКЕ ШЫҒАРАДЫ, ӨЗ
МҮМКІНДІКТЕРІН ШЕКСІЗ, ӨЗІН - НЕ ҚАЛАСА ДА ЕРІКТІ, ОРЫНДАЙ
АЛАТЫНДАЙ КӨРІП, ҚҰДАЙДЫҢ ОРНЫН БАСҚЫСЫ КЕЛЕДІ. БҰЛ ЖОЛЫ
ТЫНДАУШЫЛАР ТҮБІНДЕ СӘТСІЗДІККЕ, КҮЙРЕУГЕ ҰШЫРАЙДЫ.
ҚҰДАЙАДАМ ЖОЛЫ - ҚҰДАЙ ЖОЛЫН ҰСТАНЫП, БАРЛЫҚ ӘДЕТТЕРІ МЕН
ӘРЕКЕТТЕРІН ҚАДАҒАЛАУ ОСЫ ЖОЛ, ДОСТОЕВСКИЙ ПІКІРІНШЕ, СЕНІМДІ,
АҚИҚАТ ЖАРЫЛУ ЖОЛЫ.
Л.Н.ТОЛСТОЙДЫҢ (1828-1910) ДІНИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
ДОКТРИНАСЫНЫҢ МӘНІ:

1. САЛТАНАТТЫ ЫРЫМ-ЖОРАЛҒЫ, КУЛЬТТЕР, ИЕРАРХИЯМЕН
ҚОСА КӨПТЕГЕН ДІНИ ДОГМАЛАР СЫНИ ТҰРҒЫДАН ҚАЙТА
ҚАРАСТЫРЛЫП, КЕРЕКСІЗДЕН ТАЗАРТЫЛУЫ ТИІС;
2. ДІНИ — ХАЛЫҚҚА ТҮСІНІКТІ ДЕ ҚАРАПАЙЫМ БОЛУЫ ТИІС;
3. ҚҰДАЙ, ДІН ДЕГЕНІМІЗ — ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ,
МЕЙІРБАНДЫЛЫҚ, АҚЫЛ-ПАРАСАТ ЖӘНЕ ҰЖДАН;
4. ӨМІР МӘНІ - ӨЗІНДІК ЖЕТІЛУ;
5. МӘСЕЛЕНІ ШЕШУДЕ ҚАНДАЙ ДА БОЛМАСЫН ЗОРЛЫҚ,
КҮШТЕУДЕН БАС ТАРТУ ҚАЖЕТ;
6. АДАМ ТӘРТІБІНІҢ НЕГІЗІНДЕ "ҚАРСЫЛАСПАУ" КАҒИДАСЫ
ЖАТУЫ ТИІС;
7. МЕМЛЕКЕТ - КҮНІ БІТКЕН ИНСТИТУТ, ЖӘНЕ ОЛ - КҮШ
КӨРСЕТУ ҚҰРАЛ БОЛҒАНДЫҚТАН ТІРШІЛІК ЕТУГЕ ҚАҚЫСЫ
ЖОҚ;
8. МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫСТЫ ҚҰЛАТУ, ЕЛЕМЕУ - СОЛ
МЕМЛЕКЕТТІҢ АЗАМАТТАРЫНЫҢ САЯСИ ӨМІРГЕ ҚАТЫСПАЙ,
ШЕНЕУЛІКТЕР ҚЫЗМЕТКЕ БАРМАЙ ҚОЮЫ ҚАЖЕТ;
ДІНИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ ҮШІН Л.Н.ТОЛСТОЙДЫҢ ШІРКЕУ 1901
ЖЫЛЫ АНАФЕМАҒА (ҚАРҒЫСҚА) ҰШЫРАТЫП, ШІРКЕУДЕН АЛЫСТАДЫ.
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ОРЫС ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ РЕВОЛЮЦИЯШЫЛ-
ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ БАҒЫТЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ:
Н.Г.ЧЕРНЫШЕВСКИЙ
ХАЛЫҚШЫЛДАР — Н.К.МИХАЙЛОВСКИЙ, М.А.БАКУНИН, П.Л.ЛАВРОВ,
П.Н.ТКАЧЕВ, АНАРХИСТ П.КРОТАТКИИ, МАРКСИСТ Г.В.ПЛЕХАНОВ БОЛДЫ.
БҰЛ КЕЗЕҢДЕГІ ФИЛОСОФИЯНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ - ӘЛЕУМЕТТІК-САЯСИ
БАҒЫТТЫЛЫҒЫНДА. АТАЛҒАН ӨКІЛДЕРДІҢ БАРЛЫҒЫ СОЛ КЕЗДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ
САЯСИ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСТЫ ТЕРІСТЕП, КЕЛЕШЕК ТУРАЛЫ ӨЗ
ОЙЛАРЫН ТҰЖЫРЫМДАДЫ.
Н.Г.ЧЕРНЫШЕВСКИЙ КАПИТАЛИЗМ ДАҒДАРЫСЫНА ШЫҒУ ЖОЛЫН - "ЖЕРГЕ
ОРАЛУ" (РЕСЕЙ АГРАРЛЫҒЫ ИДЕЯСЫ), ЖЕКЕ БАС БОСТАНДЫҒЫНДА ЖӘНЕ
ҚАУЫМДАСТЫҚ ӨМІР САЛТТА ДЕП БІЛДІ.
ХАЛЫҚШЫЛДАР ОРЫС ХАЛҚЫНЫҢ ТӨЛТУМАЛЫЛЫҒЫНА СҮЙЕНЕ ОТЫРЫП,
КАПИТАЛИЗМГЕ СОҚПАЙ, ТІКЕЛЕЙ СОЦИАЛИЗМГЕ КӨШУДІ ҰСЫНДЫ. ОЛАРДЫҢ
ПІКІРІНШЕ, СОЛ КЕЗЕҢДЕГІ ҚҰРЫЛЫСТЫ ЖОЙЫП, СОЦИАЛИЗМГЕ ӨТУДЕГІ
ӘРЕКЕТТЕРДІҢ ІШІНДЕ ТЕРРОР ДА БАР. АЛ АНАРХИСТЕР ХАЛЫҚШЫЛДАРДАН ДА
АРЫ ӨТІП, МЕМЛЕКЕТ — ҚЫСЫМ ЖАСАУ ТЕТІГІ, ЖАМАНШЫЛЫҚ КӨЗІ
БОЛҒАНДЫҚТАН ОНЫ (МЕМЛЕКЕТТІ) БІРЖОЛАТА ЖОЮ ҚАЖЕТ ДЕП САНАДЫ.
МАРКСИСТЕР РЕСЕЙ КЕЛЕШЕГІ - К.МАРКС ЖӘНЕ Ф.ЭНГЕЛЬС ІЛІМІНЕ
СӘЙКЕС: МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІК БАСЫМ БОЛАТЫН - СОЦИАЛИСТІК ҚОҒАМДА
ДЕП БІЛДІ.
XIX ҒАСЫРДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ДӘСТҮРДІ ЛИБЕРАЛДЫҚ БАҒЫТ
АЯҚТАЙДЫ:
КӨРНЕКТІ ӨКІЛІ - В.С.СОЛОВЬЕВ (1853-1900). СОЛОВЬЕВ
ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТЫ ОЙЛАРЫ:
1. БІРТҰТАСТЫҚ ИДЕЯСЫ - БОЛМЫСТЫҢ БАРЛЫҚ ТҮРЛЕРІ,
ЖАҚТАРЫНЫҢ (МАТЕРИАЛДЫ, РУХАНИ Т.Б.) БІРЛІГІ МЕН ҮЙЛЕСІМІ
ИДЕЯСЫ;
2. АДАМ ӨМІРІНІҢ БАСТЫ ҚЫРЫ - АДАМГЕРШІЛІК ЕКЕНДІГІ
ТУРАЛЫ (АДАМГЕРШІЛІКТІҢ ТӨМЕНГІ ДЕҢГЕЙІ - ҚҰЛДЫҚ,
ЖОҒАРҒЫСЫ МАХАББАТ);
3. ПРОГРЕСС - ҰРПАҚТАР ЖАЛҒАСТЫЛЫҒЫ МЕН
БАЙЛАНЫСЫНЫҢ КӨРІНІСІ ЕКЕНДІГІ;
4. ТІРІЛЕР МЕН ӨЛІЛЕРДІ ҚАЙТА ТІРІЛТУ (РУХАНИ, ТӘНДІК-
РУХАНИ ТІРІЛТУ) - АДАМЗАТ ҰМТЫЛАТЫН БАСТЫ МАҚСАТ БОЛУЫ
ТИІС ЕКЕНДІГІ ТУРАЛЫ ОЙ;
5. ҚҰДАЙ ИДЕЯСЫ - ІЗГІЛІКТІҢ КӨРІНІС БЕРУІ;
6. "ҚҰДАЙАДАМ ИДЕЯСЫ'" - ҚҰДАЙ, ІЗГІЛІК, АДАМГЕРШІЛІК
ЖОЛЫН ҰСТАНҒАН ТҰЛҒАНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ; . .
7. СОФИЯ - ЕҢ ЖАЛПЫ, ҚҰДІРЕТГІ ДАНАЛЫҚ;
8. ҮШ ҚҰРАМНАН ТҰРАТЫН - ОРЫСТЫҚ ИДЕЯ: "ҚАСИЕТТІ РУСЬ"
(МОСКВА -"ҮШІНШІ РИМ"), "ҰЛЫ РУСЬ" (ПЕТР I РЕФОРМАЛАРЫ)
ЖӘНЕ ''АЗАТ РУСЬ" (ДЕКАБРИСТЕР ЖӘНЕ ПУШКИН РУХЫ).
XX ғасырдағы орыс және кеңестік
философия.
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ОРЫС ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТЫ СИПАТЫ МЫНАЛАР:
1. КЕҢЕСТІК ДӘСТҮРДІҢ ӘСЕРІНІҢ КҮШТІЛІГІ (МАТЕРИАЛИЗМ,
ТАРИХҚА ФОРМАЦИЯЛЫҚ ҚАТЫНАС);
2. ТҮРЛІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ (КЕҢЕСТІК, ШЕТЕЛДІК Т.Б.) ЖАҢАРУЫ, БІРІГУІ;
3. ДОГМАЛАРДАН ТАЗАРЫП ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯҒА ЖАҚЫНДАУЫ.

XIX ГАСЫРДЫҢ СОҢЫ МЕН XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ОРЫС ХАЛҚЫНЫҢ
ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ:
1. "АЛТЫН ҒАСЫРДАҒЫ" ФИЛОСОФИЯ (ДІНИ ФИЛОСОФИЯ, КОСМИЗМ);
2. ҒЫЛЫМИ — ЖАРАТЫЛЫСТЫҚ ФИЛОСОФИЯ;
3. КЕҢЕСТІК ФИЛОСОФИЯ;
4. ШЕТЕЛДІК ОРЫС ФИЛОСОФИЯСЫ.
РЕСЕЙДІҢ РУХАНИ ТАРИХЫНДАҒЫ "АЛТЫН ҒАСЫР" ДЕП - XIX
ҒАСЫРДЫҢ 90-ЖЫЛДАРЫНАН XX ҒАСЫРДЫҢ 10-ЖЫЛДАРЫНА ДЕЙІНГІ
УАҚЫТ АРАЛЫҒЫН АЙТАДЫ. БҰЛ КЕЗЕҢГЕ ОРЫС ӘДЕБИЕТІ МЕН ӨНЕРІНІҢ,
ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ҚАЙТА КӨРКЕЮІ (РЕНЕССАНСЫ) СӘЙКЕС КЕЛДІ.
ДІНИ БАҒЫТТЫҢ БАСТЫ ӨКІЛДЕРІ:
• С.Н.БУЛГАКОВ
• АҒАЙЫНДЫ ТРУБЕЦКОЙЛАР
• П.А.ФЛОРЕНСКИЙ
• С.Л.ФРАНК
С.Н.БУЛГАКОВ (1871-1944) БАРЛЫҚ ХРИСТИАНДЫҚ ШІРКЕУЛЕРДІ БІР ҒАНА
ХРИСТИАНДЫҚ "ЭКУМЕНДІК" ШІРКЕУГЕ БІРІКТІРУ ТУРАЛЫ ИДЕЯНЫ
ҰСЫНДЫ. ЖЕР БЕТІНДЕГІ ҚАЙҒЫНЫҢ СЕБЕБІ -БӨЛІНІСТЕ ДЕП БІЛДІ.
ҚОҒАМДЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, САЯСИ, РУХАНИ САЛАЛАРҒА ЖӘНЕ ӘРБІР
САЛАНЫҢ ӨЗ ІШІНДЕГІ ЖІККЕ БӨЛІНУІНЕН. ДІНДЕГІ ХРИСТИАНДЫҚ
ШІРКЕУЛЕРДІҢ (ПРАВОСЛАВИЕ, КАТОЛИЦИЗМ, ПРОТЕСТАНТИЗМ) БОЛІНУІ.
ІЗГІЛІККЕ ЖЕТУ ЖОЛЫ - АДАМЗАТТЫ БІР ҒАНА, АСА КҮШТІ, АБСОЛЮТТІ
ҚҰДАЙ МЕН ХРИСТИАНДЫҚ ШІРКЕУГЕ ТОПТАУДА ДЕП БІЛДІ БУЛГАКОВ.
БУЛГАКОВ АДАМ ТАҒДЫРЫНЫҢ АЛДЫН-АЛА ЖАЗЫЛАТЫНДЫҒЫ ЖӘНЕ
АДАМ ӨЛІМІНЕН КЕЙІН КҰДАЙ АЛДЫНДА БЕРІЛЕТІН ЖАУАП ТУРАЛЫ
ОЙЛАРДЫ АҚИҚАТ ДЕП САНАДЫ.
ДІНИ БАҒЫТТЫҢ КЕЛЕСІ ӨКІЛІ - ФИЛОСОФ, СВЯЩЕННИК
П.А.ФЛОРЕНСКИЙ (1882 Ж. ТУЫЛҒАН, ҚАЗА БОЛҒАН ЖЫЛЫ БЕЛГІСІЗ:
1937/1943).
ФЛОРЕНСКИЙ ПІКІРІНШЕ ДҮНИЕ - ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАР МЕН
АНТИНОМИЯЛАРДАН ҚҰРАЛҒАН ТҰТАСТЫҚ (ДҮНИЕНІҢ ҚИЫНДЫҒЫ МЕН
ЖҮЙЕСІЗДІГІ, ҚҰДАЙДЫҢ ЖАЛҒЫЗДЫҒЫ МЕН БЕРІКТІГІ, Т.Б.
ҚАЙШЫЛЫҚТАР).
ФЛОРЕНСКИЙ КЕЛЕШЕКТЕ АШЫЛАТЫН ТЕХНИКАЛЫК ЖАҢАЛЫҚТАР
КӨМЕГІМЕН МАТЕРИЯ ЖӘНЕ РУХ АРАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА БАЙЛАНЫС, УАҚЫТ
ПЕН КЕҢІСТІКТІҢ ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫ, САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫҒЫ ТУРАЛЫ ЖАҢА
ТҮСІНІККЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУГЕ БОЛАТЫНЫНА СЕНДІ.
ФЛОРЕНСКИЙ ОЙЛАРЫНЫҢ ДҰРЫСТЫҒЫ КВАНТТЫҚ МЕХАНИКА,
ЭЙНШТЕЙННІҢ САЛЫСТЫРМАЛЫЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ, Т.Б. ФИЗИКАЛЫҚ-
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАРМЕН ДӘЛЕЛДЕНУДЕ.
Космизм - космосты, қоршаған дүниені (табиғатты), адамды өзара
байланысты тұтастық ретінде қарастыратын философиялық бағыт. Бұл бағыттың
көрнекті өкілдері:
Н.В.Бугаев
В.И.Вернадский
К.Э.Циолковский
А.Л.Чижевский

Н.В.БУГАЕВ (1837-1902) - ӨЗІНІҢ КОСМОСТЫҚ МОНАДАЛАР ТУРАЛЫ
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІН ЖАСАДЫ. ОЛ ТЕОРИЯҒА СӘЙКЕС, БҮКІЛ
КОСМОС САНСЫЗ КӨП РУХАНИ БІРЛІКТЕР -МОНАДАЛАРДАН
ҚҰРАЛАДЫ. МОНАДАЛАР БОЙЫНДА ҚУАТ, БІЛІМ, "ӨТКЕНІ ТУРАЛЫ
ЕСТЕЛІКТЕР" БАР. ЖЕР БЕТІНДЕГІ ЖӘНЕ ӘЛЕМДЕГІ ЦИВИЛИЗАЦИЯЛАР
КОСМОСТЫҚ МОНАДАЛАРДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ МЕН ӨМІРІ
АРҚАСЫНДА ІСКЕ АСЫП, МҮМКІН БОЛУДА.
В.И.Вернадский (1863-1945) - ғалым, философ-космист - ноосфера теориясын негіздеді.
Адам эволюциясы барысында оның қоршаған табиғатқа ықпал ету, өзгертушілік әрекеті
күшейе түседі. Нәтижесінде ноосфера - адам өмірінің, оның материалдық және рухани
мәдениетінің, ақыл-парасатының сферасы (ноосфера) пайда болады.
Ноосфера тоқтаусыз кеңейеді және болмыстың басқа да салаларын қамти түседі.
Биосфера (өмір, тіршілік сферасы) үздіксіз ұлғая түсіп, біртіндеп ноосфераға ауысады.
Вернадский пікірінше, ноосфера Жер бетінде жетекшілік жасап, космосқа да
таралады.

К.З.ЦИОЛКОВСКИЙ (1857-1935) МАТЕРИЯНЫҢ МӘҢГІЛІКТІГІН, ЖОҚТАН БАР
БОЛМАЙТЫНДЫҒЫН ЖӘНЕ ЖОЙЫЛМАЙТЫНДЫҒЫН ТҰЖЫРЫМДАДЫ.
МАТЕРИЯНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ҰСАҚ БӨЛШЕКТЕР - АТОМДАР ЖАТЫР ДЕП СЕНДІ. АТОМДАР
ТҮРЛІШЕ ҚИЮЛАСЫП, КӨПТҮРЛІ МАТЕРИАЛДЫ ДЕНЕЛЕРДІ ЖАСАЙДЫ. БҮЛІНГЕН ЗАТТАР
МЕН ДЕНЕЛЕР БІРЖОЛА ЖОЙЫЛМАЙДЫ - БАРЛЫҒЫ ҚАЙТАДАН ЖАҢА ДЕНЕЛЕР
ҚҰРАЛАТЫН АТОМДАРҒА ЫДЫРАЙДЫ. ӘЛЕМДЕ АТОМДАР АЙНАЛЫСЫ ТОЛАССЫЗ
ЖҮРУДЕ, АЛ МАТЕРИЯ ӘЛСІН-ӘЛСІН ӨЗ ФОРМАСЫН ӨЗГЕРТКЕНМЕН, ЖОЙЫЛМАЙДЫ.
ЖЕРДЕГІ ЦИВИЛИЗАЦИЯ - ӘЛЕМДЕГІ ТІРШІЛІКТІҢ БІР ҒАНА ТҮРІ ЕМЕС ДЕП САНАДЫ
ЦИОЛКОВСКИЙ. ӨЙТКЕНІ, КОСМОС — ЖАНҒА ИЕ, АЛ ӨМІР-ТІРШІЛІК - КОСМОСТЫҚ
БОЛМЫСТЫҢ БӨЛІНБЕС БЕЛГІСІ. СОНДЫҚТАН ӘЛЕМДЕ ӨЗГЕ ДЕ АҚЫЛДЫ ТІРШІЛІКТЕР
МЕН ДАМЫҒАН ЦИВИЛИЗАЦИЯЛАР БАР.
ЦИОЛКОВСКИЙ ҒЫЛЫМ МЕН ТЕХНИКАНЫҢ МҮМКІНДІГІНЕ, АДАМНЫҢ КОСМОСТЫ
ТОЛЫҚ ИГЕРУІ МЕН БОЛАШАҚТАҒЫ ПЛАНЕТААРАЛЫҚ ЦИВИЛИЗАЦИЯЛАР ҚАТЫНАСЫНА
СЕНДІ
А.Л.Чижевский (1897-1964) - космостық биология туралы ерекше
философиялық жүйе жасады. Оған сәйкес, Жердегі биосфера, тіршіліктің дамуы
ішкі себептермен қатар сыртқы -космостық ықпалға байланысты.
Жер бетінде жүріп жатқан процестерге тікелей әсер етіп, биосфера тіршілігін
басқаратын - Күн, жануарлар тәртібі, толқындардың қозғалысы, әлеуметтік
катаклизмдер - соғыстар, төңкерістер - Күннің әсерінен. Кеңестік социалистік
республикалар одағында Чижевскийдің "Күнге табынушылық" философиясы
"ғылымнан алыс, дерексіз" деп жарияланып, философ қудалауға ұшырады.
ҒЫЛЫМИ-ЖАРАТЫЛЫСТЫҚ ФИЛОСОФИЯНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІ:
• И.М.СЕЧЕНОВ
• Д.И.МЕНДЕЛЕЕВ
• М.М.КОВАЛЕВСКИЙ
• К.А.ТИМИРЯЗЕВ
ҒЫЛЫМИ-ЖАРАТЫЛЫСТЫҚ ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ:
1. МАТЕРИАЛИСТІК
2. САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК
МАТЕРИАЛИСТІК БАҒЫТТЫҢ ӨКІЛДЕРІ: (СЕЧЕНОВ, МЕНДЕЛЕЕВ, ТИМИРЯЗЕВ) БОЛМЫСТЫ
ЖАРАТЫЛЫС ҒЫЛЫМДАРЫ (БИОЛОГИЯ, ХИМИЯ, ФИЗИКА, МЕДИЦИИА) ТҰРҒЫСЫНАН
ҚАРАСТЫРДЫ. ОЛАР ДҮНИЕНІҢ АТОМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫН, АТОМНЫҢ КҮРДЕЛІ ҚҰРЫЛЫМЫН
ЖӘНЕ ЗАТТАРДЫҢ КӨПТҮРЛІЛІГІ АТОМДАРДЫҢ ІШКІ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ҚИЮЛАСУЫНА
БАЙЛАНЫСТЫ ЕКЕНДІГІН ДӘЛЕЛДЕДІ (МЕНДЕЛЕЕВ). ОЛАР ТАНЫМ МҮМКІНДІКТЕРІН,
ТАНЫМ МЕХАНИЗМДЕРІН ЗЕРТТЕДІ ЖӘНЕ САНА ТУРАЛЫ МАТЕРИАЛИСТІК ТҮСІНІКТІ
ЖАҚТАДЫ.
САЯСИ-ӘЛЕУМЕТТІК БАҒЫТТЫҢ ӨКІЛДЕРІ:
• МЕЧНИКОВ
• М.М.КОВАЛЕВСКИЙ БОЛДЫ
ОЛАР ҚОҒАМДЫ ТАБИҒАТЫ КӨПФАКТОРЛЫ ТҰТАСТЫҚ, БІРБҮТІН КҰЫЛЫС РЕТІНДЕ
ҚАРАСТЫРЫП, ОҒАН ЫҚПАЛ ЕТЕТІН ФАКТОРЛАРДЫ (ГЕОГРАФИЯЛЫҚ, КЛИМАТТЫҚ,
ЭКОНОМИКАЛЫК Т.Б.) ЗЕРТТЕДІ. ҚОҒАМ ДАМУЫ, ОЛАРДЫҢ ПІРІНШЕ, ОБЪЕКТИВТІ
ЗАҢДАРҒА СӘЙКЕС ІСКЕ АСАДЫ.

КЕҢЕСТІК ФИЛОСОФИЯ
XX ҒАСЫРДЫҢ 20-ШЫ ЖЫЛДАРЫНАН 90-ШЫ ЖЫЛДАР БАСЫНА ДЕЙІНГІ ОРЫС
ФИЛОСОФИЯСЫ (КСРО-Ң БАСҚА ДА ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯСЫ СИЯҚТЫ)
КЕҢЕСТІК ФИЛОСОФИЯ АТЫМЕН ДАМЫДЫ.
КЕҢЕСТІК ФИЛОСОФИЯ МАТЕРИАЛИСТІК СИПАТТА БОЛДЫ, МАРКСТІК
ФИЛОСОФИЯНЫҢ (ДИАЛЕКТИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ МАТЕРИАЛИЗМ) ШЕҢБЕРІНДЕ
ДАМЫДЫ ЖӘНЕ ДОГМАҒА АЙНАЛДЫ.
КЕҢЕСТІК ФИЛОСОФИЯҒА В.И.ЛЕНИННІҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТВОРЧЕСТВОСЫ
ҮЛКЕН ЫҚПАЛ ЕТТІ. ЛЕНИН МАРКСТІК МАТЕРИАЛИСТІК ІЛІМДІ ДАМЫТТЫ ЖӘНЕ
ОНЫ РЕСЕЙ ЖАҒДАЙЫНА БЕЙІМДЕУГЕ ТЫРЫСТЫ.
КЕҢЕСТІК ФИЛОСОФИЯ ДАМУЫН 3 КЕЗЕҢГЕ ЖІКТЕУГЕ БОЛАДЫ:
1. 1917-1930 ЖЫЛДАР - РЕСМИ МАРКСИЗМ-ЛЕНИНИЗМ ҚЫСЫМЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ
ФИЛОСОФИЯ;
2. 1930-1950 ЖЫЛДАР — ФИЛОСОФИЯНЫҢ ТОЛЫҚ ИДЕОЛОГИЯЛАНДЫРЫЛЫП,
РЕСМИ БИЛІКТІҢ ҚЫЗМЕТШІСІНЕ АЙНАЛУЫ. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ СҰРАҚТАРҒА
И.В.СТАЛИН ПОЗИЦИЯСЫНЫҢ АНЫҚТАУШЫЛЫҚ РОЛІНІҢ КҮШЕЮІ;
3. 1950-1980 ЖЫЛДАР - ДЕРБЕС, ӨЗІНДІК, КЕҢЕСТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ ҚАЙТА ТУУЫ.
2. МАРКСИЗМ-ЛЕНИНИЗМГЕ ЖАҢА ТҮСІНДІРМЕ БЕРУ, "НАҒЫЗ МАРКС",
"НАҒЫЗ ЛЕНИНГЕ" ҚАЙТА ОРАЛУ
3. ТАНЫМ, САНА МӘСЕЛЕСІ
4. ИДЕАЛДЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ
5. МӘДЕНИЕТ МӘСЕЛЕСІ
6. ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МӘСЕЛЕСІ
КЕҢЕСТІК ФИЛОСОФИЯНЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІ:
• Н.И.БУХАРИН (САНА, ПСИХИКА МӘСЕЛЕСІ)
• А.БОГДАНОВ (ЖҮЙЕЛЕР ТЕОРИЯСЫ - «ТЕКТОЛОГИЯ»)
• А.Ф.ЛОСЕВ (АДАМ, ТАРИХ МӘСЕЛЕЛЕРІ)
• А.М.ДЕБОРИН (МАТЕРИАЛИЗМГЕ ТВОРЧЕСТВОЛЫҚ ТҮСІНІК)
• Л.ГУМИЛЕВ (ТАРИХ, ЭТНОГЕНЕЗ СҰРАҚТАРЫ)
• М.МАМАРДАШВИЛИ (АДАМ, МОРАЛЬ, АДАМГЕРШІЛІК МӘСЕЛЕСІ)
• В.АСМУС (КЕҢ АУҚЫМДЫ ЗЕРТТЕУЛЕР)
• Ю.ЛОТМАН (ҚОҒАМ, ФИЛОСОФИЯ, ТАРИХ)
КЕҢЕСТІК ӨКІМЕТ ОРНАҒАН КСРО-ДА ӨЗ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ІЗДЕНІСТЕРІН ЖАЛҒАСТЫРУ МҮМКІНДІГІ БОЛМАҒАН ФИЛОСОФТАРДЫҢ
ЭМИГРАЦИЯЛАНУЫ (1922 ЖЫЛ, "ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КЕМЕ") НӘТИЖЕСІНДЕ
ТҮРЛІ ЕЛДЕРДЕ "ШЕТЕЛДІК ОРЫС ФИЛОСОФИЯСЫ" ҚАЛЫПТАСТЫ.
КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІ:
• Д.С. МЕРЕЖКОВСКИЙ
• Н.А.БЕРДЯЕВ
• Л.И.ЖЕСТОВ
• П.А.СОРОКИН Т.Б.
ҚОРЫТЫНДЫ

Жалпы алғанда, бүгінгі ресейлік философтар
практика мен қазіргі заманғы ғылыми танымның
байланысын зерттеу үстінде. Сонымен қатар олар
материалистік диалектиака құрылымын бүтіндей
қарастыру мәселесін де өз алдарына қойып отыр.
Философия әрдайым дамыған және алға қарай да
дами бермек, ол еш уақытта бір орында тұрған
жоқ. Ол үнемі өткеннің тарихи фактірлерін,
бүгінгі күннің шындығын және болашақтың
қажеттерін ескере отырып дамуға тиіс. Және
солай болып та келеді. Оған ешбір күмән болуға
мүмкін емес.

Ұқсас жұмыстар
Кеңестік философтар және олардың көзқарастары, тұжырымдары
Орыс философиясы
Философия және мәдениет
Жалпы қазақ философиясы туралы тусінік жəне шығу тарихы
Қазақ философиясының өкілдері
Философия және Рухани жаңғыру
Орта ғасыр философиясы
Араб мұсылман философиясы
Ғылым философиясы
«Азаматтық, қазақстандық
Пәндер