Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасының өзге бағдарламалардан ерекшеліктері


Slide 1

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы

Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер енгізудің қажеттілігі. Қазіргі заманғы Қазақстандағы жаңа білім беру жүйесін қалыптастыру

ҚР Білім және ғылым министрлігі

Облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназия

Slide 2

Жоспар

ҚР Президентінің “Рухани жаңғыру” мақаласы

Білім берудегі үш тұғырлы тіл саясаты

Білім берудегі латын қарпіне көшу

Білім беру жүйесі туралы түсінік

Елбасының Ұстаз жалақысын көтеру тапсырмасы

Білім берудегі педагогикалық мониторинг жасау

Ұлттық тәрбие беру

Білім беру жүйесін ақпараттандыру

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты

Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің жаңашылдығы

12 жылдық білім беру

Оқыту технологиясы

Жоғары білім берудегі инновациялық процестердің қарқынды өрлеуі

Ұстаздарға қойылатын талаптар

Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технологиялар

Slide 3

Ұлттық тәрбие - рухани жаңғырудың негізі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Біз жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сінген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерді қайта түлетуіміз керек» деп айтылған. Біздің университеттің тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты: рухани дүниесі бай, денсаулығы мықты, азаматтылығы гуманизммен ұштасқан, инновациялық, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге қабілетті XXI ғасырға лайықты, тұлғаның патриоттық сана-сезімін қалыптастыру мен дамытуға жағдайлар жасау.

Slide 4

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жолдауында мұғалімдердің жалақысын 30-50 %-ға көбейтуді тапсырды

«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұғалім мәртебесін арттыру мақсатымен білім берудің жаңартылған мазмұнына көшкен ұстаздардың лауазымдық жалақысын 30 %-ға көбейтуді тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

Жаңартылған мазмұн дегеніміз - халықаралық стандарттарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары.

Мұндай жаңашылдық балаларға қажетті функционалдық сауаттылық пен сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дарытады.

Slide 5

Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады. К. Д. Ушинский.

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9 Slide 10 Slide 11

Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Халқына Жолдауында: “Тілдердің үштұғырлығы мәдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл әлемге халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар - қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі - жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі», - деген болатын. Қазір күлі әлем ортақ тіл - ағылшын тілінде ақпарат алмасады. Ақпараттар ағымы қарқынды дамыған сәтте көштен қалып қоймау керек. Мұғалімдер үшін ең басты мәселе бұл тіл деңгейі мен оқыту әдісінің орнықты болмауы. Яғни, толық жетілмеген немесе ізденіссіз жасалған әдіс бұл жерде қиындық туғызады. Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімдері тілді тез меңгеру үшін CLIL (Content and Language Integrating Learning) және “Team teaching” әдістерін қолдануға кеңес берді. CLIL - бұл кезде сабақ немесе сабақтың бір бөлігі тілді тез үйрену мақсатында өзге тілде өткізлетін арнайы әдіс.

Slide 12

Қазақстан Президенті бұл реформа басқа тілдердің дамуына нұқсан келтірмей, азаматтардың құқықтарын бұзбауға тиіс екеніне ерекше тоқталды. - Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі орыс тілді азаматтардың құқықтарын, орыс тілі мен басқа да тілдердің мүмкіндіктерін шектемейді. Орыс тілінің кирилл қарпінде қолданылуы өзгеріссіз қалады. Ол бұрынғыдай қызмет атқара беретін болады. Жаңа әліпбиге көшу қазақ тілін меңгеруді жеңілдетеді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы латын қарпіне көшу күрделі үдеріс екенін, сондай-ақ оның мақсаты тілімізді дамыту және оны әлемдік ақпараттық кеңістікке шығару үшін жағдай жасау болып табылатынын атап өтті. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы жаңа әліпбиді білім беру жүйесіне енгізу үшін мұғалімдер мен әдістемелік базаны дайындау қажеттігін айтып, Үкіметке оны кезең-кезеңімен енгізу жөніндегі жоспар әзірлеуді тапсырды. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиін реформалауға қолдау білдіріп, оны іске асыруға белсенді атсалысқан барша қазақстандықтарға, ғалымдар мен тілтанушыларға алғыс айтты.

Slide 13

№ 1 Білім беру жүйесі

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Slide 14

«Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «Білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары. Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек. Барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет»

Елбасы Н. Ә. Назарбаев

№ 2

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп - үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі - педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті. Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.

Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.

Slide 15

Бүгінгі заман талабы білім беру жүйесінің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Өркендеп бара жатқан əлемдік мəдениетпен иық теңестіре алатын ел болу үшін ұлттық рухтағы қағидалары мен əлемдік білім беру технологияларын ұштастыра қолдану қажеттігі туындап отыр. Қазіргі білім берудің стратегиялық мақсаты өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен əрекет етуге қабілетті, барлық істе сауатты (іскер) тұлғаны тəрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен күнге басты талапқа айналып, осы əдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді.

Мəдениетті қоғамның қазіргі кезеңі ақпараттандыру үрдісімен сипатталады. Қоғамды ақпараттандыру дегеніміз - глобалды əлеуметтік процесс. Қазіргі қоғамды ақпараттандыру үрдісінің бағыттарының бірі білім беруді ақпараттандыру болып табылады. Білім беруді ақпараттандыру - бұл білім беру ортасын оқытудың, тəрбиенің психологиялық-педагогикалық мақсаттарына бағытталған ақпараттық технологияларды қолайлы пайдалану мен өңдеу тəжірибесімен жəне əдістемесімен қамтамасыз ету процесі.

Əлемдегі технологиялық даму тұрақты технологиялық жаңару есебінен қоғамның дамуы деп түсіндіріледі. Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам оның мүшелерінің ақпараттық технологияларды қолдануға дайын болуларын талап етеді.

Білім мен техниканың дамуымен жаңа технологиялар пайда болды, мысалы, орасан зор оқыту ресурстары бар электрондық, ақпараттық. Сол кезде пайда болатын сапалық өзгерістер үйреншікті оқыту процесі дəстүрлі əдістемелермен, оқыту құралдарымен жəне сонымен бірге оқытушының жеке қабілеттерімен шектелмейтінін көрсетеді. Жаңа техникалық, ақпараттық, полиграфиялық, аудиовизуалды құралдар пайда болып жатыр. Ол құралдардың білім беру процесіне белгілі бір өзгешеліктерді енгізе отырып, сол процестің ажыратылмайтын компоненттері болатын өзіндік əдістемелері бар.

№ 3 Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологиялар

Slide 16

Білім беру үрдісіндегі жаңа ақпараттық технологиялар

Slide 17

«E-learning» электрондық оқыту

Мақсаты:

Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Міндеті:

Оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау.

Нысаналы индикатор:

Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады (2015 жылы - 50 %, 2020 жылы - 90 %) .

Білім беру менеджменті

Мақсаты:

Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру.

Міндеттері:

1. Білім берудегі менеджментті жетілдіру, оның ішінде корпоративтік басқару принциптерін енгізу, білім беруде мемлекеттік-жеке әріптестік жүйесін қалыптастыру.

2. Білім беруді дамытудың мониторинг жүйесін жетілдіру, оның ішінде халықаралық талаптарды ескере отырып, ұлттық білім статистикасын құру.

Slide 18

Инклюзивті білім жүйесін дамыту

2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін:

мүмкіндіктері шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары;

мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортада біріктіріп оқыту ережесі әзірленеді, түрлі кемістігі бар балалар үшін бірігу нысандары анықталады;

мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастыру қағидалары әзірленеді.

2020 жылға қарай мектептерде мүгедек балалар үшін көтергіш жабдықтар, пандустар, санитарлық бөлмелерде арнайы құралдар орнату, тұтқалармен, арнайы парталармен, үстелдермен және басқа да арнайы компенсаторлық құралдармен жарақтандыру арқылы «кедергісіз аймақтар» құрылады.

3030 мектепте мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуға және тәрбиелеуге тең қол жеткізу үшін жағдайлар жасалады (мектептерде педагог-дефектологтардың, балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің, арнайы жеке техникалық және компенсаторлық құралдардың болуы) .

Slide 19

Мектептегі тамақтану

2011 жылдан бастап облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім беру органдарының жанынан мектепте тамақтануды ұйымдастырудың, оның ішінде білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің тамақтану сапасы мен қауіпсіздігінің мониторингі бойынша ведомствоаралық сарапшы топтар құрылады.

Мектеп оқушыларын тегін тамақтанумен қамту көрсеткіші барлық деңгейдегі әкімдер рейтингін бағалауға енгізіледі: 2012 жылы - табысы аз отбасылардан шыққан оқушыларға, 2020 жылы - бастауыш және мектепалды сыныптар оқушыларына.

2015 жылға қарай табысы аз отбасы оқушыларының 100 %-ы және 2020 жылға қарай мектептердің бастауыш және мектепалды сыныптар оқушыларының 100 %-ы ыстық дәрумендірілген тамақпен тегін қамтамасыз етіледі.

2020 жылға қарай орта жалпы білім беретін ауыл мектептерінің 100 %-ында күрделі жөндеуден өткен және жаңа жабдықтармен жарақтандырылған толық кезеңдік асхана жұмыс істейтін болады.

2020 жылға қарай мектептің барлық оқушысы мектептерде стационарлық су тазартқыштар, спенсерлер, диспенсерлер және басқа да құралдар орнату арқылы экологиялық таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

"Жаманнан жарты қасық ас қалар". Десе де ата-аналар мектептегі тамақтың 60-70 пайызының тіпті мал екеш мал жемейтіндей дәмсіз деп шулап жатады. Бәріне бірдей топырақ шашпасақ та, дауға ұласқан оқиғалар көп. Неге? Тағамның сапалы пісірілуін кім қадағалайды? Қабылданған қаулыға сай мектептегі ас мәзірі қандай болу керек?

Елімізде мектеп жасындағы балалар арасында ас қорыту жүйесі ауруларының көбейгеніне назар аударған жөн. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 21, 5 пайызы, яғни әрбір бесінші жас жеткіншек артық салмақтың зардабын тартып отыр. Оның бәрі дұрыс тамақтанбағаннан туындап отырған мәселе екенін мамандар алға тартады.

Сондай-ақ, мектепте тағам рационы бойынша бірыңғай стандарттың енгізілгеніне екі жыл болса да, ол туралы оқушы түгілі ата-ана білмейді. Төрт апталық ас мәзірі туралы не білеміз? Іздедік. Таптық. Әуелі өзгерістерді шолып өтейік.

Батыс Қазақстан, Атырау, Астана қалаларының бастауыш сынып оқушылары тегін тамақтана алады. Ата-ана баласының қандай тағам жегенін біліп отырады.

Slide 20

Өмір бойы оқу

Мақсаты:

Өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

Міндеті:

Баршаға арналған білім, өмір бойы білім алу үшін жағдай жасау.

Нысаналы индикатор:

Барлық жастағылар үшін білім берудің әртүрлі нысандары мен типтерін енгізу.


Ұқсас жұмыстар
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын пайдалану
Проблемалық оқыту және сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Сыни тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
ОҚЫТУ ТҰЖЫРЫМ
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын бастауышта пайдаланудың қазіргі жағдайы
Оқу бағдарламасы
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы және оның стратегиялары
Ойлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz