Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру



Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан
1946-1950 ж. ж.

Соғыстан кейін республика экономикасын қайта құру
II дүниежүзілік соғыс КСРО шаруашылығына өте көп зиян әкелді.
Кеңес одағы 679 миллиард сом материалдық зиян шекті. Басқыншылардың КСРО халық шаруашылығына
жасаған жалпы зияны - 2 триллион 569 миллиард сом болды.
1710 қала, 70 мыңнан астам селолар мен деревнялар, 32 мың өнеркәсіп орындары, 65 мың км темір жол қиратылды, 4 мың темір жол станциясы толық немесе ішінара
талқандалды.
2 млн. адам қираған үйде тұруға мәжбүр болды.
Киев, Ленинград, Станиград, Минск т. б. қалалардың көп бөлігі талқандалды .
Соғыстан кейін қираған экономиканы, халық шаруашылығын қалпына келтіру Кенес үкіметінің алдында тұрған басты міндет болды. Бұл бағытта ең алдымен жұмыс
күшінің жетіспеуі кедергі жасады. Өндірістегі жұмыс қолының жетіспеуін толықтыру мақсатында 11 млн. 365 мың адамдық Кенес Армиясы қатарынан 8 млн. 500 мың адам босатылды.

Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу
шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше
көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл
өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені
Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып,
негізгі күш осы салаға жұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін
арттыру бағыты қосылды. Қазақстан Кеңес Одағының әскери-енеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды.

Төртінші бесжылдық (1946-1950ж. ж. ) негізінде:
Соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіруге;
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсуіне;
Қазақстан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр өнеркәсіпті қалпына келтіріп, тез дамыту;
Женіл тамақ және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету;
Халықтың материалдық қажеттерін қанағаттандыру ісі маңызды мәселе болып саналды.
Халық шаруашылығы мен мәдениетті дамытуға мән берілді.
Ауыр өнеркәсіпке, темір жол желісін салуға;
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімін арттыруға қаржы бөлінді.
Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы одақ бойынша үшінші орында болды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылғымен салыстырғанда 40%-ға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2, 2 есе артатын болды.

Төртінші бесжылдық құрылыстары
Бұрын соғысқа қажет өнімдер шығарған өнеркәсіп орындары бейбіт тұрмыс өнімдерін шығару үшін қайта құрылды.
Болат прокаты, қара және түсті металлургия, тау-кен және көмір өнеркәсібі үшін қолдан жасалған талшық өндіру жүзеге асырылды.
Теміртау металлургиялық және Актөбе ферроқорытпа заводының жұмысы қарқынды жүргізіле бастады.
Өскеменде қорғасын-мырыш (1947 ж. ) комбинаты салынды.
Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру жұмыстары жүргізілді.
Екібастұзда көмір өңдіру дамыды
Республикада көмір өндіру қарқынды дамыды. 50 ж. қарай Екібастүз бассейнінің калың қабаттарынан көмір ендіріле бастады.
Маңғыстауда жаңа мұнай кәсіпшіліктері салынды.
1950 жылы мұнай өндіру 52 %- ға артты. 50-жылдардың басында республикадағы кәсіпорын саны - 65 болды. Бесжылдық қортындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2, 3 есе, оның ішінде көмір шығару 2, 5 мұнай - 1, 5 газ- 1, 9 электр құатын өндіру 4, 1 есе артты.

1946 жылы Қазақ КСР Ғылым Академиясы
ашылды, оның ұйымдастырушысы әрі тұңғыш
президенті Қ. Сәтпаев болды. 1950 жылдың соңында Қазақ КСРның Ғылым
Академиясы жүйесінде 19 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істеді.
Маңызды оқиға

Ауыл шаруашылығы
Соғыстан әлсіреп шыққан еліміздің ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жолында көптеген кедергілер кездесті. Олар:
ауыл шаруашылық техникасының жетіспеуі;
жұмыс күшінің аздығы;
әміршіл-әкімшіл жүйенің ықпалы;
экономикалық заңдармен есептеспеу т. б.
1946 жылғы 16 қыркүйекте ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайды жою туралы қаулы қабылданды. Қаулыға сәйкес савхоздар мен колхоздардың бұрынғы зардаптарын жою басталды. Ауыл шаруашылығын жаңа техникамен қамтамасыз ету үшін мемлекет арнайы қаражат бөлді.
Төртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан ауыл шаруашылығында 50683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шөп шабатын және басқа машиналар болды. 1950 жылы еліміздегі колхоздарда 76% МТС-тер жұмыс істейді.
Колхоздарды ірілендіру шаралары іске асырыла бастады.
1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электірлендіру жорығы басталды. Сөйтіп, төртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталығы электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2, 8 есе өсті.

Республикадағы егіс көлемі бір миллион гектардан аса ұлғайды. Ауыл шаруашылық дақылдарының шығымдылығы артты. 1950 жылы астықтың жалпы түсімі 47654 центнерге жетіп, соғыстан бұрынғы дәрежесінен 89%-ға асып түсті.
Ірі қара малдың, қой мен жылқының жаңа тұқымдары өсіп жетілді. Малдың жалпы саны өсті: ірі қара мал 27% қой мен ешкі 70%, жылқы 71% -ға көбейіп, шошқа 2, 7 есе артты. Дегенмен, ауыл шаруашылығын өркендетуде елеулі қиыншылықтар болды.
1946 жылы қуаншылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек - өнімділігі төмен еді.
Ауыл шаруашалық жарғысын бұзушылық етек алды. Колхозшыларға еңбек күнгеөнім өте аз мөлшерде бөлінді. Олардың еңбекке ынталылығы төмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Жергілікті жағдаймен есептеспей, жоғарыдан жоспарлап, аппарат тарапынан бұйрық беріліп отырды. «Әскери коммунизм» кезеңінің азық-түлік салғырты саясаты жалғастырылды.

Соғыстың зардабы мәдениет саласының дамуында да үлкен қиыншылық тудырды. Республиканың интеллигенция өкілдері, мәдениет қайраткерлерінің соғысқа алынуы, мәдени мекемелер, оқу орындары мен мектептердің санының азаюы елдің мәдени даму үрдісіне кедергі келдірді. Аталған кезеңде дүниеге келген шығармаларда тек майданда ерлік көрсеткен жауынгерлер мен ауыл еңбеккерлерінің өмірі бейнеленді:
С. Мұқанов - "Сырдария"
Ғ. Мұстафин - "Миллионер", "Шығанақ", "Қарағанды"
Ғ. Мүсірепов - "Қазақ солдаты", "Оянған өлке"
Ә. Нұрпейісов - "Күткен күн"
М. Иманжанов - "Алғашқы айлар"
А. Тоқмағамбетов, Т. Жароков, Ғ. Орманов, Ә. Тәжібаев, Қ. Бекхожин - өлең-жырлары.
М. Әуезов - "Абай жолы" II томы(1947ж. )
Ғ. Сланов - "Кең өріс"
Х. Есенжанов - "Ақ жайық"
және т. б.
Ғылым және Мәдениет
Текст слайда

Халықтың әлеуметтік жағдайы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz