Тұлғаның қалыптасуы және дамуы




Презентация қосу
Сайрам медициналық колледжі

Тұлғаның қалыптасуы және дамуы

Стом 11-17 «А» Аман Бақытжан

Шымкент – 2019ж
Тұлғаның қалыптасуының жасқа байланысты сатылары:
сәби, ерте балалық шақ, мектепке дейінгі, ерте мектеп
жасы, жасөспірім, ерте кезеңгі жастық шақ
Жеке тұлға адамның қоғамдық, тарихи нақтылы
жағдайында,оны оқыту мен тәрбиелеуде қалыптасады.
Психология тарихын бүл мәселені шешуде екі бағыт
қалыптасты: биогенетикалық және социогенетикалық.
Биогенетикалық бағытта жеке тұлғаның дамуы
биологиялы тұқым қуалау факторымен анықталады.
Сондықтан да жеке тұлғаның дамуы спонтандық (өз
еркімен) сипатта болады. Биогенетиктердің айтуынша
адам табиғатынан эмоциялық реакция жүруінің кейбір
ерекшеліктеріне бейімділік аңғартып қана қоймайды,
сонымен қатар оларға белгілі түрткіле;
жиынтығына бейімдік береді.
Адамдарда табиғатынан психикалық іс-әрекетінің түрлері
бағдарламаланып қана қоймайды, сонымен қатар оның мазмұны,
психикалық даму кезеңдері және оның пайда болу тәртібі алдын
ала анықталады. Биогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаны
өзініңбелсенділігінен айырылған биологиялық факторлардың
әрекететуінің жемісі ретінде қарастырады.
Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның
дамуықоршаған әлеуметтік ортаның тікелей ықпалының
нәтижесіретінде қарастырылады. Социогенетиктер биогенетиктер
сияқтыдаму үстіндегі адамның өзіндік белсенділігін жоққа
шығарады, оған селқос рөл беріледі, тек қоршаған ортаға
бейімдеушілік қызметін ескереді.
Сонымен, биогенетикалық және социогенетикалық
тұжырымдамаларды да жеке тұлғаның даму заңдылықтарын
түсіндіруге негіз етіп алуға болмайды. Биогенетикалық бағыт та,
социогенетикалық бағыт та психикалық дамудың
қозғаушыкүштерін анықтауға қабілетті емес.
• Социогенетикалық көзқарас бойынша жеке тұлғаның
дамуықоршаған әлеуметтік ортаның тікелей
ықпалының нәтижесіретінде қарастырылады.
Социогенетиктер биогенетиктер сияқтыдаму үстіндегі
адамның өзіндік белсенділігін жоққа шығарады, оған
селқос рөл беріледі, тек қоршаған ортаға бейімдеушілік
қызметін ескереді.
• Сонымен, биогенетикалық және социогенетикалық
тұжырымдамаларды да жеке тұлғаның даму
заңдылықтарын түсіндіруге негіз етіп алуға болмайды.
Биогенетикалық бағыт та, социогенетикалық бағыт та
психикалық дамудың қозғаушыкүштерін анықтауға
қабілетті емес.
• Балалар психикасының дамуын кезеңдерін ғылыми
тұрғыдан топтастыру.Баланың ақыл-ойының өріс алуы
тек білімге тәуелді емес.
• Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол
кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептер:
үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың
өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық
"дағдарыс" жиі кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы
процестерді зерттеп жасөспірімдер жасын мына
кезеңдерге бөледі:
• Туғаннан 1жасқа дейін - нәресте (сәби)жасы. Бұл кезең әр нәрсені сезуден
және қозғалудан (еңбектеу т.б.) тұрады.
• 1-ден 3-ке дейін ерте балалық шақ.Бұл кезде баланың тілі шығып, әсіресе
тілдің лексикасы мен грамматикалық ережелерін меңгере бастайды.
• 3-тен 7-ге дейін мектепке дейінгі жас.Баланың қимыл-қозғалысы ойын
үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті жөнінен өріс алады.
• 7-ден 11-ге дейін - ерте мектеп жасы.Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті
үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып дамиды.
• 11-16 дейін орта сыныптағылар, яғни жеткіншек жасы. Оқытудың
ықпалынан бұл жаста баланың ой-өрісі мен қиял кеңінен өріс алады. Бұл
жастарда балалар биологиялық (жыныс т.б.) жағынан үлкен өзгерістерге
үшырайтындықтан, осы жас кезеңі ерекше сипатталынады. Жеткіншек -
балалық кез бен ересек жасының көзқарасы болып есептеледі.
• 16-18 дейін аға сыныптар, яғни ересектер жасы(ерте кезеңгі жастық шақ).
Жастың бұл кезеңін кейбір зерттеушілер 19- 20 жасқа дейін апарады.
Себебі 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас
жастары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында
кездеседі. Бірақ ересек жаста "балалық" қасиеттер бірте-бірте азая
бастайды.
Жеткіншек шақ.Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта
мектептің Ү-УІІІ сыныбына сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа
дейінгі аралықты қамтиды. Жеткіншектік кезеңнің бала дамуындағы
ерекше орны оның "етпелі", "бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең
деген атауларында бейнеленген. Бұл - ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба
жас. Жеткіншектің жеке басыдамуының аса маңызды факторы - оның
өзінің ауқым әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі бір үлгілер мен
игіліктердіигеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-қатынас
орнатуғабағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы
адамныңжеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін
қолданып,қалыптасуының жалпы бағытының белгіленуі. Бұл кезеңдегі
дамудағы биологиялық және әлеуметтік жағдайлардың рөлі туралы
теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері болып
келедЖеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық армандардың
орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескерге отырып,
ол туралы ойлану басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға
ұмтылатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауымыз қажеті.
Жасөспірім шақ (15-17 жас)
Жасөспірімдік кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік
шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың ересектерге
тәуелділігімен сипатталады, ересектер баланың өмірлік іс-әрекетін
мазмұны мен бағытын белгілейді.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері - мамандық
таңдау, еңбек пен қоғамдық-саяси қызметке даярлану,
некелесуге, өз отбасын құруға әзірлену. Өзара байланысты бұл
міндеттердің жүзеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді.
Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа қарай қалыптасып
болады. Сондықтан оның бала кездегідей шапшаң өсуі
байқалмайды, алайда ол одан әрі жетіле береді. Жасөспірімдік
шақ - жеке адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын
кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы мен сырт
келбетіндегі үлкен өзгерістер, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі
байқалады. Сондықтан жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді.
Жасөспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-жақты ашуға
құштарлық тән.
Бұл кезеңде сезім, достық қарым-қатынастар дамиды. Мысалы: ғашықтық, өзара
сенім, қайырымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әрекеттерін бірігіп
орындау, жолдасының кемшілігін айтып, жоюға көмектесу.
Біз 16-18 жастың арасын ерте кезеңгі жастықшақдеп атасақ та осылар қазіргі кезде
үлкендермен салыстырғанда, түгелдей тең келеді деуге болмайды. Себебі ересек
деп отырғанымыз жеткіншектен едәуір басым келгенімен, әлі де бала мен
үлкендердің екі арасында. Тіпті студент жасындағылардың көбі қазір де ата-
анасының мойнында. Сондықтан, біз тек материалдық жағын айтып отырған
жоқпыз. Есею жөнінде әңгіме етіп отырмыз. Есею деген түсінікке тек дене күші не
ақыл – ой байлығы ғана жатпайды, бұған жасөспірімнің өзгелерменқатынасының
тиісті мөлшерде болуы, қиын жағдайда өздігіненшешімге келе алуы,
қиыншылықтардан бас тартпауы т.б. жатады. Бұл қасиеттер әлеуметтік орта жемісі.
Ересек оқушының жеткіншек жастағыларға қараға жауапкершілігі ұлғаяды.
Ересектердің денесінің дамуына келсек, жеткіншек жасындағыдай бойының тез
өсуі тоқтала бастайды. Әсіресе бойының есуі тоқталады, бірақ кеудесі, қолы мен
аяғыныңбұлшық еттері, шеміршектері, мойны т.б. азды-көпті әлі өсетінболады.
Қыздардың бойы 17 жасқа, ұлдар 18 жасқа дейін өседі.Ересектердің физиологиялық
даму жағынан пісуін алсақ, ол тиісті органдарда әртүрлі болады. Ересек жасына
орайпсихиканың дамуында кездесетін ерекшеліктер (не болса соғанашулану, күйіп-
пісу т.б.)
Назарларыңызға рахмет

Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның қалыптасуы
Тұлға əлеуметтенуінің негізгі мақсатына
Тұлғаны бағдарлы оқытудағы психологиялық қолдау
Тәрбиенің мақсаты
Мәдениет және жеке тұлға
Педагогика - Тәрбие туралы ғылым
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ТӘРБИЕСІ, ҚАЛЫПТАСУЫ
Тұлғаның танымдық іс-әрекетін қарым – қатынас арқылы дамыту
Педагогика, жеке тұлға
Оқушылардын дамуының жас кезеңдері
Пәндер