Табиғи ресурстар: жіктелуі, сарқылуы және ұтымды пайдалану


Slide 1

Табиғат ресурстары және

оларды ұтымды

пайдалану

Орындаған:Коныртай Айымжан, Ю-18-3 оқу тобы

Қабылдаған оқытушы:Шарипова Ақмарал

Slide 2

Табиғат ресурстарына адам пайдаланатын және материалдық игіліктерді жасау үшін қолданылатын табиғат объектілері жатады.

Ресурстардың жіктелуі. Табиғат ресурстарын бінеше белгілері бойынша жіктейді. Олар атмосфералық су, өсімдіктер, жануарлар, топырақ, қазба байлықтар, энергетикалық және т. б. болып табылады. Ең жиі қолданылатын жіктелу ресурстардың сарқылу жылдамдығы немесе қалпына келуіне байланысты

Slide 3 Slide 4

Сарқылуына байланысты табиғат ресурстарының жіктелуі

Slide 5

Сарқылатын ресурстарға жақын кезеңде немесе болашақта қорының сарқылу қаупі төніп тұрған заттар жатады. Бұларға ең алдымен қазба байлықтар мен тірі табиғат ресурстары жатады. Ресурстардың сарқылу салыстырмалы ұғым.

Сарқылмайтын ресурстарға шексіз ұзақ уақыт пайдалануға болатын ресурстар жатады. Мысалы, күн энергиясы, жел, теңіздің толуы мен қайту энергиялары. Бұл жағдайда да сарқылмайтын ұғымы мен салыстырмалы түрде айтылады. Себебі, әрбір ресурс үшін пайдаланудың шегі болады. Мысалы, белгілі бір мөлшерден артық күн энергиясын пайдалану жер маңындағы кеңістік температурасының артуына әкеліп, термодинамикалық дағдарысты туғызуы мүмкін.

Slide 6

Табиғи ресурстар басқа да жолдармен жіктеледі:

☼қол жетерлікке байланысты іске асатын немесе нақтылы және потенциалды;

♦пайда болуына байланысты табиғи және антропогенді;

☺химиялық табиғатына байланысты органикалық және минералдық;

◊көздері мен орналасуына байланысты жер, су, кен, өсімдіктер, орман;

○қолдану міндетіне өнеркәсіптік, ғылыми, эстетикалық, рекреациялық;

□пайдалану өрісіне байланысты энергетикалық, шикізат, тамақ.

Slide 7

Ресурстардың ішінен судың орны ерекше. Су ластану нәтижесінде уақытша(сапалық жағынан) сарқылады, бірақ сандық жағынан сарқылмайтын ресурс. Жердегі су қорының мөлшері өзгермейді, ал оның жеке сфералары (мұхит, құрылық, атмосфера) немесе түрлері (сұйық, қатты, бу тәрізді) арасында таралуы әр түрлі болуы мүмкін.

Slide 8

Табиғи ресурстардың сапасы мен санына әрбір елдің экономика деңгейі мен дамуы көптен-көп тәуелді. Сондықтан табиғи ресурстарды қорғау және оларды тиімді пайдалану қоршаған ортаны қорғау жүйесінде маңызды орын алып отыр.

Slide 9

Адамның табиғатты пайдалануының төрт форматы бар:

- өмірді қамтамасыз етуші -шаруашылық-экономикалық -денсаулықсақтаушы - мәдениеттік.

Slide 10

Табиғатты пайдаланудың екі түрі бар:

жалпы арнайы

Жалпы табиғатты пандалану арнайы рұқсат сұрауды қажет етпейді (мысалы: суды, ауаны пандалану) .

Арнайы табиғатты пайдалану жеке және заңды тұлғалар сенім берілген мекеме органдардан алған рұқсат негізінде жүзеге асырылады.

Slide 11

Қоршаған ортаның ластануы дегенде біз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттар концентрациясынң (химиялық, биологиялық, физикалық) артуын, соның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.

Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі:

●шығу тегі бойынша;

●пайда болу кезіне байланысты;

●әсер ететін ауқымына байланысты;

●қоршаған ортаның элементері бойынша;

●әсер ететін жеріне байланысты;

●әсер ету сипатына байланысты;

●әсер етудің периодтылығына байланысты;

●тұрақтылық дәрежесі бойынша.

Slide 12

Назарларыңызға

рахмет!!!


Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану
Табиғи ресурстарды мониторингі: қорғау және ұтымды пайдалану мәселелері
Табиғи ресурстар: түрлері, қорлары және тиімді пайдалану
Табиғи ресурстар: түрлері, сарқылу мәселелері және тұрақты пайдалану қағидалары
Табиғи ресурстар: жіктелуі, тиімді пайдаланылуы және тұрақты даму
Табиғи қорлардың жіктелуі: сарқылатын және сарқылмайтын ресурстар
Табиғи ресурстардың түрлері, сарқылуы және тұрақты пайдаланудың маңызы
Қазақстанның табиғи ресурстары және олардың ұтымды пайдалануы
Литосфера, гидросфера және атмосфера: табиғи ресурстар мен олардың өндірістік пайдалану мәселелері
Экологиялық білім беру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және табиғатты ұтымды пайдалану: этикалық, құқықтық және ғылыми негіздер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz