Марқакөл қорығы


Slide 1

“Марқакөл қорығы”

Дайындаған: Қарабеков Бақдәулет

Тексерген: Құспанова Айкүн

Алматы 2013 жыл

Slide 2

Марқакөл қорығы

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан. Ол солтүстігінде Күршім, оңтүстігінде Азутау жоталарының арасында орналасқан Алтайға тән тектоникалық ойпатты алып жатыр. Көл 1 449, 3 метрлік абсолюттік биіктікте жатыр. Ең биік нүктесі - 3304, 5 метр (Ақсу-Бас тауы) .

Slide 3 Slide 4 Slide 5

Климаты

Марқакөлдің табиғат жағдайы жылдың төрт мезгілінде түрліше өзгеріп отырады. Қалыпты климаты континентті, бірақ қысы қатаң, алжазы жай ғана жылы болып келеді. Марқакөл Қазақстанның ең суық аймағы болып табылады. Бұл жерде қыс мезгіліндегі ең төменгі температура -55 градусқа (Орловка елді мекенінде) жетеді. Осы көлде Оңтүстік Алтайдағы ең төменгі ауа температурасы (-4. 1 градус) тіркелген. Шілде айының орташа төменгі ауа температурасы 14. 1 градус болса, ал қаңтар айындағы орташа ауа температурасы 25. 9 градус болып табылады. Көп жағдайда жаз мезгіліндегі ауа температурасы 29 градусқа дейін көтеріледі, ал қыс мезгілінде -40-44 градусқа дейін, кей кездері -53 градусқа дейін төмендейді.

Slide 6 Slide 7

Флорасы мен фаунасы

Жағалауын қайың, қарағай, шырша өскен орманды алқап алып жатыр. Балыққа бай (табан, сазан, аққайран, хариус, майқан, қарабалық, мөңке балық, т. б. ), зоопланктонның 60 түрі кездеседі. Құстың ондаған түрі мекендейді. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді және басқаларын көруге болады. Мұнда Марқакөл қорығы ұйымдастырылған.

Slide 8

Бассейні

Көлге 100-ге жуық шағын өзендер мен бұлақтар келіп құяды, бірақ одан бір ғана Қалжыр өзені бастау алады. Көлге құятын өзендердің ірілері - Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал, т. б. Жағасының оңтүстік жағы тік құлама жартасты, ал шағын өзен-жылғалар құятын тұстары батпақты.

Slide 9

Су қүрамы

Қазан - мамыр айлары аралығында көл қатады. Суы тұщы, мөлдір, минералдылығы 0, 07 г/л, құрамында: йод, фтор, бром, т. б. бар.

Slide 10

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы Оңтүстік Алтайдың табиғат кешенін, сондай- ақ бірегей альпі өзені Марқакөл көлін табиғи қалпында сақтау мақсатында құрылған. Марқакөл- Алтайдың ірі су қоймасы. Көл созылған сопақша формалы, солтүстік шығыстан оңтүстік батысқа қарай созылып жатыр. Су жинайтын бассейнінің көлемі 1180 кв. км құрайды. Көлдің ұзындығы- 106 км, ені- 6-19 км, ауданы- 455 кв. км, жағалауының ұзындығы- 106 км, көлдің орташа тереңдігі- 14, 3 метр, максималды тереңдігі- 24-27 метр. Көлдің шарасында 6, 5 кубометр су жиналған.

Slide 11 Slide 12

- Физикалық- географиялық сипаттамасы (табиғи аймағы, климаты, гидрологиясы, негізгі ландшафттары, геологиясы, топырағы) :

Қорық Оңтүстік Сібір тауларының құрамына кіретін Оңтүстік Алтай тауларының шегінде орналасқан. Таулармен және Орта Азияның шөлді және жартылай шөлді аймақтарымен, Қазақ даласымен және орманды даламен шекаралас орналасқан Марқакөл көлі үнемі олардың әсерін сезінеді және олардың әрқайсысының өзіне тән табиғаты қорықтың табиғатында да өз көрінісін тапқан.

Табиғи жағдайы:

Slide 13 Slide 14

Марқакөл көлін осы аймақтың інжу-маржаны деп атауға болады. Сарқырамада орналасқан ол оңтүстігінде Күшім тауымен, солтүстігінде Азутау тауымен шектеледі. Көлдің ұзындығы 38км, ені 19 км және тереңдігі 27м. Оған 27 өзен құяды, тек Қалжыр өзені ғана көлден ағып шығады. Марқакөл суы мұнтаздай таза және жұмсақ болғанымен балыққа бай. Марқакөл көлі Қазақстандағы осы балық түрлерінің отаны деуге әбден болады. Жартасты тауларда негізінен жапырақты және шыршалы ағаштар өседі. Көркем жартасты таулардың көп бөлігі май қарағай орманына толы. Биік таулардың баурайы медициналық дәрулік қасиеті бар шөпке бай (алтын және марал түбірі, бергиния, т. б. ) . Фаунасы түрлі және мол. Ағаштар арасынан қоңыр аюларды, бұғыларды, түлкілерді, жабайы мысықтарды, маралдарды, құндыздарды, бүркітті, сирек кездесетін қызыл қасқыр, қара ләйлектерді, сұрғылт шағалаларды және басқаларын көруге болады.

Slide 15

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығы аумағында 5 биіктік өсімдік белдемі байқалады: 1. Шалғынды дала 2. Таулы- тайгалы 3. Субальпілік 4. Биік таулы 5. Егіндік

Slide 16 Slide 17 Slide 18 Slide 19

Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының жануарлар дүниесі де әртүрлілігімен ерекшеленеді. Әсіресе қазіргі кезде де аз зерттелігендердің қатарында қалып отырған омыртқасыздар әлемі сан алуан. Қорықта сирек кездесетін әдемі көбелектер- аполондар және махаондар, сондай- ақ алқызыл көбелек, ақкөбелек, ошаған көбелегі, қалақай көбелегі, қарала көбелек, көккөбелек, перламутрлы көбелектер және басқалары кездеседі.

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Марқакөл көлі
Қазақстан Республиккасындағы қорықшалар
Қазақстанның қорықтары
Табиғат ескерткіштері
Наурызым ормандары
Жануарлар дүниесін қорғау
Марқакөл қорығы туралы
Ақсу - Жабағалы қорығы
МАРҚАКӨЛ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҒЫ
ӨСІМДІКТЕР ЭКОЛОГИЯСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz