Энергиямен жабдықтау шартының негізгі ережелері: құқықтар, міндеттер және төлем тәртібі


Slide 1

Энергиямен жабдықтау

Шарты

Slide 2

Энергиямен жабдықтау ол:

*Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке (тұтынушыға) жалғанған желi арқылы энергия беруге мiндеттенедi, ал абонент алынған энергия үшiн ақы төлеуге, сондай-ақ оны тұтынудың шартта көзделген режимiн сақтауға, өзiнiң қарауындағы энергетика желiлерiн пайдалану қауіпсіздігін және энергияны тұтынуға байланысты пайдаланылатын аспаптар мен жабдықтардың ақаусыздығын қамтамасыз етуге мiндеттенедi.

Slide 3

Энегриямен жабдықтау шартын жасау

*Энергиямен жабдықтау шарты Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жасалады.

*Энергиямен жабдықтау шарты абоненттің алғаш рет жалғанған желіге қосылған кезде ғана өз күшіне йе болады.

Slide 4

Энергия мөлшерi

*Энергиямен жабдықтаушы ұйым шартта көзделген мөлшерде және тараптар келiскен энергия беру режимiн сақтай отырып, абонентке жалғанған желі арқылы энергия беруге мiндеттi. Энергиямен жабдықтаушы ұйым берген және абонент қабылдаған энергияның мөлшерi оның нақты тұтынылуы туралы есеп деректерiне сәйкес анықталады.

*Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланатын азамат абонент болған жағдайларда ол энергияны өзiне қажеттi мөлшерде пайдалануға құқылы. Энергиямен жабдықтаушы ұйым берген және абонент алған энергия мөлшері есептеу аспаптарының көрсеткіштерімен, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде - есеп айырысу жолымен анықталады.

Slide 5

Энегрияның сапасы

*Энергиямен жабдықтаушы ұйым беретiн энергияның сапасы ұлттық стандарттарда және стандарттау жөнiндегi өзге де нормативтік құжаттарда белгіленген немесе шартта көзделген талаптарға сәйкес болуға тиiс.

*Энергиямен жабдықтаушы ұйым энергияның сапасына қойылатын талаптарды бұзған жағдайда, егер заң актiлерiнде, шартта өзгеше көзделмесе немесе ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, осы Кодекстiң 491-бабында көзделген ережелер қолданылады.

Slide 6

Энегрияға ақы төлеу

Энергияны коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесін пайдалану жағдайларын қоспағанда, энергияға ақы төлеу есепке алу аспаптарының көрсеткіштерiне сәйкес анықталатын, абонент iс жүзiнде алған энергия мөлшерi үшiн, ал олар болмаған немесе уақытша бұзылған кезде есептеу арқылы жүргізіледі.

Slide 7

Абонеттің энегрияны басқаға беру

Абонент жалғанған желi арқылы энергиямен жабдықтаушы ұйымнан өзi алған энергияны басқа тұлғаға (қосалқы абонентке) энергиямен жабдықтайтын ұйымның келiсуiмен ғана бере алады.

Slide 8

Абоненттің міндеттері

1. Абоненттiң энергетикалық қондырғыларының мемлекеттiк энергетикалық қадағалау органы куәландырған қанағаттанғысыз жай-күйi авария қаупiн туғызатын немесе азаматтардың өмiрi мен қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жағдайды қоспағанда, энергияны үзiлiспен беруге, тоқтатуға немесе шектеп беруге тараптардың келiсiмi бойынша жол берiледi. Энергиямен жабдықтаушы ұйым абонентке энергияны үзiлiспен беру, тоқтату немесе шектеп беру туралы алдын ала ескертуге тиiс.

2. Энергиямен жабдықтау ұйымы жүйесiнде аварияның алдын алу немесе оны жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдану қажет болған жағдайда абоненттiң келiсуiнсiз және оған ескертпей, бiрақ оған дереу хабарлай отырып энергияны үзіліспен беруге, тоқтатуға немесе шектеп беруге жол беріледі.

3. Заңдарда үздiксiз циклды өндiрiс үшiн энергия берудегi үзіліске оның берiлуiн тоқтатуға немесе шектеуге жол берiлмейдi және заңдармен реттеледi.

Slide 9

Абоненттің міндеттері 2

4. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтыну үшiн пайдаланушы азамат абонент болған жағдайларда, бұл туралы ол энергиямен жабдықтаушы ұйымға хабарлап, пайдаланған энергия ақысын толық төлеген кезде шарттан біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы.

5. Энергиямен жабдықтау шарты бойынша энергияны тұрмыстық тұтынуға пайдаланушы азамат абонент болған жағдайларда энергиямен жабдықтаушы ұйым шартты орындауды тоқтатқанға дейiн бiр айдан кешiктiрмей абонентке ескерткен жағдайда өзi пайдаланған энергияға абоненттiң ақы төлемеуiне байланысты шарттың орындалуын бiр жақты тоқтатуға құқылы.

Slide 10

Назарларығызға рахмет!!!

23. 09. 2018


Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының Конституциясы: тарихы, құрылымы және негізгі құқықтар мен міндеттер
Неке шартының жасалуы мен нотариалды рәсімделу тәртібі
Сақтау шартының құқықтық негіздері, тәртібі және жауапкершілігі
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау: құқықтар, міндеттер және жауапкершілік
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау: қауптер, құқықтар, міндеттер және жауапкершілік
Сақтау шартының құқықтық тәртібі, шарттық талаптар және сақтаушының жауапкершілігі
Отбасындағы құқықтар мен міндеттер: ерлі-зайыптылардың, ата-аналардың және балалардың құқықтық негіздері
Педагогикалық әдеп пен кәсіби жауапкершілік: құқықтар, міндеттер және практикалық жаттығулар
Құқықтық сауаттылық: негізгі құқықтар және олардың қорғалуы
Қазақстан Республикасындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау: құқықтар, міндеттер және жауапкершілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz