Мердігерлік шартының түсінігі, тараптары, міндеттері және түрлері


Slide 1

Мердігерлік шарты

Ак 616 - баб

Slide 2

Мердігерлік шартының түсінігі

Мердiгерлiк шарты бойынша бiр тарап (мердiгер) екiншi тараптың (тапсырысшының) тапсырмасы бойынша белгiлi бiр жұмысты атқаруға және белгiленген мерзiмде оның нәтижесiн тапсырысшыға өткiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыс нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге (жұмыстың бағасын төлеуге) мiндеттенедi.

Slide 3

Мердігерлік шарты

Мердігерлік шартының екі тарабы бар:

1) Орындаушы - мердігер;

2) Тапсырыс беруші.

Мердігерлік шарты консенсуалды, ақылы және өзара шарт болып табылады.

Slide 4

Мердігерлік шартында бас мердігер болуы мүмкін яғни ол бүкіл жұмысты өз мойнына алады, және жұмысты басқа орындаушыларға немесе қосылқы мергерлерге беруі мүмкін.

Мердігер шартының нысаны - яғни ол мердігер орындаған жұмыстың нәтижесі болып табылады.

Яғни онда жұмыстың орындау мерзімі көрсетіледі.

Және ол жазбаша түрде жасалуы тиіс.

Смета - дегеніміз онда атқаратын жұмыстың тізімі және жұмысқа керек материалдардың тізімі көрсетіледі.

Slide 5

Мердігердің міндеттері:

1) Егер жұмысты орындау кезінде шығындар шарттың көрсетілген құнынан көп болса, мердігер ақыны көбейтуді талап ете алады, ал тапсырушы келіспесе ол шарттың бұзылуын және істеп қойылған жұмыстың ақысын талап ете алады;

2) Мердігер тұрлаулы бағаны көбейтуге, ал тасырушы оны азайтуды талап ете алады;

3) Мердігер өзіне жүктелген жұмысты сапалы түрде орындауға міндетті;

4) Мердігер тапсырушы берген мүлікті сақтауға және сақталуын қамтамасыз етуге міндетті;

Slide 6

Тапсырушының міндеттері:

1) Ол мердігердің жұмысы толық аяқталғаннан кейін шартта көрсетілген ақысын төлеуге міндетті

Олар:

I) Аванстық төлем;

II) Жоспарлы төлем;

III) Жұмыс аяқталғандағы төлемдер болуы мүмкін.

2) Атқарылған жұмысты қабылдауға міндетті, және кемшіліктері болса оны мердігерге айтыға міндетті

Slide 7

Мердігерлік шартының 4 түрі болады:

1) Тұрмыстық мердігерлік;

2) Құрылыс мердігерлігі;

3) Жобалау және іздестіру жұмыстарындаға мердігерлік;

4) Ғылымы зерттеулер және технологиялық мердігерлік;

Slide 8

Тұрмыстық мердiгерлiк - шарты бойынша кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы мердiгер тапсырысшы азаматтың тапсырмасы бойынша тапсырысшының тұрмыстық немесе басқа да жеке қажеттерiн қанағаттандыруға арналған белгiлi бiр жұмысты орындауға мiндеттенедi, ал тапсырысшы жұмыстың нәтижесiн қабылдап алуға және оған ақы төлеуге мiндеттенедi.

Құрылыс объектiсi жұмысты өткiзудiң шартта белгiленген мерзiмi аяқталғанға дейiн дүлей күштiң салдарынан қираған немесе бүлiнген кезде тапсырысшы, егер шартта өзгеше көзделмесе, орындалған және (немесе) қалпына келтiру жұмыстарының құнын төлеуге мiндеттi.

Slide 9

Жобалау және iздестiру жұмыстарына мердiгерлiк шарт бойынша мердiгер (жобалаушы, iздестiрушi) тапсырысшының тапсырмасы бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге және (немесе) iздестiру жұмыстарын жүргiзуге мiндеттенедi, ал тапсырысшы оларды қабылдап алуға және ақы төлеуге міндеттенедi.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарына жасалған шарт бойынша мердiгер (атқарушы) тапсырысшының тапсырмасында көзделген ғылыми зерттеулердi жүргiзуге, ал тәжiрибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға шарт бойынша - жаңа бұйымның үлгiсiн, оған конструкторлық құжаттаманы, жаңа технологияны жасауға немесе үлгi дайындауға міндеттенеді; тапсырысшы мердігерге (атқарушыға) техникалық тапсырма беруге, жұмыс нәтижелерін қабылдауға және оларға ақы төлеуге міндеттенеді.


Ұқсас жұмыстар
Мердігерлік шарт: анықтамасы, элементтері және тараптардың құқықтары мен міндеттері
Еңбек шартының құқықтық негіздері: тараптардың құқықтары мен міндеттері, түрлері және практикалық жағдайлар
Мердігерлік шарт: міндеттемелер, түрлері және жұмыс мерзімдері
Мүлікті жалдау шарты: ұғымы, тараптары және түрлері
Айырбас шартының құқықтық табиғаты, тараптардың міндеттемелері мен бағалау мәселелері
Сақтандыру шартының мазмұны мен қолданылуы: тараптар, шарттық элементтер және сақтандырушының міндеттері
Құрылыс мердігерлік келісім-шарттарының құқықтық негіздері мен қаржылық-экономикалық аспектілері
Өтелмелі қызмет көрсету шарты: түсінігі, пәні және құқықтық реттелуі
Стандарттау және сертификаттау: түсінігі, мақсаттары мен міндеттері, стандарттарды әзірлеу кезеңдері
Цифрлық бейнелеу технологиясын дамыту тенденциялары: түсінігі, тарихы және міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz