Біздің заманымызға дейін




Презентация қосу
Мазмұны
1Тарихы

2Шаруашылығы
2.1Мал шаруашылығы
2.2Егіншілік кəсібі мен қоныстары

3Қоғамдық құрылысы

4Қоғамы

5Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен, үйсіндерме
н, қаңлылармен қарым-қатынасы
ТАРИХЫ
Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап
Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі
тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда
Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар
бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің
заманымыздың дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216
жылы дейін дәурен сүрді.
Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін

209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады.
Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің

заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды
бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі.
Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып
алады.)
Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі

жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды.
Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде,
біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып
екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал
солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа
кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдыңқысымына
түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың
Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.
Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы
Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай
жылжыды. Олар Қазақстантерриториясы арқылы батысқа бет алды. Бұл
көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы
тайпаларының түріктенуі басталады.
Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік
қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар
жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне,
орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың
біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропажеріне
келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.[2]
ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал
шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты рөл
атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау, егіншілік дамыды.
Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек

пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан
жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар,
нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.Олар малдың барлық
түрлерін өсірген. Ғұндардың негізгі баспанасы киіз үйлер
болған. Ғұндарда бұйымының бетіне түрлі түсті заттарды
жапсыру стилі пайда болды, тарихта ол полихромдық стиль
деп аталған. Осы стиль Орталық Қазақстанда дамыған.
Зерлеу әдісімен пайдаланды. Бұйымдарды безендіру үшін
негізгі бейне жабайы аңдар болған.
МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ғүндардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығының маңызы зор
болған. Мал санының өсуіне байланысты мал өсірушілер жаңа
аумақты игеруді эәне шұрайлы жайылымдарды алуды көздеді.
Жайылымды жиі-жиі ауыстырып, малды барған сайын қоныстардан
алыс жерге жаю күшейді. Қытай деректерінде олардың үй малынан
жылқы, ірі қара және қой-ешкі өсірген, біразя түйе, есек
ұстайтынын жазады. Олар үй малымен тамақтанып, олардың терісін
киім қылып, жүн мен терісін киім, жамылғы есебінде пайдаланды.
Ғүндар ат сайысы ойындарының негізін салған. Ал қойдың етін,

терісін, жүнін пайдаланды. Малдың бәрі дерлік бүкіл жыл бойына
өрісте жайылып бағылды. Сондықтан жазда қуаңшылық немесе
қыста көктайғақ жұт болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып
отырды. Ғұндар қосымша кәсіп ретінде аң аулаумен де айналысқан.
Бұл кәсіп негізінен өздерініе азық қорларын молайту үшін және
сейіл құру үшін жүргізілген.
ЕГІНШІЛІК КƏСІБІ МЕН
ҚОНЫСТАРЫ

Ғүндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен
шұғылданғандары да болған. Ғұндар дәнді дақылдың
ішінде тарыны көп өсірген. Егіншіліктің жақсы
дамығанын білдіретін темір орақ, соқа тістері, қол
диірмендер, дәнүккіштер сияқты егін салуға және оны
жинап алуға қажетті құрал-саймандар табылған. Ал үй-
жайлардың ішінен астық сақтайтын ұралар табылса, еден,
қабырғалар сылағынан, шикі кірпіштердің арасынан
сабанның қалдыхтары кездеседі.
Олар негізінен киіз үйлерде тұрды. Киіз үй торкөз кереге,
уық, шаңырақ және киіз жабуынан тұрды. Киіз үйдің
төріне қамшы, ағаштан жасалған қынабы бар семсер,
садақ, жебелер салған қорамсақ т.б. іліп қоятын болған.
ҚОҒАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ
Ғұнтайпаларында әлеуметтік теңсіздік
қалыптасты. Ауқатты отбасылардың немесе
үстем тап өкілдерінің қабірлерінен қымбат
бағалы заттар көп табылады. Кедей
адамдардың қабірлерінде қарапайым
жасалған арзан бұйымдар кездеседі, кейбір
қабірлерден ешбір зат табылмайды.
Ғүндардың билеушісі тобы ақсүйектер рудың
мүддесін қорғап, көсем ретінде бар мәселені
шешіп отырды.
ҚОҒАМЫ
Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың
белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген.
Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар
кеңесі мен халықжиналысы жұмыс істеген. Әскери
тұтқындардан құралған құлдар да болған.
Жазба деректер ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі
туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй
басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар
қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда
болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы,
алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен
мемлекеттің пайда болуын туғызды.[
Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен, үйсіндермен, қаңлылармен
қарым-қатынасы

Ғұндардың юэчжи тайпасымен күресі ғұндардың жеңісімен аяқталды.
Юэчжилер тек біздің заманымызға дейін 174—165 жылдары түпкілікті
талқандалды. Нәтижесінде, юэчжилер Орталық Азияға шегініп, Әмударияның
жоғарғы ағысына жылжиды. Ғұндарға бағынғандардың арасында үйсіндер де
бар еді. Қытай жазбаларында 36-ға жуық көрші ұлыстардың
бағындырылғандығы айтылған. Мөде біздің заманымызға дейін 174 жылы
қайтыс болды.
Мөденің баласы Лаушан тұсында юэчжилер тасталқан болып жеңіліп, олардың

бір бөлігі Жетісуды мекен етті. Жетісудағы сақтардың бір бөлігі юэчжилердің
қысымынанФерғананы басып өтіп, Парфия, Бактрияға жылжып, келесі бір
бөлігі Ауғанстан Солтүстік Үндістанға (Кашмирге) өтіп кетеді. Үлкен
юэчжилер Жетісуды 30—40 жыл шамасындай ғана иемдене алды. Кейін
Жетісуды үйсіндер юэчжилерден тартып алды. Ғұндардың әскери көмегінің
арқасында үйсіндер осылайша Жетісуға орналасқан болатын. Батысқа қарай
ығысқан юэчжилер Бактрияны өзіне бағындырады. Олардың енді бір бөлігі
үйсіндермен араласты.
Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бұл,
әсіресе ғұндарға тиімді еді. Біздің заманымызға дейін 158 жылы
шекарадағы сауда көздерін кеңейту мақсатында тәңіркұты Қытайға
қарсы соғыс ашты. Біздің заманымызға дейін 152 жылы ғұндармен
тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда
сауда орындары ашылады. Сонымен қатар Гобиден оңтүстікке
қарай жайылымдарды қайтарып алады.
Біздің заманымызға дейін 133 жылы ғұн-қытай соғыстарының
жаңа кезеңі басталды. Бұл жолы соғысты қытайлықтар бастады.
Әскери кимылдар бұрынғы ғұн аумағына ауысты. Соңғы ұрыста 90
мың ғүн әскері талқандалды. Біздің заманымызға дейін 90-
жылдардағы қақтығыстарда 70 мың қытай әскері ғүн әскерін жеңе
алмады. Өз күшіменғұндарды жеңе алмайтындығына көзі жеткен
Қытай билеушілері енді 20 жыл үзілістен кейін басқа көшпелі
тайпаларды ғұндарға қарсы айдап салуға кірісті. Біздің
заманымызға дейін 71 жылы ғұндар бағындырған елдерді өз
жағына тарта бастады. Солардың қатарында үйсін билеушісіне
елші жіберіп, некелік байланыстар орнатады. Ғұндар да қарап
қалмай, өз кезегінде үйсін күнбиіне (гуньмосына) бір қызын
береді.
Ал ғұндар мен қытайлықтар арасындағы текетірес одан әрі жалғаса берді. Ғұндар енді
қытайлықтардың одақтасы — үйсіндерден кек алуға кіріседі. Үйсіндердегі қытай
ханшасы император сарайына хат жолдап, үйсіндерге көмек беруін талап етеді. Қытайдың
100 мың атты әскері ғұндарға қарсы аттанады. Үйсіндердің өзі 50 мың әскер шығарады.
Біріккен үйсін-қытай күштеріне қарсы тұра алмаған ғұндардың 39 мың беделді адамдары
қолға түсіп, 700 мың малы жаудың қолында қалды. Бұл ғұндар үшін орны толмас ауыр
соққы болды. Біздің заманымызға дейін 71 жылы үйсіндерге қарымташабуылға шыққан
ғұндарға шығыстан дунхулар, батыстан үйсіндер шабуыл жасады. Ғұндар әскері ауыр
жеңіліске ұшырайды. Бүкіл малдарының тең жартысынан айырылады. Үштен бір бөлігі
ұрыс алаңында қаза табады. Адамдарының 3/10 бөлігі аштан өледі. Қытай әскерлері де
үш бағытта шабуылдап, мыңдаған әскерді тұтқынға түсіреді. Қытайлықтар ғұндарға
қарсы көршілерін айдап салуын жалғастыра берді. Ғұндардан тартып алған жерге әскери
еңбек армияларын орналастырады.
Біздің заманымызға дейін 59 жылы Қытай Батыс өңірді басқаратын орган кұрды. Енді

ғұндардың өз ішінде де іріткі басталып, билікке талас туған еді. Билікке таласудан, ішкі-
сыртқы дағдарыстардан Ғұн мемлекеті ыдырап, біздің заманымызға дейін 55 жылы
оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік топ —
Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Ал Чжи-Чжи бастаған ғұндардың солтүстік
бөлігі Қытайдың қысымымен батысқа ауады.
Біздің заманымыздың Ill ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Қазақстан мен Жетісуға

келген ғұн тайпалары V ғасырға дейін өмір сүрген Юэбан мемлекетін құрды. Бұрынғы
солтүстік ғұндардың ұрпақтары болып саналған аталмыш мемлекет дәстүрлі тәңірқұты
атағын алды.
Деректерде юэбандықтардың тілі ежелгі түрік тіліне жақын болғандығы туралы мәлімет

бар.

Ұқсас жұмыстар
Ғұндар туралы
Эллинизм өнерін бірыңғай тұтас өнер деп қарастыруға болмас
Ғұндардың полихромдық өнері
Гомер дәуірінің мәдениеті
Египет тарихы
Египет сфинксі
Математиканы оқытудың пәні. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі
Антикалық мәдениет
Ежелгі Египет мәдениеті
Батыс Еуропа философиясы
Пәндер