Құрылыс саласы қазіргі таңдағы
Презентация қосу
КІРІСПЕ
Құрылыс саласы қазіргі таңдағы
Қазақстан экономикасындағы барынша
қарқынды дамып келе жатқан сала. Жаңа
өнімдер мен жаңа технологиялардың пайда
болуына ықпал ететін ғылыми–
техникалық прогресс капитал бағасының
арзандауына ықпалын тигізеді.
Экономиканың әртүрлі салаларында
және ғылыми-техникалық
прогрестің әртүрлі жағдайларында
жағдай әртүрлі қалыптасуы мүмкін.
Құрылыс — өндірістік және өндірістік
емес мақсаттағы негізгі қорларды жасау
жөніндегі қызмет. Жаңа құрылыстарды
салу және қолданыстағыларды өзгерту,
құрылыс материалдарын, бұйымдары
мен конструкцияларын жасау болып
табылады.
Құрылыс қызметтері нарығында
бәсекелік қатынастарды жүзеге
асырудың негізгі тетігі мердігерлік
тендерлер мен инвестициялық
конкурстар болып табылады.
Тендер – аукционға ұқсас, белгілі бір
тәртіппен өткізілетін құрылыс
компанияларының арасынан құрылыс
жұмыстарын жүргізушіні таңдап алу
үрдісі.
Тендерлер келісім–шартқа сәйкес алған міндеттемелерін
орындауға материалдық тұрғыдан кепілдік беретін жұмысты
орындаушыларды конкурстық негізде іріктеудің негізгі әдісі
болып табылады. Тапсырыс берушілер баға, сапа, мерзім
көрсеткіштері арқылы келісім-шарттардың немесе
мәмілелердің неғұрлым тиімді шарттарына қол жеткізеді.
Тендерлік әдісті пайдаланудың негізгі артықшылығы –
бәсекелестік жағдайын туғызу.
Сол арқылы, бірнеше жеткізушілер мен мердігерлерді тарту
кезінде құрылыс қызметтері нарығындағы монополиялық
жағдайды жоюға мүмкіндік бар. Мұндай жағдайда құрылыс
жұмыстарының бағасын арзандатуға, ғимараттар мен
құрылғыларды жобалау мен құрылысын жүргізуге кететін
уақытты қысқартуға, атқаратын жұмыстардың сапасын
арттыруға болады.
Елбасының «Қазақстан 2030» Стратегиялық
бағдарламасының елімізде құрылыс саласын
дамытуда бәсекелік қабілеттілігін арттыру
маңыздылығы уақыт өткен сайын айқын
аңғарылады. Құрылыс жобаларын жүзеге асыру
өңірлердегі индустриялық-инновациялық дамуға
жаңа серпін берумен бірге, экспорттық мүмкіндікті
арттырса, халықтың энергетикалық тәуелсіздігіне
қол жеткізу мен индустриялық аймақ құруға
қатысты мәселенің оң шешілуіне бірден-бір негіз
қалап отыр.
Қазіргі таңда құрылыс қызметтері
саласындағы бәсекелестік ұлттық
деңгейге дейін көтеріліп, халықаралық
құбылысқа айналды. Қазақстан
Республикасының халықаралық
экономикалық қауымдастық аясына
интеграциялануы, экономиканың
қарқынды дамуы Астана, Алматы
және басқа қалалардағы ірі құрылыс
нысандарын жобалауға және салуға
көптеген шетелдік құрылыс
компанияларын, инженерлер мен
мамандар тартылды. Инженерингтік
қызметтер мен құрылыс жүргізуге
байланысты тапсырыстардың
ауқымды көлемі шағын зауыттар,
фабрикалар, қоймалар, дүкендер,
кеңселер және тұрғын үйлер салуға
қатысты қарапайым міндеттердің
үлесіне берілді
Құрылыс саласындағы жобалардың сапасын
көтеруге ең алдымен елімізде қабылданған 2003-
2015 жылдарға арналған «Қазақстан
Республикасының индустриалды-инновациялық
дамуының стратегиясы» ықпалын тигізеді.
Сонымен бірге, отандық құрылыс компаниялары
шетелдік алдыңғы қатарлы құрылыс
ұйымдарымен қарым–қатынас жасауы тиіс,
олардың осы салада жинақталған озық
тәжірибелері мен білімдерін, жаңа
технологиялары мен менеджментін үйренуі
қажет.
Прогрессивті технологияларды игеру арқылы
отандық құрылыс кәсіпорындары отандық
құрылыс материалдарымен қамтамасыз етіледі,
ол өз кезегінде құрылыс өнімінің өзіндік құнының
төмендеуіне жол ашады. Сол арқылы
салынатын тұрғын үй бағасы тұрақталып,
тұрғындардың көп бөлігін тұрғын үймен
қамтамасыз етуге мүмкіндік туады
Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын жүргізу
нарығында беделі биік, белгілі құрылыс компаниялары
санаулы. Олардың арасында «ABS Group», «Азбука
жилья», «Әлем құрылыс», «Базис-А», «СМР
Павлодар», «Геостройсервис» және т.б.
компаниялары құрылыс жұмыстарының көлемі, сапасы
және бағалары негізінде көшбасшылар қатарында.
Құрылыс компаниялары үшін бәсекеге
қабілеттілікті арттырудың тиімді құралдарының
бірі – стандарттау жөніндегі халықаралық
ұйымның (ISO) қабылданған халықаралық
стандарттары негізінде құрылған сапа
менеджменті жүйесі екені белгілі.
Кәсіпорындардың құрылыс саласында
бәсекелік қабілеттілігін бағалау
көрсеткіштерінің жүйесі келесі қағидалардан
тұрады:
бағалаудың сан тұрғысынан
айқындылығы, оның экономикалық
мәні құрылыс компаниясын басқару
жүйесіндегі қолданылуға түсініктілігі
және жеткіліктілігіне негізделген
бағалау көрсеткіштерінің
объективтілігі, олар тендерлердің
нәтижелері бойынша алынған нақты
статистикалық мәліметтердің
негізінде қалыптасуы керек
бағалау тәртібінің бір-біріне қарама-қарсы
болмауы, ол үшін құрылыс қызметтері
нарығының өзгешеліктерін ескере отырып,
жоғары технологиялық салаларда қызмет
атқаратын кәсіпорындардың бәсекеге
қабілеттілігін бағалаудың теориясы мен
әдістемесін қолдану қажет
кез-келген құрылыс
компанияларында
қолдануға болатын
бағалау аппаратының
әмбебап болуы
көрсеткіштердің динамикалылығы,
біртіндеп жинақталатын
ақпараттардың негізінде оларды қайта
қарау мүмкіндігін беруі
мәліметтерді жинақтаудың
қарапайымдылығы, арнайы
зерттеулерге жүгінбей,
қолда бар ақпараттардың
негізінде есептеудің
қарапайым, оңтайлы болуы
Пайдаланған әдебиет
• Танкиева А.Қ. Жергілікті басқару және
оның өзекті мәселелері.–Алматы:
Экономика, 2007.
• Каренов Р.С. Менеджмент негіздері-
Қарағанды: Қар МУ баспасы, 1999.
• Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
сайты. www.ontustik.gov.kz
• Сәбден О. Бәсекелестік экономика.-
Алматы: Экономика институты, 2007.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz