Абайдың ақындық еңбектерінің таралуы



Алаш абайтануы
1845-1904ж
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрк университеті филология факультетінің 2 курс студенті Нурполатова Сайёра

Абайдың ақындық еңбектерінің таралуы
Баспа арқылы тарауы
Қолжазба түрінде әр көлемді жинақтар боп, көшіріліп тарауы
Халық арасына ауызша жатталып, әнмен аралас тарауы


Семейде шығатын «Семипалатинский листок» газетінде жарияланған азанама. 1907 жылы мақала Орыс Географиялық қоғамының жазбаларында қайта жарық көреді. Мақала Абай өмірі туралы біршама жүйелі мәлімет беретін еңбек. Кейінгі еңбектерде айтылатын көп дерек тұңғыш рет осы мақалада жазылған. Абайдың әке жағы мен шеше жағы таратыла әңгімеленеді. Шеше жағынан сөзге бейімділік дарығаны айтылады. Білімге сусау, алғашқы, кейінгі үш-төрт жылдағы оқуы, ел ісіне араласуы, орыс достарымен кездесіп, шынайы білімге ұмтылғаны, ізденіс әрекеттері, рухани толысуы, ақындыққа бет қоюы, кейінгі қайғылы халі, қазасы - түгел сөз болады.
Ә. Бөкейханов мақаласындағы Абайға берілген баға мынадай: «Өлеңдерінен көрініп тұрғандай, Абай асқан поэтикалық қуаттың иесі, қазақ халқының мақтанышы болды». Ә. Бөкейханов Абайдың табиғат туралы өлеңдерін жоғары бағалаған.
Әлихан Бөкейханов

Екінші мақала Кәкітай Ысқақов тарапынан Абай жинағына арнап жазылған. Ә. Бөкейханов мақаласы мен бұл мақала арасында дерек ортақтығы көп. Олардың негізі бір екені анық байқалып тұрады. Сірә, осыны о баста Кәкітай жазған болу керек. Ол профессор Т. Кәкішев жазғандай, Абай жанында жүрген, ақын өмірінен көп хабардар болған. Кәкітай мақаласы Ә. Бөкейханов мақаласынан көлемдірек. Ә. Бөкейханов Абай өлімі туралы жаза келіп, ақынның табиғат туралы өлеңдерінің көркемдігін, жалпы Абайдың асқан поэтикалық қуаттың иесі екенін айтумен аяқтаса, Кәкітай мақаласы бұдан әрі жалғаса түседі. Кәкітай Т. Кәкішев жазғандай, Абай өмірімен етене таныстығын байқатады.
Кәкітайдың осы сөзі Абай болмысының, оның танымын, поэзиясы мен қарасөзінің мазмұнын танытуда мәні зор: «. . . Жас жеткіншектер ортасында өзге ел сөзі, шаруа сөзі сөйленбей, өзінің білгенін, сезгенін айтып, адамның адамшылығы қандай мінезбенен түзеледі, қандай қылықпен бұзылады, ғылымды қайдан іздеу керек, өмірді қалай кешірсе жөн болады, бұрын қандай ғалымдар өткен, олардың артықша айтқан сөздері қандай, әйтеуір нетүрлі насихатпен болсын жастарға ғибрат болып, адамшылығын түзер деген сөзді айтып отырудан қанша уақыт болса да, еш жалықпай, ынталы көңілмен бек рахаттанып айтып, ұқтырып отырушы еді». Бұл Абайды артықша жақсы білетін Кәкітайдың сөзі.
Абайдың өмірдегі тірек етіп ұстанған басты қағидасын да айта кетеді: «Абайдың өміріндегі ең жақсы көретіні таза көңіл мен достық еді».
Кәкітай Ысқақұлы

А. Байтұрсынов Абайдың өз кезіндегі әйгілі, көпке мәлім ақын болғандығын жазады. Бұл көбіне ақын сөзі басылым көруіне байланысты делінеді. Абай көптің көңілінен орын алған ақын. А. Байтұрсынов мақала басында осы жағын баса айтады. Ақын өлеңдерімен ол ең алғаш 1903 жылы танысқан. Сондағы әсері: «оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес, олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, керең». А. Байтұрсынов Абайдың өз кезіндегі әйгілі, көпке мәлім ақын болғандығын жазады. Бұл көбіне ақын сөзі басылым көруіне байланысты делінеді. Абай көптің көңілінен орын алған ақын. А. Байтұрсынов мақала басында осы жағын баса айтады. Ақын өлеңдерімен ол ең алғаш 1903 жылы танысқан.
Сондағы әсері: «оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес, олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, керең». А. Байтұрсынов Абайдың өз кезіндегі әйгілі, көпке мәлім ақын болғандығын жазады. Бұл көбіне ақын сөзі басылым көруіне байланысты делінеді. Абай көптің көңілінен орын алған ақын.
А. Байтұрсынов мақала басында осы жағын баса айтады. Ақын өлеңдерімен ол ең алғаш 1903 жылы танысқан. Сондағы әсері: «оқып қарасам, басқа ақындардың сөзіндей емес, олардың сөзінен басқалығы сонша, әуелгі кезде жатырқап, көпке дейін тосаңсып отырасың. Сөзі аз, мағынасы көп, керең».
А. Байтұрсынов

А. Байтұрсынов
А. Байтұрсынов мұны сол кезде-ақ жазып кеткен: «Кей сөздерін ойланып, дағдыланған адамдар болмаса, мың қайтара оқыса да түсіне алмайды. Не мағынасында айтылғанын біреу баяндап ұқтырғанда ғана біледі». Осы орайдағы автор түйіні: «Абай сөздері жалпы адамның түсінуіне ауыр екені рас». Автордың әр сөзі мәнді, керекті. Ол бұл ауырлық Абайдың айта алмауынан емес, оқушы өресінің төмендігінен екенін баса айтады.
Абайды танудың тағы бір тың қыры - оның өз ойын ақиқат деңгейіне жеткізе терең айтуында екен: «Не нәрсе жайынан жазса да Абай түбірін, тамырын, ішкі сырын, қасиетін қармай жазады». Ал терең ой мен ақиқатты білу, тану әркімнің деңгейіне сай нәрсе емес. А. Байтұрсынов мұны да айтады. Абай сөзі оқушыларына сын екенін жазады. «Абай сөзі заманындағы ақындардың сөзінен үздік артық».
А. Байтұрсынов Абай туралы терең ойлы толғанысын осы арада үзе тұрып, оның өмірінен мәлімет беруге ауысады. Ұлы атасы Ырғызбай қолбасы, батыр, әрі ел ағасы, биі болыпты. Ол Түркістанда тұрған туыстарын Торғай өңірі арқылы Шыңғыс тауына бастап барады. Қонысқа кең, малға жайлы болуын ойлағаны айтылады.
Кіші атасы Өскенбай ел ішінде әділ би атанған. Әкесі Құнанбай қарадан сұлтан болған «қазақтың бас адамдарының бірі» болған. Шеше жағының әзіл-қалжынға бейім, сөзге ұста болғаны аталады. Бұдан әрі нақты өмір деректерін келтіреді. Бүгінде біз білетін деректер жайы айтылады. Бірақ сол кез үшін бұл жаңалық болған.

«Абай» мақаласы көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері, айтулы журналист Міржақып Дулатов тарапынан Абайдың қайтыс болуына 10 жыл толуына байланысты жазылған. Мақала 1914 жылы «Қазақ» газетінің 23 маусымдағы 67-ші санында жарияланған.
Міржақып Дулатов
М. Дулатов мақаласын «Бүгін атақты қазақ ақыны марқұм Абай Құнанбаевтың апатына 10 жыл толды» деп, жазылу себебін айта отырып бастайды. Мақала ерекше тебреніс, зор шабытпен жазылған. Автордың ақын туралы құрметі өте жоғары. Абайдың ойдағыдай шығармалары жарияланып, мерей тойы аталып, көңілдегідей насихатталмай келгеніне өкініш білдіреді. Өзге жұрттар мұндай ақыны болса «төбесіне көтергендей болар еді» деген ойын байқатады. «Елі туғанына сүйсініп, өлгеніне тегіс күйінер еді». Абайға деген құрметі әр сөзінен байқалып тұрады.
«Қазақ әдебиетінің атасы хакімінде тарихта аты алтынмен жазыларлық Абай» ақынның өмірден өз деңгейінде даңқы, атағы, шығармалары танылмай, елеусіз өтіп кеткеніне өкініш білдіреді. Қазақы қамсыздығымызға налығандай кейіп танытады. Ең басты мәселе Абайдай атақты ақынымызды қадіріне жетіп, тиісті деңгейде насихаттай алмағандық болады. Өзі Абай өлеңдерінің жазбасын ең алғаш
1904 жылы Омскіде А. Байтұрсыновтан көргенін жазады. Ол кезде
А. Байтұрсынов та Абайды көрмеген, кездестірмеген. Күзде кездеспек
болады, бірақ үлгермейді. М. Дулатов Абай туралы 1905 жылы және
кейін де Ә. Бөкейханов тарапынан жазылғанын, 1909 жылы кітабы
шыққанын мәлімет ретінде хабарлайды.

Міржақып Дулатов
М. Дулатов та «халқымыздың бұндай адамның қадірін білмеуін айтып қана өтеміз» деп, ақынның ел игілігіне, рухани жетілуіне жұмсалмай келгеніне реніш білдіреді: «Абай сынды ақынның қадірін білмеу қазақ халқының зор кемшілігін көрсетуге толық жарайды». Абай туралы айта отырып, ел, ұлт болып қалу қамын да жейді. Абайды білу, Абайды ұмытпау қазақ халқына ауадай қажет екендігін жазады. Нағыз әдебиеттің Абайдан басталатынын түйіп айтады: «Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш Абай сөзі, Абай аты болуға керек, Абайға шейін қазақта қолына алып оқырлық шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттылығы да сол. . . Ең жоғары ардақты орын Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп, алғашқы атқан жарық жұлдыз - Абай. М. Дулатов Абайды орыс әдебиетінің басы Ломоносовпен қатар қояды.
М. Дулатов Абайды еске алу, Абайды ұлықтау жолында Семейліктердің мұрағат дайындау ісін, ақын туралы әдеби кеш өткізгенін ризашылықпен еске алып жазады. Семейдегі осы жылы 26 қаңтарда сондағы оқыған жастар мен Орыс География қоғамы көмегімен өткен әдеби кеш, ондағы Назипа Құлжанованың ақынды насихаттаудағы ізгі әрекеті қуанышпен аталады. Автор осындай мерекелі күнде Абайдай «қараңғы заманда шырақ жаққан басшының аты, терең
мағыналы асыл сөзі мәңгілік жасауын тілейді. М. Дулатовтың мына
сөзі қазіргі Абайтану қалпын танытқандай көреміз: «Зәрредей
шүбә етпейміз, Абайдың өткен күнінен қанша алыстасақ, рухына
сонша жақындармыз». Шынында Абайдың өлгеніне 100 жыл
өтсе де, ақын сыры бізге жете танылмай, ақын болмысын білуге
деген тілегіміз артып келеді. Автор халық пен Абай қатынасын,
Абай құрметінің шексіз өсетінін көріпкелдікпен болжағандай
жазып кеткен: «Сол күндерде Абай құрметі күннен-күнге артылар. . . Халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар».

«Абайдың өнері һәм қызметі» деген мақала «Абай» журналының 1918 жылғы екінші санында «Екеу» деген бүркеншік атпен басылым көрген. Зерттеушілер пікірі бойынша «Екеу» деп мақалаға қол қойғандар - Ж. Аймауытов пен М. Әуезов.
Авторлар Абай сөзіне баға беріп, былай дейді: «Абайдың ең бір артық, өзгешелігі заманының ыңғайына жүрмей, өзінің өздік бетін мықты ұстап, ақылға, ақтыққа көңілдің шабытына билетіп, көз тұндырарлық кемшілік, міннің ортасында туып, ортасында жүріп, үлгілі жерден өрнек алып келген кісідей ашық көзбен қарап, барлық мінді мүлтіксіз суреттеуі шарықтап жүріп, қылт еткенді көретін қырағы қырандай сыншылдығы. . . Абайдың қиялы шалымды, ойы терең, ақыл білімнің һәр тарауынан көкірегінде асыл
қазынасы көп, сол көп қазынаны барлық ырғағы, нәзік сипаты мен қазақтың ұстармаған, ысылмаған жуан тілімен биязы қып шығаруы, әрі ақындығы, қыз тілді шешендігі». Авторлардың ақынды жете тануға талаптанғаны анық байқалады. Олар Абайды өзіндік болмысы бар, шыншыл, сыншыл ақын деп біледі. Абай парасатты һәм білімді ақын. Ол көп ақындардай барымен
базарлатып жүрген ақын емес, ол ізденімпаз, ойшыл ақын.
Екеу, Абайдың әдеби тілді қалыптастыруда, тілдің көркемдік
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz