ТОҒЫЗ АЯҚ ТОҒЫЗ ТАБАҚ




Презентация қосу
Ұлттық
ойындар
ТОҒЫЗ АЯҚ ТОҒЫЗ ТАБАҚ
Ойын-сауық, әдет-ғұрып ойындарының бір түрі —
«Тоғыз аяқ, тоғыз табақ». Бұл әсіресе қазақтың
баласын үйлендірерде қыздың әкесіне барып, құда
түскенде, екі жақтың келісімі жарасқан шат-шадыман
көңіл күйін, туыстық жарастық көңіл күйді білдірген.
Осы құда түсу кезінде қонақ сыйларын халық «тоғыз
аяқ, тоғыз табақ» деп атаған. Халықтың әдетінде
жайшылықтағы қонақ асы бөлек те, құданың асы
бөлек берілген. Құдалардың арасындағы сөз әбден
келісіліп болғаннан кейін, енді құданың қайтардағы
қонақ асысы тағы бөлек — «Құйрық-бауыр» болыпты.
Мұнда құйрық май мен бауыр туралып, оған қосымша
айран араластырып, қайтар жолда жесең де жейсің,
жемесең де жейсің деген ойын-кәде жасаған.
ТОҒЫЗ АЯҚ ТОҒЫЗ ТАБАҚ
ОЙЫНЫ
Қыз қуу

Ойын үшін жігіттер мен қыздар
іріктеліп, ұшқыр, жүйрік аттарға мініп
шығады. Қашықтығы 300, ал ені 30-40
метрлік тегіс, топырағы жұмсақ, ашық
алаң таңдалып алынады. Жарыстың
басталатын жері – алаңның бір
маңдайында қатынасушылар орағытып
өту үшін қарақшы қойылады. Бұған
көбінесе қызыл жалау қағылады.
Қыз қуу ойыны
Сақина салмақ ойыны
«Сақина салмақ» - ептілікті, атқа жақсы
отыруды керек ететін ұлттық ойын. Келін
түсіру, қыз ұзату салтанатында қалыңдық
орамалға түйіп, өзінің күміс шолпысын,
әйтпесе жүзігін тастайды. Сондықтан да кей
жерлерде бұл ойын «жүзік ілу» деп аталады.
Қатты шауып келе жатқан шабандоз жігіт ат
екпінін бәсеңдетпеспен, әлгі орамалды іліп
алып кетуі керек. Сонда ол беташар айтуға
ерік алады.
Сақина салмақ ойыны
Алтыбақан ойыны
Бұл – жас-тардың кешкілік бас қосып, ән айтып, домбыра тартып,
қыздар, жігіттер болып айтысып,
бір-бірімен әзілдесіп көңіл көтеретін ойын-сауығы. Қазір де үлкен
тойларда алтыбақан құрылады. Алтыбақанды құру мынандай
тәсілмен жүзеге асырылады: алты бақанды сырықтың екі басын
үш-үштен қосақтайды да мосы тәрізді етіп байлап тастайды.
Бақанның аша тармағы сырыққа кигізіліп тұруға тиісті. Алты
бақанды құрастырып болғаннан соң оның екі басына 3 қатар
арқан байланады. Арқан тартпақ. Оны арқан тартыс деп те
атайды. Бұл ойынның екі түрі бар. Біріншісі жазда көгал үстінде,
екіншісі қыста қар үстінде ойналады. Жазда ойыншылардың саны
10 баладан көп болмаса, ой-ын қызықты болады. Ойынға
ұзындығы 8-10 метрлік екі ұшы түйілген арқан әзірленеді. Оның
тең ортасына белгі ретінде қызыл матаны байлап қояды. Ойынға
қатысушы екі топтағылар өз жағында бойларына қарай сап түзеп,
ойын бастауға белгі берілгенде арқанды өз жағына қарай
тартады. Қыста он –он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан
таңдап алынып, үлкен адамның алақанының көлеміндей екі
тақтайдың ортасынан өткізіліп, ортасына аққала үйіліп, екі жақ

оны өзіне қарай құлату үшін тартады.
Алтыбақан ойыны
Теңге алу ойыны
Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үлкен ептілікті, ат
құлағында ойнайтын
шабондоздық тәжірибені талап етеді. Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге
беріледі. Бұрындары қазақ жігіттері атпен шауып келе жатып қолындағы
қылышымен жерде жатқан тезекті түйреп алып көкке лақтырып жіберіп, оны
жалма-жан қылышымен екіге бөліп шауып түсіретін. «Қыз қуу». Ол – ұлттық ат
спорты ойыны. Қазір бұл ойынның ережесі жасалып, бір жүйеге келтірілді.
Қазақстан-да қыз қуудың алғашқы спорттық жарыстары 1923 жылы өткізілді.
Содан бері мерекелік бағдарламаларға енгізіп келеді. Қыз қуу жарысында атқа
мінген жігіт айналып қайтатын жерге дейін алдында атпен шауып бара жатқан
қызды қуып жетіп, оның бетінен сүюге тиісті. Бұл – жігіттің жеңгені. Қуып жете
алмаса, қайыра шапқанда қыз жігітті, оның атын қамшының астына алады. Бұл
– қыздың жеңгені. Көкпар. Ұлттық ат ойыны. Этнографтардың айтуынша, әуелгі
атауы «көк бөрі» сөзінен шыққан. Бұрындары мал баққан көшпелі халықтар көк
бөріні соғып алғанда өлігін ат үстінде сүйрелеп, бір-бірінен ала қашып, мәз-
мәйрам болған. Кейін ол ұлттық ойынға айналған. Көкпар Орта Азия
халықтарының да сүйікті ойыны. Көкпар жаппай тартыс және дода тартыс
болып екіге бөлінеді. 1949 жылы елімізде көкпар жарысының жаңа ережесі
бекітілді. Алаң көле
мі қатысушылар санына сәйкес. Егер әр команда 5 адамнан болса, алаңның
аймағының ұзындығы 300 метр, ені 100 метр; 10 адамнан болса, 500х200 метр;
15 адамнан болса 700х300 метр; 20 адам болса, 1000х500 метр. Көкпарда басы
кесілген серке тартылады.
Теңге алу ойыны
Ат сайысы ойыны
Спорттық ойын. Оның түрлері: ат омырауластыру, аударыспақ, жорға
жарыс, көкпар тарту,
теңге алу, қыз қуу, қыз жарыс, сайысу т.б. Олар үлкен тойларда
ұйымдастырылады. Сайысқа түсетін аттар алдын-ала жаратылады. Ат
сайысындағы кейбір ұлттық ойындар Олимпиада ойындарының
жоспарына енгізілген.

Аламан бәйге. Мұнда жүйрік, жарыс аттар 25-100 шақырымдық қашыққа
шабады. Оның жолында айналып өтетін көл, с
ай-сала, бел-белестер тәрізді кедергілі жерлер болуға тиісті. Аламан
бәйге үлкен тойда, үлкен аста, торқалы тойлар мен зор мерекелерде
жарияланады.

Ақшамшық (сақина са-лу). Бұл – қазақ халқының ерте заманнан келе
жатқан дәстүрлі ойыны. Оны сақина салу, сақина таст
ау деп те айтады. Ойынға он –он бес адам қатысып, ортаға бір жігітті
немесе бір қызды шығарып, қолына сақина ұстатады. Ойын ережесі
бойынша қыз-жігіттер үйде дөңгелене оты- рып, екі алақанын бір-біріне
қабыстырып алға созады. Ойынды жүргізушінің ала-қанындағы сақинаны
кімге салса да өз еркі. Ол барлық адамдардың алақанына сақина салған
болып шығысымен, «Тұр сақинам, тұр», - деп, немесе «Ақшамшығымды
бер!» деп дауыстайды. Сол сәт сақина тасталған адам орнынан атып
Ат сайысы ойыны
АҚСҮЙЕК ОЙЫНЫ
Жігіттер мен қыздар жиналып, жаздың айлы түнінде ашық далада
ойнайды. Ақсүйек ойнына малдың ақсөңкелеп қураған жілігі
немесе қабығы аршылған, ұзындығы екі қарыстай жұмыр ақ
таяқша пайдаланылады. Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Ойынды
бастау жеребе тастау арқылы анықталады. Содан кейін ойын
бастаушы ақсүйекті бар пәрменімен алысқа лақтырады. Жастар
таяқты іздеуге кіріседі. Оны тапқан ойыншы өз серіктеріне дыбыс
беріп, сөреге қарай жүгіре жөнеледі. Серіктері оның тосқауылға
тап болмауына көмектеседі. Қарсыластары қалайда ақсүйекті
тартып алудың амалын жасап бағады. Ақсүйекті тартып алса,
өздері де біріне-бірі қол жалғап, сөреге жетуге ұмтылады. Бұл
тартыста ақсүйекті сөреге жеткізген топ жеңген саналады. Ойын
шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулиды. Ақсүйек бірін-бірі ұнатқан
жастардың оңаша кездесуіне дәнекер де болған. Ертеде
«Ақсүйек» ойынын той-томалақ жасаған үй иелері
ұйымдастыратын. Ондай кезде алдымен айтыс, ән-жырға кезек
тиеді. Үлкендер жағы жастарға тәлім айтып, қисса-дастандар
оқитын болған. Соңында, тықыршып тұрған жастардың ойынына
кезек тиеді.
АҚСҮЙЕК ОЙЫНЫ

Ұқсас жұмыстар
Сегіз қырлы
Төрт санының символдық мәні
Бұрыс бөлшек
Кеңесбаев аталған сөздіктегі қазақ тілінің фразеологизмдері туралы жазған мақаласында фразеология туралы
Қазақ халқының ұлттық ойындары
Ілияс Жансүгіров шығармаларының лексикасы
Балалар ойнайтын зат
Қазақ халқының дәстүрі
Тұсау кесу
Күйік шогы
Пәндер