Ашаршылық туралы
Презентация қосу
Ашаршылық туралы
12 кітап
Смағұл Елубай “Ақ боз үй”
Смағұл Елубайдың
«Ақ боз үй»
трилогиясы –
ашаршылық,
сталиндік
қуғын- сүргін,
тоқырау заманын
қамтыған ең ірі көркем
туындылардың бірі.
Халық Сейткемелов “Шұбырынды қанды босқын”
Ертіс ауданында трактор жүргізу
өнеріне қазақтардан ең алғаш
Жұмабай Смақановтың ғана қолы
жеткен. Жұмабайдың Павлодар
қаласының ауылында тұратын
жалғыз апасы Мүлипа аштық
апатында күйеуінен, 9 баласынан
айырылды. Оның аман қалған жалғыз
ұлы Кәлен жұбайы Құрадай екеуі әрі
сырқат, әрі аштық меңдеген
Мүлипаны қоларбаға отырғызып,
Жұмабайды іздеп шығады. Поэмада
осы үшеуінің жол үстінде тартқан
азаптары суреттеледі. Поэма
Жұмабай Смақановтың көзі тірісінде
айтып берген шындыққа негізделіп
жазылған..
БАҒДАД ЖАНДОСАЙ "ШОШҚАНЫҢ ҚҰМЫ"
Бағдад Жандосай «Жас
алаш» газетінің шежіре
қариясы, ең қарт
қызметкері болған.
Аштық, ашаршылық
туралы аз жазылған жоқ.
Ал бұл «Шошқаның
құмында» нақты дерекке,
бастан кешкен оқиғаларға
құрылған, бояма, қоспасы
жоқ таза туынды..
"ҚАЗАҚ ҚАЛАЙ АШТЫҚҚА ҰШЫРАДЫ?"
«Қазақ қалай аштыққа ұшырады?
(Қасіретті жылдар хаттары)»
кітабын С.Әбдірайымов,
И.Н.Бухонова, Е.М.Грибанова,
Н.Р.Жағыпаров, В.П.Осиповтер
құрастырған.
Бұл жинаққа қазақ халқына орны
толмас қайғы мен қасірет әкелген
отызыншы жылдар ойраны туралы
мемлекет және партия
қайраткерлері Т.Рысқұловтың,
О.Исаевтың, Л.И.Мирзоянның,
жазушы Ғ.Мүсіреповтің, сондай-ақ
басқа да азаматтардың еліміз бен
республика басшыларына әр
жылдарда жазған хаттары
жарияланған.
М.ҚОЙГЕЛДИЕВ. Т.ОМАРБЕКОВ. "ТАРИХ ТАҒЛЫМЫ НЕ
ДЕЙДІ?"
Кітапта қазақ халқы тарихының осы
уақытқа дейін зерттелмеген немесе
біржақты зерттелген күрделі
кезеңдерінің саяси бейнесі жасалған.
Кітап екі бөлімнен тұрады. Бірінші
бөлімде ғасырымыздың 20-шы
жылдарында жаңа қалыптаса
бастаған тоталитарлық жүйеге
қарсы күреске шыққан қазақ
зиялыларының тағдыры сөз болады.
Екінші бөлімде 30-жылдардағы
ашаршылыққа, жеке басқа
табынушылыққа байланысты
халқымыздың басынан кешкен ауыр
тағдыры баяндалады.
"ҚЫЗЫЛДАР ҚЫРҒЫНЫ"
Кітапта 1931-1933
жылдардағы аштық
туралы тоталитарлық
жүйе тұсында шындықты
айтуға тыйым салынғаны,
тағдыры тәлкекке түсіп,
небір сұмдықты өз
бастарынан кешіріп, тірі
қалғандардың аянышты
тағдырлары жазылған.
МАНАШ ҚОЗЫБАЕВ "АҚТАҢДАҚТАР АҚИҚАТЫ"
Белгілі академик Манаш
Қозыбаев бұл еңбегінде
отызыншы жылдары
Голощекин жүргізген «Кіші
Қазан» төңкерісінің қазақ
халқына қаншалықты қасірет
әкелгенін сөз етеді. Тарихи
деректерге сүйене отырып,
«Ермак кім?» деген сұраққа
байыппен жауап береді.
Кітапта Хрущевтің,
Брежневтің, Голощекиннің
саяси портреттері берілген.
САПАРҒАЛИ ЛӘМБЕКҰЛЫ "АРЫСТАР"
Сапарғали
Ләмбекұлының
«Арыстар»
дилогиясының бұл екінші
кітабында Голощекиннің
қазақ елін ашаршылыққа
ұшыратқаны, сталиндік
қуғын-сүргін тудырған
зобалаңдар сөз болады.
ҚҰРМАНБАЙ ЕСПЕНБЕТОВ "КҮРЕҢБЕЛ ҚАСІРЕТІ"
Бұл кітап ашаршылық
жылдары орын алған
оқиғалар желісімен
жазылған. Автор Күреңбел
жерінде болған қасірет
арқылы күллі қазақ
даласындағы тарихи, саяси
ахуалдарды суреттеген.
Автор өз анасынан, оның
замандастары айтқан
естеліктердің негізінде
жазған.
АМАНБАЙ ЕСІЛБАЙ "АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ"
Белгілі қаламгер Амантай
Есілбайдың бұл еңбегі тарих
ақтаңдақтарының бірі –
ашаршылықты өз басынан
өткеріп, тағдыр тауқыметін
қайыспай көтере білген жанның
өз айтуымен еш қоспасыз сол
қалпында жазылған. Автор
кейіпкер айтқан оқиғалармен
шектеліп қалмай, Ақмола,
Атбасар өңірінде ашаршылық
жылдары ел басынан өткен
тарихи оқиғаларды толық
қамтуға тырысады.
ВАЛЕРИЙ МИХАЙЛОВ "ҒАЛАМАТ ЖҰТ ШЕЖІРЕСІ"
Өткен ғасырдың 30-жылдарының
басында Қазақстанда адам
айтқысыз ауыр трагедияның
болғаны белгілі. Ғасырлар бойы
көшпенді өмір сүріп келген қазақ
жұртын еш дайындықсыз, қысқа
мерзім ішінде отырықшылық
жағдайға көшіруді қолға алған ойы
шолақ, ісі олақ саясаткерлердің
оспадар әрекетінің салдарынан
қазақ даласын жайлаған жаппай
аштық пен ауру-індеттен
жергілікті халықтың үштен
бірінен көбірегі жойылып кетті..
"1932-1933 ЖЫЛДАРДАҒЫ АШАРШЫЛЫҚ АҚИҚАТЫ"
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ
тарихында «ұлы ашаршылық»
атауымен қалғаны белгілі. Ауыл
шаруашылығын күштеп
ұжымдастыру КСРО
тарихындағы жалпы адамзатқа
қарсы жасалған қатыгез
тәжірибе болатын, оның
зардаптары бүгінге дейін
жойылған жоқ. КСРО-ның ресми
билігі мен тарих ғылымы
ашаршылық мәселесін жарты
ғасырдан астам уақыт жасырып
келді немесе оны өздеріне тиімсіз
көрсетті.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz