Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары


Slide 1

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Қазақстандық Кеңес Одағының батырлары

Орындаған түрі: презентация

Орындаған: Нұрғали Меруерт Тобы: 111 “Б”

Тексерген: Мусашева Данагүл Қуанышқалиқызы

Slide 2 Slide 3

Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО-ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.

Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.

Slide 4

Ешкімде,

ешқашанда

ұмытылмайды!

Отан үшін майданда қан төккен әрбір жауынгерді батыр деуге болады

Slide 5

Ерлігі әділетті еленбеген Б. Момышұлы мен Р. Қошқарбаевқа Тәуелсіздік

жылдары Қазақстандағы ең жоғарғы «Халық қаһарманы» атағы берілді

497 қазақстандық ең жоғарғы атақ Совет Одағының Батыры атағын алды

Slide 6

Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы - Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.

Slide 7

1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316-атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы-батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.

Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22-сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316-атқыштар дивизиясы ( кейін 9-гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауржан Момышұлы болған.

Slide 8

Төлеген Тоқтаров

Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры

Slide 9

Мәлік Ғабдулин

1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. 1942 жылы Новгород облысына қарасты Холм қаласының маңында болған ұрыста Мәлік солдаттардың біразына басшылық етеді. Ол басқарған сарбаздар фашистердің тісіне дейін қаруланған әскеріне тойтара соққы береді. Кескілескен ұрыстың нәтижесінде жаудың екі таңкісін гранатамен жарып, жаудың 12 солдатын тұтқынға алады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30-қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.

Slide 10

Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қырқұйегінде Ленинградқа жетті, қаланы толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды. Ленингрдаты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты.

Slide 11

Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808-ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31-де еліміздегі ең мәртебелі атақ - Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді

Slide 12 Slide 13

Әлия Молдағұлова

Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941) . 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943) . 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты.

Slide 14

Мәншүк Мәметова

1922 жылы Мәншүк Мәметова дүниеге келді. Оның шын аты Мәнсия. Ол Орал облысы, Орда ауданында туылған, ал 1943 жылдың 16-шы қазанында қайтыс болды. 1944 жылдың 1 наурызында ержүрек қызға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк Алматы Медициналық университетінде оқитын. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанған ол 21 атқыштар дивизиясының құрамында атысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк мергендігімен, ержүректігімен көзге түсті. Ол Невель қаласының түбіндегі шайқаста соңғы демі үзілгенше қолынын пулеметті тастамаған күйінде қаза болды.

Slide 15

Мәскеу түбінде жеңіліске ұшыраған фашист әскерлері астық пен мұнайға бай оңтүстік аумақты жаулап алмақ болып, Сталинград бағытына ең таңдаулы әскерін жіберді. Кеңес жауынгерлері: “Өліспей беріспейміз!” - деген ант берді. Сталинград қаласының әр үйі, әр көшесі қамалға айналды. Қазақ жауынгерлері таңғажайып ерлік көрсетті.

Slide 16

Талғат Бегильдинов 1942 жылы майданға аттанады. Осы өзі бір көргеннен қатты ұнатқан ұшақпен көк жүзінде 500 сағат болады. 305 рет әскери шабуылға шығып, жау ұясы - Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын иеленіп, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақ қан майданнан аман-есен оралған соң, әскери әуе академиясын аяқтайды.

Slide 17 Slide 18
Ұқсас жұмыстар
Одағы батырлары
Қазақстандық кеңес одағының батырлары туралы
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы шайқастарына қатысуы
Қазақстандықтар Мәскеу үшін шайқаста
Ұлы Отан Соғысы. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы (1941—1945)
Қазақстан Ұлы Отан соғыс жылдарында
Қазақтың батыр қыздары
Отанды қорғау жолындағы қазақстандық батырлардың ерліктері
Кеңес жауынгерлері
Кеңес армияы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz