Қазақстан республикасының білім беру бағдарламалары


Slide 1

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: ҚР білім жүйесіне әлеуметтанулық талдау

Орындаған:Нұрғали Меруерт

Тексерген:Айтжанова Жанат Ерғалиевна

Slide 2

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

Қазақстан республикасының білім беру бағдарламалары

Ұлттық Бірыңғай Тестілеу

12 жылдық білім беру бағдарламасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (бұдан әрі ҰТО) 1992 жылы құрылған.

Ұлттық тестілеу орталығының миссиясы - Ұлттық білім беру сапасын бағалау жүйесі аясында өткізілетін шараларды ұйымдастырушылық-технологиялық қамтамасыз ету.

ҰТО қызметінің басты мақсаты - Қазақстанның білім беру жүйесіндегі сырттай тапсырылатын емтихандар мен мониторингтердің барлық түрлерін ұйымдастыру және өткізу, сонымен қатар оларға тест тапсырмалары базасын қалыптастыру болып табылады.

Slide 4

Ұлттық Тестілеу Орталығының негізгі іс-шаралар қатарына:

Ұлттық бірыңғай тестілеу,

Талапкерлерді кешенді тестілеу,

Жоғары және орта білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалау,

Мемлекеттік аттестаттау барысында білім беру ұйымдарында білім алушыларды кешенді тестілеу,

Педагог қызметкерлерді біліктілікке тестілеу,

Магистратура және докторантураға шет тілдерінен түсу емтихандары,

Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі - ҚАЗТЕСТ жатады.

Slide 5

Ұлттық бірыңғай тестілеу - Қазақстан Республикасында қолданылатын мектеп бітірушілердің білімін сынау жүйесі. ҰБТ-ның нәтижесі жалпы және орта білім ұйымдары бойынша мемлекеттік аттестацияның қорытындысы ретінде есептеледі, ал қабылдау емтиханы ретінде колледждермен, ЖОО-мен есептелінеді.

Оқушының Қазақстан университеттеріне түсу мүмкіншілігі (грант және ақылы бөлім) және қорытынды аттестатының бағасы оның ҰБТ-да алған баллдардың санына байланысты болады. ҰБТ-ның баллдары тағы «Болашақ» атты президенттік шәкіртақы (стипендия) алуға мүмкіндік береді.

Slide 6

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезеңі 5 лектен тұрады және маусымның алғашқы күндерінен басталады (10 күн, 1 лек = 2 күн) . ҰБТ бір кезеңнен өтеді және 140 баллдық шкаламен бағаланады. Оқушылар бір күннің ішінде бес пәннен тест тапсырады: Математикалық сауаттылық, Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы және таңдалған пән (шет тілі (ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі), биология, география, химия, физика, әдебиет) - әрбір пән 20 және таңдау пән 30 ( соңғы 10 сұрақ 2 дұрыс жауаппен беріліп, 2 баллдық шкала болып есептеледі) сұрақтан тұрады. ҰБТ-ның жүргізілуіне 3, 5 сағат. Жоғарғы оқу орындарына түсушілердің минималды өту балы 100 (ұлттық университеттерге түсу үшін 120-140 балл) . ҰБТ сонымен бірге маңызды психологиялық сынау болып табылады.

Slide 7

«Қазір тестті бір рет тапсыра алмасаң, екінші рет өтуге мүмкіндік бар. Екінші рет өтпесе де, жарты жыл дайындалуға болады. Сосын жоғары оқу орнына түсе аласыздар. Негізі, бүгінде білім министрлігі осы мәселені жан-жақты зерделеп, Америка мен Англиядағы SAT сияқты тестті 9-11 рет тапсыратындай жағдайды қарастырып отыр. Себебі әрбір баланың тестті қайта тапсыруға құқығы бар. Бала бірден «ашылмауы» мүмкін. Ол алаңдайды, қобалжиды және тағысын тағылар. Сондықтан оған тестті тапсыруға бірнеше мүмкіндік берілуі керек», - деді вице-министр Республикалық жастар форумының білім беру саласына арналған пікірталас алаңында.

Slide 8

Сонымен қатар 12 жылдық білім беруге көшу төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөледі:

-жаңа білім технологияларының енгізілуі;

-оқытудың дәстүрлі өнімсіз стилін ығыстырып, оқушылардың танымдық белсенділігі мен өзіндік ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы, сындарлы білім беру моделіне көшуі;

- терең және белсенді кәсіби бағдар берудің ерте жастан басталуы;

-оқушы жастарға азаматтық-патриоттық, рухани-адамгершілік, көпмәдениеттілік, денсаулық сақтау және экологиялық тәрбие беру рөлінің күшейтілуі;

-өмірлік бағдар ретінде адам бойындағы құндылықтарға қажет жағдайда түзету енгізу және жаңадан жасау;

- білім ұйымдарының оқушыны әлеуметтендірудегі рөлінің артуы.

Slide 9

12 жылдық мектепке ауысу бірқатар мәселелердің шешілуін талап етеді:

1. Бұл өзгерістің экономикалық негізделуі;

2. Бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз етілуі (мемлекеттік стандарт, жаңа кітаптар) ;

3. Жаңа жүйеге лайық мұғалімдер даярлау, мұғалімдерді қайта даярлау жүйесін жетілдіру;

4. Санитарлық-гигиеналық нормалар және негізгі ережелеріне өзгерістер енгізу;

5. Мектепке дейінгі, бастауыш, орта жалпы және жоғары бейіндік білім беруде сабақтастықтың болуы;

6. Білім саласын елдің тарихи дәстүріне, мәдениетіне бейімдеу.

Slide 10

Әлем елдері тәжірибесінде әр мемлекеттің өзіне тән орта білім беру жүйесі мен мектеп үлгісі, орта мектептердің әр қайсысының қалыптасқан өзіндік ішкі құрылымы бар. Дүниежүзінің аса дамыған елдерінде-АҚШ-та, Англияда, Швейцарияда, Канада мен Германияда жалпы білім беру ұзақтығы 12 не 13 жыл, Голландияда 14 жыл, ал Кореяда, Жапонияда, Швецияда, Францияда, Италияда - 12 жыл. Тек экономикасы жаңа дамып келе жатқан елдерде ғана орта мектеп 10-11 жылдық.

Slide 11

Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беру тұжырымдамасында педагог кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруде педагог төмендегідей құзыреттіліктерді игеруі міндетті деп көрсетілген.

Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті.

Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті.

Білім беру құзыреттілігі - педагогикалық және әлеуметтік психологияның негііздерін қолдана білу қабілеті.

Slide 12

«Жастарды біліммен кеңінен қамтып, олардың шетелге кетпеуін болдырмау мақсатында біздің депутаттарымыз жергілікті бюджеттердің есебінен қосымша гранттарды бөлуді ұсынған болатын. Оны бюджет кодексі мен білім туралы заңға өзгерістер енгізу арқылы жүзеге асыруға болады. Біз өз кезегімізде аталған ұсынысты қолдаймыз. Әкімдіктер де колдап отыр. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы да, үкіметтік емес ұйымдар да оны қолға алу қажет деп санайды. Қазіргі кезде Үкіметтің оң шешіміне арналған қорытынды құжат дайын тұр», - деді Е. Сағадиев .


Ұқсас жұмыстар
ПЕДАГОГ МƏРТЕБЕСІ
Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері қоғам дамуының қарқындылығы
Республикасының педагог мəртебесі туралы заңнамасында белгіленген мінез - құлық нормалары
Инклюзивті білім беруді дамытуды ақпаратты қамтамасыз ету
Білім мазмұнының түрлері
Оқу бағдарламалары
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың оқыту ерекшеліктері
Информатика сабағын түрлендірудегі жаңа ақпараттық технологиялар
Типтік бағдарлама
Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz