Қазақстанның қазіргі кезеңдегі саяси партиялары
Презентация қосу
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан
мемлекеттік медицина университеті
Факультеті: Жалпы медицина
Кафедрасы: Қоғамдық гуманитарлық пәндер
Студенттің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Қазақстанның қазіргі кезеңдегі саяси
партиялары
Орындаған: Нұрғали Меруерт
Тобы:111 «Б»
Тексерген:Айтжанова Жанат Ергалиевна
Кіріспе
"Партия" деген сөз латын тілінен шыққан, бөлу, бөлшек деген мағынаны білдіреді.
Тұңғыш, алғашқы саяси партиялар Ежелгі Грекияда пайда болған. Бірақ олардың
мүшелері аз, шамалы, дұрыстап ұйымдаспаған. Сондықтан мұндай шағын топтардың
айтарлықтай маңызы болмады.
Саяси қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп,
қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке
кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі
жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардың мүдделерін іске
асырудың құралы ретінде пайда болады. Қоғамдық ұйымдар қоғамның саяси өміріне
қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандылығын
білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық,
жалпымемлекеттік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми
сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Парламент сайлауына жеті саяси партия қатысты: «Нұр Отан» Халықтық
демократиялық партиясы, Жалпыұлттық әлеуметтік-демократиялық партия,
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстанның «Ауыл» әлеуметтік-
демократиялық партиясы, Қазақстанның коммунистік Халықтық партиясы,
Қазақстан патроиттары партиясы мен «Руханият» партиясы. Сайлау қорытындысы
бойынша, партиялық тізімдер арқылы Мәжіліске тек қана «Нұр Отан» президентік
партия өкілдері өтті. Ол Қазақстан Ұлттық сайлау комиссиясының мәліметтері
бойынша, 64,56 % келген жалпы сайлаушылардың 88,05 % даусын жинады.
«Нұр Отан» Халықтық демократиялық партиясы
Төрағасы: Назарбаев
Нұрсұлтан Әбішұлы.
Төрағаның 1-ші орынбасары
- Нығматулин Нұрлан
Зайроллаұлы.
«Нұр Отан»
республикалық саяси
партиясы 1999 жылы
қаңтарда құрылып, сол
жылдың 12 ақпанында
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігінде
тіркелген.
Партия мүшелерінің саны
шамамен 900 000 адамды
құрайды.
ҰРАНЫ: «Болашақтың
іргесін бірге қалаймыз!»
Мәулен Дуйсенова Тамара Илья Теренченко
Сағатханұлы Босымбековна
Әшімбаев
"Нұр Отан" ХДП "Нұр Отан" ХДП
"Нұр Отан" ХДП хатшысы хатшысы
Төрағасының Бірінші
орынбасары
Қазақстанның «Ауыл» әлеуметтік-демократиялық
партиясы
Партия төрағасы – Қалиев Ғани Әлімұлы.
Партия 2002 жылғы 1 наурызда тіркелген.
2003 жылғы 2 сәуірде партия қайта тіркеуден
өтті.
Партия мүшелерінің саны 207 000 адамды
құрайды. Қазақстанның барлық
облыстарында партияның өз құрылымдық
бөлімшелері бар. Өз мақсаттарымен партия
аграрлық секторды мемлекеттік реттеуді және
қолдауды күшейтуді; ауыл еңбекшілерінің
мүдделерін қорғауды; қоғамды одан әрі
демократияландыруға бағытталған
экономикалық және саяси реформалардың
жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесуді;
нарықтық қатынастардың негізделген
нысандарын экономиканың барлық
салаларында жүзеге асыруды; азаматтардың
өмір сүру деңгейін арттыруды көздейді.
2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия
1.51% дауыс алып, Парламентке өтпеді.
2012 жылы Мәжіліске сайлауда партия
1.19% дауыс алып, Парламентке өтпеді.
Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" Демократиялық Партиясы
Партия төрағасы - Перуашев Азат Турлыбекулы
Партия 2002 жылғы 3 сәуірде тіркелген. Партия
мүшелерінің саны 180 000 адамды құрайды.
Партияның мақсаттары: тәуелсіз, гүлденуші,
демократиялық және еркін Қазақстан. Негізгі
құндылықтары: демократия, тәуелсіздік, еркіндік,
әділеттілік. Партия Қазақстанды одан әрі
демократияландыру бойынша ұсынымдар жасау
жөніндегі келісу комиссияларының жұмысына
белсенді араласады. Мәжілістің үшінші
шақырылымында партия 1 мандатқа ие болды.
Ұраны: Тәуелсіздік, Демократия, Бостандық,
Әділдік
2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 3.09%
дауыс алып, Парламентке өтпеді.
2012 жылы Мәжіліске сайлау қорытындылары
бойынша партия 7.47% дауысқа ие болды. "АҚ
ЖОЛ" партиясынан Парламенттің төменгі
палатасына партиялық тізім бойынша 8 депутат
сайланды.
Негізгі құндылықтары – Тәуелсiздiк, Демократия, Бостандық,
Әдiлдiк.
Тәуелсiздiк - бiздiң халқымыздың өткенiне мақтана алатын, елiмiздiң
бүгiнi мен болашағына жауапты, толыққанды азамат екенiмiздi сезiне алу
мүмкiндiгi.
Демократия – таза, еркiн және әдiл сайлау, бұл – қоғамдағы идеялар
мен көзқарастардың бәсекесi; бұл – елдi басқару iсiне барлық
азаматтарды қатыстыруды көздейтiн, шын мәнiндегi халықтық билiк; бұл
– тәуелсiз және әдiл БАҚ-на негiзделген сөз бостандығы.
Бостандық – тек адамның құқықтарын Конституция мен заңдарда ғана
жария ету емес, сонымен бiрге, әрбiр азаматтың оларды мiндеттi түрде iс
жүзiне асыра алатындай жағдайының болуы.
Әдiлдiк – ұлттық табысты барлық азаматтардың мүдделерiне сай,
бiрақ, ынталылықты шектемейтiндей, тоғышарлықты тудырмайтындай
етiп бөлу, бұл – мемлекеттiң қоғам алдындағы жауапкершiлiгi, бұл – тең
мүмкiндiктер қоғамы, бұл – соттың үкiм шығарудағы тәуелсiздiгi, барлық
адамдардың заң алдындағы теңдiгi, бұл – сыбайлас жемқорлық пен
қылмысқа қарсы тиiмдi және дәйектi түрдегi күрес, тұтастай алғанда, бұл
– әрбiр азаматтың лайықты өмiр сүру құқығы.
"Әділет" демократиялық партиясы
Төрағасы - Нәрікбаев Мақсұт Сұлтанұлы. 2004 жылғы 14
маусымда тіркелген. Партия мүшелерінің саны 125 000 адамды
құрайды. Партия аумақтық қағидат бойынша құрылды және
республиканың барлық облыстары мен Астана және Алматы
қалаларында өз бөлімшелері бар. Партия Қазақстанда құқықтық
демократиялық әлеуметтік мемлекет құруды, тиімді, озық және
дамыған экономикалық жүйе жасауды, азаматтық қоғам
қалыптастыруды өзінің басты міндеті деп есептейді. 2004 жылы
Мәжіліске сайлау қорытындыларына сай партиялық тізімдер
бойынша дауыс беру кезінде партия 0.76% дауыс алды.
Мәжілістің үшінші шақырылымында бір мандаттық округ
бойынша сайланған бір депутаты бар.
2007 жылғы 8 шілдеде «Әділет» Демократиялық
партиясының V съезінде оның Қазақстанның «АҚ ЖОЛ»
Демократиялық Партиясына қосылуы туралы шешім
қабылданды. 2007 жылғы 20 қазанда «Әділет» Демократиялық
партиясының VI (кезектен тыс) съезінде «Әділет» ДП-ның «АҚ
ЖОЛ» ҚДП-ға қосылуы туралы бұрын қабылданған шешімнің
күшін жою туралы шешім қабылданды.
2012 жылы Мәжіліске сайлауда партия 0.66% дауыс алып,
Парламентке өтпеді.
ҚКХП ОК бірінші ҚКХП ОК хатшысы
хатшысы – Косарев Жамбыл Ахметбеков
Владислав
Борисович
"Руханият" партиясы
Партия төрағасы - Мамбеталин Серікжан Есенғосұлы.
Партия 2003 жылғы 6 қазанда тіркелген. Партия мүшелерінің
саны 86 000 адамды құрайды. Партияның филиалдары облыс
орталықтарында, Астана және Алматы қалаларында жұмыс
жасайды.
Партияның әлеуметтік негізі - білім беру, денсаулық сақтау,
ғылым және мәдениет салаларының қызметкерлері,
кәсіпкерлер, студенттер және т.б. Өзінің басты міндеттері
экономиканы көтеру, әлеуметтік мәселелерді шешу,
адамгершілігі жоғары және рухани бай қоғамды дамыту деп
есептейді.
2007 жылы Мәжіліске сайлауда партия 0.37% дауыс алып,
Парламентке өтпеді.
Қазақстанның "АЗАТ" Демократиялық партиясы
Төраға - Әбілов Болат Мұқышұлы Партия «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның бөлінуі
нәтижесінде 2005 жылғы 29 сәуірде құрылған және 2006 жылғы 17 наурызда «Нағыз
АҚ ЖОЛ» атауымен тіркелген. Мүшелерінің саны 97 157 адамды құрайды. Партияның
барлық облыстарда, Астана және Алматы қалаларында өз филиалдары бар. «АЗАТ» -
орташа таптың партиясы. Партияның мақсаттары – демократиялық, зайырлы,
құқықтық, әлеуметтік мемлекет пен ашық қоғам құру. Тәуелсіз, гүлденуші,
демократиялық, еркін Қазақстан құру үшін азаматтардың күш-жігерін шоғырландыру.
2007 жылғы 23 маусымда «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның III съезінде Жалпыұлттық
социал-демократиялық партияға қосылу туралы шешім қабылданды. 2007 жылғы 20
қазанда «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның IV съезінде «Нағыз АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның III
съезінде бұрын қабылданған ЖСДП-ға қосылу туралы қаулысының күшін жою туралы
шешім қабылданды. 2008 жылғы 29 ақпанда IV съездің екінші отырысында «Нағыз АҚ
ЖОЛ» партиясын «АЗАТ» ҚДП деп қайта атау туралы шешім қабылданды, осы
атаумен ол 2008 жылғы 11 сәуірде қайта тіркелді.
24 қазан 2009 жылы «Азат» ҚДП және ЖСДП Біріктіруші съезде «Азат»
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияға бірікті.
Жаңартылған Жарғыға байланысты партияны басқару екі тең төрағаларға
тапсырылды.
Съездің делегаттарының бірауызды дауыстарымен олармен Жармахан Тұяқбай мен
Болат Әбілов сайланды.
Партияның Бас хатшысы болып Әміржан Қосанов сайланды.
Қазақстанның саяси ұйымдары
1.«Азат» азаматтық қозғалысы
2.«Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы
3. «Ақиқат» тарихи-ағартушылық қоғамы
4.Орыс қауымы (русская община)
5. Қазақстанның әйелдер одағы
6.Қазақстанның жастар одағы
7.“Алға-Спартак” балалар-жасөспірімдер
клубы
8. «А «Алға-Спартак» БЖСК лға-Спартак»
БЖСК
«Әділет» тарихи-ағартушылық қоғамы - жарғысы, бағдарламасы бар. Қоғам мүшелері 19 халық
комиссарының (министірдің), 1938 жылы Алматы маңында атылғандардың көмілген жерлерін анықтады.
Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу үшін қаржы жинады.
Қазіргі уақытта «Әділеттің» Астана, Қарағанды, Шымкент, Алматыда жергілікті ұйымдары бар. Қоғам
мүшелері 1500-ге жуық, негізіне студенттер және қоғам қайраткерлері.
«Ақиқат» тарихи-ағартушылық қоғамы 1988 жылы желтоқсанның 13-інде құрылды. Қоғамның
мақсатының бірі – халықтың ескі әдет-ғұрпын қалпына келтіру, туған өлкенің тарихын зерттеу, қазақ және
басқа халықтардың ұлттық тілін дамыту. Қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы бірнеше мақалалар және
кітаптар жариялады. Қоғамның үш мыңнан астам мүшесі бар. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл,
Қарағанды, Ақмола облыстарында бөлімшелері бар. Қоғам жұмысына негізінен зиялы қауым өкілдері мен
студент жастар қатынасады.
Орыс қауымы (русская община) - Әділет министірлігінде қыркүйектің 1- інде тіркеуден өтті. 14
облыста бөлімшелері бар. Жалпы саны 70 мың адамнан асады.
Қауымның іс-әрекеті жарғы және бағдарламасына сәйкес орыс және басқа да славян халықтарының
рухани өркендеуінің, олардың мәдениетін, білімінің барлық дәрежесін дамытуға бағытталған, Қазақстанда
азаматтық қоғам құруға әсер етуі қаралған. Қауым «Русский вестник» атты газет шығарады, жастарды
мүше етіп тартуға көптеген шара қолдануда.
Қауым 1992 жылы мемлекеттік екі тілділікті жақтап қол жинады, Шығыс Қазақстан облысында өткізілген
митингілерді жақтады. 1993 жылдың қаңтар айында президент атына Орыс университетін ашуды сұрап хат
жолдады.
Жастардың рухани және дене шынықтыру дайындығын жақсарту мақсатында олардың спорттық –
патриоттық клубқа мүше болуын насихаттайды. Жастар клубын ұйымдастыру үшін спорт залдарын жалға
алуға қаражат бөлді. Көркемөнер ұжымдарын құруға ат салысады.
2001жылы наурыз айында құрылды, 10 мыңнан астам мүшесі бар, орталығы Астана
қаласында.Қозғалыстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасында тұратын славян халықтарының тілін,
мәдениетін, рухани өмірін гүлдендіру, республикада демократияны, азаматтардың саяси, экономикалық,
әлеуметтік-мәдени құқықтары мен бостандығын, бейбітшілікті, халықтар достығын дамыту, нығайту.
Елімізде, 5 жылдан бері мемлекеттік тілді
ардақтау мақсатында, осындай шара өткізу
рухани дәстүрге айналды. Акция барысында
қордаланып қалған тіл төңірегіндегі
проблемалар, өзге де ой-пікірлер ашық
айтылып, атқарылуға тиісті нақтылы талаптар
билік назарына ұсынылуда. Соның
нәтижесінде кезінде, бастауын «американдық
ұлттан» алатын, көп ұлттан бір ұлт жасауға
негізделген «қазақстандық ұлт» идеясының
салтанат құруына түбегейлі тойтарыс берген
болатынбыз...
Сондықтан өзінің ұлтына, ана тіліміздің
бүгінгі жағдайына алаңдайтын әрбір азамат
күйбең тіршілігін бір сәт жиып қойып акция
өтетін жерден табылуы тиіс. Акция
барысында танымал өнер шеберлерінің ана
тілімізді ардақтайтын, ұлттық, мемлекеттік
рухты қуаттайтын әндері шырқалды.
Мемлекеттік тіл мәртебесін, еліміздің өзге
де рухани құндылықтарын асқақтатуды
ойлаған ұлт, жанашырлары сол жерде бас
қосты.
Қорытынды
Қорыта айтқанда, қазіргі қоғамның өмірінде саяси
партиялар алдыңғы қатардағы орынның бірін алады. Олар
осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе оны
өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың
мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар
қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып
саналады.
Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың әрқайсысының
өз ерекшеліктері болуына қарамастан азаматтардың
мүдделерін іске асыру құралы болып табылады, әрбір
әлеуметтік топтардың тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау
жолында олардың өкілі, қорғаны міндетін атқарады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә.
Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас
редакциясы, 1998
2. Д. Жамбылов. Саясаттану. Алматы “Жеті жарғы” 2003
3. Б. Өтемісов, Қ. Қарабала. Саяси білімдер. Ақтөбе 2011
4. Р. Әбсаттаров Саясаттану негіздері 1том Алматы
“Қарасай” 2012
5. Интернет желісі
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz