Қазақстан Халқы Ассамблеясы саяси институт ретінде



Студенттің өзіндік жұмысы
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Орындаған: Нұрғали Меруерт
Тобы: 111 “Б”
Тексерген: Мусашева Данагүл Қуанышқалиқызы
Тақырыбы: Қазақстан Халқы Ассамблеясы саяси институт ретінде.

Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Қазақстан Халқы Ассамблеясы саяси институт ретінде
ә) Ассамблеяның негізгі міндеттері
б) Қазақстан Халқы Ассамблеясының этносаралық қарым-қатынас үндесуіндегі рөлі.
ІІІ. Қорытынды

Қазақстан халқы Ассамблеясы - ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. Ассамблея - мемлекеттік органдардың халықпен жемісті үнқатысуын, барлық этностар өмірлерінің өзекті мәселелерінің шешілуін қамтамасыз етуші ұйым. «Дамудың сыры - бірлікте, Табыстың сыры - тірлікте». Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар - сол шаңыраққа шаншылған уықтар. Ортақ ордамыз - Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру - елдік мақсат. Сонда ғана Қазақстан «2050» Стратегиясында айтылған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз - ортақ, тілегіміз - бір, мақсатымыз - жалғыз. Ол - жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан!
Нұрсұлтан Әбішұлы НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті

Қазақстан халқы Ассамблеясы - 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді.
Кіріспе

Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді.
Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен
еркіндігі толығымен қолданылатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көпэтностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады.
Қазақстан Халқы Ассамблеясы
саяси институт ретінде

этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету;
халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;
қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;
азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру;
Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.
Ассамблеяның негізгі міндеттері

Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.
Ассамблеяның басты ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.
Парламент Мәжілісіне Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған 9 депутат еліміздің барлық этностары атынан өкілдік етеді. Бұдан басқа қазақстандық этностық қоғамдастық өкілдері Парламенттегі өкілдігі өкілді органдарға саяси партиялар арқылы сайлауға тікелей қатысу негізінде жүзеге асырылады.

ҚР президенты Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) еліміздегі этносаралық келісім мен азаматтық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі бірегей құрал болып табылады. Ол этносаралық саланы ғана емес, сонымен бірге конфессияаралық, саяси және экономикалық қатынастарды қамтитын толеранттылықтың қазақстандық үлгісін қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Бүгінгі күні Ассамблея мультиэтникалық әрі көпконфессиялы мемлекетте мәдениетаралық үнқатысуды дамытуға және қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге жәрдемдесетін маңызды демократиялық институт болып табылады.
Қазақстан Халқы Ассамблеясының этносаралық қарым-қатынас үндесуіндегі рөлі


Қазақстандағы этносаясаттың қалыптасуы мен дамуын 5 кезеңге бөліп қарастыруға болады
1991-1995 жылдар - ұлттық саясаттың қалыптасу кезеңі;
1995-2002 жылдар - қазақстандық бірдейлікті айқындау кезеңі;
2002-2007 жылдар - қазақстандық үлгіні әрі қарай нығайту кезеңі;
2007-2010 жылдар - қазақстандық қоғамның біртұтас халық болып шоғырлану кезеңі;
2010 жылдан бастап - этносаясатты жаңғырту кезеңі.

2015 жылдың ақпан айының 6 күні Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына бастау беру рәсімі болып өтті. Бұл шара республикамыздың барлық өңірлерінде өткізіліп, түрлі акциялар ұйымдастырылды. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына орай мемлекет тарапынан жоспарланған түрлі шаралардың жоғары деңгейде өтуіне, облыстық және аудандық басқарма басшылары, партия жетекшілері, этномәдени бірлестік өкілдері, ЖОО оқытушылары мен студенттері, ғалымдар, БАҚ өкілдері белсене қатынасты. Жыл бойы өңірлерде Қазақстан халқы Ассамблеясы жалауын көтеруге 70588 адам қатынасып, 262 шара өткізілді.
Ассамблея негізінде жүргізілген іс-шаралар

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz