Бірде тұтқын әйелдер
Презентация қосу
Қазақстандағы лагерлер
жүйесі.
Орындаған:Нұрғали Меруерт
Тексерген:Данагүл
Қуанышқалиқызы
Тұтқындар тасымалдайтын сталиндік вагондағы тұтқын әйелді
бейнелейтін мұражай экспозициясы. Вагон саяси қуғын-сүргін мен
тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражайында тұр.
Ақмол кенті, 12 сәуір 2010 жыл.
Алғашқыда бұл жерде «26-нүкте» деп аталатын орын болған. Соның
негізінде 1938 жылы НКВД-ның Ақмола арнайы бөліміне (Қарағанды
лагеріне) қарасты «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола
лагері» пайда болды.Қазір Астана қаласына таяу жерде орналасқан Ақмол
поселкесіндегі қуғын-сүргін құрбандарына арналған аллеяда осы лагерьдің
аты жазылған тақтайшадағы «отанын сатқандар» деген сөз тырнақшаға
алынған.Тұтқындар лагерьді бір сөзбен «АЛЖИР» деп атады. Бұл лагерьге
Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары
қамалды. Осынау сегіз мың әйелдің бар айытары - «халық жауы» атанған
күйеулері мен туыстарынан бас тартпағандығы еді. ГУЛАГ лагері Совет
Одағының түкпір-түкпірінде қаптап кетті. «АЛЖИР» де жер бетіндегі сондай
тозақтың бірі болатын.Кейін лагерь өз алдына ауыл шаруашылық өндірісі,
шеберханасы мен тігін фабирикасы бар сан-салалы шаруашылыққа
айналды. 1953 жылы жабылғаннан соң тұтқындар кенті Малиновка деп
аталды, кейіннен Ақмол деген атауға ие болды.
Бұл жерді тұтқындарың өзі адам тұратын қалыпқа келтірді. Барак, асхана,
мал фермалары, астық қоймалары мен шеберханалардың барлығын тұтқын
әйелдер өздері салды. Олардың басым көпшілігі - интеллигенция
өкілдерінің қара жұмысқа үйренбеген әйелдері болатын.
Түрменің күзет мұнарасын бейнелейтін мұражай экспозициясы. Саяси қуғын-сүргін мен
тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражайы. Ақмол кенті, 12 сәуір 2010
жыл.
«НАНЫН ҚОЯНМЕН БӨЛІСТІ»
Тұтқын әйелдерді қамыс жинап, арық қазып, бақша отырғызуға
мәжбүрледі.Кенттің кейін Малиновка аталуына да таңқурайдың көптігі
себеп болды. Кезінде тұтқын әйелдер жан беріп, жан алып жүріп өсірген
бұл бау-бақшаның қазір жұқанасы да қалмады.
Осы лагерьдің бұрынғы тұтқыны Мінтай Дәукенова қытымыр қыс күшейіп,
жейтін ештеңе қалмаған соң қоян 600 түп алма көшетінің қабығын кеміре
бастағанын айтады. Амалы таусылған әйелдер көшетті құтқару үшін
қолдарындағы азын-аулақ нандарын қоянмен «бөлісуге» мәжбүр
болыпты.
Өйткені лагерь басшылығы «бір түп көшет солса, шеттеріңнен атамыз» деп
қоқан-лоққы жасаған еді. Сондықтан тұтқын әйелдер әрбір көшеттің
түбіне бір тілім нан тастапты. Нанды жеген қоян көшетке тиіспеді. Алма
бақ көктемге аман-есен ілінді. Қазір бұл жерде «АЛЖИР» деп аталатын
мемориалды мұражай кешені тұр.
«АЛЖИР» тұтқыны Гертруда Платайстың фотосуретінің көшірмесі. Фотосурет саяси
қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражайында
сақталған.
Рахиль Плисецкаяның (сол жақта) қызы Мая (оң жақта), ұлы Азарий (ортада) және
бауыры Александрмен (жоғарыда) бірге түскен фотосуретінің көшірмесі. Фотосурет
саяси қуғын-сүргін мен тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР»
мұражайында сақталған.
«ҚҰРТ – ҚЫМБАТ ТАС»
«Отанын сатқандар» әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің» бұрынғы
тұтқындарының бірі - Гертруд Платайс. Ол 1990 жылы Германиядан
Қазақстанға келіп-кеткен сапарында «АЛЖИР» мұражайының
қызметкерлеріне жергілікті қазақтарды алғаш қалай көргенін, олардың
тұтқын әйелдерге қалай қарағанын айтып беріпті. Бірде тұтқын әйелдер
Жалаңашкөлден қамыс будаларын арқалапкеле жатады
. Жолда қарттар мен балалар кездесіпті. Балалар үлкендердің айтуымен
әйелдерге қарай тас лақтыра бастайды. Қарауылдар "Сендерді Мәскеуде
ғана емес, ауылда да жек көретінін байқадыңдар ма!" деп қарқылдап
тұрып күледі.
Тұтқын әйелдер «бұлардың балаларға берген тәрбиесі осы ма» деп
налиды. Бір әйел әлгі тастардың біріне сүрініп құлайды. Құлаған кезде дәл
алдында жатқан тастан сүт пен ірімшіктің исін сезіп қалады. Шетінен бір
тістеп көрсе, дәмі тіл үйіреді екен. Сөйтіп тастардың барлығын теріп алып,
баракқа алып келеді. Барактағы тұтқын қазақ әйелдер оның тас емес,
кептірілген құрт екенін түсіндіріпті.
«АЛЖИР» барақтарының бірі. Ақмол кенті, 14 сәуір
2011 жыл.
КҮЙЕУІ – «ТРАКТОРИСТ»
«Лагерьде өзінің не үшін отырғанын да білмейтін әйелдер бар еді, – деп жазады
Михаил Зельцер «Қайғылы тағдыр іздері» («Страницы трагических судеб») деп
аталатын кітабында. – Барактағы көрші әйелдердің бірі шешесіне өзінің еш
жазықсыз қамалғанын айтып шағымданушы еді. «Тергеуші: «Сенің күйеуің
тракторист» деп айқайлады, ал ол ешқашан тракторист болған емес, бригадир
еді», – дейтін. Байғұс әйел «троцкист» деген сөзді ешқашан естімеген ғой,
«троцкист» дегенді «тракторист» деп түсініпті».
АЛЖИР-де тамаша мектеп болды дейді Михаил Зельцер. «Мұғалімдермен дәл
осындай бейресми нағыз достық қарым-қатынасты басқа еш жерден ешуақытта
көрген емен. Бірнеше жылдан кейін Ленинградқа оралғанымда кәдімгі мектепке
көпке дейін үйрене алмай жүрдім» деп жазады.
Ол жерде Зинаида Гинзбург деген мұғалім неміс тілі мен әдебиетінен сабақ берген
екен. «Бірде маған Зинаида Наумовна Белинскийдің пікірін айтып бер деді.
Қандай мәселе бойынша екені есімде жоқ. Кітапхана поселкеде бір-ақ жерде –
ВОХР-да (военизированная охрана - әскерилендірілген күзет) ғана бар. Содан мен
кітапханаға жауапты адам - ВОХР-дың саяси жетекшісіне барып, Белинскийдің бар,
жоғын сұрадым. Саяси тәрбиеші «Дивизион құрамында ондай адам жоқ» деп
паңдана жауап берді», – деп жазады Михаил Зельцер.
Ақмол кентінің тұрғындары 30-50-ші жылдарғы саяси қуғын-сүргін құрбандарына
қойылған ескерткіш жанында. 14 сәуір 2011 жыл.
АЛЖИРДІҢ ҚАЛДЫҚТАРЫ
«Отанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің» аумағында қазір
4-5 қабат үйлері, дүкені мен клубы бар Ақмол кенті орналасқан. Ауылды кезінде
тұтқындар отырғызған қалың терек қоршап тұр.Бұрынғы лагерьден қалғаны - саз
балшықтан тұрғызылған барактардың үйінділері; қазір электростанцияа
орналасқан монша, тұтқындарды тексеретін орын ғана. Бұл жерді кейбіреулер
тұрғын үйге айналдырып алыпты.
Қуғын-сүргін құрбанының ұлы, жергілікті тұрғын Александр Тайғарынов лагердің
аса үлкен болғанын айтады. «Бала кезімізде велосипедпен қайда барсақ та
баллонын жарып келетінбіз, жағалай тікенек сым еді», – дейді ол Азаттық
радиосына берген сұқбатында.
- Екі қатар жатқан ұзын-ұзын барактар шикі кірпіштен салынғандықтан құлап
қалды, - дейді ол.
«Баракта бір мезгілде 360 адам жататын еді. Ауасы тар болатын. Ашыққан әйелдер
қоқыс арасынан қырыққабаттың өзегін жинап, құтыға қайнатып ішкенде барак
түгел сасып кететін. Бізді әкететін қарауыл ішке кіруден жиіркеніп, кезекші
кемпірлердің бірін тұтқындарды санап шығуға жіберетін. Әйелдер: «Бізді алтын
күзеткендей күзетіп,балайды» деп күлетін» деп жазады бұрынғы тұтқын Мария.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz