НЕРВ ЖҮЙЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ


Slide 1

Жүйке жүйесі

Slide 2

Жоспар

Нерв жүйесінің маңызы.

Нерв жүйесінің құрылымдық және қызметтік ұйымдасуы.

Бас ми нервтері.

Артқы ми.

Сопақша ми.

Ортаңғы ми.

Аралық ми

Мишық.

Қызыл ядро.

Slide 3

Нерв жүйесінің маңызы

Нерв жүйесі организмді өзгеріп отыратын сыртқы орта факторларына бейімдеп, оның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Нерв жүйесі жасушалардың ұлпалардың, мүшелер мен мүшелер жүйесінің қызметтерін реттеп, оларды өзара байланыстырады.

Нерв жүйесі сыртқы және ішкі тітіркедіргіштерге организмнің жауап қайыру мүмкіндігін береді. Нерв жүйесінің жоғары бөлімдері психикалық іс-әрекеттің көрініс беріп жүзеге асуын қамтамасыз етеді.

Нерв жүйесі - информацияны жылдам жеткізетін және басқаруды жүзеге асыратын күрделі үйымдасқан әрі жоғары дәрежеде маманданған жүйе.

Slide 4

Нерв жүйесінің құрылымдық және қызметтік ұйымдасуы

Нерв жүйесін негізгі 2 бөлімге бөліп қарастырады:

1) Орталық нерв жүйесі.

2) Шеткі нерв жүйесі.

Slide 5

.

Орталық нерв жүйесіне жұлын мен ми жатады.

Шеткі нерв жүйесіне орталық нерв жүйесінен тараған нервтер мен орталық нерв жүйесінен тысқары орналасқан нерв жасушаларының шоғыры (ганглилер) жатады.

Нерв жүйесі қызметтік жағынан 2 бөлімге жіктеледі:

1) Соматикалық нерв жүйесі.

2) Вегетативтік нерв жүйесі.

Тірек - қимып аппаратын нервтендіріп, денеміздің сезімталдығын қамтамасыз ететін нерв жүйесінің бөлігін соматикалық нерв жүйесі деп атайды. Ішкі органдарды нервтендіріп, олардың қызметін реттейтін, ондағы зат алмасуға әсер ететін нерв жүйесінің бөлігін вегетитивті нерв жүйесі деп атайды.

Slide 6

Бас ми НЕРВТЕРІ

Орталық нерв жүйесінің негізгі бөлігі - ми. ол ми сауытында орналасқан. ересек адамда мидың салмағы 1400-1450 грамм құрайды. мидан 12 жұп жүйкелер тарап, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келген ақпаратты миға жеткізеді. Бұларға:

I - иіс

II - көру

III - көз қимылдатқыш

IV - шығыршық

V - үшкіл

VI - бұру

VII - бет

VIII - дыбыс

IX - тіл-жұтқыншақ

X - кезеген

XI - қосымша

XII - тіласты жүйкелері жатады

Slide 7

Артқы ми

Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын 12 жұп нepвтepдiң сегiзi артқы мидан тарайды. Олар мыналар: үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты нepвтеpi. Осы жүйкелердің қатысуымен тыныс алу, журек соғу, қан айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу, жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте маңызды рефлекстер орталықтары бар.

Slide 8

Сопақша ми

Сопақша ми жұлынмен тікелей байланысқан және екі түрлі қызмет өткізгіштік және рефлекторлық қызмет атқарады. Сопақша ми мидың сұр заты жұлындағыдай бiр ғана жерге топтаспай, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, кызметi әр түрлi орталықтарға айнaлған. Ақ зат жүйке тaлшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткiзетiн жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлiмдерiмен, сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбiр жұлын жолдары осы мида бiр-бiрiмен айқасып оң жақтан келген тaлшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми нepвтepiнiң. соңғы бесеуiнiң (VIII, IX, Х, XI, ХII) ядролары мен бiрқатар аса маңызды рефлекстердi icкe асыратын орталықтар және жұлын қызметiн реттеуде маңызды торлы құрылымның бiр бөлігi сопақша мида орналасқан. Сопақша мидың жүйке орталықтары адамның өмірiн қамтамасыз етуде үлкен мән атқарады.

Slide 9

Ортаңғы ми

Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діңінің негiзiн құрады. Оның сырт жағындa ми қақпағы, iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Opтaңғы мидың негізгі құрлымдарына төрт төмпешiк, қара зат(субстанция), қызыл ядро, III және IV жұп ми жүйкелерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай таламусқа, мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынаң жолақ денеден гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi.

Төрт төмпешiк пен көз алмасын қозғайтын ІІІ жұп жүйкелер түйiндерi ортаңғы мидың сырт жағына, ал iшкi жағында қара зат, қызыл ядро және IV жұп шиыршық жүйкенің нейрондары орналасқан.

Slide 10

.

Көз алмасын қозғайтын ІІІ жұп жүйке аралас жүйке тармақтары арасында көздiң қиғаш eттеpiнен басқа еттердi жиырылтатын талшықтармен қатар көз еттерінен орталыққа тебетiн сезгiш талшықтары бар. Мұнымен қатар, бұл жүйке арасында ортаңғы мида орналасқан парасимпатиқалық түйiндердiң прегaнглиялық талшықтары бар. Бұл жүйке серпiлiстерiн кірпіктік түйiннен екiншi нейронға жеткiзедi. Бұл түйiннен басталған постганглиялық талшықтар көздiң қарашығын тарылтатын еттi жиырылтатын эфференттiк жүйке. Ми жүйке терінің IV жұп жүйкесi де аралас жүйке. Талшықтар арасында көздiң жоғарғы қиғаш eтiн жиырылтатын қозғалтқыш талшықтармен қатар еттiң сезгiш талшықтар да бар.

Slide 11

Мишық


Ұқсас жұмыстар
Нерв ұлпасының құрылысы мен маңызы
Нерв ұлпалары
ЛИМБИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ
Орталық нерв жүйесі
Балалар бас миының анатомиясы
Балалар бас миының анатомиясы туралы
Балалардың жүйке жүйесінің анатомиясы
Орталық жүйке жүйесінің қалыптасуы
Жүйке орталығы
Нейрондардың ядросы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz