Жасанды тістерді орналастыру




Презентация қосу
Толық алмалы пластиналы протез
дайындаудың технологиясы:
мүсіндерді окклюдаторға ғаныштау,
жасанды тістерді орнату.

Орындаған: Багитова Ақниет
Қабылдаған: Асқарова Шынар
2 курс
Стоматология факультеті
Тіссіз жақтардың орталық арақатынасын анықтау

Жақтардың орталық ара-
қатынасың анықтау үшін ең
алдымен физиологиялық
тыныштық жағдайды анықтап
алу қажет.
Физиологиялық тыныштық
нүктелері бет бөлігінің төменгі
аймағында мұрын ұшымен иектің
шығыңқы жері болып табылады.
Бұл кезде тістер бір – бірімен
түйіспейді, тістер арасында 2-
3мм саңылау пайда болады.
Ең алдымен жоғарғы жақтың білігін
шақтаймыз. Жоғарғы жақтың білігінің
фронтальді бөлігінің биіктігі 1-1,5см, ені
3-4 мм, ал бүйір жақтағы біліктің биіктігі
5-7мм, ені 10-12мм болады. Ауыз қуысына
шақтаған кезде ең алдымен
вестибулярлы доғаны қалыптастырамыз,
егер ерін алдыға шығып тұрса артық
жерін аламыз,ерін ішке кіріп тұрса
балауызбен қосамыз.
Алдыңғы біліктің биіктігін тексереміз.
Білік жоғарғы еріннен 2-3мм шығып тұру
керек.
Протетикалық жазықтықты тексеру үшін
сызғышты қолданамыз.
1-ші сызғыш көз қарашық сызығымен
қояды,
ал 2-ші сызғыш ауыз қуысындағы
жоғарғы жақ
біліктің окклюзиялық жазықтығына
қояды , екі
сызғыш бір біріне параллель болуы
керек. Бұл арқылы біліктің алдыңғы
- Біліктің бүйір
бөлігінің биіктігін
қалыптастыру үшін,
құлақтың түйінен
мұрын қанатына дейін
Кампер сызығын
жүргіземіз. Тағы бір
сызғышты білікті
бүйір бөлігінің
окклюзиялық
жазықтықта
орналастырып
параллельдігін
анықтаймыз.
Анатомиялық бағдарлар сызу
1-сұрақ: Окклюдаторлар мен
артикуляторлар
Окклюдаторлар
Өзара шарнирмен байланысқан, екі сымды
немесе құйылмалы рамадан құралады. Төменгі
рама 100-110° бұрылған, ол төменгі жақтың
бұрышын қайталайды.
Раманың артқы бөлігінде штифт орнықтыруға
арналған алаң болады, ол альвеола аралық
биіктікті ұстайды. Жоғарғы рама горизонтальды
орналасқан, онда вертикальды штифт болады, ол
төменгі раманың алаңына тіреледі.
Артикулятор түрлері

Жеңілдетілген артикуляторлар
Олардың конструкциясының құрылымдық негізі
ретінде, жиі кездесетін төменгі жақ сүйегі
қозғалысының орташа арифметикалық бұрышы
алынған.
Жеңілдетілген артикуляторда
сагитталдық буын жолының бұрыштық
көрсеткіші 33°, бүйірлік буын жолы — 15-17°,
сагитталдық күрек тіс жолы— 40°
бүйірлік күрек тіс жолы — 120°.
Бонвиль артикуляторы
(бірінші анатомиялық артикулятор) Өзара
шарнирмен байланысқан, екі горизонтальды
рамадан тұрады. Артикулятордың артқы бөлігінде
альвеола аралық биіктікті бекітетін штифт бар.

Артикулятордың құрылымы Бонвиль
теңқабырғалы үшбұрышы негізінде жасалған. Жақ
мүсіндерін артикуляторға отырғызғанда, жақ
сүйектері бас сүйектерімен арақатынасы
адамдардағыдай болады.
Сорокин артикуляторы
Өзара шарнирмен байланысқан екі
горизонтальды рамадан тұрады. Төменгі
жақ сүйегінің барлық қозғалыстарын
қайталайды. Артикуляторда үлгіні орнату
үшін мынадай белгілер бар: Бонвиль
теңқабырғалы үшбұрышы құрайтын
орталық сызық көрсеткіші мен тік
тіректің шығыңқы жері.
а – Бонвил артикуляторы;
б - Сорокин артикуляторы.
Гизидің «Симплекс» артикуляторы
Немесе орташа анатомиялық артикулятор, мынадай
бөліктерден тұрады:
Жағарғы және төменгі пластинадан,
Алдыңғы вертикальды штифтан,
Стрелканы ұстап тұратын (центрді көрсететін) винтті
муфтадан,
горизонтальды стержннен,
күрек тіс алаңқайынан,
Жоғарғы муфта мен күрек тіс алаңқайын
артикулятор пластинасына бекітетін екі стержні,
пружинасы болады.
Төменгі және жоғарғы пластинасы төрт бұрышты
пирамида тәрізді. Төменгі пластинаның алдыңғы
бөлігінде күрек тіс алаңқайы бар, пластинаның артқы
жағы екіге бөлініп өсінді болады.
В) Гизи «Симплекс» е) Ганау
Анатомиялық орташа
артикулятор.

1 — горизонтальдық стержень;
2 - пружиналар;
3 – жағарғы және төменгі
пластиналар;
4 — жалғастыру муфталары;
5 — күрек тіс алаңқайы ;
6 — бұрандалы муфт, стрелканы
ұстап тұратын —центрді көрсеткіш;

7 — вертикальды штифт.
Жасанды тістер қатарын құрастыру
Жасанды тістерді таңдау арқылы шайнау қызметі қалпына
келіп, эстетикалық әсер жақсарады. Эстетика тұрғысынан
маыздысы – алдыңғы тістерді таңдау.
Тістердің 3 типі бөліп ажыратылады. Олардың негізгі
белгілері алдыңғы тістерден, әсіресе орталық және
бүйірлік күрек тістерден білінеді.
Бірінші типтегі тістер – өз ұзындығының жартысы не одан
да артық шамасында түйісу беттерінің параллель не
параллельге жуық сызықтарымен сипатталады.
Екінші тип – тістердің түйісу беттері қатты жақындасады.
Мұның өзінде олардың жалғасы тіс ұшында қиылысуы
мүмкін. Бұл беттер тік, бірақ кейде мезиальды бетте ойыс
байқалады және дистальды бетте елеусіз дөңестік
кездеседі.
Үшінші тип тістері дистальды, ал кейде
мезиальды беттердегі екі жақтан дөңес
біткен сызықпен ерекшеленеді. Осы тип
тістерінің бар беттері мен ұштары
неғұрлым жұмыр әсем келеді.
Қазірде осы аталған үш типті және оған
қоса ауыспалы қалыптағы жасанды тістер
дайындалады. Тіс пішінімен қатар оның
ұзындығы мен түсі ескеріледі.
Алмалы-салмалы протездер үшін түрлі пішін және түстегі
жасанды тістерді фабрикада акрил полимерінен немесе
фарфор жиынтық түрінде: толық жиын, тек алдыңғы
тістерді, тек бүйірлік тістерді дайындайды.
Стандартты фарфор тістердің артықшылығы – олардың
табиғи тістерге өте ұқсастығы. Түсінің беріктігі де өте жоғары.
Сонымен қатар фарфор адам ағзасына кері әсерін тигізбейді.
Фарфор тістердің кемшілігі – сыңғыштығы, протез негізімен
жеткілікті берік қосылмауы, төмен қажалуы, технологиялық
қасиеттерінің нашар болуы.
Пластмасса тістерде мұндай кемшілік жоқ, оларды терең
тістемде, тістер қатарының бұзылуында қолданған тиімді.
Кемшіліктері – тозуға төзімділігі жеткіліксіз, түсінің нашар
сақталуы, тағам пигменттерімен боялу мүмкіндігі.
Жасанды тістерді орналастыру
Көбінесе М.Е.Васильев бойынша тістерді анатомиялық қою
қолданылады.
Орта және және кәрі жастағы адамадрдың табиғи тістерінде
байқалатындай соған ұқсатып фасетка жасап, азу тістердің
үшкір төмпешіктердін өңдеп тегістейді. Азу тістер шыны
бетіне тиіп жатуы керек және оның кескіш ұштарын да орта
сызыққа сәл иіп қояды. Фронтальды тістердің
барлықттоптары жарты сақина жасайды.
1-ші премолярды шыны бетіне оның тек қана ұртты
төмпешігімен тиетіндей, ал таңдай төмпешігі одан 1мм-ге
шығатындай етіп орналастырады. 2-ші премоляр шыны
бетіне тек қана мезиальды таңдай төмпешігімен тиеді,
мезиальды ұрт төмпешігі шыныдан 0,5 мм-ге, дистальды
таңдай – 1 мм-ге, дистальды ұртты- 1,5 мм-ге шығып тұрады.
2-ші молярды оның барлық төмпешіктері шыны бетіне
тимейтіндей етіп, ал оның мезиальды ұрт төмпешігі 1-ші
молярдың дистальды ұрт төмпешігінің деңгейінде
жататындай етіп орналастырады. Ал қалған тістер шыныдан
2-2,5 мм-ге жоғары жатады.
Жоғарғы жақтың тістерін салғаннан кейін, соған
қарап төменгі жақтың тістері: басында 2-ші
премолярды, сосын молярлар және 1-ші премоляр,
соңынан алдыңғы тістер қойылады. Тістерді осылай
қою нәтижесінде сагиттальды және трансверзальды
окклюзиялық қисықтар пайда болады. Тістер қоюды
аяқтағаннан кейін, олардың төмпешіктерін бүйір
қимылдары кезінде тегістейді.
4-ші клиникалық кезең.
Науқас ауыз қуысыда протездің балауыз
композициясын шақтау,құрлысын тексеру.
Протез құрылысын тексеру мына сатыладан тұрады:
1. Тістердің артикуляторда орнатып тексеру;
2. Жақ сүйектері үлгілерін қарау;
3. Тістері бар балауыз негізді ауыз қуысында тексеру.
4-ші зертханалық кезең.
Балауыз құрылымды пластмассаға ауыстыру.
Протездің балауыз конструкциясын соңғы мүсіндеу.
Мүсінді кюветаға ғаныштау. Балауызды балқыту,
пластмассаға ауыстыру,
престеу,полимиризациялау,протезді кюветадан
босату,өңдеу, жылтырату.
5-ші клиникалық кезең.
Протезді тіссіз жаққа орналастыру.
Протез қозғалмауы тиіс, протездің шекарасы
протез орнының шекарасына сәйкес келуі
керек, негіз протез орнының шырышты
қабығына тығыз жанасуы тиіс. Тістем
биіктігі сақталған. Жасанды тістер біркелкі
пішінде, өлшемде болуы керек, түсі
біркелкі болуы керек. Тістер науқастың
бет-пішініне , жасына, жынысына сәйкес
болуы керек.

Ұқсас жұмыстар
Жасанды тістер, оның түрлері
Жасанды тістер
Толық алмалы салмалы протез дайындау технологиясы
Стоматологиялық қызметтер кабинетін ашу
Көпіртәрізді протездер
Тістердің ақаулары
«Smile Dent» Стоматологиялық орталығы
Ортодонтиядағы балалардың бет жақ аймағының аномалиялары мен деформацияларын емдеудің негізгі принциптері мен әдістері
Тіс қатарының ақауы
Ортопедиялық стоматология негіздері
Пәндер