Жеке қасықты дайындау




Презентация қосу
С.Д.Асфендияров атындағы Акционерное Общество
Ұлттық Медицина Университеті Национальный Медицинский
Акционерліқ Қоғамы Университет
им. С.Д.Асфендиярова

Тақырыбы: Толық алынбалы
пластиналы протез құю технологиясы

Тексерген: Асқарова Ш.Н.
Орындаған: Молгаждаров
Алишер
Ортопедиялық стоматологиядағы күрделі
тараулардың бірі- толық тіссіздік
жағдайында протездеу мәселесі.
• Тістердің толық болмау себебі - көбіне
тісжегі жіне оның асқынулары, пародонтит,
жарақат, басқа да аурулар және сирек
кездесетіні- алғашқы туа біткен адентия.
• Толық тіссіздікте жақ-бет жүйесінде айқын
көрінетін қызметтік бұзылулар байқалады:
бет сүйегі және оны жауып жатқан жұмсақ
тіндер семе бастайды.
Тіссіз жоғары жақ сүйегіне арналған
Шредер жіктемесі
I. Биік альвеолалы өсінді, тығыз шырышты қабатпен
бірыңғай жабылған, жоғары жақ сүйегі дөңестері
жақсы білінеді, таңдай терең, торус айқын
білінбейді немесе ол жоқ.
II. Альвеолалы өсіндінің семуі орта дәрежеде,
жоғарғы жақ дөңестері шамалы білінеді, таңдай
тереңдігі орта, торус білінеді.
III. Альвеолалы өсінді мүлде жоқ, жақ сүйегі денесі
және жоғары жақ сүйегі дөңесі шағын, таңдай
жазық, торус кең.
Тіссіз төменгі жақ сүйегіне арналған
Келлер жіктемесі
I. Альвеола бөлігі айқын білінетін жақ сүйектер,
өтпелі қатпар оның жотасынан алыс орналасқан.
II. Барлық альвеола бөлігі айқын білінетіндей
бірыңғай семген, қозғалмалы шырышты қабық
жота деңгейіне жақын орналасқан.
III. Альвеола бөлігі фронтальды бөлімде айқын
білінеді, шайнау тістері аймағында қатты семген.
IV. Альвеола бөлігі фронтальды бөлімде қатты
семген, шайнау тістері аймағында жақсы
білінеді.
Толық алынбалы протезді дайындаудың
клиникалық кезеңдері
1. Науқасты қарау. Ауыз қуысын зерттеп, диагноз
қою.Анатомиялық қалып алу.
2. Жақ сүйегінен анатомиялық пішіннен қалыптық
өлшемі алынады. Қасық таңдалады,таңдалған қасыққа
базистік массаны салып тіс өлшеммен саламыз. Содан
соң зертханаға жіберіледі.
3. Альвеолалық биіктігі мен жақ сүйегі орталық
арақатынасын анықтау.
4. Протездің балауыз құрылымын ауыз қуысында тексеру.
5. Дайын протезді өлшеп-кигізу, тапсыру.
Толық алынбалы протезді дайындаудың
зертханалық кезеңдері

1. Модель құю. Жеке қасықты дайындау.
2. Модельді құю, тістем біліктері бар
балауыз негізді дайындау.
3. Жасанды тістеді қою.
4. Балауыз құрылымды пластмассаға
ауыстыру.
Қалыптық материалдар
Толық алмалы тіс протезін дайындау үшін
стоматолог-ортопед тіссіз жақ сүйектерінен
стандартты қасықтардың және альгинатты
массалардың комегімен анатомиялық қалып-
өлшем алып, тіс техингіне береді. Анатомиялық
қалып-өлшем алу үшін металдан немесе
пластмассадан жасалған стандартты қасықтар
қолданылады.
Арнайы қасықтарды дайындау үшін
қолданылатын материалдар: пластина
түріндегі табақшалар, қалайы, акрил,
термопластиктер, балауыз. Жеке
адамға арналған мүндай қасықтарды
дайындау үшін ең жиі қолданылатын
материалдар өздігінен қататын акрилді
пластмассалар мен
термопластмассалар.
Қызметтік қалып-өлшемнен мүсін құю

Арнайы жеке касыктың көмегімен қызметтік
(функционалды) қалып-өлшем алынып, одан жүмысшы
мүсін қүю үшін қалып-өлшем (Boxing) әдісімен
дайындалады. Boxing эдісі дегеніміз - калып-олшемнің
шеттерінің мүсінде толык кайталанып сақталуы. Ол
үшін касыктың вестибул және тіл кырларын сыртқы
жағынан, шеттерінен
3 мм ұзактыкта айналдыра шыбық түріндегі балауызды
жиектетіп жапсырады. Осыдан кейін қызметтік калып-
өлшем гипспен толтырылып, мүсін күйылады жэне
алынган мүсінде тістем шаблоны дайындалады
Қызметтік
қалып-
өлшемнен
мүсін құю
Жақ сүйектерінің орталық
арақатынасын анықтау
• Анатомиялық- физиологиялық әдіс.
Алдымен модельдерді қарап шығады, модельдерде
алдын- ала қарындашпен болашақ протездің
шекарасы белгіленеді.
• Балауыз біліктің биіктігі фронтальды бөлімінде
1,5мм, ал шайнау тістері аймағына 5-7 мм болуы
керек. Фронтальды бөлімде жоғары білік сәл алға
шығып, ені 3-4 мм болуы керек. Бүйір
учаскелерінде білік биіктігі 5 мм аспайды, ені 8-10
мм болады.

Ұқсас жұмыстар
Толық алмалы салмалы протез дайындау технологиясы
Сабақтың дамытушылығы
Балдың пайдасы
Акушерлік операциялар
Деменцияның кеш кезеңінде тамақтану
Күніне неше рет сүт ішесің
Мектеп жасына дейінгі баланың мінез - құлық мотивтерін дамыту және өзінің санасынын қалыптастыру
Диеталық және балалар тағамының құрғақ өнімдері
Хан батыр
Мектеп жасына дейінгі балаларда кекештікті ойын арқылы түзету жолдары
Пәндер