Толық алмалы-салмалы протездерді дайындаудың клиникалық және зертханалық технологиясы


Slide 1

ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

С. Д. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

МИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РК

КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С. Д. АСФЕНДИЯРОВА

Кафедра: Ортопедиялық стоматология

Тақырыбы: Толық алмалы салмалы протез

дайындау технологиясы.

Орындаған: Рустем А

Қабылдаған: Аскарова Ш. Н.

Факультет: Стоматология

Топ: 17-007-02

Slide 2 Slide 3

Анатомиялық қалып түсіру үшін стандарты қасықты дұрыс таңдаған жөн. Оның пішіні мен өлшемі жақ сүйек шамасымен анықталады. Жақ сүйегі шамасын көзбен, қасықты ауыз қуысында шақтай отырып өлшейді.

Slide 4

Анатомиялық көшірме үлгілерді түсіру үшін колба; шпатель, пластик альгинат масса және су қажет.

1 өлшем қасық альгинат массасы 1 өлшем қасық суық суға тең.

Массаны резеңке колбада шпатель көмегімен араластырамыз

Массаны илеп, оны қасыққа саламыз.

Масса бар қасықты ауыз қуысына енгіземіз (Ортаға дәл келтіру, батыру, бекіту)

Қалып түскен қасықты ауыз қуысынан шығарамыз

Қалып сапасын бағалаймыз

Қалыпты залалсыздандырамыз

Slide 5

1-ші зертханалық кезең.

Анатомиялық қалып түсіріліп, кейін зертханаға тапсырылады, онда жұмыс моделі құйылады, ол модельде жеке қасық дайындалады. үсіндер дайындау.

Slide 6

Функциональды қалып алу әдісі протез орнының тіндерінің жағдайына, альвеола өсіндісінің сему дәрежесіне байланысты болады.

Функциональды сорылғыш қалып алудың 3 әдісі бар :

Компрессионды

Қысым түсірмей алу

Дифференцияланған

Slide 7

2-ші зертханалық кезең.

Жұмысшы гипс мүсіндерін құю, окклюзионды біліктермен балауыз негізін мүсіндеу.

Модель жалпы қабылданған әдіспен құйылады.

Slide 8

Білік беті қарашық және мұрын - құлақ сызықтары бойына параллель келген соң, оны тегістеп, құрылған протетикалық жазықтықты жетілдіреді. Ол үшін Найш аппаратын қолданған жөн.

Slide 9

Біліктің бүйір бөлігінің биіктігін қалыптастыру үшін, құлақтың түйінен мұрын қанатына дейін кампер сызығын жүргіземіз. Тағы бір сызғышты білікті бүйір бөлігінің окклюзиялық жазықтықта орналастырып параллельдігін анықтаймыз.

Slide 10

Төменгі жақ білігін шақтаймыз, вестибулярлы доғасын анықтаймыз. Жақтардың түйістіруін сұраймыз, физиологиялық тыныштық биіктігімен салыстырып, төменгі жақ білігінің биіктігін 2-3мм аламыз. Жоғарғы және төменгі білік бойымен 2 бүйір және 1 алдыңғы сызық сызып аламыз.

Slide 11

Балауызды негізбен окклюзиялық білікті ауыз қуысынан шығарып жаңағы жүргізген сызық бойымен жоғарғы жақ білігіне кертпе жүргіземіз, ал төменгі жақ білігіне сызық бойымен қыздырылған балауызды жанастырамыз. Науқастың ауыз қуысына салып, сілекейін жұтынып барып жақтардың түйістіруін сұраймыз. Окклюзиялық биіктікті анықтаймыз.

Slide 12

Соңғы кезең - жоғарғы тістерді орнату үшін бағдар сызықтарын салу. Осы сызықтарға қарап техник тістер өлшемін таңдайды. Жоғарғы білікке орта сызығын, азу және күлімдеу сызығын түсіру қажет.

Slide 13

3-ші зертханалық кезең.

Артикуляторға мүсіндерді ғаныштау, жасанды тістерді таңдау, протездің балауыз композициясын дайындау.

Жасанды тістерді таңдау арқылы шайнау қызметі қалпына келіп, эстетикалық әсер жақсарады.

Алмалы - салмалы протездер үшін түрлі пішін және түстегі жасанды тістерді фабрикада акрил полимерінен немесе фарфор жиынтық түрінде: толық жиын, тек алдыңғы тістерді, тек бүйірлік тістерді дайындайды.

Slide 14

ҚОРЫТЫНДЫ .

Тістің мүлдем болмауы науқас психикасына, әсіресе жас кезінде қатты әсер етеді. Әсіресе әйел адамдарда кемістік сезімі туындайды, сол себепті ортопедиялық емдеу кезінде медициналық психологиялық емдеу шараларына көңіл бөлу қажет. Әр клиникалық ж/е зертханалық кезеңде өзіне тән ережелерді сақтай отырып, протез конструкциясын өте мұқият, қатесіз жасап, науқастың да дәрігердің де көңілінен шығатындай етіп науқасқа тапсыру керек.

Slide 15

Пайдаланған әдебиет

пропедевтика ортопедической стоматологии. Рузуддинов С. Р, . Седунов А. А., Лобанов Ю. С., Алматы, 2011

Стоматологиялық ортопедия. А. М. Маженова, Н. Қ. Сейімамбетов. “Парасат әлемі”, Алматы, 2003 ж

П. Танрыкулиев Клиника и протезирование больных с беззубыми челюстями, Ашхабад. Магарыф-1988

Методические указания для студентов, 2002


Ұқсас жұмыстар
Толық алмалы-салмалы протездеудің клиникалық және зертханалық кезеңдері мен әдістері
Толық алмалы-пластиналы протезді дайындаудың клиникалық және зертханалық технологиясы: окклюдаторға мүсіндерді орналастыру және жасанды тістерді орнату
Толық алынбалы пластиналы протез құю технологиясының клиникалық және зертханалық кезеңдері
Ортопедиялық стоматологияда тістер мен жақтардың жарақатын емдеуге арналған аппараттар мен протездерді дайындау технологиясы
Суппозиторийлерді дайындаудың технологиясы және өндірістік талаптары
Спирт өндірісіне бидайды дайындаудың технологиясы
Зертханалық және аспаптық зерттеулерде мейіргердің рөлі және клиникалық бағалауда қосымша әдістердің маңызы
Ретровирустар туғызған аурулардың клиникалық және зертханалық диагностикасы
Зертханалық зерттеу әдістері: түрлері, клиникалық қолданылуы және науқасты дайындау
Бруцеллезді диагностикалау әдістері: клиникалық, зертханалық және аллергиялық тәсілдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz