ТІС САУЫТЫНЫҢ БЕТТЕРІ




Презентация қосу
І. ТІСТЕРДІҢ ДАМУЫ
Тістер эмбрионның ауыз қуысының кілегей
қабығының туындысы болып келеді. Шырышты
қабықтың эпителиінен эмальды органдары
дамиды, ал эпителий астындағы мезенхимадан
дентин, ұлпа, цемент дамиды. Олар тісте
тұратын қатты және жұмсақ тіндер.
Тістердің дамуы үш сатыдан тұрады:
1. Тістің ұрығы, негізі қаланады;
2. Олардың бөлшектенуі басталады;
3. Тістердің өзі түзіледі.
6-7 апталық эмбрионның (ұрықта) ауыз қуысының
жоғарғы және төменгі беттерінде эпителий
қалыңдайды. Оның ерін мен ұртқа қараған бетінде
колба тәрізді өсінді пайда болады да, одан
кейіннен сүт тістерінің эмальды органдары
дамиды. Әрбір тістің табақшасында
(пластинкасында) сүт тістердің санына сәйкес 10-
нан өсінді пайда болады. 10 апталық эмбрионда
мезенхиманың эмаль органдарының ішкі бетіне
өсуіне тіс бүртіктерінің негізі пайда болады. 3
айлық ұрықта эмаль органның мойны пайда
болады да, ол органдарының тіс табақшасынан
бөле бастайды. Мезенхиманың тығыздануынан
эмаль органының төңірегінде тіс қабы пайда бола
бастайды. Ол кейіннен тіс бүртігімен біте өседі.
Екінші сатыда тіс ұрығында да, оны қоршаған
тіндерде де өзгерістер болады. Эмаль
органының бір текті жасушалары жеке
қабаттарға бөліне бастайды. Эмаль органының
ортасында ұлпа пайда болады, ал оның шет
жақтарында кейіннен эмаль түзетін ішкі эмаль
жасушаларының (эмаль облысты) қабаты пайда
болады. Эмаль органының ішкі эмаль
жасушалары орналасады
Ұлпа жасушаларының бір бөлігі эмаль органының аралық
қабатын түзеді. Эмаль органы қайта құрыла бастағанда тіс
бүртіктері де бөлшектеен бастайды. Олар ұлғайып, эмаль
органдарының ішіне кіріп, өсе бастайды. Тамырлар мен
нерв талшықтары пайда болады. Олардың бет
жақтарында, жасушаларынан құралған бірнеше қабат
одонтобласт немесе дентин түзетін жасушалар пайда
болады. Ұрықтың 3 айлық дамуының аяғында эмаль
органының мойны мезенхимамен өсіп жоқ болады.
Осының салдарынан тіс ұрығы тіс табақшасынан
бөлектеніп, ауыз қуысының эпителиімен байланысын
жояды. Бірақта, кейіннен тұрақты тістердің эмаль
органдарын түзетін, тіс табақшаларының артқы, бос
шеттері сақталып, ары қарай өсе береді. Тіс ұрықтарының
айналасында, жақтардың мезенхимасында сүйек
қалтқылары өседі. Олардан тіс альвеолаларының
қалтқылары түзіледі
Үшінші саты. Ұрықтың дамуының төртінші айының
аяғында тіс тіндері – дентин, эмаль, тіс ұлпасы
пайда бола бастайды. Дентин ішкі эмаль
жасушаларының жіңішке преколлагенді
жіпшелерінің одонтобластарынан түзіледі. Ол
жіпшелер кейіннен предентиннің сыртқы қабатына
– избестелінбеген дентин қабына айналады.
Предентиннің ішкі қабатынан избестелінген ұлпа
төңірегінің дентині дамиды. Одонтобластар
предентин мен дентиннің құрамына кірмейді.
Олар тіс бүртіктерінің сыртқы қабатында қалады
(ұлпа). Ұрықтың 5 айлық дамуында дентин
избестен арыла бастайды. Тістің ішкі жағында
избестен арылған дентиннің қабаттары қалады.
Тіс бүртіктерінің ішіндегі адамантобластардан эмальдың
дамуы эмбрионның 5 айлығының басынан басталады.
Бұл үрдіс шайнау бүртіктерінің тұсынан басталады да, тіс
сауытының жақтауларына тарайды. Кейіннен эмаль
избестен арыла бастайды. Ол үрдіс тіс жарып шыққанда
ғана аяқталады. Тіс түбірінің дамуы эмбрионалдық
дамудың аяғына бітеді. Бұл кезде тіс сауытының
құрылуына байланысты эмаль органдарының жоғарғы
бөлігі редукцияланады, ал төменгі бөлігі, керісінше, екі
қабат эмаль жасушаларынан тұратын эпителиалды
қынапқа айналады. Одан мезенхима жасушалары
одонтобласттарға айналып, тіс түбірінің дентинін
құрайды. Тіс түбірінің дентині құрылғаннан кейін,
эпителиалды қынап мезенхимамен өсіп оның көп
бөліктері жойылады. Ал қалған бөлігінен цементобластар
түзіледі. Ол жасушалар тіс түбірінің дентинін цементтейді.
Тіс түбірін қоршаған, тіс қабының жасушаларының
бір бөлігінен тығыз дәнекер тіндер өседі. Осыдан
периодонттардың дамуы басталады. Олар тіс түбірін
оларды қоршаған тіндермен тығыз байланыста
ұстайды. Тіс бүртіктерінің мезенхималарынан тістің
ұлпасы дамиды.
Тұрақты тістер де тіс табақшаларынан пайда
болады. 5 айлық дамуда, сүт тістерінің ұрығының
артында күрек, азу және кіші азу тістерінің эмальды
органдары пайда бола бастайды. Осымен қабаттас
үлкен азу тістерінің эмаль органдары өсе бастайды.
Ары қарай тұрақты тістердің дамуы біз жоғарыда
айтқандай сүт тістерінің дамуымен сәйкес келеді.
Неге десеңіз, сүт тістері мен тұрақты тістердің
негіздері бір сүйек альвеолаларында жатады
Тістердің дамуының бұзылуы мынадай түрде
кездеседі:
1. Қатты заттардың дұрыс орналаспауына апарып
соғады (эмальдар-дың гипоплазиясы, тістердің
бетіндегі эрозия шұңқырлары, дентиннің
избестенуі).
2. Тістердің санының өзгеруі:
а) адентия – тістердің толық не аздап жоқ
болуы;
б) қосымша тістердің пайда болуы.
3. Кейбір тістердің пішінінің дұрыс болмауы.
4. Тістердің жақ сүйектерінде дұрыс орналаспауы.
Тістердің орналасу қатары тіс формуласы
ретінде беріледі. Оларды сан тізбегі ретінде
немесе әріп пен сан тізбегі ретінде белгілейді.
Тістердің толық формуласында әрбір жарты
жақтың тістері араб цифрлары арқылы беріледі.
Ол формула ересек адамдарда мынадай
болады:
8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8
8 7 6 5 4 3 2 1 1 2 3 4 5 6 7 8
Жазу реті жазатын кісі алдында отырған адамға
қарсы қарап отырғандағыдай. Емдеуші дәрігер
жоқ тістерді сызып тастайды, ал емдейге
жататын тістерді дөңгелнтіп қояды. Егер
қатардағы барлық тістер түгел болса, онда
ондай қатар толық қатар деп аталады. Толық
формулада әр тістің өз белгісі болады:
- оң жақ жоғарғы тістер
- сол жақ жоғарғы тістер
- оң жақ төменгі тістер
- сол жақ төменгі тістер
V IV III II I I II III IV V
V IV III II I I II III IV V
Сүт тістері де осылай белгіленеді: сол жақтағы
жоғарғы екінші моляр – IV
Тістердің топты формуласы да бар. Онда жақ
сүйектің жартысындағы топтағы тістердің саны
беріледі.
Ересек адамдардікі мынадай болады:
3. 2. 1. 2. 2. 1. 2. 3.
3. 2. 1. 2. 2. 1. 2. 3.
Балалардікі:
2. 1. 0. 2. 2. 1. 0. 2.
2. 1. 0. 2. 2. 1. 0. 2.
Тістердің топты формуласында тістердің
латынша атының бірінші әрпімен де белгілеуге
болады:
Ересек адамдарда:
І2 С1 Р2 М3
І2 С1 Р2 М3

Балаларда:
і2 с1 m3
і2 с1 m3
Тістердің толық формуласы әріп-цифр
қатарлары арқылы да беріледі:
М3 М2 М1 Р2 Р1 С І2 І1 І1 І2 С Р1 Р2 М1 М2 М3
М3 М2 М1 Р2 Р1 С І2 І1 І1 І2 С Р1 Р2 М1 М2 М3
Мұндай формула бойынша балалардың тістерін
жазғанда өте қолайлы. Онда уақытша тістер мен
жарып шыққан тістерді анық көрсетуге болады.
Мысалы, 10 жастағы баланың толық формуласы
мынадай:
m2 M1 P1 c I2 I1 I1 I2 c P1 M1 m2
m2 M1 P1 c I2 I1 I1 I2 c P1 M1 m2
ТІСТЕРДІҢ БЕЛГІЛЕРІ

Оң жақтағы және сол жақтағы тістердің
доғасындағы аттас тістердің өз құрылыстары
жағынан бір-бірінен айырмашылықтары бар.
Тістердің қай жақ доғаға жататынын ажырату
үшін олардың үш белгілерін білу керек.
1. Тіс сауытының бұрышын;
2. Тіс сауытының эмалінің қисықтығын;
3. Тіс түбірінің белгілері.
1. Тіс сауытының бұрышының белгісі. Қалыпты
жағдайда шайнау және медиалды беттерінің
(түйісуінен болатын) бұрышы, шайнау және
латералды беттерінің (түйісуінен болатын)
бұрышынан өткірлеу, тіктеу болады.
2. Тіс сауытының эмалінің қисықтығы. Оны
шайнау беті жағынан қарап анықтауға болады.
Қалыпты жағдайда тіс сауытының эмалінің
медиалды бөлігі вестибуляр жағында,
латералды жағына қарағанда дөңестеу болып
келеді. Сауытының вестибуляр бетінің эмалі
медиалды бағытта қалыңдай түседі де, сол
шетіндегі қисаюы латералды шетіне қарағанда
3. Түбірдің белгісі. Оны тістердің вестибулярлы
қалыпты жағдайына анықтайды. Егер тіс
сауытының кесетін шетінен сол сауытқа тік
сызық (перпендикуляр) және тіс түбірінің
ұшымен кесетін шеттің ортасын қосатын сызық
жүргізсек, онда ақырғы сызық латералды жаққа
қарай ығысады. Ал тік сызықтың бағыты тістің
қай жаққа жататынын білдіреді
ІІІ. ТІС АҒЗАСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
Organoni dentales – тістермен оны қоршаған
анатомиялық құрылыстар. Жақ сүйегінің тісі бар
бөліктері сегмент деп аталады. Олардың
құрамына:
1. Тіс;
2. Кілегей қабығы бар жақ сүйегінің ойығы;
3. Тіс пен ойықты біріктіретін сіңір;
4. Тамырлар мен нервтер жатады.
Алдымен уақытша тістер (20 тіс) – dentes decidui,
толық 2 жаста өсіп жетіледі. 5-6 жаста олар
толықтырылып, олардың орнына тұрақты тістер
шығады (32) – dentes permanentes.
Тістің бөліктері:
1. Тіс сауыты, corona dentіs – жақ ойығынан
шығатын жері.
2. Тістің мойны, collum dentis – тіс сауытының
жіңішкерген жері.
3. Тістің түбірі, radix dentis – жақ ойығының
ішіндегі бөлігі. Ол тіс түбірінің қиыр ұшымен
аяқталады.
Тістің клиникалық сауытын ажыратады (corona
clinica). Ол тек қызылиектің тұсындағы тістерде.
Адамның жасы ұлғайған сайын ол да ұлғаяды.
Тістің ішінде аздаған қуыс болады. Олардың
пішіні әр тісте әр түрлі болып келеді. Тіс
сауытының қуысы тіс түбірінің өзегіне айналып,
оның ұшында кішкентай тесікпен аяқталады
(foramen apicis dentis).
Тіс қуысының шайнау беті – тіс күмбезі деп
аталады. Үлкен және кіші азу тістерінің
күмбезінде шайнау бүртіктері болады. Оның
бетінің қуысы ұлпа мүйізімен толтырылған. Тіс
қуысының тіс түбірінің өзегінің басталатын жері
– тіс қуысының түбі деп аталады. Тіс қуысы тіс
ұлпасымен толтырылған – pulpa dentis, ол
қобыраңқы дәнекер тін мен тамырларға,
нервтерге бай болып келеді. Тіс қуысында
мынадай бөліктер болады: тіс сауытының
жұмсақ бөлігі, тіс түбірінің жұмсақ бөлігі
ТІСТЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ

Тістің қатты бөлігі сүйек тәрізді дентиннен
тұрады. Дентин тістің пішінін келтіреді.
Тссауытының дентині тіс эмалімен қапталған, ал
тіс түбірінің дентині тіс мойнына келеді. Олар
өзара төрт түрде қосылуы мүмкін:
1. Бір-бірінің ұштарымен тікелей;
2. Бір-біріне жетпей, араларында дентин
қалады;
3 - 4. Бір-бірін қаптай (не эмаль, не цемент).
Төменгі сатыдағы жануарларда эмаль, цемент
болмайды.
Дентин одонтобласт жасушаларынан тұрады.
Онда көптеген дентин өзектерін ажыратады.
Өзектердің арасында дентиннің негізгі заты
орналасқан. Ол коллагенді жіпшелермен
оларды желімдейтін заттан тұрады. Дентиннің
екі қабаты болады. Сыртқы қабаты жабын
(плащ) қабаты деп аталады, ал ішкі қабаты –
ұлпа төңірегіндегі қабаты. Коллагенді
жіпшелердің арасында минералды тұздар
жинақталады (негізінен фосфор қышқылды
кальций, көмірқышқыл кальций, магний,
Ұлпа дентинінің ішкі қабаты избестелінбеген, ол
предентинді зона деп аталады. Осы жерден
дентиннің өсуі басталады.
Эмаль – эмаль призмасы мен оларды
желімдейтін заттардан тұрады. оның
қалыңдығы әр тісте әр түрлі болып келеді (0,01 –
1,7 мм). Эмаль ең қатты тін, онда 97
минералды тұздар.
Цемент – талшықты сүйек, оның негізгі заты
избесть тұздарымен пісірілген. Онда әр бағытқа
бағытталған коллаген талшықтары болады. Онда
цементоцит жасушалары бар. Цементте тамырлар
жоқ, ол периодонт арқылы қоректенеді.
Тістің түбірі жақ ойығына дәнекер тіндер арқылы
бекінеді. Ол тіндер жақ ойығы мен цементтің
аралығында шоғырланып тіс түбірінің қабын
немесе периодонт түзеді. Ол ішкі сүйек қабы
тәрізді болып келеді. Мұндай байланыс
синдесмоздың бір түріне – қағу түріне жатады.
Тістің түбірін қоршаған орта – жақ ойығы
альвеолярлы өсінді және оны жауып тұрған
қызылиек, пародонт деп аталады
ПЕРИОДОНТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Сүйек ойығы, периодонт және цемент – тісті ұстап
тұратын оның тірек аппараты деп аталады.
Периодонт сүйек альвеолы мен цементтің арасында
орналасқан дәнекер тінді жарғақ (мембрана). Оны
периодонт саңылауы деп атайды. Тістің қозғалуы
осы саңылаудың мөлшеріне байланысты. Жас
ұлғайған сайын саңылайда үлкеюі мүмкін.
Периодонт көптеген коллагенді жіпшелердің
сілемінен тұрады. осы сілемдердің арасында
жасуша элементтері (гистиоциттер, фибробласттар,
остеобласттар), тамырлар және нервтер орналасқан.
Сілемдер үш түрлі болады:
1. Тіс-қызылиек сілемі;
2. Тіс-альвеола сілемі;
3. Тіс аралық сілем.
Альвеоланың ауыздың төменгі жағында екі топ
сілем болады:
1. Тіс-альвеолалық қисық;
2. Жоғарғы ұшының сілемі.
ТІС САУЫТЫНЫҢ БЕТТЕРІ

1. Жабық беті, facies occlusialis – қарсы жақ
тістерінің беті. Моляр мен премолярда ол шайнау
беті деп аталады, ал күрек пен азу тістерде шайнау
шеті болады.
2. Вестибулярлы бет, facies vestibularis – ауыз
қуысының алдыңғы бөлігінде. Онда ерін бетін, ұрт
бетін ажыратады.
3. Тіл бет, facies lingualis – тілге қараған беті.
4-5. Екі бір-бірімен түйісетін бет, facies contactus –
көрші орналасқан тістердің беттері. Алдыңғы
тістерде ол медиалды және латералды болады, ал
артқы тістерде – проксималді және дисталды.
ТІС-ЖАҚ СЕГМЕНТІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Мынадай сегменттер болады:
1. 1 және 2 күрек тістердің сегменттері;
2. Азу тістің сегменті;
3. 1 және 2 премолярдың сегменттері;
4. 1, 2 және 3 молярлардың сегменттері.
Бұлардың шекарасы тіс арасының ортасы
арқылы жүргізілген сызық. Әр сегменттің негізі
алвеолярлы өсіндіден тұрады. олардың кесінді
беті әр тісте әр түрлі, олар үш бұрыш, төрт бұрыш
болып келеді. Олардың сыртқы компакты
табақшасы ішкісіне қарағанда жұқа болып
келеді. Компакты зат сегмент қуысын тістің
түбірлерімен, периодонтпен бөліп тұрады.
Сегмент қуысы кеуекті затпен толтырылған.
Компакты заттың қалыңдығы да әр тісте әр түрлі
болып келеді.
V. УАҚЫТША (ТҮСЕТІН) ТІСТЕР
Олар тұрақты тістермен ауысқанша қызмет етеді
(13-14 жасқа дейін). Оларды сүт тістер, d. lactei
деп атайды. Сүт тістердің құрылысы тұрақты
тістердің құрылысындай болады. Олардың
мөлшері кішірек, эмалі көкшілдеу болады.
Түбірлері қысқа, күрек тістер мен азу тістерде
доғалал молярларда үшкір болып келеді.
Сауытпен түбірдің арасындағы шекара жақсы
білінеді. Тіс қуыстары кең. Әрбір жақ сүйегінде 2
күрек, 1 азу және 2 молярды анықтауға болады.
ТІСТЕРДІҢ ҚАЖАЛУЫ
Қызмет істеген тістер тоза бастайды. Оны
олардың қажалуы деп атайды. Қажалу мөлшері
әр түрлі болуы мүмкін. Ол жасқа, тамақтың
түріне, әр адамның өз ерекшеліктеріне
байланысты. Тістердің қажалуына қарап, сондай
анық болмаса да, адамның жасын анықтауға
болады. Тістердің қажалуын балл арқылы
белгілейді.
0 – тістер қажалмаған;
1 – сауытының беті тегістелген, тіс
төмпешіктерінің ұшы доғалданған,
жадағайланған (16-20 жас);
2 – тістердің кесетін шеті мен төмпешіктерінде
қызылиектің бөліктері пайда бола бастайды (20-30
жас);
3 – тіс сауытының көтеріңкі жерлерінің бәрі қажалған,
қызылиек ұлғайған, эмаль тек жырықшалар мен
шұңқырлардың түбінде ғана (30-50 жас);
4 – шайнау бетіндегі эмаль толық қажалған, сауыттар
аздап қажалған (40-60 жас);
5 – тіс сауытының жартысы қажалған (60-70 жас);
6 – тіс сауыты оның мойнына дейін қажалған (60
жастан ары қарай).
Уақытша тістерде қажалады. Ол үрдіс әсіресе, тістер
ауыса бастағанда жақсы білінеді. Сүт тістерінің
қажалмауы жақ сүйектерінің өсуінің бұзылуымен
тікелей байланысты.
тістер жарып шығу уақыты

астыңғы тістер үстіңгі тістер

медиальды күрек тіс 6 7,5
латералды күрек тіс 7 9
азу тіс 16 18
бірінші моляр 12 14
екінші моляр 20 24
тістер жарып шығу уақыты
астыңғы үстіңгі
медиальды күрек тіс 6-7 7-8
латералды күрек тіс 7-8 8-9
азу тіс 9-10 11-12
бірінші премоляр 10-12 10-11
екінші премоляр 11-12 10-12
бірінші моляр 6-7 6-7
екінші моляр 11-13 12-13
үшінші моляр 12-26 17-21
Физиологиялық тістесудің төрт түрі болады:
1) ортогнатия – ( pro - түзу, gnathio - жақ), онда үстіңгі
күрек тістер астыңғы күрек тістерді жауып тұрады;
2) прогения – ( pro - алға, genio - иек), керісінше;
3) бипрогнатия – астыңғы, үстіңгі тістерде алға
ұмтылыңқы, үстіңгі тістер астыңғы тістерді жауып
тұрады;
4) түзу тістер – астыңғы, үстіңгі тістердің кесетін шеттері
бір-бірімен толық
Патологиялық түрлеріне прогнатия мен
прогениялардың асқынған түрлері, сондай-ақ
ашық, жабық, бір-бірімен айқаса тістесулер
жатады. Ашық тістесуде жоғарғы және төменгі
күрек тістердің арасында әр түрлі мөлшерде
саңлау пайда болады, алдыңғы тістерде контакт
(түйілісу) жоқ. Жабық тістесуде үстіңгі күрек
тістер астыңғы тістерді толық жауып тұрады. Бір-
бірімен айқаса тістесуде алдыңғы тістер дұрыс
түйіседі, ал төменгі түпкі тістердің ұрт-шайнау
төмпешіктері үстіңгі аттас тістердің ұрт-шайнау
төмпешіктерінің іш жағында емес, сырт
жағында орналасқан

Ұқсас жұмыстар
ТІС АНАТОМИЯСЫ
Тіс қағы немесе тіс Тазалық жағдайы тасының көрсекіштері
Тісжегі қуысын егеп - тазалау
ПАРОДОНТОЗ. Клиникасы. Диагностикасы
Қызылиек қабынуы
Тісжегі тұрақтылық және тісжегі қабылдаушылық
СҮТ ТІСТЕР
Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері мен өсіру технологиясы
Тістің флюорозы
Баладағы тістем дамуының кезеңдері
Пәндер