Дәнекер тіні


Slide 1

С. Ж. АСФЕНДИЯРОВ атындағы

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Гистология кафедрасы

Дәнекер тіні

СӨЖ

Slide 2

Дәнекер тіні

бұл жасушалы дифферондардан және көптеген жасушааралық заттан тұратын, ішкі ортаның гомеостазын сақтауға қатысатын мезенхиманың туындылары. Адам денесі массасының 50% - тен астамы осы дәнекер тіндерінен тұрады. Дәнекер тін мүшелерінің стромасын, тіндер арасындағы қабыршақ - перделерін, тері дермасы мен қаңқаны түзеді.

Slide 3

Қызметі:

Ағзада дәнекер тіндері әртүрлі қызметтерді атқарады:

трофикалық

қорғаныс

тіректік

пластикалық

морфогенетикалық

Slide 4

Трофикалық қызметіне айналасында орналасқан құрылымдарды қоректік затпен қамтамасыз етіп, зат алмасу және ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын да сақтайды. Бұл қызметті атқарудағы ең маңызды құрылымы - жасуша аралық заты.

Қорғаныс қызметі - ағзаны механикалық әсерлерден қорғап, мүшелерге сыртқы ортадан бөтен текті заттардың енуінен сақтап жасушалық және гуморальді иммунитетке қатысады.

Slide 5

Тіректік (биомеханикалық) қызметі пішін құрап көптеген мүшелердің негізін түзеді. Бұл қызметі аталған тіннің коллаген және эластин талшықтарына тікелей байланысты.

Пластикалық қызметі - тіршілік ету жағдайларға байланысты, сол ортаға бейімделуі немесе адаптация процессіне қатысып мүшелердің дефектісін жойып, регенерациялық қызмет атқарады.

Морфологиялық қызметі - тіндердің комплексін қалыптастыру, оның ішінде көптеген мүшелердің капсуласын, мүшенің ішіндегі стромасы болып саналатын перделерін түзіп, мүшелерге белгілі бір пішіні береді.

Slide 6

Дәнекер тіндерінің жіктелуі

Меншікті дәнекер тін

Қаңқалық тін

Шеміршек

Сүйек тіні

Гиалинді

Эластинді

Талшықты

Фиброзды-талшықты

Қабыршақты

Slide 7

Борпылдақ дәнекер тіні

Ағзада көптеген мүшелердің құрамында кездеседі, оның ішінде қан мен лимфа тамырларының сыртын қоршап, көптеген мүшелердің стромасын түзеді. Бұл тіннің құрамында жасушалар мен жасуша аралық заты бар.

Жасушалары:

Дәнекер тінінің ең негізгі жасушаларына, фибробласттар, макрофагтар, тін базофильдері, адвентициальді жасушалар, плазмоциттер, май жасушалары мен қаннан келген лейкоциттер кейде пигментоциттерде кездеседі.

Slide 8

Фибробласттар - жасуша аралық заттың құрамындағы белоктарды (коллаген, эластин), протеогликандарды, гликотротеиндерді синтездейді, талшықтарды өндіретін жасушалар.

Фибробласттардың 2 түрі болады:

аз маманданған пісіп жетілген

Фиброциттер - фибробласттардан дамыған дефинитивті (ең соңғы) түрі. Пішіні жіпше тәрізді, ұзын өсінділі, органеллалары аз. Синтездік қызметі төмен.

Миофибробласттар - фибробласттарға ұқсас, коллаген белоктарымен қоса, жиырылғыш белоктарды да синтездейтін жасуша. Құрамында жақсы дамыған эндоплазмалы торы бар.

Slide 9

Фиброкласттар - фагоцитарлық қабілеті өте белсенді мүшелердің инволюциясы кезеңінде жасуша аралық затын “сорады”. Мысалы жүктілік аяқталғаннан кейін жатырдың қайта қалпына келуіне ықпал етеді.

Макрофагтар - өте ірі, гетерогенді арнайы қызмет атқаратын ағзадағы қорғаныс жүйесіне қатысатын жасушалар тобына жатады. Макрофагтардың бос және бекінген түрлерін ажыратады.

Тін базофильдері - цитоплазмасында базофильді түйіршіктері болатын жасушалар. Бұлар дәнекер тіндегі гомеостазды реттейтін негізгі тін базофильдері.

Плазмоциттер - ағзадағы антигенге қарсы антидене гамма - глобулинді (белогын) синтездейді.

Адипоциттер - май жасушалары, ағзада трофикалық энергия қоры болып, судың метаболизміне қатысады, мүшелерде шоырланып май тінін түзеді.

Slide 10

Май тіні

көптеген мүшелердің құрамындағы май жасушаларының жиынтығы. Май ақ және қоңыр май тіндері болып бөлінеді.

Адам ағзасында ақ май тіні қоңырға қарағанда көп мөлшерде кездеседі.

Қоңыр май тіні жаңа туған нәрестелердің ағзасында кездеседі.

Slide 11

Кілегейлі тін

тек ұрықта кездеседі.

Классикалық объектісі болып саналатын адам нәрестенің кіндік жібі (бауы) .

Кіндік жібінің құрамында гиалурон қышқылы бар.

Slide 12

Қаңқа тіндері

Ағзада тіректік, механикалық қызмет атқаратын тығыз орналасқан жасуша аралық заты бар: шеміршек пен сүйек тіндері.

Шеміршек тіндері тыныс алу жүйесінің мүшелерін де, буын беттерінде, омыртқа аралық дискілерде кездеседі. Шеміршек тінінің құрамында 70-80% су, 10-15 % органикалық затпен 4-7 % тұздар болады. Шеміршек тінінде қан тамырлары болмайды., қоректену, шеміршек қабы арқылы өтеді. Шеміршек тіні мезенхимадан дамиды. Шеміршек тіндері гиалинді, эластинді, талшықты болып жіктеледі.

Сүйек тіні - дәнекер тінінің ішіндегі жоғары маманданған, аралық заты минерализацияланған, құрамында 70 % органикалық зат болса, оның ішінде ең көбі кальций фосфаты болып табылады. Сүйек тінінің ең негізгі қызметіне тіректік, механикалық, қорғаныс жатады.

Slide 13

Дәнекер тінінің жасқа байланысты ерекшеліктері

Балалардың дәнекер тінінде матрикске қарағанда жасушалары көп болады, сондықтан оларда қайта қалпына келу қабілеті жоғары болады. Жас ұлғая келе дәнекер тінінің барлық тіндеріне тән жалпы өзгерістерге су мөлшерінің азаюы және негізгі зат арасындағы арақатынастың өзгеруі жатады.

Дәнекер тінінің патохимиясы

Дәнекер тінінің жүйелі зақымдануының бірі - келлоид болып табылады - дәнекер тінінің қөп мөлшерде ісіп кетуі, сол жерде ісік болып көрінеді.

Slide 14

Коллагеноздан басқа дәнекер тінінің жеткілікті түзілмеуі патологиясы болуы мүмкін. Оның себебі генетикалық ақаулар, АДКГ мен гиперпродукциясы, бұл фибробластардың ерте дифференциациясы мен жетілуін дамуын кетеді де, жетілген коллаген, грануляциялық тін аз түзіледі, әлсіз жетілмеген тыртық пайда болады.

Slide 15

Қайталау сұрақтары

1. Мүшелердің стромасы, тері дермасы мен қаңқасы қайдан түзіледі?


Ұқсас жұмыстар
АСТАНА МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ГИСТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭМБРИОЛОГИЯ
Қанқалық тіндер жасқа байланысты өзгерістері
КӨЛДЕНЕҢ ЖОЛАҚТЫ БҰЛШЫҚЕТ ТІНІ БІРЫҢҒАЙ САЛАЛЫ БҰЛШЫҚЕТ ТІНІ
Сүйек ұлпасы
Ортаңғы қабат
Балалардың жүрегінің және қан тамырларының құрылысының жастық ерекшеліктері
Өт қабы мен өт шығару жолдарының гистологиясы туралы
Жүрек бұлшықет тінінің регенерациясының мүмкіндіктері
Кілегейлі қабығы
Коллагеноз кезіндегі дәнекер тініндегі өзгерістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz