Қоршаған ортаның антропогенді физикалық факторы мен адам денсаулығына әсері
Презентация қосу
Кафедра: Жалпы гигиена және экология
Тақырыбы: Қоршаған ортаның антропогенді физикалық
факторы мен адам денсаулығына әсері
Орындаған: Ізбасар Б.
Тексерген: Ақжолова.Н
Тобы: 17-007-02
Курс: 1
Алматы 2018
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Антропогенді физикалық фактор
Шу, адам денсаулығына әсері
Діріл, адам денсаулығына дірілдің әсері
Лазерлік сәулелер
Пайдаланған әдебиеттер
• Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі,
пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық
тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты
өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей
әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға
қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің
нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының
өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік
заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы
экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады.
Қазіргі кезде адамның іс-әрекетінің кең көлемде
бүкіл биосфераға ерекше әсер етуі жер шарының барлық
аймақтарында айқын байқалуда. Бүкіләлемдік бақылау
институтының (АҚШ, Вашингтон қ.) мәліметтері бойынша
табиғи орта жылдан-жылға нашарлап барады.
Физикалық ластанулар деп қоршаған ортаның физикалық
параметрлерінің: жылулық, жарықтық, акустикалық,
электромагниттік, радиациялық өзгеруінен пайда болатын
ластануларды айтамыз.
Физикалық факторларға шу, ультрадыбыс, инфрадыбыс,
діріл, иондаушы емес және иондаушы электромагниттік
сәулелену, барометрлік қысым, ауаның температурасы,
ылғалдығы, ауаның қозғалу жылдамдығы, жылу радиациясы,
жарық деңгейі және басқалар жатады.
Физикалық факторлардың әсерінен болатын аурулар: шу
және діріл аурулары, жедел және созылмалы сәуле ауруы,
катаракта, дененің қатты қызуы мен қатты салқындауы және
басқалары.
Шудың физикалық-гигиеналық
сипаты. Шу өндістік ортаның зиянды
факторы ретінде физикалық жағынан
шу уақыты ретсіз өзгеретін, әртүрлі
амплитудалармен жиіліктері бар
ортаның апериодикалық
бөлшектердің тербелістерден
құралатын күрделі дыбыстық
құбылыс. Сондықтан музыкалық
дыбыстарға қарағанда олардың жеке
тондардың арасында дұрыс сандық
байланыс жоқ.
Гигиеналық жағынан шу ретінде кез келген жағымсыз, уақыт, орынға
және адамдар қажеттіліктеріне жауап бермейтін дыбысты айтамыз.
Сондықтан жұмыс пен демалысқа бөгет жасайтын дыбыстарды шу
деп санайды.
Насостар, компрессорлар, трубиналар, пневматикалық
құралдар, станоктар және тағыда басқа қозғалыстағы
құралдар шудың көзі болып табылады.
шудың ең алдымен әсер ететін мүшелері:
Шу жалпы биологиялық қоздырғыш болып табылады,
біріншіден ол бас миының құрылымдарына әсер етіп,
ағзаның әртүрлі қызметтік жүйелерде ақауларды
туындатады.
Шу әсерінен капиллярлар таралу мен артериялық
қысымының өзгеру салдарынан перифериялық
қанайналым жүйесінің қызметі бұзылады.
Шудың ағзаға жағымсыз әсері келесі көрсеткіштермен
сипатталады: еңбек қабілетінің төмендеуі нәтижесінде
шу патологиясының пайда болуына әкеледі.
Шудың нәтижесіндегі есту ағзасының зақымданулары алғашында
есту қадамының 4000 Гц жиілікке жоғарлауымен сипатталады.
Қарқынды шу жағдайларында ұзақ уақыт жұмыс істейтін
адамдарда тұйық сипаттағы маңдай және самай аймақтарындағы
бастың аурулары, көбінесе жұмыстың соңында немесе одан кейін
ауыспалы сипаттқа көшеді. Сонымен қатар тітіркендіргіштік,
мазасыздық, ұйқысының бұзылулары дамиды.
Жүрек тамыр жүйесіндегі өзгерістер жүрек аймағындағы
ауырсынулармен, жүрегінің қағуларымен, тұрақсыз пульс және
артериялды қысыммен, жүректе функционалды шулардың пайда
болуымен, тамырлардың бұлшық ет түріндегі күшті жабысқақтық
қабілетінің жоғарлауы перифериялық қарсылықтың
жоғарлауларымен көрінеді.
Алдын алу:
Жеке қорғаныс заттарына шуға қарсы
қолданылатын құлаққа тағатындар және шлемдер
жатады. Шуға қарсы қолданылатын заттарға
қойылатын бірқатар талаптар бар, олар шудың
әсерін төмендетіп, қолдануға ыңғайлы болу керек.
шудың қолайсыз әсерлеріне қарсы күрес жүргізу
және гигиеналық талаптар бойынша жеке
қорғаныс заттарын қолдануды енгізу.
Діріл
Діріл деп адам ағзасына немесе оның жеке бөлімдеріне берілетін
механикалық тербелістерді айтады. Діріл физикалық фактор болып
табылады, оның әсері тербелу көзінен адамға механикалық
энергияның берілуімен сипатталады. Адамға берілу әдісі жағынан
діріл жалпы және жергілікті болып бөлінеді.
Жалпы діріл отырып немесе тұрып тұратын адам денесіне тірек
беткей арқылы беріліп, бүкіл ағзаға таралып, дененің кеңістіктегі
тербелетін объектімен бірге қозғалуына әкеледі. Жалпы дірілге
өндірісте, дірілдің еден немесе жұмыстық аудан арқылы берілетін
кезде ұшырайтын діріл жатады. Қолмен, механикалық құралмен
жұмыс істегенде жергілікті діріл орын алады. «Жергілікті» термині
шартты болып келеді. Серпімді байланымдардың жергілікті
орналасуында діріл ұлпалармен таралып көптеген жағдайларда жеке
мүшелерге әсер ететі.
Шығу қөзі мен реттеу мүмкіншілігіне қарап жалпы дірілдің 3
категориясын бөледі
Категория 1-көліктік, машиналардың ауадан мен жолдарда
қозғалыс салдарынан туатын (сонымен бірге олардың құрылысы
кезінде), оператор машинаның қозғалу жылдамдығын өзгерте
отырып олардың әсері бәсендете алады.
Категория 2-көлікті-техникалық, олар машиналардың стационарлы
күйде немесе арнайы дайындалған өндірістік мекемеде қозғалысы
барысында атқаратын жұмысы кезінде туады; оператор
технологиялық процесстердің орындалу режимдерін басқару
арқылы қарқындылықты өзгерте алады.
Категория 3- стационарлы машиналар жұмысында туындайтын
немесе дірілдің көзі жоқ жұмыс орындарына берілетін
технологиялық; жұмыскер олардың қарқындылығын төмендете
алмайды, өйткені жұмыс режимі қатаң түрде технологиялық
жазылулармен (карталармен) бақыланады.
Дірілдің адам ағзасына әсері
Адамның дірілді қабылдауы – оның физикалық
параметрлеріне тәуелді күрделі физиологиялық процесс.
Тері анализаторында дірілдің механикалық энергияның
жүйке процессіне ауысуы әртүрлі тері қабаттарында
жататын (Мейнер, Пачини денешіктері) және сіңір,
фасция мен буын рецепторларында орналасқан
механорецепторларда өтеді. Тактильді тітіркену туралы
ақпарат сопақша ми мен таламус арқылы үлкен
жартышырлырдың қыртысын соматосенсорлы аумағына
сезімтал нейрондарының талшықтары арқылы өткізіледі.
АДАМ АҒЗАСЫНА ЛАЗЕРЛІ СӘУЛЕНІҢ ӘСЕРІ:
Лазерлі сәулелермен сәулелену кезінде ағзада, мүшелерде,
тіндерде, тері жасушаларда дамитын, биологиялық нәтиже,
лазерлі сәулелердің арнайы ерекшеліктеріне жатады.
Клиникасы: Көз және тері жабындылары лазерлі
сәулелердің әсеріне ұшырайтын критикалық ағзаларға жатады.
Бұл жағдайларда көздің зақымдануларының арнайы белгілері
болмайды, ол көздің басқа аурулары түрінде көрінеді.
Қараған кезде науқастар жұмыстың соңында көздерінің
шаршауына, көз алмасындағы тұйық және кесіп ауырсыну
«жарықты көтере алмау» сезімі, жылағыштық және көздің
құрғауы «құм құйылғандай», қабақтың ісуі және ауырлық
сезімінің болуына шағымданады.
Лазерлі шоғырлармен адам терісінің
зақымдануларының сипаты әртүрлі
болады. Ауыр жағдайларда электр
тогы кезіндегі күйіктер болуы
мүмкін немесе тері
жабындыларының жыртылулары
және толық бұзылыстары болады.
Жеңіл жағдайларда тері ішілік
ферменттердің қызметтерінің
белсенділігінің және терінің
электрлік өткізгіштігінің немесе
сәулеленеген жерде жеңіл
эритеманың дамуы болады.
Алдын алу:
o Сәулелену көзінен сақтану шараларын жүргізу, лазер
шоғырларын шектеу, яғни арнайы киімдер, көз әйнектер кию.
o Міндетті түрде алдын ала (жұмысқа орналасқан кезде) және
кезеңді (12 айда 1 рет, окулист – 3 айда 1 рет) медициналық
қараудан өту, онда терапевт, невропатолог, окулист қатысады.
o Жұмыс кезінде 10-15 минут арнайы физкультура
жаттығуларын жүргізу ұсынылады. Қыс көктем мезгілдерінде
жұмысшыларды витаминмен қамтамасыз ету керек,
витаминмен қамтамасыз ету үшін аэровит препараттын
қолданамыз. Аэровитті 30-60 күн ішінде күніне бірден
қолданамыз. Аэровит болмаған жағдайларда В1 виаминін және
аскорбин қышқылын қолданады.
Қорытынды:
Кез келген экологиялық мәселелерді шешу үшін,
адамдардың әрекетімен болып жатқан ғылыми
жетістіктердің барлығын болашақ ұрпақтың сақталуына,
денсаулығына, болашағына тұжырымдама беретін-адам
экологиясы. Бүгін күрт өзгерген экологиялық мәселелерді
шешуде адамның өзі туындатып отырған күрделі ғылыми
жетістіктерін ендігі жерде табиғи ортаны, адам баласының
болашағын сақтау үшін, табиғатты қорғау және тиімді
пайдалану керек. Табиғат – адамзаттың тіршілік ететін
ортасы, сондықтан ол оның көптеген сұраныстарын
қанағаттандыратын шикізат көзі болып саналады.
1. Экология және табиғатты тиімді пайдалану.
Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.
2. Өнеркісіп экологиясы – Алматы: Экономика, 2011. -262 бет.
Рыскиева Г.Ә.
3. https://studopedia.info/9-2887.html
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz