Жылу және күн соққысының диагностикасы мен дәрігерге дейінгі алғашқы көмек


Slide 1

СӨЖ Жылу және күн соққысының диагностикасы және дәрігерге дейінгі көмек

Қ. Р Денсаулық сақтау министрлігі

С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

Министерство Здравоохранения РК

Казахский Национальный Медицинский Университет имени С. Д. Асфендиярова

1 курс.

Орындаған:Ізбасар Барысбек Берікұлы

СТ17-007-02

Қабылдаған: Джалялетдинов Нұрлан Тұранұлы

Алматы 2018ж

Slide 2

Жоспары:

І. Кіріспе

Алғашқы көмек көрсету

ІІ. Негізгі бөлім

А) Алғашқы көмек көрсету түрлері

Термиялық күйіктер

Химиялық күйіктер

Ыстық өту, күн өту. Электрден жарақаттану

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Кіріспе

Алғашқы көмек дегенiмiз - зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп, оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет.

- адам өміріне немесе денсаулығына кенеттен қауіп төнгенде оның өмірін сақтап қалу үшін немесе апаттың зиянды әсерін азайту үшін қолданылатын қарапайым шаралар. Апаттың қатарына әр түрлі жарақаттар, сынық, буынның шығуы, улану, суға бату, күю, үсу, электр тоғы соғу, т. б. жатады.

Slide 4

Алғашқы көмектің негізгі шаралары: апатқа түскен адамды апат әсерінен құтқару (өрттен, судан шығару) ; апаттың зиянды әсерін тоқтату (адамды жылыту, иіс тисе таза ауа жұтқызу) ; қан тоқтату, жараны байлау, сынған аяқтың немесе қолдың қозғалысын тежеу; жасанды дем алдыру, жүрекке жабық массаж жасау, апатқа түскен адамды тезірек емдеу мекемесіне жеткізу немесе жедел медициналық көмек көрсететін дәрігерлер тобын шақыру.

Slide 5

Алғашқы көмек көрсету түрлері

Күйіктің жеңіл түрінде күйіп қалған тері қызарады, қатты ауырады. Ауыр түрдегі күйікте тері күлдірейді, беті қызарады және күлдіреген теріде ақ бөліктер пайда болуы мүмкін. Кең көлемді күйіктерде адам естен танып, күйзелісте болғанда аурудан қатты сенделеді, қашуға тырысады, орнын және жағдайды бағдарлай алмайды. Абыржу тежелумен, көңілсіздікпен алмасады. Ыстық ауамен, бумен, түтінмен дем алу тыныс алу жолдарының күюіне, көмейдің ісінуіне, дем алудың бұзылуына әкеп соғады. Бұл гипоксияға әкеледі (организмдегі клеткалар тобына оттегінің жетіспеуі) .

Термиялық күйіктер

/үш түрде ажыратылады:/

Жеңіл

Орташа

Ауыр

денеге жалын, қайнаған су, жанып тұрған және ыстық сұйықтық пен газ, қызған және балқыған металдар, напалмдардың тікелей әсерінен пайда болады.

Slide 6

Алғашқы жәрдем. Шектеулі термиялық күйікте дереу күйген жерді құбырмен жеткізілетін сумен 10-15 минут уақыт салқындату қажет. Осыдан кейін күйген жерді таза, стерилденген таңғышпен байлау керек. Ауыруды бәсеңдету үшін ауыртпайтын дәрілер қабылдау керек (анальгин, амидопирин және т. б. ) . Көлемді күйіктерде стерилденген таңғыш байланған соң, азап шеккен адамға ыстық шай ішкізу кажет. Ауыртпайтын дәрілер беріп және жылылап орап, оны тез арада емдеу мекемесіне жеткізу керек. Егер тасымалдау кешіксе немесе ұзаққа созылса, сілтілі-тұз қайнамасының қоспасын беру керек (1 ас қасық қайнатылған тұз және ½ ас қасық ас содасы 2 стақан суға ерітілген) . Бірінші 6 сағатта күйгеннен кейін азап шегуші 2 стақаннан кем емес ерітіндіні 1 сағат ішінде алу қажет.

Slide 7

Химиялық күйіктер денеге жинақталған қышқылдардың (тұз, күкірт, азот, карбол) және сілтілердің (күйдіргіш калий мен күйдіргіш натрий, мүсәтір спирті, сөндірілмеген әк), фосфордың және ауыр металдардың кейбір тұздарының (хлорлы мырыш) әсерінен пайда болады. Зақымдалудың ауырлығы мен тереңдігі химиялық заттың түрі мен жинақталуына, әсер ету созымдылығына, қай жер екендігіне байланысты. Химиялық заттардың әсеріне кілегейлі қабықша, тері жамылғысы мен мойын төтеп бере алмайды. Ал табан мен алақан мейлінше төзімдірек.

Химиялық күйіктер.

Алғашқы жәрдем. Тез арада химикат сіңіп кеткен киімді құрту керек. Теріні ағынды сумен молырақ жуады. Ауыртпайтын дәрілер беріп, азап шегушіні емдеу мекемесіне жібереді.

Slide 8

Ыстық өту - сырқатты жағдай, жалпы организмнің қызып кетуінен және сыртқы жылу факторларының әсерінен пайда болады. Жылу соққысы жоғары температуралы және дымқыл бөлмеде болған кезде, қапырық, нашар желдетілетін ғимаратта қарқынды дене жұмысымен шұғылданған кезде болуы мүмкін.

Зардап шегушіде жалпы әлсіреу сезімі, қалжырағандық, бас ауруы, бас айналуы, құлақ шулау, ұйқышылдық, шөлдеу, жүрек айнушылық байқалады. Тексеру кезінде терінің беттері қызарғаны байқалады. Тыныс алу қиындайды және тамыр жиі соғады, қызуы көтеріледі. Ауыр жағдайда азап шегуші есінен айырылады, кейде сіңір тартылады.

Slide 9

Алғашқы жәрдем. Зардап шегушіні тез арада салқын жерге шығару, таза ауаның кіруін қамтамасыз ету, киімін шешу, суық су беру, басына суық компресс басу керек. Тым ауыр жағдайларда суық сумен суланған ақ жаймаға орандырып, салқын су құю, басына және шап аумақтарына мұз қою көрсетілген; мұсатырлы спиртке малынған мақтаны иіскетуге болады. Тыныс алу және жүрек кызметінің қатты бұзылуында қолдан дем алдырып және жүрекке массаж жасау: оны тыныс алу мен жүрек өз бетімен қалпына келгенше немесе дәрігер келгенше жасау керек.

Slide 10

Күн өту - күн көзінің бастан өтіп кетуі нәтижесіндегі организмнің ауыр сырқаулы күйі. Зардап шегушіде жүрек айнушылық, лоқсу, мұрыннан қан кету, көзінің көруі бұзылуы мүмкін, тыныс алу және тамырдың жиі соғуы, ессіз қалыптағы жағдайдағы оқиғалар да байқалады, тыныс алу және жүрек қызметінің тоқтауы байқалады.

Сәулелік күю - ядролық жарылыстың жарық сәулесінен, рентген мен күн сәулесінен пайда болады, сәулелік күйіктің сырттай алғашқы белгілері зақымдау дәрежесіне сәйкес келмейді. Зақымдау дәрежесі біршама кейінірек анықталады.

Slide 11
Ұқсас жұмыстар
Күйік, үсік, электр жарақаты, тамақтан улану және күн өту кезіндегі алғашқы дәрігерге дейінгі көмек
Алғашқы дәрігерге дейінгі көмек: қағидалары, міндеттері және пациенттің құжаттамасы
Қан кету: түрлері, анықтау және алғашқы дәрігерге дейінгі көмек
Экзогенді уланулардағы диагностика және дәрігерге дейінгі жедел алғашқы көмек
Дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек: қауіпсіздік, шұғыл шаралар және реанимация
Электр тогының адам ағзасына әсері және дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек
Бронхтық демікпе: этиологиясы, клиникалық көрінісі, диагностикасы және дәрігерге дейінгі мейірбикелік көмек пен ингаляция алгоритмі
Омыртқа, жамбас, бас сүйек пен ми және көз жарақаттары: жіктелуі, клиникасы және алғашқы дәрігерге дейінгі көмек
Венерологиялық аурулар: Соз (гонорея) және мерез (сифилис) - жіктелуі, клиникалық көрінісі, дәрігерге дейінгі алғашқы көмек және алдын алу
Үсу: клиникасы, диагностикасы және алғашқы медициналық көмек
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz