Вирусты гепатиттер (A, B, C, D, E): түрлері, берілу жолдары және алдын алу шаралары


Slide 1

Вирусты Гепатит

Дайындаған: Ізбасар Барысбек

Қайреден Қуаныш

СТ-17-007-02

Slide 2

Вирусты гепатит - дүние жүзіне әйгілі вирус. Халыққа белгілілері - А, Е, В, С, Д вирусты гепатит­тер. А мен Е вирусты гепатиттері - вирус­тың асқазан, іш құрылысы, қатпаршақ трактін зақым­дайды. В, С, Д вирусты гепатиттерінің парен­теральды берілу жолы - ағзаға вирус түскенде тері зақымданады. Аурушаңдылықтың барлық жағ­дайында адамдарға ең қажетті ағза - бауыр зақымданады.

Slide 3

А Вирусты гепатиті. Инфекция көзі болып табылатын-клиникалық айғақты ауру адам немесе сарғаймаған науқас. Вирусты гепатит А тұрғын­дардың ересек, балалар тобы арасында тіркеледі. Гепатит А вирусы қоршаған ортаның физикалық және химиялық факторларына өте төзімді. Берілу жолдары: су, тағам арқылы, сонымен қатар ауырған науқаспен қарым-қатынас арқылы.

Slide 4

А вирусты гепатитімен ауру маусымы - жазғы, күзгі уақыт. А вирусты гепатиті суда жақсы сақталады, аурудың жұғу қаупі: су қоймаларына суға түскенде, белгісіз орындардағы су көздерінен су ішкенде, адамдар бір-бірімен қарым-қатынаста болғанда, жеке гигиенаның сақталмауынан да, мысалы, ортақ пайдаланылатын ойыншықтардан, ыдыс-аяқтан, есіктердің тұтқаларынан жұғады. Негізгі профилактикалау іс-шаралары: А вирусты гепатитке қарсы егу (Алматы қ. 2010 жылдан бері 2 жастағы балаларды міндетті түрде вакцинациялау енгізілді), өйткені осы жас, балалардың жеке гигиенасы қалыптасатын кезеңі. Бұл жұқпаның алдын-алу шаралары төмендегідей: ауыз суды белгіленбеген орындардан ішпеу, су қоймаларында шомылғанда су жұтпау, жеміс-жидектерді, көкөністерді тазартып, жуу, суықтатылған суды бір шөлмектен, құмырадан ішпеу, міндетті түрде жеке ыдысты пайдалану, тамақ ішпес бұрын, міндетті түрде қол жуу сияқты сақтық шараларды мүлтіксіз орындау қажет. Егер, сыныпта вирусты гепатит білінсе, онда үнемі сыныпты желдету, әркім өзінің денсаулығын қорғап, өзіне ауырмаудың күнделікті жағдайын туғызуы қажет.

Slide 5

Е вирусты гепатиті Азия, Африка елдерінде таралған. Вирустың қоршаған ортада сақталуы тым төмен. Дезинфекциялық дәрмектер әсерінен тез жойылады. Е вирусты гепатиттің ерекшелігі - жүкті әйелдер арасында өте ауыр түрде өтетіндігі. Д вирусты гепатиті В вирусты гепатитімен ауырған науқасқа жұғуы мүмкін. Аурудың жұғу қаупі: әр түрлі гемо­трансфузия­лық медициналық араласулар.

Slide 6

В вирусты гепатиті. Медициналық ұйымдарда, косметикалық салондарда, шаштараздарда медици­налық құрал-саймандардың, көп рет қолданылатын піскектердің стерилизациялық режимін сақтамаудан, инъекцияларды жиі қолданатын наркотиктердің арасында залалсыздандырылмаған піспектерді қол­дануларынан, жыныстық қарым-қатынастан В вирусты гепатитінің жұғу қаупі туындайды. Тиімді профилак­тикалау іс-шаралары: В вирусты гепатитке қарсы вакцинациялауды жүргізу. 1998 жылдан бастап перзентханаларда жаңа туған нәрестелерді егу жүргі­зіліп келеді. Жіті В вирусты гепатитпен ауыр­ған­дар ошағындағы қарым-қатынаста болған балаларды, медицина қызметкерлерін, қан қабылдау­шыларды, жіті вирусты гепатитімен ауырған­дарды міндетті түрде иммунизациялаудың нәтижесінде соңғы 5 жылда балалар арасында аурушаңдылық тіркелмеді және аурушаңдылық он есеге азайды. Алайда, соңғы жылдары ата-аналардың арасында осы екпені алудан негізсіз бас тартатын­дарының саны өсті. Ата-аналар, егер балаларын уақтылы ектірмесе, онда В вирусты гепатитті жұқ­тыру қаупінің алдын алмай, керісінше уақытты ұттырып, баланың болашақ өміріне қауіп төндірері ықтимал.

Slide 7

Вирусты гепатит ауруларының туындау себептері және оның профилактикалық шаралары туралы осы Ескертулер Сізге өз денсаулығыңызды және бала­ларыңыздың денсаулығын инфекциялардан сақтауға көмегін тигізеді деп сенім білдіреміз.

Slide 8
Ұқсас жұмыстар
Вирустық гепатиттер (A, B, C, D, E, G, ТТ): морфологиясы, патогенезі, эпидемиологиясы, диагностикасы және профилактикасы
Вирусты гепатиттер A және E: этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, ем және алдын алу
Гепатит вирустары (A, B, C, D, E): қасиеттері, лабораториялық диагностикасы және емдеу мен профилактикасы
Вирусты гепатиттер: эпидемиологиясы, клиникалық көрінісі, диагностикасы, емдеу және алдын алу
Ауруханаішілік инфекциялар: себептері, берілу жолдары және алдын алу шаралары
АИТВ/ЖИТС: клиникалық белгілері, берілу жолдары және алдын алу шаралары
АИВ/ЖИТС: эпидемиология, берілу жолдары және алдын алу шаралары
Ауруханаішілік инфекциялар: қоздырғыштары, берілу жолдары және алдын алу негіздері
АҚТҚ және ЖҚТБ: этиология, клиникалық белгілері, берілу жолдары және алдын алу
Құстардағы жұқпалы ларинготрахеит, жұқпалы бронхит және вирусты гепатиттің алдын-алу және жою шаралары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz