Логикалық жаттығулар


Slide 1

Логикалық ойлауды дамытатын ойындарға сипаттама.

Орындаған:Шакирова Ә. Е

Қабылдаған:Қайратова І. Қ

Алматы 2018

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Slide 2

Жоспары:

I. Кіріспе

Логика

II. Негізгі бөлім

А) Логиканың мақсаты

Б) Логикалық жаттығулар

В) Зейін қасиеттерін дамытатын әдістер

III. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Slide 3

Логика

Логика (гр. λογική - «талдауға құрылған», λόγος - «сөз», «сөйлем», «ойлау», «ақыл») - ойлау, оның формалары мен заңдылықтары туралы ғылым. Логика дәлелдеу мен теріске шығарудың белгілі бір әдіс-тәсілдері қаралатын ғылым теориялар жиынтығын құрайды.

Ғылым ретіндегі логикадан логикалық дұрыс ойдың байланысы мен динамикасын (ойлау логикасы) айыра білу қажет. Ғылыми логика саласына белгілік құрылымдарды жасау мен зерттеу (есептеу, формальдік жүйелер), жалпы касиеттері логикалық оймен көрінетін және белгілік құрылымда белгіленетін шындықтың белгілі бір үзінділерін қарастыру (модельдер) енеді.

Slide 4

Логиканың мақсаты

Логика ұғымы объективті дүниенің, шындықтың даму заңдылықтарын бейнелеу мағынасында да қолданылады. Кең мағынада логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланыстарын көрсетеді, бұл жағынан ол онтологиямен сабақтас. Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен логика таным теориясымен (гносеологиямен) байланысады. логика философияның негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия “оймен басталып, оймен жалғасады, сондықтан оны кейде “ойлау туралы ойлау” деп анықтайды.

Slide 5

Логикада негізінен үғым, пікір, пікір қорыту туралы айтылады, Ойлауды тексеретін психология сияқты басқа да пәндер бар. Психология мен логиканың айырмасы сол: психология дүрыс және бүрыс мінез-қүлық зандарын тексерсе, логика тек дүрыс ойлауды ғана зерттейді. Психология баланың, үлкеннің, данышпанның, есуастың - бәрінің мінез-қүлқын зерттей береді.

Slide 6

Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.

Slide 7

Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үш негізгі бағытта іске асырылады:

Slide 8

Логикалық жаттығулар

Slide 9

Қызықты әзіл-есептер

1. Түнгі сағат 10-да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?

2. Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір-бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай?

3. 7 таяқша арқылы 3 үшбұрышты және 2 шаршыны қалай құрастыруға болады?

Slide 10

Логикалық есептер

1. Біртұтас алманы тең екі бөлікке бөлгенде бірінші жарты неге ұқсайды.

2. Үш пар ат 8 шақырымға шапса, бір ат неше шақырымға шабады.

3. «Су тартылған жерде қай құс жүреді?». Торғай - 3, оляпка - 4, сауысқан -

5 -6 +7 -6 +5 -4

Slide 11

Зейін

Зейін деп - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылысты айтады. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық әрекетімізді тұрақтата алу.

Slide 12

Зейін қасиеттерін дамытатын әдістер

«Шыбын» жаттығуы.

«Шыбын» жаттығуы топ бойынша орыңдалады. 3×3 мөлшерлі у торды ойша сызу керек. Шыбын ортаңғы торда орналасқан, Ойынға қатысушылар кезек - кезек шыбынға «Жоғары!» «Төмен!» «Онға!» Солға!» деп бұйрық беріп, көрші торға қозғалтады, Ойынға қатысушылар «шыбынның ойын алаңнан шығьп кетпеуін бақылап отыруы керек, Егер біреу «шыбынның» ойын алаңынан шығып кеткенін білсе, «Тоқта» деп бұйрық беріп шыбынды ортаңғы торға әкеліп, ойынды қайтадан бастайды. Ойын алаңына басқа конфигурация беріп, ойынды күрделендірсе болады. Тіпті екі шыбынды алма кезек қозғалуға болады.

Slide 13

«Артық зейін» жаттығуы

Қатысушылар екі топқа бөлінеді; «кедергі жасаушылар» және«зейінділер» тобы. «Зейінділерді» жүргізуші зал периметрімен ортаға бетімен қаратып және ерекше белгілер алады (қол таңба, галстук т. б. ) .

Әрқайсысына нұсқау беріледі: сіздің міндетіңіз - қандайда бір ішкі жұмысқа шоғырланған және қоршағандарды ескермейтін (жүргізуші бейне көрсетеді, ештеңеге назар аудармайтын адамның кейпінде) актердің рөліне енетін адам болып көрсету керек. Сол рөлде толық еніп, көзің ашық күйде және құлақты жаппай: басқалардың не істеп жатқандарын ескермейді.

Slide 14
Ұқсас жұмыстар
Әдіс дегеніміз не
Айлақ Сиқырлы балықтар
БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ
Денені дамыту жүйесі
Бағдарламалап оқытудың мағынасы
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру
Қолданып жүрген санамақтарымнан мысал келтірейін
Мұғалім сөзінің мәдениеті мен техникасы
Дидактикалық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балада қарапайым математикалық түсініктердің қалыптасуы
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында мәтін арқылы оқушылардың тілін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz