Минералдар алмасуының бұзылыстары
Презентация қосу
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина
университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Дисциплина: Патологиялық анатомия
Факультет: Стоматология
Тақырыбы: Минералдар алмасуының бұзылыстары. Тіс тасы
Орындаған: Абнасирова Г.А
Тобы: 206
Тексерген: Ахметова С.Ж
Ақтөбе 2018
Жоспар
I. Кіріспе;
II. Негізгі бөлім:
• Тістің анатомиялық құрылысы
• Минералдар алмасуының бұзылысы
• Тіс тасы (пародонтит) пайда болу себептері
III. Қорытынды;
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Тіс құрылысы
Тістің құрылысы
• Әрбір жеке тістің сауыты, мойны және түбірі болады. Тістің ауыз
қуысынан шығып тұрған бөлігі тіссауыт деп аталады. Оның сырты жылтыр
кіреукемен (эмаль) қапталған. Тіс кіреукесі - адам денесіндегі ең қатты
ұлпа. Оның бір шаршы миллиметр ауданы 400 килограмдай салмаққа
төтеп береді. Кіреукенің бұл қасиеті, оның құрамындағы бейағзалық
заттарға тікелей байланысты. Тіс кіреукесінің 95%-ы кальций фосфатының
қосылысынан тұрады. Бұдан басқа оның құрамында фтор, мыс, мырыш,
темір, кремний және т.б. заттар кездеседі. Тіс кіреукесінің қалыңдығы да
түрліше болады. Тіссауыттың үстіңгі бүдырларындағы кіреуке едәуір
қалың. Балалар тістері кіреукесінің құрамында минералдық заттар аз
болғандықтан, ол жұқа болады. Тістің келесі бөлімі - тіс мойын. Тіс мойны
арқылы жақ сүйектеріндегі тіс ұяшықтарына цемент заты арқылы бекиді.
Тістің үшінші бөлімі - түбірі. Тіс түбірі жақсүйектердегі арнайы ұяшықтарда
орналасқан. Күрек және сойдақ тістердің түбірі бір-бірден болса, азу
тістердің түбірі екеу (кіші азу тістерде) немесе үшеу (соңғы үлкен азу
тістерде). Тіс түбірінің ұшында кішкене тесік болады. Осы тесік арқылы
тістің ішіне қантамырлары мен жүйкелер енеді. Тістің ішкі қуысы кеуекті
дәнекер ұлпасымен толтырылған. Тістің түбірлері дәнекер ұлпалы
талшықтар арқылы тіс ұяшықтарына өте берік бекіген.
.
• Кіреуке гипоплазиясы-бұзылған тісте зат алмасу үрдісінің
нәтижесінде дамитын даму ақауы. Ол тіс құрылымының сандық
және сапалық бұзылыстарымен жүреді.
• Этиологиялық факторы одонтобласттардың жеткіліксіз немесе
төмендеген қызметі болып табылады. Ол әртүрлі аурулар әсерінен
ағзада алмасу үрдістерінің немесе механикалық жарақат,
инфекция, өтпелі радиация әсерінен жеке фолликулаларда алмасу
үрдістерінің бұзылуымен байланысты
• 1.Жүйелі гипоплазия – бір кезеңде дамитын тіс топтарында пайда
болатын бұзылыстар
• 2.Ошақты- бір немесе әртүрлі даму кезеңіндегі жақын тұрған
бірнеше тістегі бұзылыстар
• 3.Жергілікті – бір немесе бірнеше тістерде
• Клиникалық түрлері:
• .
• Дақты- жұмсақ жылтыр бетті, айқын шекаралы, ақ түсті дақ. Симметриялы
орналасқан тіс сауыттармен бір деңгейде орналасқан. Симметриялылығы тек
қана фактордың орналасуымен ғана емес, пішіні мен өлшемімен
сипатталады.
• Гипоплазияның орналасу аймағына қарап, минералды алмасу бұзылысы қай
жаста болып жатқаны туралы айтуға болады. Зақымдалу ошағының
ұзындығы бойынша бұзылыстың ұзақтығын анықтауға болады. Кесу қырына
параллелды орналасқан гипоплазия ошақтарының санымен бала ағзасында
алмасу үрдісінің бұзылыстары қанша рет дамығанын анықтайды.
• Эрозивті түрі:шектелген аймақта тіс сауытының әртүрлі жерлерінде кіреуке
қабатының жұқаруымен сипатталады. Ақаулар домалақ пішінді, аттас
тістермен симметриялы орналасады. Ақаулар бір өлшемді және пішінді
болады.
• Жүлгелі түрі-кесу қырына параллелды орналасқан әртүрлі ұзындықта және
тереңдіктегі кіреукенің жүлгесі тереңдеу түрінде көрінеді. Жүлге түбінде
кіреуке қабаты жұқарған, кейде мүлдем болмайды.
• Аралас түрі-жеке тістерде, бір тіс аймағында ақ дақтар мен эрозиялардың
кезектесуімен сипатталады. Соңғы жылдары ол жиі кездесетіндіктен, кіреуке
зақымдалуының диагностикасын қиындатады.
.
• Флюороз профилактикалық
қоғамдық шаралары келесіден
тұрады:
• - құрамында фторы жоғары су
көздерін оптималды
концентрацияға алмастыру;
• - фторға бай немесе фторы аз
суларды қажетті деңгейге дейін
араластыру;
• - суды фторлауға қайта
құрастыру;
• - мекемеге оптималды деңгейлі
фторды жеткізуді ұйымдастыру;
• - балаларды құрамында
қалыпты фторы бар аймаққа
көшіру.
Пародонт дегеніміз не ?
• Пародонт — бұл тісті
қоршап оның жақтың
сүйектеріне фиксациясын
қамтамасыз ететін тіндердің
жиынтығы.Бұл жиынтыққа
қызыл иекті,периодонтты
байламдарды,альвеолярлы
өсіндінің сүйекті тіндерін
және тіс түбірінің цементін
жатқызады.
Пародонтит дегеніміз не ?
• Пародонтит — бұл
қабынулық үрдіс болып
табылады,пародонттың
барлық құрылымдары
қамтылады.Ол қызыл иек
тіс байланысының
бұзылысымен және жақ
сүйегінің альвеолярлы
өсінділердің өршіген
деструкциясымен көрінеді.
• Препубертатты пародонтит. Үрдіс бала кезінде пайда
болады,тұрақты және сүт тістер де қатысады.Ерте бастан
басталуының себебі мұндай науқастарда жалпы қорғаныс
механизмдерінің ақауы моноциттердің және полиморфтыядролы
лейкоциттердің болмауынан.Бұл кезде дәрігерлер микробқа
қарсы бақылауды күшейтеді.Бірақ нәтиже беру үшін басқа да
мамандардың араласуы қажет етеді қан жасушаларының ақауын
медикаментозды әсер ету арқылы жоюға тырысу керек.
• Ошақты ювенильді пародонтит. Бұл түрінде алғашқы тұрақты
тістердің тірек жүйесінің зақымдануынан . Ауру Actinobacillus
Actinomycetes comitans түрімен шақырылады.Көбінесе ата анасы
микорганизм тасымалдаушы болып келген балаларда
кездеседі.Үрдіс аз қабыну үрдісінен басталады.Оның тез
басталуының себебі бұл микроорганизм лейкоциттердің
хемотаксисін басатын қасиетке иесол снбепті рған қарсы
антидене түзіліп үлгермейді.Емі белсенді түрде бактерияға қарсы
үш айға дейін тағайындау.
Себептері
• Пародонтиттің басты себебі – тіс шөгінділердің жиналып
қалуы, ол қатайып тіс тасына айналады.
• Тіс тасының жиналуына көптеген факторлар ықпал етеді ,тәтті
тағамдарды қабылдау,ауыз қуысының нашар гигиенасы
және темекі шегу.
• Кейбір жағдайларда тұқымқуалауға бейімділігі бар
адамдарда көрінеді.Қант диабеті мен ауыратын адамдарда
кездеседі.
• Сирек жағдайларда гормональды бұзылыстар кезінде
мысалы екі қабат әйелдерде,менапауза кезінде.
• В,С витаминдерінің жетіспеушілігі кезінде және кальций
жетіспеген кезде пайда болады.
Симптомдары
• Ең ерте сатысында пародонтит гингивит түрінде
өтеді – қызылиектің қабынуы,ол ауырсынусыз
дамуы мүмкін,немесе қызылиектің ауыруы мен
қанауына әкелуі мүмкін.Егер гингивитті
емдемесе кейіннен аурудың өршуіне алып
келіп пародонтиттің дамуына себепші болады.
• Ерте сатыларда пародонтит симптомдары әлсіз
көрінеді.Ең бірінші маңызды белгі тісті
тазалағанда,қатты тағам тістегенде қанау
белгілері білінген кезде.
• Пародонтиттің басты белгілері
•
Қызыл иектің ісінуімен қанауы.
Қызыл иектің сезімталдығының жоғарылауы
Тісқызылиек қалталарының пайда болуы.
Тістердің орнынан қозғалуы.
Қызыл иек пен тістердің арасында іріңді бөлінділердің шығуы.
Ауыздан жағымсыз иістің шығуы және дәм сезудің бұзылуы.
Ауырлық дәрежесі бойынша
пародонтиттің жіктелуі
• Жеңіл сатысы
• Бұл сатыда пародонтті қалталардың пайда болуы, олардың
тереңдігі 3,5 мм шамасында.
• Тістер қозғалмайды.
Орташа сатысы
• Пародонтты қалталардың тереңдігі 5 мм
шамасында,альвеолярлы сүйек кішірейеді.Тістердің бірінші
екінші дәрежеде патологиялық қозғалуы байқалады.
• Ауыр сатысы
• Пародонтты қалталардың тереңдігі 5 мм асады альвеолярлы
сүйек тіс түбірінен кішірейеді 3-4 дәрежелік тістердің
қозғалғыштығы немесе кейбір тістердің түсуі байқалады.
Жылдам дамитын пародонтит
• Арнайы микрофлорамен шақырылады :
Porphyromonas gingivalis (ертеде — бактериоидтар)
Actinobacillus Actinomycetes comitans и Prevotella
intermedia. Осы микрофлоралардың қосылуы жиі
кездеседі.Бұлардың қосылуы оң синергиялық әсер
көрсетеді,бұлар тіндерге деструктивті бұзылыстарды
ғана емес қорғаныш жасушаларының әсерін де
басып тастайды.Сонымен қатар бұл
микроорганизмдер тіндерге тереңірек енеді.Емі
пародонтты қалталарды механикалық өңдеу мен
қарқындыт микробқа қарсы терапиядан тұрады.
Пайдаланылған әдебиеттер
• А.И. Струков, В.В. Серов
• Google.kz Мәліметтер
• Google.kz Суреттер
• Назар аударғандарыңызға
рахмет!!!
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz